Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Starbase қалашығынан бейне
👍2
22 КӨКЕК — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕР-АНА КҮНІ

Бұл атаулы дата БҰҰ Бас Ассамблеясының 2009 ж. 22 көкектегі қарарымен белгіленді, бірақ ол алғаш рет 1970 жылы АҚШ-та атап өтілген. Бұл күннің мақсаты — Жер экожүйесінің нәзіктігіне адамзат назарын аударып, оны аялауға үндеу.

Жер күнінің бейресми нышаны — Жер туы, яғни сиякөк фондағы планетамыздың ғарыштан түсірілген суреті (қазір Аполлон-17 ғарышкерлері Айға барар жолда түсірген фото қолданылады).
👍2
Жер планетасы және оны ғарыштан зерттеу жайлы роликтер — ойнату тізімінде: https://youtube.com/playlist?list=PLZ7VcZmjdxtxF00R85-Gz1BaxTLM2dV7C
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тим Доддтың видеосы
👍2
АЙ МЕН ШОЛПАН

2023 жылы 23 көкекте, Алматы уақытымен 19:00-де Жас Ай орағы (Ф= 0,09+) Шолпаннан (-4,2m) 1,3° солтүстікте өтті. Екі аспан шырағы күндіз де көрінді.

Фото: Александр Мананников, Алиса Силина, Александр Зеленский
#күнтізбе
2
Старшип ұшырылымы жайлы мемдер:
Starship пен Airbus A380
Нағыз үшу жоспары
Ұшырылым логосы
👍3
УКРАИНАДАҒЫ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ

Жақында Киев қаласына метеорит түскен еді, енді 23-не қараған түні Киев пен Чернигов облыстарынан солтүстік шұғыласы (!) көрінді. Бұл ненің нышаны? Құбылыс, жақында жазғанымыздай, Күн белсенділігінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Күн циклі жайлы толығырақ роликте айтылады. Осы роликпен Күн туралы ғылыми видеолар сериясын бастамақ болғанбыз.

Фото: Петро Мірошник
👍2🥰1
СТАРТ ТАҒАНЫНЫҢ ХАЛІ

Болат тағанның өзі пәлендей зардап шеккен жоқ, бірақ оның астына құйылған бетоннан ештеңе қалмады десе де болады. Жоғары ұшқан бетон сынықтары Super Heavy-дің гидравликалық жүйесін зақымдады деген болжам бар, алайда SpaceX компаниясы мұны растай қойған жоқ.

Скептиктер стартты қалпына келтіруге 8 ай қажет десе, Маск мырза 2 айда жөндей аламыз деп отыр. Сумен салқындатылатын болат отжарғыштың бөліктері ұшыру кешеніне жеткізіліп те қойған еді. Бірақ сынақты кешеуілдетпеу үшін, компания оларды таған астына орнатпай, бетондаумен шектелгені белгілі. Қалай болғанда да, келесі ұшырылым елеулі жаңартылған старт құрылғысынан жасалатыны анық.
🤯2
ОҢТҮСТІК ЕУРОПАДАҒЫ СОЛТҮСТІК ШҰҒЫЛАСЫ

Соңғы екі түні Солтүстік Америка, Еуропа мен Азияның көптеген тұрғыны поляр шұғыласын көрді. Мысалы мына фотодағы керемет көрініс Орталық Испаниядағы Касерес қаласы маңында бақыланған. 39,5° солтүстік ендіктегі бұл қала Қазақстанның кез келген нүктесінен оңтүстікке қарай орналасқан!

Поляр шұғыласын бірнеше тәулік бұрынғы Күн тәжі затының атылуы туғызды. Тәжден шыққан бөлшектер Жер магнитоферасына соғылды. Электрондар мен протондар планетамыздың магнит өрісі сызықтарын бойлай төмендей келе атмосферадағы оттегі мен азотқа соқтығысып, ғажайып оттар жарқыратты. Күннің қазіргі ерекше белсенділігі оңтүстік аспаннан солтүстік шұғыласын көруге мүмкіндік берді. Поляр шұғыласы жайлы толығырақ — роликте.

Image Credit & Copyright: Lorenzo Cordero
#астрономия #фотокөрме #nasa_apod
👍1
25 КӨКЕК, 22:40-ТА HAKUTO-R ЛЕНДЕРІ АЙҒА ҚОНУҒА ТЫРЫСАДЫ

2023 жылы 25 көкекте, Алматы уақытымен 22:40-та жапониялық ispace компаниясының HAKUTO-R аппараты Айдағы Атлас кратеріне қонуға әрекет жасайды. Тікелей эфир 21:20-да басталады.

Әрекет сәтті болса, Жапония Ай бетіне ғарыш аппаратын қондырған КСРО, АҚШ пен Қытайдан кейінгі төртінші ел атанады. 2019 жылы Израиль мен Үндістан лендерлері қирап қалғаны есімізде. HAKUTO-R сондай-ақ Айға жайлы қонған алғашқы жекеменшік аппарат болуы мүмкін.

Былтыр желтоқсанда ұшырылған миссия Ай маңындағы 100 км орбитаға 21 наурызда шыққан. Бірнеше ғылыми аспаппен жабдықталған лендер Айға өзімен бірге жеті жүктеме жеткізеді. солардың бірі — Ай бетіне түсетін Rashid ровері. Ол Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі.

Credit: ispace