Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
СТАРТ ТАҒАНЫНЫҢ ХАЛІ

Болат тағанның өзі пәлендей зардап шеккен жоқ, бірақ оның астына құйылған бетоннан ештеңе қалмады десе де болады. Жоғары ұшқан бетон сынықтары Super Heavy-дің гидравликалық жүйесін зақымдады деген болжам бар, алайда SpaceX компаниясы мұны растай қойған жоқ.

Скептиктер стартты қалпына келтіруге 8 ай қажет десе, Маск мырза 2 айда жөндей аламыз деп отыр. Сумен салқындатылатын болат отжарғыштың бөліктері ұшыру кешеніне жеткізіліп те қойған еді. Бірақ сынақты кешеуілдетпеу үшін, компания оларды таған астына орнатпай, бетондаумен шектелгені белгілі. Қалай болғанда да, келесі ұшырылым елеулі жаңартылған старт құрылғысынан жасалатыны анық.
🤯2
ОҢТҮСТІК ЕУРОПАДАҒЫ СОЛТҮСТІК ШҰҒЫЛАСЫ

Соңғы екі түні Солтүстік Америка, Еуропа мен Азияның көптеген тұрғыны поляр шұғыласын көрді. Мысалы мына фотодағы керемет көрініс Орталық Испаниядағы Касерес қаласы маңында бақыланған. 39,5° солтүстік ендіктегі бұл қала Қазақстанның кез келген нүктесінен оңтүстікке қарай орналасқан!

Поляр шұғыласын бірнеше тәулік бұрынғы Күн тәжі затының атылуы туғызды. Тәжден шыққан бөлшектер Жер магнитоферасына соғылды. Электрондар мен протондар планетамыздың магнит өрісі сызықтарын бойлай төмендей келе атмосферадағы оттегі мен азотқа соқтығысып, ғажайып оттар жарқыратты. Күннің қазіргі ерекше белсенділігі оңтүстік аспаннан солтүстік шұғыласын көруге мүмкіндік берді. Поляр шұғыласы жайлы толығырақ — роликте.

Image Credit & Copyright: Lorenzo Cordero
#астрономия #фотокөрме #nasa_apod
👍1
25 КӨКЕК, 22:40-ТА HAKUTO-R ЛЕНДЕРІ АЙҒА ҚОНУҒА ТЫРЫСАДЫ

2023 жылы 25 көкекте, Алматы уақытымен 22:40-та жапониялық ispace компаниясының HAKUTO-R аппараты Айдағы Атлас кратеріне қонуға әрекет жасайды. Тікелей эфир 21:20-да басталады.

Әрекет сәтті болса, Жапония Ай бетіне ғарыш аппаратын қондырған КСРО, АҚШ пен Қытайдан кейінгі төртінші ел атанады. 2019 жылы Израиль мен Үндістан лендерлері қирап қалғаны есімізде. HAKUTO-R сондай-ақ Айға жайлы қонған алғашқы жекеменшік аппарат болуы мүмкін.

Былтыр желтоқсанда ұшырылған миссия Ай маңындағы 100 км орбитаға 21 наурызда шыққан. Бірнеше ғылыми аспаппен жабдықталған лендер Айға өзімен бірге жеті жүктеме жеткізеді. солардың бірі — Ай бетіне түсетін Rashid ровері. Ол Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі.

Credit: ispace
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ

2023 жылы 24 көкекке қараған түні ресейлік астрофотограф Андрей Тюшин Орал қаласынан оңтүстікке қарай 30 км жерден солтүстік шұғыласын фотоға түсіріп алды. Орал, кешегі постағы Чернигов қаласы сияқты, 51 градус солтүстік ендікте орналасқан. Қазақстан аумағынан солтүстік шұғыласы өте сирек бақыланады.

Фото: Андрей Тюшин
😍2👍1🔥1🥰1
ЖАПОН ЛЕНДЕРІ АЙҒА ҚОНА АЛМАДЫ

2023 жылы 25 көкекте, Алматы уақытымен 22:41-де жапониялық ispace компаниясының HAKUTO-R M1 миссиясы Ай экваторы маңындағы Атлас кратеріне қонуға әрекеттенді. Белгілі болғандай, аппарат Ай бетінен 10 метр биіктікте болғанда, онымен байланыс үзілген. Ғарыш аппараты шамамен 40 км/сағат жылдамдықпен аспан денесіне соғылып, қирап қалса керек.

