Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Бока-Чика маңынан көріністер, Starship ұшырылған күн, 20 көкек 2023.
👍1
FALCON HEAVY АЛТЫНШЫ РЕТ ҰШЫРЫЛДЫ

2023 жылғы 1 мамырда, Алматы уақытымен 06:26-да SpaceX компаниясы Falcon Heavy аса ауыр зымыранын алтыншы мәрте ұшырды. Алғаш рет оның ешбір сатысы (жаңа орталық саты да, қапталдағы 3-ші және 8-ші қолданылған үдеткіштер де) қайта қондырылған жоқ. Сондықтан оларды жеңілдету үшін торкөз рульдер мен тіреулер орнатылмады.

Бұған массасы 6,8 тонна үш жерсерікті тікелей геостационар орбитаға шығаруға отын көп жұмсалып, қайта қонуға қалмайтыны себепкер. Компания тарихындағы ең күрделі миссияның бірін атқару үшін екінші саты қозғағышын 3 рет қайта қосу қажет болды. Старттан 4 сағат 46 минут өткенде, 34 619 км биіктікте соңғы аппарат орбитаға шығарылды.

Жүктеме:
— ViaSat-3 Americas — 6400 кг-дық ірі байланыс жерсерігі, қос Америка құрлығындағы клиенттерді 100 Мбит/с интернетке қосады. Жалпы өткізу жолағы — 1 Тбит/с, яғни алдыңғы ViaSat аппараттарынан екі есе кең. Жерсерік 88,9° батыс бойлықтағы слотқа орналасады, қызмет мерзімі кемі 15 жыл.

— Arcturus (Aurora 4A) — 400 кг шағын телеком-жерсерік, Алясканың алыс аудандарын интернетпен қамтамасыз етеді. 7,5 Гбит/с, 163° б.б., кемі 10 жыл.

— GS-1 (G-Space 1) — массасы 22 кг 16U-кубсат, украиналық Gravity Space компаниясы үшін Данияда жасалған. Кубсат бортында үш пайдалы жүктеме бар: Nusantara H-1A Индонезияның болашақта ұшырылатын жерсерігі үшін слотты ұстай тұрады, Orbit Guard аппараты орбитадағы нысандарды қадағалаудың жаңа әдісін тексереді, үшіншісі геостационардағы басқа жерсерікпен түйісу экспериментін жасайды.

1-ші және 2-ші сатылар 17 078 км/сағ немесе 4,75 км/с жылдамдықта ажырады — жаңа рекорд! 🏆 ViaSat-3 Americas — жүктеме қақпақтары қайта қолданылған 100-ші миссия 🔔 Doug кемесі оларды старттан 1960 км қашықтықта судан көтеріп алса, бұл компанияның бұрынғы рекордынан 400 км асып түседі 🏆
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қапталдағы үдеткіштердің ажырауы
👍2
Сатурн: Титаннан көрініс. Суретті салған Chesley Bonestell, 1944 жыл

Сатурн мен оның жүйесі жайлы негізгі деректер — "Балаларға ғылым туралы" арнасындағы жаңа роликте.
🤩1
12 күн бұрын Starship аса ауыр зымыран жүйесінің алғашқы орбиталық ұшу сынағы өткізілді. Арнадағы жаңа роликте SpaceX Бас директоры Илон Масктің 30 көкектегі туиті мен баспасөз материалдары негізінде сынақ барысын түсіндіруге тырысамыз.
#бейнеролик
👍2
«ӘЛ АМАЛ» МАРСТЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ТҮСТІ КАРТАСЫН ЖАСАДЫ

Калтех зерттеушілері Марстың әзірге ең толық үш өлшемді глобусын жасағанын жазғанбыз.

Ал "Әл Амал" орбитерінің ғылыми командасы Марс бетінің жаһандық картасын жариялады. Ол EXI (Emirates eXplorer Imager) камерасы 2021 жылдың ортасынан бастап түсірген 3000-нан астам түсті суреттен құрастырылған. Топографиялық мәлімет НАСА-ның Mars Global Surveyor орбитерінің MOLA (Mars Orbiter Laser Altimeter) аспабы жинаған деректер каталогынан алынған. Картаның ортасынан Маринер Аңғары алып каньондар жүйесі көрінеді. Оның екі жағында жанартаулы облыстар, соның ішінде Күн жүйесіндегі ең биік Олимп тауы жатыр.

