23 МАМЫР 2023 — АЙ МЕН ШОЛПАННЫҢ ҚОСЫЛЫСЫ
2023 жылғы 23 мамырдың кешінде жіңішке Ай орағы мен жарқыраған Шолпан Егіздерде немесе Босағаның сол жақтауында кездеседі. Сәл жоғарырақ Марс алаулайды. Керемет көріністен құр қалмаңыз!
#күнтізбе

👍3
92-ЛЕР ҒАРЫШҚА ҰШЫП ЖАТЫР
Космонавтика тақырыбындағы біраз сайттар 22 мамырда ұшырылған Ax-2 миссиясының 2-ші маманы Райяна Барнауиді тарихтағы №600 ғарышкер санап жатыр. Бұлар экипаж мүшелерінің ретін ескеріп, миссия ұшқышы Джон Шоффнерді №598, 1-ші маман Әли Әл-Қарниды №599 ғарышкер атайды. Алайда бірқатар басқа сайттар ғарышкерлер саны 603-ке жетті деген көзқараста, біз де осы ұстанымды қолдаймыз.
Себебі Челленджер шаттлының соңғы стартында қаза тапқан Майкл Смит, Грегори Джарвис пен Криста Маколифф үшеуін тізімге қосқан жөн. Жарылысқа дейін кеме ғарыштың шартты шекарасы 100 километр биіктікке жетпесе де, нақты ресми орбиталық сапарға шыққан адамдар ғарышкер болып саналады. Бұл қағида бойынша №600 — Crew-6 миссиясының 2-ші маманы Андрей Федяев. Тізімде Тоқтар Әубәкіров №259, Талғат Мұсабаев №312, Айдын Айымбетов №545 орында екенін еске салайық.
Десе де, Әли Әл-Қарни басқа рекордты жаңартты. 1992 жылы наурызда туған ол айтылған 603 адамның ішіндегі ең кішісі. Ал ең үлкен ғарышкер — 1921 жылғы 15 көкекте дүниеге келген Георгий Береговой. Тарихтағы №3 ғарышкер Джон Гленн сол жылы 18 шілдеде туған.
Гленн, сонымен бірге, орбитаға шыққан ең қарт адам — ол 1998 жылы, 77 жасында, ғарышқа екінші рет ұшты. Ал Жер орбитасына көтерілген ең жас адам — №2 ғарышкер Герман Титов. Кеңес космонавты 1961 жылдың 9 тамызында 26 жасқа да толмаған еді. Бұл рекордтар Жер айналасындағы орбитаға шыққандарға қатысты, 107 км биіктікке суборбиталық секіріс жасағандар ескерілмеді. Кейбір сайттар жоғарыдағы 603-ке кейінгілерді де қосады.
#космодерек #ғарыштарихы

😱1
ЛИК ОБСЕРВАТОРИЯСЫ ҮСТІНДЕГІ АЙ МЕН ЮПИТЕРДІҢ ТОҒЫСЫ
Фотода 17 мамырдағы Ай мен Юпитердің тоғысы Гамильтон тауындағы атақты Лик обсерваториясы фонында алынған. Эдвард Барнард 1892 жылы осы расытханада Юпитердің Галилей айларынан кейінгі бесінші және фотографиядан емес, тікелей бақылау арқылы табылған соңғы серігі Амальтеяны ашты.
Image Credit & Copyright: Rick Whitacre
#астродерек #nasa_apod

👍1🤩1
HAKUTO-R ЛЕНДЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ ТАБЫЛДЫ
2023 жылы 25 көкекте жапониялық HAKUTO-R лендері Айға жайлы қона алмай, қирап қалғанын білесіздер. НАСА-ның LRO орбитері ертеңіне-ақ сол аймақ үстінен өтіп, суреттер түсірген екен. Оларды ескі фотолармен салыстырғанда, лендердің төрт ірі фрагменті мен бірнеше ұсақ сынықтар түскен орын анықталды. HAKUTO-R Атлас кратеріндегі жоспарлы ауданға (шеңбермен көрсетілген) жетпей қалғаны не асып кеткені белгілі болды. Лендердің иесі — ispace жекеменшік компаниясы 26 мамырда қосымша ақпарат жарияламақ.
Credit: NASA/LRO

👍2
БІР ӘДЕМІ КЕСКІН
Саудиялық Arabsat операторының Badr-8 геостационар байланыс жерсерігін ұшыратын SpaceX Falcon 9 зымыраны Канаверал мүйісіндегі SLC-40 ұшыру алаңында тұр. 7-ші ұрпақ жерсерігі 26° шығыс бойлық үстінен Орталық Африка, Еуропа мен Таяу Шығысқа қызмет көрсетеді. 27 мамырда B1062 1-сатысы 14-ші рет ұшырылайын деп тұр.
#фотокөрме

👍1
КОМА ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЫ
Мамыр — Береника Шашы шоқжұлдызындағы Кома шашыраңқы жұлдыз шоғырын дүрбімен бақылауға қолайлы мезгіл. Ол аспанның үш елідей облысына шашылған 40–50 жұлдыздан тұрады. Толығырақ — арнадағы жаңа роликте.
#бейнеролик