Жапон лендерінің бортында Араб Әмірліктерінің Rashid ровері де болған еді. Жапон, араб және канадалық мамандардың бес жылдық жұмысы сәтсіздікпен аяқталды. Израиль мен Үндістан секілді, Жапония да Айға қонған 4-ші ел атана алмады. Жердің серігіне қонуға тырысатын келесі аппарат ресейлік Луна-25 болуы мүмкін. Ол Айға 13 шілдеде аттануы тиіс.
👍2
ДНҚ СПИРАЛІНІҢ ТАНЫМАЛ БОЛҒАНЫНА — 70 ЖЫЛ

1953 жылы 25 көкекте Nature журналында ДНҚ молекуласының құрылымы жайлы алғашқы үш тарихи мақала жарияланды. Олардың авторы Джеймс Уотсон, Фрэнсис Крик, Морис Уилкинс, Розалинд Франклин және әріптестері еді. Алдыңғы үшеуі бұл жетістік үшін 1962 жылғы Нобель сыйлығын иеленді.

1958 жылы 37 жасында қатерлі ісіктен қайтыс болған ағылшын биофизигі Розалинд Франклин есімі Марстан ежелгі тіршілік белгілерін іздейтін еуропалық роверге қойылған. ExoMars миссиясының Байқоңырдан ұшуы парашют жүйесі дайын болмауы себепті 2020-дан екі жылға шегерілген еді. Алайда 2022 жылы Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығына наразылық ретінде, ЕҒА Роскосмоспен әріптестігін толық үзді. Бортында органикалық заттарды талдайтын қуатты зертханасы бар Розалинд Франклин ровері Қызыл Планетаға 2028 жылы не одан кеш аттануы мүмкін.
#ғылымтарихы
2🥰1
ҚОШ, HAKUTO-R

Сонымен, кеше жапониялық HAKUTO-R лендері Айға жайлы қона алмады. ispace компаниясы аппаратпен байланыс ол Ай бетінен 80 метр биікте, 31 км/сағ жылдамдықпен құлдилап келе жатқанда үзілгенін хабарлады. Лендермен бірге БАӘ-нің Rashid ровері де қирап қалды.

ispace 2024 жылы Айға M2 миссиясын қондыруды жоспарлап қойған. Оның бортында Rashid-2 ровері болмақ. Жаңа миссияны жүзеге асыру барысында M1 жобасының қателері ескерілетіні анық. HAKUTO-R лендерінен естелік ретінде, ол 20 көкекте Ай орбитасынан түсірген Жердегі күн тұтылуының көрінісін тамашалайық.

Image: ispace, processed by Don Davis
😢3
Стоунхенж үстіндегі Ай, Шолпан және солтүстік шұғыласы. 23 көкек 2023 жыл
Фото: Stonehenge Dronescapes
#фотокөрме
3
HCG 40 ЫҚШАМ ТОБЫНДАҒЫ БЕС ГАЛАКТИКА

24 көкекте Хаббл ғарыштық телескопының ұшырылғанына 33 жыл толды. НАСА әр жыл сайын Хаббл алған маңызды бір кескінді сипаттайтын ролик пен ғарыштық телескоптың бір жылдық жұмысы жайлы видео жариялайды. Назарларыңызға былтырғы 32 жылдыққа арналған бейнероликті ұсынамыз.

Хиксон 40 ықшам тобы (HCG 40) бес галактикадан тұрады: үшеуі спираль, бірі эллипс, бірі — линза тәрізді. Күннен 300 млн жарық жылы қашықтықта, Гидра шоқжұлдызында орналасқан Хиксон 40 — ықшам галактикалық топтар арасындағы ең тығызының бірі. Балаң Әлемде мұндай топтар көп болған деп болжанады, оларды ыдыратпай тұрған шетіндегі қараңғы материя болуы мүмкін.

Топтағы галактикалардың бәрі ядросындағы ықшам радиосәулелену көзіне ие, бұл онда аса ауыр қара құрдым барының белгісі шығар. Бір-бірімен гравитация арқылы әсерлесетін галактикаларды көп мөлшердегі ыстық галактикааралық газ қоршап тұр. Шамамен миллиард жылдан соң, галактикалар соқтығысып, бірігіп кетеді. Ғалымдар мұның нәтижесінде біртұтас алып эллипс галактика түзіледі деп болжап отыр.

Credits: NASA, ESA, STScI, Alyssa Pagan / STScI
#бейнеролик
Дәреженің логарифмі көрсеткішті дәреже негізінің логарифміне көбейткенге тең
#математикаминуты
🤣3
БОЗТОРҒАЙЛАР АУЫР СҰҢҚАРДЫҢ ҰШҚАНЫН КӨРЕ АЛАДЫ

2023 жылғы 28 көкекте, Алматы уақытымен 05:29-да SpaceX компаниясы Falcon Heavy аса ауыр зымыранын алтыншы мәрте ұшырады. Алғаш рет оның ешбір сатысы (орталық саты да, қапталдағы екі үдеткіш те) қайта қондырылмайды. Өйткені зымыран геоөтпелі орбитаға емес, тікелей геостационар орбитаға үш жерсерік шығаруы тиіс.