Credit: NYU Abu Dhabi’s Center for Space Science, EMM Science Data Center
👍3🔥1
3 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КҮН КҮНІ

Күн — сары ергежейлі, G-типті Негізгі тізбек жұлдызы. Біздің Галактикада осындай типтегі жүз миллиардтан астам жұлдыз бар.

Фото: Күннің SDO аппараты 2023 ж. 3 мамыр, 18:38:42-де түсірген кескіні
Credit: NASA/SDO/AIA

Сүйікті жұлдызымыз жайлы толық ақпарат — роликте.
👍2
САТУРННЫҢ ТАҒЫ 7 СЕРІГІ АШЫЛЫП, ОЛАРДЫҢ САНЫ 90-ҒА ЖЕТТІ

2023 жылы 3 мамырда Кіші планеталар орталығы (MPC) Сатурнның жаңа жеті серігі ашылғанын ресми хабарлады. Олар уақытша S/2020 S 1, S/2006 S 9, S/2004 S 40, S/2019 S 2, S/2019 S 3, S/2020 S 2 деп белгіленді, біреуіне әзірше индекс берілген жоқ. S/2020 S 1 инуит тобына, қалғандары скандинав тобына жатады. Серіктердің орбиталары нақтыланысымен, оларға тұрақты нөмірлер мен атаулар беріледі.

Сонымен, Сатурн серіктерінің жалпы саны 90-ға жетті. Олардың 24-і — проград орбиталары Сатурнның экватор жазықтығына қатысты аз еңкейген қалыпты серіктер. Бұларға жеті ірі серік (Титан, Рея, Япет, Диона, Тефия, Энцелад, Мимас), ірі айлармен троялық орбитадағы төрт шағын серік, екі орбиталас серік және Сатурнның жіңішке F сақинасының екі бақташысы жатады. Тағы екі қалыпты серік сақиналар арасындағы саңылауларда айналады, біршама ірі Гиперион Титанмен орбиталық резонанста, қалғандары A сақинасының сыртқы шеті маңында, сирек G сақинасының ішінде және Мимас пен Энцеладтың арасында айналады. Қалыпты айларға Кроностың (Сатурнның) іні-қарындастары титандар мен титанидалардың аты берілген.

Қалған 66 бұрыс пішінді серіктің орбиталары Сатурннан әлдеқайда алыс, көлбеулігі жоғары және кейбірі проград, ал кейбірі ретроград. Диаметрі 2-ден 213 км аралығындағы бұл айлар Сатурн өзіне тартып алған астероидтар не олардың соқтығысуынан қалған сынықтар деп болжанады. Бұрыс пішінді серіктер орбиталарына қарай инуит, скандинав және галл топтарына жіктеледі, атаулары осы халықтар мифологиясынан алынады. 19 ғасырда ашылған ең ірі бұрыс пішінді серік Феба ғана скандинав тобына кіргенмен, титанида есімімен аталып кеткен. Әлі ат қойылмаған серіктердің саны енді 27-ге жетті.

2019 жылы қазанда Сатурнның 20 серігі ашылған еді. Ал 2023-тің басында Юпитер серіктерінің саны 92-ге жеткенін хабарлағанбыз.
#ғылымижаңалық #көбәріп
5/6 МАМЫР 2023 — АЙДЫҢ АЛАКӨЛЕҢКЕЛІК ТҰТЫЛУЫ

2023 жылы 5 мамыр 21:15 — 6 мамыр 01:32 (Алматы уақыты) арасында Айдың алакөлеңкелік тұтылуы бақыланады. Бұл құбылыс кезінде Күн, Жер, Ай мінсіз сап түземейтіндіктен, Ай бетіне Жердің қою көлеңкесі (умбра) емес, әлдеқайда әлсіз алакөлеңкесі (пенумбра) түседі.

