Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
17–18 МАМЫР 2023 — АЙ МЕН ЮПИТЕРДІҢ ЖАҚЫН ҚОСЫЛЫСЫ

Осы айдағы басты астрономиялық оқиға — Айдың Юпитермен тоғысы. 17 мамырда, Алматы уақытымен 19:00-де Ай Юпитерді жабады. Тоғыс қос Америка құрлығының кей жерінен бақыланады.

Ал еліміздің Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан мамырдың 17-і мен 18-і таңсәріде Ай мен Юпитердің ерекше жақындасқанын көруге болады. Ол үшін шығыс көкжиек ашық орын тапқан жөн.

Қосымша ақпарат — бейнероликте
#күнтізбе
👍2
АЙ ОРБИТАСЫНА ШЫҒА АЛМАҒАН LUNAR FLASHLIGHT КУБСАТЫ ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТЫР

Көкекте жапониялық HAKUTO-R лендері Айға жайлы қона алмағаны белгілі. Лендермен бірге БАӘ-нің Rashid ровері де қирап қалды. 2022 жылы 11 желтоқсанда Falcon 9 зымыраны бұлармен бірге НАСА-ның Lunar Flashlight 6U-кубсатын да ұшырған. Ол үш айдан соң Ай маңындағы ең биік нүктесі 70 000 км, төмен нүктесі серіктің Оңтүстік полюсінен небәрі 15 км тік сызықтық дерлік гало-орбитаға шығуы тиіс еді.

Lunar Flashlight Оңтүстік полюс маңындағы кратерлерден су мұзын іздеуге арналған-ды. Оның төрт лазері мұз жұтатын толқын ұзындығындағы инфрақызыл сәуле шығарады. Сәуле реголитке түссе, кубсатқа қайта шағылады, ал жұтылса, кратер ішінде мұз бар деген сөз. Lunar Flashlight — әдеттегі гидразин орнына қауіпсіз "жасыл" отын қолданатын алғашқы планетааралық аппарат.

Алайда бұл кубсаттың да жолы ауыр болды. Миссия басталысымен-ақ, оның төрт қозғағышының үшеуі істемей тұрғаны анықталды. Метал жоңқасымен ластануы мүмкін деп болжанған отын құбырларын тазалау әрекеттері сәтсіз болды. Гало-орбитаға шығу маневрін жасауға жалғыз қозғағыштың шамасы келмеді.

Айды айналып шыққан Lunar Flashlight қайтып келе жатыр, 17 мамырда ол Жерден 65 000 километрде өтеді. Кубсатпен байланыс бар, сондықтан НАСА оны басқа мақсатта пайдалану жолын ойластыруда.
👍1😢1
Орындалмаған жоспар: Айды игеру оңай іс емес.
ПАСХА АРАЛЫ ҮСТІНДЕГІ ҚҰС ЖОЛЫ
Фото авторы: Yuri Beletsky
#фотокөрме
👍1
КҮН ДАҚТАРЫ ЖЕРМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА

Күн дақтарының 11 жылдың циклі жайлы — роликте.
#қазақшаинфографика
🔥2🥰1
ЖЕР КӨЛЕҢКЕСІ МЕН ВЕНЕРА БЕЛДЕУІ

Фото: Sebastian Voltmer Photography
#фотокөрме
👍3🔥1
АЙҒА АДАМ ҚОНДЫРУДЫҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІН BLUE ORIGIN ЖАСАЙДЫ

НАСА мен SpaceX арасындағы келісімшартқа сәйкес, компания Artemis III пен Artemis IV миссиялары барысында екі рет Айға адам қондыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл арнайы Starship HLS ғарыш кемесімен жүзеге асырылады. НАСА кеменің HLS нұсқасын жасауға, сынақ және бірінші адам қондыру миссиялары үшін $2,9 млрд, екінші қону миссиясы үшін тағы $1,1 млрд төлейді.

2023 жылы мамырда НАСА Sustaining Lunar Development (SLD) бағдарламасы аясында екінші қондыру жүйесін жасаушыларды таңдады. Blue Origin компаниясы басқаратын бірлестікке Lockheed Martin, Boeing, Draper, Astrobotic, Honeybee Robotics кіреді. Blue Moon Lander жүйесі Artemis V миссиясы аясында Ай бетіне адам қондыруы керек. Ұшқышсыз сынақ 2029 жылы, ал ғарышкерлердің Ай бетіне қонуы 2030–2031 жылдары жүзеге асуы ықтимал.

Blue Moon Mk 2 лендері алдымен Ай орбитасына шығады. Төмен жермаңы орбитада багын толтырып алған Cislunar Transporter отын тасығыш танкері Ай жаққа келіп, лендерге отын құйып береді. Blue Moon НАСА-ның Orion кемесінен ауысып мінген астронавтарды Ай бетіне қондырып, кері көтереді. Ай бетінде 30 күнге дейін болған ғарышкерлер қайтадан Орионға өтіп, Жерге оралады. Көп мәрте қолданылатын лендер Ай орбитасында қалып, келесі экипажды күтеді. Ал танкер жермаңы орбитадан қайта отын алып келеді-міс. Бірақ Локхид Мартин корпорациясы жасайтын танкердің көп мәртелігі жайлы ресми ақпарат жоқ. Аппараттар Blue Origin New Glenn зымыранымен ұшырылады.

НАСА-мен жасалған келісімшарт бойынша мемлекет бірлестікке $3,4 млрд төлейді. Blue Origin жобаға кем дегенде дәл сонша өз қаржысын құятынын мәлімдеп отыр. Сөйтіп, SLD бағдарламасының жалпы құны 7 млрд доллардан асуы мүмкін.

Технологияны пысықтауға арналған ұшқышсыз Blue Moon Mk 1 лендері Айға 2024 жылы қонады деп хабарланған еді. Ол жайлы — роликте.
👍1🤔1
Трес-Пикос мемлекеттік паркі үстіндегі Құс Жолы. Рио-де-Жанейро штаты, Бразилия
📸: @mf.terra
#фотокөрме
👍1🔥1
АЙДЫҢ ЮПИТЕРМЕН ТОҒЫСЫ

2023 жылы 17 мамырда, Алматы уақытымен 19:15-те Ай мен Юпитер тоғысты. Ай дискінің Юпитерді жабуы қос Америка құрлығының кей жерлерінен бақыланады. Юпитер Ай тасасына жасырынар алдында немесе қайта көрінген сәтте түсірілген фотоларды жариялайық.

1. Тоғыстың басы мен аяғы
Құрама фото авторы: Хуан Хосе Ортис. Метепек, Мексика
2 .Фото: Джон Лабрек. Магдалена, Нью-Мексико
3 .Фото: Марк Брайт. Санта-Барбара, Калифорния
4-5. Фото: Элиот Херман. Тусон, Аризона
#күнтізбе