Олар:
— ViaSat-3 Americas — 6400 кг-дық ірі байланыс жерсерігі, қос Америка құрлығындағы клиенттерді 100 Мбит/с интернетке қосады. Жалпы өткізу жолағы — 1 Тбит/с, яғни алдыңғы ViaSat аппараттарынан екі есе кең. Жерсерік 88,9° батыс бойлықтағы слотқа орналасады, қызмет мерзімі кемі 15 жыл. Бір қызығы, ViaSat операторы SpaceX-тің Starlink жүйесінің тікелей бәсекелесі ғана емес, оның жұмысын шектеу үшін сотқа арызданып жүр.

— Arcturus (Aurora 4A) — 400 кг шағын телеком-жерсерік, Алясканың алыс аудандарын интернетпен қамтамасыз етеді. 7,5 Гбит/с, 163° б.б., кемі 10 жыл.

— GS-1 (G-Space 1) - массасы 22 кг 16U-кубсат, украиналық Gravity Space компаниясы үшін Данияда жасалған. Кубсат бортында үш пайдалы жүктеме бар: Nusantara H-1A Индонезияның болашақта ұшырылатын жерсерігі үшін слотты ұстай тұрады, Orbit Guard аппараты орбитадағы нысандарды қадағалаудың жаңа әдісін тексереді, үшіншісі геостационардағы басқа жерсерікпен түйісу экспериментін жасайды.

Отынның бәрі ауыр жүктемені 36500 км биік орбитаға көтеруге жұмсалып, кері қайтуға ештеңе қалмайды. Сол себепті сатыларға торкөз рульдер мен тіреулер орнатылмады. Орталық саты — жаңа, үдеткіштің бірі екі рет, басқасы — жеті рет ұшып келген. Оларды фотодан керосин күйесінің қоюлығына қарап оңай ажыратуға болады.
👍3
Credit: SpaceX
🔥5
НАСА ВОЯДЖЕР-2-НІҢ ЖҰМЫС МЕРЗІМІН ҰЗАРТТЫ

1977 жылы ұшырылған қос Voyager миссиясы әлі күнге гелиосфера сыртынан теңдессіз ғылыми деректер жіберіп тұр. Қазір Вояджер-2 бортында бес ғылыми аспап, Вояджер-1-де — төрт аспап жұмыс істейді. Алайда зондтарды қоректендіретін радиоизотоптық термоэлектрлік генераторлардың (РИТЭГ) қуаты жыл санап азаюда. Сондықтан мамандар Вояджерлердің қажетсіз жүйелері мен аспаптарын және жылытқыштардың көбін өшіріп тастады. Бұл аппараттардың жұмыс мерзімін ұзартуға мүмкіндік берді.

Бірақ 2023 жылға қарай Voyager 2 соңғы аспаптарды өшіруге тура келетін межеге жақындап қалды. Бақытқа орай, инженерлер оған тағы бірнеше жыл ғұмыр сыйлау мүмкіндігін тапты. Зонд бортында аспаптарды кернеудің құбылуынан қорғайтын жүйе бар. Арнайы реттегіш қажет кезде аспаптарды қосалқы тізбекке ауыстырады. Миссия мамандары осы сақтандырғышты өшіріп, ол тұтынатын энергияны ғылыми аспаптарға беруді шешті.

Инженерлердің айтуынша, ғарышта 45 жылдан астам өткізген зондтардың электр жүйесі әлі күнге біршама орнықты істеп тұр. Және де бәрібір кернеуді қадағалап, ол елеулі өзгерген жағдайда шара қолдануға мүмкіндік бар. Әрине, реттегішті өшіру біршама тәуекел, бірақ соның арқасында Вояджер-2 аппаратының жұмыс мерзімі 2026 жылға дейін ұзартылды.

Вояджер-1-ге келсек, оның реттегішін өшіру туралы шешім ұсынылған әдістің тиімділігін бағалау нәтижесінде қабылданады. Себебі, бұл зондта төрт-ақ аспап қосылып тұрғандықтан, ол егізінен бір жылдай ұзағырақ өмір сүруі мүмкін.

4 жылдық миссияға есептелген аппараттың бортындағы сақтандырғышты радиокоманда бойынша қашықтан өшіруге мүмкіндік бары таң қалдырады. Вояджер-2 қазір Жерден шамамен 20 млрд км қашықтықта, оған жіберілген бұйрықтар мен зонд хабарлаған деректер бір бағытта 18,5 сағат жүреді.
👍3
Фото: Voyager зондтарының бірі Реактивті қозғалыс зертханасының ғарыш симуляторы ішінде сыналуда. Пасадена, Калифорния, 27 көкек 1977 жыл
Credit: NASA/JPL-Caltech
1👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кеннеди ғарыш орталығы, LC-39A ұшыру алаңында тұрған Falcon Heavy зымыранына түскен найзағай. Ұшырылым — 1 мамыр, Алматы уақытымен 05:29-да.
🤯1
Falcon Heavy мен фотограф Джон Крауз (John Kraus)
Credit: SpaceX