Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
«АСТАНАДАҒЫ ҒАРЫШ ТЕХНИКАСЫ КӨРМЕСІ»

Соңғы мода бойынша, біз де жасанды сана жасаған суреттерді жариялап көрейік. Алғашқы серия Астана көшелеріндегі ғарыш техникасы көрмесіне арналады.
#жасандысана #қалжың
🔥4🤩1
«ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШТЫ ИГЕРУДЕ»

DALL-E жасанды санасы салған суреттердің келесі топтамасы Қазақстанның алыс планеталарды игеру әрекетіне арналады.
#жасандысана #қалжың
🔥2👍1
ҚЫТАЙДЫҢ ҚҰПИЯ КОСМОПЛАНЫ ОРБИТАДА 276 КҮН ӨТКІЗДІ

2023 жылғы 8 мамырдың кешінде Қытайдың эксперименттік көп мәрте қолданылатын ғарыштық ұшағы екінші орбиталық сапарынан оралды. Былтыр 4 тамызда ұшырылған космоплан төмен жермаңы орбитада 276 күн болды. Бұл — Қытай үшін рекордтық көрсеткіш.

ҚХР 2019 жылы көп мәрте ұшатын суборбиталық аппаратты сынады. Ал келесі жылы эксперименттік космоплан алғаш рет жермаңы орбитаға шығып, онда төрт тәулік болып қайтқан еді. Орбитаға зымыран күшімен шығатын ұшқышсыз аппарат Жерге қайтқанда, ұшу-қону жолағына ұшақша қонады.

Космопланның сипаттамалары құпия, бірақ оны көтерген Чанчжэн-2F зымыраны төмен жермаңы орбитаға 8 тоннадай жүктеме шығара алатыны белгілі. Және жүктеме қақпақтары ішіне сыю үшін ұшақтың қанат құлашы 4,2 метр шамасында болуы мүмкін. Ол алдымен көлбеулігі 60 градус, 346 х 596 км орбитаға шыққан, кейін 597 х 608 километрге дейін көтерілді. Космоплан ұшу кезінде көптеген маневрлерді пысықтады. 2022 жылы қарашада ол орбитаға әлдебір нысанды шығарды.

АҚШ Ғарыш күштері қарамағында кем дегенде екі ұшқышсыз X-37B космопланы бар. Олардың әрқайсы орбитада үш реттен болып қайтты. X-37B-ның ең ұзақ орбиталық миссия рекорды — 908 тәулік.
#ҚытайҒарышта
👍1🤔1
Кескін: Қытай космопланы осындай болуы мүмкін
Credit: CNSAWatcher / twitter
👍2
«ҒАРЫШ КҮШТЕРІНІҢ ШЕРУІ»

DALL-E жасанды санасы салған суреттердің үшінші топтамасы
#жасандысана #қалжың
👍1
«ҒАРЫШ КҮШТЕРІНІҢ ШЕРУІ-2»

Шетелдік (бөгдепланеталық?) қонақтар
#жасандысана #қалжың
👍1
ЖЕРДІҢ ҚОС КӨЛЕҢКЕСІ

Мына суреттен Жердің екі көлеңкесін таба аласыз ба? Біріншісін табу үшін, атмосфераның жоғарғы жағы қызғылт, ал төменгі тұсы көкшіл екеніне назар аударыңыз. Бұл жоғарғы бөлікке тіке күн сәулелері түсіп тұруымен байланысты, ал төменгі бөлікке күн жарығы түспейді. Олардың арасындағы күлгін жолақ Венера белдеуі деп аталады, ол жайлы біздің арнада арнайы ролик бар. Төменгі атмосфераның көкшіл түсіне күн сәулесін көлегейлеп тұрған Жер жауапты, міне №1 көлеңке.

Ал Жердің екінші көлеңкесі қайда? Айға қараңыз. Оның төменгі сол жағының ерекшелігін байқадыңыз ба? Бұл аймақ тым күңгірт болып көрінеді, өйткені ол Жердің көлеңкесінде. Дәлірек айтқанда, Ай тұтылу барысында бейнеленген. Фото 2018 жылы шілдеде Сицилияда түсірілген. Бұл Ай тұтылуы қандай құбылыспен тұспа-тұс келгені естеріңізде ме?

Image Credit & Copyright: Marcella Giulia Pace
#nasa_apod #астрономия
👍1🔥1
Ай мен планеталардың мамырдағы кездесулері жайлы — арнадағы жаңа роликте. Таңғы аспанда шығыс көкжиек үстінен көрініп тұрған Фомальгаут жұлдызына назар аударыңыз.
#бейнеролик
👍2