Сондықтан мұндай тұтылуды әдеттегі толған Айдан ажырату оңай емес, тек телескоппен Айдың төменгі шетінің сәл қарайғаны байқалуы мүмкін. Толған Ай мен алакөлеңкелік тұтылудың ең күңгірт фазасының айырмасын кескіннен көре аласыздар. Құбылыс Қазақстанның барлық аумағынан бақыланады.

29 қазандағы Айдың жартылай тұтылуы әлдеқайда анық көрінетін оқиға болмақ. Ол да Қазақстанның барлық аумағынан бақыланады. Ай тұтылуының түрлері жайлы толығырақ — роликте.
#күнтізбе
👍2
Сұраншы, Саурық батырлар ескерткіші фонындағы Толған Ай. Алматы облысы, Ұзынағаш ауылы, 5 мамыр 2023 жыл
Фото: Максим Золотухин
👍3
УРАННЫҢ ТӨРТ СЕРІГІНДЕ ЖЕРАСТЫ МҰХИТТАРЫ БОЛУЫ МҮМКІН

Планетологтар Урвнның төрт ірі серігін бақылау деректерін қайта талдау нәтижесінде, оларда қалдық жерасты мұхиттары болуы мүмкін деген қорытынды жасады. Ариэль, Умбриэль, Титания мен Оберондағы аса тұзды мұхиттардың қалыңдығы 30–50 километрге жетуі ықтимал.

Уран мен оның серіктері Күн жүйесіндегі ең аз зерттелген планета жүйесінің бірі. Олардың тұсынан Вояджер-2 аппараты ғана ұшып өтті, қалған бақылау деректерінің бәрі телескоптар көмегімен алынған. НАСА Реактивті қозғалыс зертханасының планетологтары осы деректерді қайта талдады. Сондай-ақ Күн жүйесіндегі басқа мұзды денелер жайлы Галилео, Кассини, Dawn, New Horizons аппараттары алған мәлімет ескерілді.

Жетінші планетаның негізгі бес ірі серігі — НАСА-ның 2031 жылы ұшырылатын Уран миссиясының нысаналары. Серіктер тау жыныстары мен қатып қалған ұшпа заттардан тұрады. Ал олардың ішкі құрылысы жайлы мәлімет өте аз. Кейбір модельдер серіктердің ішінде антифриз ретінде әрекет ететін аммиагы бар мұхиттар болуы мүмкіндігін көрсетеді.

Зерттеушілер бұлардың төртеуінің қойнауында сұйық күйдегі зат қалған деген қорытындыға келді. Ол радиоактивті изотоптардың ыдырауы кезінде бөлінетін жылу есебінен қатпай тұр. Жерасты мұхиттары жаһандық емес, қалдық сипатта. Ариэль мен Умбриэль мұхиттарының қалыңдығы 30 километрге жетпес, Титания мен Оберонда 50 километрден аз. Миранда қойнауында қазіргі күні сұйықтық қалмаған сияқты.

Қалдық мұхиттар су негізіндегі гипертұзды сұйықтықтан тұрса, олар туғызған магнит өрісін ғарыштық зондтың магнитометрімен тіркеуге болады. Ал мұхиттар аммиак әсерінен қатпаса, электр өткізгіштігі тым аз болғандықтан, байқалуы екіталай. Бұл мұхиттардағы тіршілік мәселесі зерттелмеген, дегенмен мұндай ортада өмір сүре алатын микробтар бар шығар.

#ғылымижаңалық
👍2
Credit: NASA / JPL-Caltech
ХАББЛ ЛИНЗА ТӘРІЗДІ NGC 5283 СЕЙФЕРТ ГАЛАКТИКАСЫН СУРЕТКЕ ТҮСІРДІ

Хаббл ғарыштық телескопы алған фотода NGC 5283 линза тәрізді галактикасы бейнеленген. NGC 5283 белсенді галактика ядросына (БГЯ) ие. БГЯ — галактика орталығындағы төтенше жарық аймақ, онда аса ауыр қара құрдым орналасқан. Тозаң мен газ қара құрдымға жұтылғанда, зат қызады да, бүкіл электромагниттік спектрде жарық шығарады.

