Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Фото: Voyager зондтарының бірі Реактивті қозғалыс зертханасының ғарыш симуляторы ішінде сыналуда. Пасадена, Калифорния, 27 көкек 1977 жыл
Credit: NASA/JPL-Caltech
1👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кеннеди ғарыш орталығы, LC-39A ұшыру алаңында тұрған Falcon Heavy зымыранына түскен найзағай. Ұшырылым — 1 мамыр, Алматы уақытымен 05:29-да.
🤯1
Falcon Heavy мен фотограф Джон Крауз (John Kraus)
Credit: SpaceX
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫНЫҢ СЕБЕБІ ЖӘНЕ ОЛ ҚАШАН ҚАЙТАЛАНУЫ МҮМКІН?

Жердегі ең әсем және тылсым құбылыстың бірі — поляр шұғыласы. Түрлі түспен алаулаған шұғыла Жердің магнит полюстері маңында, яғни 65–70° ендіктерде бақыланатыны белгілі. Сол себепті оны солтүстік шұғыласы немесе оңтүстік шұғыласы деп те атайды. Алайда Күн белсенділігі артқан кезде атмосфераның сәулеленуін орта, тіпті төмен ендік тұрғындары да көруі мүмкін.

2023 жылы 21 көкекте NOAA 3282 күн дақтары тобында байқалған M класты жарқылмен бірге біршама тәж заты да атылды. Күннен шыққан зарядталған бөлшектердің, негізінен протондардың, қуатты ағыны ғарыш кеңістігіне аттанды. Екі тәуліктен соң олардың жолында Жер кездесті. Жұлдызымыз күн желі деп аталатын мұндай ағындарды жиі шашады, бірақ әдетте жер магнит өрісі оларды 400 километрдей биіктікте ұстап қалады.

Жарқыл кезінде күн желінде тереңірек өте алатын жоғары энергиялы бөлшектер саны артады. Электродинамика заңына сәйкес, оларға Жердің магнит полюстері маңында атмосфераға ену оңай. Орын ауыстырып отыратын магнит полюстері географиялық полюстерге сәйкес келмейді, дегенмен қазіргі заманда олардан алыс емес. 200 км маңындағы биіктікте бөлшектер атмосфера газдарының атомдарына соғылып, электромагниттік сәулелену түрінде энергия шығарады. Поляр шұғыласы құбылысы дегеніміз — міне, осы нұр.

Зарядталған бөлшектер ағыны Жердің магнит өрісімен әсерлесетін өз магнит өрісіне ие. Сондықтан күн затының қуатты атылысы Жер өрісіне соғылғанда, геомагниттік дауыл атты құбылыс пайда болады. Жер магнитосферасы сығылып, бөлшектер (әсіресе, ең жоғары энергиялы бөлшектер) жоғары ендіктерде ғана емес, қоңыржай, кейде тіпті тропиктік ендіктерде де атмосфераға өте алады. 23 көкектегі геомагниттік дауыл 9 баллдық шкаламен 8 деп бағаланды, демек ол 2020-да басталған қазіргі 25-ші күн цикліндегі ең күштісінің бірі деген сөз. Орталық, Оңтүстік Еуропа мен Қазақстанның солтүстік-батыс қиырындағы поляр шұғыласының себебі осы.

Күн экваторынан солтүстіктегі NOAA 3282 тобы Күннің үйірілуі себепті қазір көрінбей кетті. Ол Күн дискінің қарсы жиегінен мамырдың 8-не шығады, бірақ топтың белсенділігі ол кезге дейін сақталмауы мүмкін. Алайда Күн бетіндегі басқа белсенді облыста осындай атылыс тууы ықтимал. 2024 жылдың соңына дейін күн белсенділігі арта береді, сондықтан еліміз аумағынан тағы да шұғыла көрініп қалар.
#көбәріп
Кескіндер:
1. «Аурора сақинасы» — Жердің Солтүстік жартышарының 2023 жылғы 23 көкектегі поляр шұғыласы бақыланған облысы. Бірақ бірнеше жүз километр биіктіктегі нұр белгіленгеннен біршама кең аумақтан көрінді. Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары сақинаға барынша жақын.
Дереккөз: NOAA
2. 24 көкекке қараған түні Орал қаласы (51° с.е.) маңынан түсірілген солтүстік шұғыласы.
Фото: Андрей Тюшин
Гелиогеофизика — Күн белсенділігінің Жердегі физикалық процестерге, негізінен Жер магнитосферасы мен атмосферасына әсерін зерттейтін ғылым саласы

https://youtube.com/playlist?list=PLZ7VcZmjdxtxmHbw6kYgCMxCemvBdgt_C
ТАСМАНИЯДАҒЫ ОҢТҮСТІК ШҰҒЫЛАСЫ

2023 жылы 24 көкекте поляр шұғыласы Оңтүстік жарты шардың орта ендіктерінде де бақыланды. Тасмания аралында (42° о.е.) алынған мына суретке жарық метеор да түсіп қалыпты.
Фото: mantisalive
Бока-Чика маңынан көріністер, Starship ұшырылған күн, 20 көкек 2023.
👍1
FALCON HEAVY АЛТЫНШЫ РЕТ ҰШЫРЫЛДЫ

2023 жылғы 1 мамырда, Алматы уақытымен 06:26-да SpaceX компаниясы Falcon Heavy аса ауыр зымыранын алтыншы мәрте ұшырды. Алғаш рет оның ешбір сатысы (жаңа орталық саты да, қапталдағы 3-ші және 8-ші қолданылған үдеткіштер де) қайта қондырылған жоқ. Сондықтан оларды жеңілдету үшін торкөз рульдер мен тіреулер орнатылмады.