👍1🤩1😍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
UNITY КОСМОПЛАНЫ «ҒАРЫШҚА» БЕСІНШІ РЕТ ШЫҚТЫ
2023 жылы 25 мамырда Virgin Galactic компаниясы Unity 25 миссиясын сәтті өткізді. VMS Eve тасығыш-ұшағынан ажыраған VSS Unity космопланы суборбитаға, 87,2 км биіктікке дейін көтерілді. Борттағы адамдар 3-4 минут салмақсыздық жағдайын сезінген соң, Unity Нью-Мексикодағы "Америка" космопорты жолағына ұшақша қонды.
Экипажды Virgin Galactic қызметкерлері құрады:
👩🚀 Бет Мозес (суборбитаға 3-ші рет шықты)
👨🚀 Люк Мейс (1)
👩🚀 Жәмила Гилберт (1)
👨🚀 Кристофер Хьюи (1)
VSS Unity ұшқыштары:
👨🚀 Майкл Мазуччи (3)
👨🚀 Си Джей Стеркоу (3), бұрынғы НАСА астронавты, нағыз ғарышта 4 рет болған
VMS Eve ұшқыштары:
👨✈️ Жәмил Джанджуа
👨✈️ Никола Пекиле
Халықаралық авиация федерациясы (FAI) ғарышты 100 км биіктіктен бастайды. Ал АҚШ Әскери-Әуе Күштері стандартына сәйкес, ғарыштың шекарасы 80,45 км (50 миля) биіктікте. Unity космопланы одан бесінші рет асып отыр. Компания енді 250 000 долларлық билет алып қойған 700-дей (!) клиентті "ғарышқа" шығаруды бастамақ.

БІЛМЕЙТІН ЖЕРДІҢ ОЙ-ШҰҢҚЫРЫ КӨП: HAKUTO-R НЕЛІКТЕН КҮЙРЕГЕНІ АНЫҚТАЛДЫ
26 мамырда жапониялық ispace компаниясы HAKUTO-R лендерінің Айға қону әрекеті неліктен сәтсіздікке ұшырағанын мәлім етті. Мамандар лендер төмендеу барысында хабарлаған телеметриялық деректерді талдап шыққан. Басты себеп — зондтың бағдарламасындағы (софтвер) қате.
Қону ауданына құлдилаған зондтың Ай бетінен биіктігінің борттық компьютер есептеген (графикте көк түспен берілген) және альтиметр өлшеген (қызыл) шамалары арасында сәйкессіздік туған. Лендер кратер үстіне келгенде, биіктік өлшеуіш аспап, әрине, Ай бетіне дейінгі қашықтықтың қайта артқанын көрсеткен. Бірақ аппараттың бірқалыпты төмендеп келе жатқанын білетін компьютер, аспап лағып кетті деп санап, енді оның дерегін ескермей, өзі есептеген биіктікке ғана сүйене бастаған.
Салдарынан лендерді баяулататын тежегіш қозғағыштар тым ерте, яғни тым биікте қосылған. HAKUTO-R операцияны толық жақсы орындап, вертикаль жылдамдығын 1 м/с-тан кем межеге дейін азайта алған. Алайда бұл қозғағыштардың отыны Ай бетіне жетпей тұрып таусылып қалғаны түсінікті. Соның кесірінен ғарыш аппараты аспан денесі бетіне ақырын қонудың орнына, еркін түсу үдеуімен құлаған.
Проблеманы туындатқан басты жәйттің бірі — миссия жобасы дайын болғаннан кейін, 2021 жылы, қону ауданын өзгерту туралы шешім қабылдануы. Жаңа ауданның ерекшеліктері бағдарламада толық мөлшерде ескерілмей қалса керек. Бұған уақыттың тығыздығы әсер еткен шығар.
Компания бағдарламаға тиісті түзетулер енгізетінін айтты. Жалпы алғанда, M1 миссиясы аппараттың техникалық сенімділігін көрсетті. Барлық құрылғылар ең соңғы сәтке дейін қалыпты жұмыс істеген. 2024 жылғы M2 және 2025-ке жоспарланған M3 миссияларының мерзімі өзгермейді.
#Айбетітегісемес #көбәріп

JUICE ЗОНДЫ ТОЛЫҚ ЖАЙЫЛДЫ
RPWI аспабының үш антеннасы мен төртінші Ленгмюр зондының ашылуымен, еуропалық JUICE аппараты жорық конфигурациясына толық енді. Бірақ ол бірден тіке Юпитерге аттанбайды. Бесінші планетаға жетуге қажет үдеу алу үшін, алдағы 6,5 жылда ішкі Күн жүйесінде гравитациялық маневрлер сериясы жасалады.
JUICE мына денелердің тұсынан жақын ұшып өтеді:
— Жер—Ай жүйесі — тамыз 2024;
— Шолпан — 31 тамыз 2025;
— Жер — 29 қыркүйек 2026;
— Жер — 18 қаңтар 2029;
— 223 Rosa астероиды — 15 қазан 2029.
Еуропалық аппарат Юпитер маңындағы орбитаға 2031 жылы шілдеде шығуы тиіс. 2034 жылдың желтоқсанында ол Юпитердің серігі Ганимедті айнала бастайды. Миссия 2035 жылдың соңында Ганимед бетіне құлаумен аяқталады.
Credit: ESA / Juice / JMC

VSS Unity суборбиталық космопланының 25 мамырдағы соңғы сынағының көріністері. Virgin Galactic компаниясы маусымнан бастап коммерциялық ұшуларға кіріспек.
👍1
ХҒС-ТАҒЫ АРАБТАР
1-2. Әли Әл-Қарни (Саудия) Cupola модулінде
3. Райяна Барнауи (Саудия)
4-5. Сұлтан Әл-Неяди (БАӘ) 42-ге толды
Credit: NASA