NGC 5283 — Сейферт галактикасы. Барлық галактикалардың 10 процентін құрайтын Сейферт галактикалары жақсы көрінуімен ерекшеленеді. Басқа БГЯ-лардың жарығының молдығы сонша, аналық галактиканың құрылымын көру мүмкін емес! НАСА осы кескінмен Қара құрдымдар апталығын тәмамдады. Апталық барысында жарияланған басқа материалдарды назарларыңызға кейін ұсынамыз.

Image Credit: NASA, ESA, A. Barth (University of California - Irvine), and M. Revalski (STScI); Processing: Gladys Kober (NASA/Catholic University of America)
👍2
КУАОАРДЫҢ ЕКІНШІ САҚИНАСЫ АШЫЛДЫ

Ақпанда Рио-де-Жанейро Федералдық университетінің астрономдары Койпер белдеуіндегі Куаоар денесінің сақинасын ашқанын жазған едік. Бразилия Ұлттық обсерваториясының астрономдары ергежейлі планетаның екінші тозаң сақинасын анықтаған екен. Ол 2022 жылы 9 тамызда Куаоар алыс жұлдызбен тоғысқанда байқалған. Сақинаны Gemini—Солтүстік және CFHT телескоптары ғана көре алған.

Бірінші сақинамен бір жазықтықта жатқан екінші сақина радиусы 2520 ± 20 км дөңгелек пішініне ие. Ені 10 км екінші сақина планетадан 4,6 Куаоар радиусында, яғни бірінші сақинадан (7,4 радиус) жақынырақ. Екі сақина да Куаоардың Рош шегінің сыртында жатыр, яғни жүз жылдан аз уақытта сақина заты бірігіп, серік түзуі тиіс еді. Сақиналардың орнықтылығы бөлшектердің серпімді соқтығысуымен немесе Куаоар мен оның серігі Уейуоттың 6/1 орбиталық резонансымен түсіндіріледі.

Радиусы 555 км Куаоар (Quaoar) — Койпер белдеуіндегі дене, ол үлкендігі бойынша Нептуннан әрі нысандар арасында жетінші орында. Куаоар Күнді афелиі 45,5 а.б. (6,8 млрд км), перигелиі 41,9 а.б. (6,3 млрд км) орбитамен 65 жылда бір айналып шығады. Оның радиусы 80 километрлік серігі де бар. Уейуот (Weywot) атты ай орталық денені 24 Куаоар радиусы қашықтықта айналады.

Сақина жүйесі кентавр-астероид Харикло мен ергежейлі планета Хаумеадан кейінгі үшінші шағын денеден табылып отыр. Бұрын сақиналар Сатурн, Юпитер, Уран, Нептун сияқты алып планеталарда ғана болады деп саналатын. Алайда бұрыннан белгілі сақина жүйелерінің бәрі өз орталық денесіне жақын, Рош шегі деп аталатын ойша сфераның ішінде орналасқан. Рош шегінен жақындап кеткен кез келген серікті толысу күштері қиратып тастайды. Керісінше, Рош шегінің сыртындағы сақина бөлшектері азғана уақыт ішінде бірігіп, серікке айналуы тиіс. Бұл ережеге Куаоар сақиналары ғана бағынбайды екен.
#ғылымижаңалық
Сызба: Куаоардың сақиналар жүйесі, жасыл эллипс — Рош шегі
Chrystian Luciano Pereira et al. / arXiv, 2023
👍1
ЖЕР СІЛКІНІСТЕРІ КАРТАСЫ: 1956–2022

1956–2022 жж. тіркелген, қуаты Рихтер шкаласымен 4,5 балл не одан жоғары жер сілкіністерінің эпицентрі салынған карта. Тектоникалық плиталар арасындағы шекаралар анық көрініп тұр.
АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) деректері бойынша жасаған: PythonMaps

Ал Марста да жер сілкінісі, дәлірек айтқанда, марс сілкінісі бола ма? Бір минуттық роликте.
#геодерек
👍2