Бұған массасы 6,8 тонна үш жерсерікті тікелей геостационар орбитаға шығаруға отын көп жұмсалып, қайта қонуға қалмайтыны себепкер. Компания тарихындағы ең күрделі миссияның бірін атқару үшін екінші саты қозғағышын 3 рет қайта қосу қажет болды. Старттан 4 сағат 46 минут өткенде, 34 619 км биіктікте соңғы аппарат орбитаға шығарылды.

Жүктеме:
— ViaSat-3 Americas — 6400 кг-дық ірі байланыс жерсерігі, қос Америка құрлығындағы клиенттерді 100 Мбит/с интернетке қосады. Жалпы өткізу жолағы — 1 Тбит/с, яғни алдыңғы ViaSat аппараттарынан екі есе кең. Жерсерік 88,9° батыс бойлықтағы слотқа орналасады, қызмет мерзімі кемі 15 жыл.

— Arcturus (Aurora 4A) — 400 кг шағын телеком-жерсерік, Алясканың алыс аудандарын интернетпен қамтамасыз етеді. 7,5 Гбит/с, 163° б.б., кемі 10 жыл.

— GS-1 (G-Space 1) — массасы 22 кг 16U-кубсат, украиналық Gravity Space компаниясы үшін Данияда жасалған. Кубсат бортында үш пайдалы жүктеме бар: Nusantara H-1A Индонезияның болашақта ұшырылатын жерсерігі үшін слотты ұстай тұрады, Orbit Guard аппараты орбитадағы нысандарды қадағалаудың жаңа әдісін тексереді, үшіншісі геостационардағы басқа жерсерікпен түйісу экспериментін жасайды.

1-ші және 2-ші сатылар 17 078 км/сағ немесе 4,75 км/с жылдамдықта ажырады — жаңа рекорд! 🏆 ViaSat-3 Americas — жүктеме қақпақтары қайта қолданылған 100-ші миссия 🔔 Doug кемесі оларды старттан 1960 км қашықтықта судан көтеріп алса, бұл компанияның бұрынғы рекордынан 400 км асып түседі 🏆
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қапталдағы үдеткіштердің ажырауы
👍2
Сатурн: Титаннан көрініс. Суретті салған Chesley Bonestell, 1944 жыл

Сатурн мен оның жүйесі жайлы негізгі деректер — "Балаларға ғылым туралы" арнасындағы жаңа роликте.
🤩1
12 күн бұрын Starship аса ауыр зымыран жүйесінің алғашқы орбиталық ұшу сынағы өткізілді. Арнадағы жаңа роликте SpaceX Бас директоры Илон Масктің 30 көкектегі туиті мен баспасөз материалдары негізінде сынақ барысын түсіндіруге тырысамыз.
#бейнеролик
👍2
«ӘЛ АМАЛ» МАРСТЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ТҮСТІ КАРТАСЫН ЖАСАДЫ

Калтех зерттеушілері Марстың әзірге ең толық үш өлшемді глобусын жасағанын жазғанбыз.

Ал "Әл Амал" орбитерінің ғылыми командасы Марс бетінің жаһандық картасын жариялады. Ол EXI (Emirates eXplorer Imager) камерасы 2021 жылдың ортасынан бастап түсірген 3000-нан астам түсті суреттен құрастырылған. Топографиялық мәлімет НАСА-ның Mars Global Surveyor орбитерінің MOLA (Mars Orbiter Laser Altimeter) аспабы жинаған деректер каталогынан алынған. Картаның ортасынан Маринер Аңғары алып каньондар жүйесі көрінеді. Оның екі жағында жанартаулы облыстар, соның ішінде Күн жүйесіндегі ең биік Олимп тауы жатыр.

Credit: NYU Abu Dhabi’s Center for Space Science, EMM Science Data Center
👍3🔥1
3 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КҮН КҮНІ

Күн — сары ергежейлі, G-типті Негізгі тізбек жұлдызы. Біздің Галактикада осындай типтегі жүз миллиардтан астам жұлдыз бар.

Фото: Күннің SDO аппараты 2023 ж. 3 мамыр, 18:38:42-де түсірген кескіні
Credit: NASA/SDO/AIA

Сүйікті жұлдызымыз жайлы толық ақпарат — роликте.
👍2