АЙҒА АДАМ ҚОНДЫРУДЫҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІН BLUE ORIGIN ЖАСАЙДЫ
НАСА мен SpaceX арасындағы келісімшартқа сәйкес, компания Artemis III пен Artemis IV миссиялары барысында екі рет Айға адам қондыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл арнайы Starship HLS ғарыш кемесімен жүзеге асырылады. НАСА кеменің HLS нұсқасын жасауға, сынақ және бірінші адам қондыру миссиялары үшін $2,9 млрд, екінші қону миссиясы үшін тағы $1,1 млрд төлейді.
2023 жылы мамырда НАСА Sustaining Lunar Development (SLD) бағдарламасы аясында екінші қондыру жүйесін жасаушыларды таңдады. Blue Origin компаниясы басқаратын бірлестікке Lockheed Martin, Boeing, Draper, Astrobotic, Honeybee Robotics кіреді. Blue Moon Lander жүйесі Artemis V миссиясы аясында Ай бетіне адам қондыруы керек. Ұшқышсыз сынақ 2029 жылы, ал ғарышкерлердің Ай бетіне қонуы 2030–2031 жылдары жүзеге асуы ықтимал.
Blue Moon Mk 2 лендері алдымен Ай орбитасына шығады. Төмен жермаңы орбитада багын толтырып алған Cislunar Transporter отын тасығыш танкері Ай жаққа келіп, лендерге отын құйып береді. Blue Moon НАСА-ның Orion кемесінен ауысып мінген астронавтарды Ай бетіне қондырып, кері көтереді. Ай бетінде 30 күнге дейін болған ғарышкерлер қайтадан Орионға өтіп, Жерге оралады. Көп мәрте қолданылатын лендер Ай орбитасында қалып, келесі экипажды күтеді. Ал танкер жермаңы орбитадан қайта отын алып келеді-міс. Бірақ Локхид Мартин корпорациясы жасайтын танкердің көп мәртелігі жайлы ресми ақпарат жоқ. Аппараттар Blue Origin New Glenn зымыранымен ұшырылады.
НАСА-мен жасалған келісімшарт бойынша мемлекет бірлестікке $3,4 млрд төлейді. Blue Origin жобаға кем дегенде дәл сонша өз қаржысын құятынын мәлімдеп отыр. Сөйтіп, SLD бағдарламасының жалпы құны 7 млрд доллардан асуы мүмкін.
Технологияны пысықтауға арналған ұшқышсыз Blue Moon Mk 1 лендері Айға 2024 жылы қонады деп хабарланған еді. Ол жайлы — роликте.

👍1🤔1
Трес-Пикос мемлекеттік паркі үстіндегі Құс Жолы. Рио-де-Жанейро штаты, Бразилия
📸: @mf.terra
#фотокөрме
📸: @mf.terra
#фотокөрме
👍1🔥1
АЙДЫҢ ЮПИТЕРМЕН ТОҒЫСЫ
2023 жылы 17 мамырда, Алматы уақытымен 19:15-те Ай мен Юпитер тоғысты. Ай дискінің Юпитерді жабуы қос Америка құрлығының кей жерлерінен бақыланады. Юпитер Ай тасасына жасырынар алдында немесе қайта көрінген сәтте түсірілген фотоларды жариялайық.
1. Тоғыстың басы мен аяғы
Құрама фото авторы: Хуан Хосе Ортис. Метепек, Мексика
2 .Фото: Джон Лабрек. Магдалена, Нью-Мексико
3 .Фото: Марк Брайт. Санта-Барбара, Калифорния
4-5. Фото: Элиот Херман. Тусон, Аризона
#күнтізбе

AX-2 МИССИЯСЫ ДҮЙСЕНБІГЕ ҚАРАҒАН ТҮНІ 03:37-ДЕ ҰШАДЫ
Axiom Space компаниясының ХҒС-қа баратын екінші жекеменшік миссиясы 2023 жылы 22 мамырда, Алматы уақытымен 03:37-де ұшырылатын болды. SpaceX Falcon 9 зымыраны Crew Dragon ғарыш кемесін Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңынан алып ұшады. B1080.1 1-сатысы алғаш, C212.2 Freedom кемесі екінші рет қолданылмақ.
Экипаж құрамы:
Командир — Пегги Уитсон, 1960 жылы туған, ғарышқа 3 рет сапар шеккен. Бұрынғы НАСА астронавты, ғарышта ең ұзақ болған америкалық және әйелдер арасындағы рекордшы (665 тәулік 22 сағат).
Ұшқыш — Джон Шоффнер, 1955 ж.т. Америкалық кәсіпкер, автошабандоз, ұшқыш. Әуе шоуы пилоты, 8500 сағаттан астам ұшқан. Көптеген кәсіби автожарысқа қатысқан. АҚШ-ты велосипедпен 18 тәулікте жалғыз кесіп өткен. Каякпен жүзу, дельтапланеризм, су шаңғысымен айналысады. Парашют және бейсджамппен 3000-нан аса рет секірген.
Миссия маманы — Әли Әл-Қарни, 1992 ж.т. Сауд Арабиясының өкілі, Патшалық Әуе күштерінің капитаны, ұшу уақыты 2387 сағат.
Миссия маманы — Райяна Барнауи, 1990 ж.т. Сауд Арабиясының өкілі, биомедицина маманы.
Кәсіби ғарышкер Уитсон — Axiom Space компаниясының қызметкері, ал қалған үшеуі — ақша төлеп ұшатын клиенттер (ғарыштық туристер). Қосалқы дата — 23 мамыр. Миссия ол күні де ұша алмаса, ХҒС-тағы логистика жағдайына байланысты бір айға шегеріледі.

👍2
AXIOM-2 СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ
Жоспарланғандай, 2023 жылы 22 мамырда Алматы уақытымен 03:37-де Axiom Space компаниясының Ax-2 миссиясы ұшырылды. Екінші рет қолданылып отырған Crew Dragon C212.2 Freedom ғарыш кемесі зымыранның екінші сатысынан ажырап, ХҒС-қа аттанды. Түйісу 19:16 шамасында. Кемеде АҚШ азаматтары Пегги Уитсон, Джон Шоффнер, және Сауд Арабиясының өкілдері Әли Әл-Қарни мен Райяна Барнауи бар.
Falcon 9 зымыранының жаңа B1080 1-сатысы LZ-1 қону алаңына сәтті қондырылды. Ұшқышты миссияны көтерген үдеткіш алғаш рет мұхиттағы баржаға емес, құрлыққа қонып отыр.
Фото: John Kraus Photos
#зымыранұшыру

👍1
AX-2 МИССИЯСЫ ХҒС-ҚА ЖЕТТІ
2023 жылғы 22 мамыр, 19:10-да Axiom Space компаниясының Ax-2 миссиясы Халықаралық ғарыш стансасына келіп жетті. Crew Dragon Freedom ғарыш кемесі ХҒС-тың Harmony модуліне түйісті. 2 сағаттан соң люктер ашылып, жаңа келген төрттік 69-шы экспедицияның жеті мүшесіне қосылды. ХҒС-тағы екінші толық жекеменшік миссия 30 мамырға дейін созылады деп жоспарланған.
Әли Әл-Қарни мен Райяна Барнауи 1985 жылы Дискавери шаттлымен ұшып қайтқан Сұлтан ибн Салман Әл-Сауд ханзададан кейінгі 2-ші және 3-ші саудиялық ғарышкерлер атанды. Райяна алғашқы араб ғарышкер-әйел болып отыр. Әмірліктер өкілі Сұлтан Әл-Неядиді қосқанда ХҒС-та қазір үш араб бар.