Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
АЛҒАШ ҰШЫРЫЛҒАН STARSHIP АСА АУЫР ЗЫМЫРАНЫ ҒАРЫШҚА ШЫҒА АЛҒАН ЖОҚ

2023 жылы 20 көкекте Super Heavy B7 үдеткіші мен Starship S24 ғарыш кемесінен тұратын SpaceX Starship аса ауыр зымыран-ғарыш жүйесі алғаш рет ұшырылды. Үдеткіш қозғағыштарының тұтануы, старт тағанынан көтерілу ойдағыдай өтті. Max-Q, яғни ең ауыр динамикалық күш түсетін кезеңде үдеткіштің 5-6 қозғағышы жұмыс істемей тұрды.

2:52 уақыт межесінде, 64 км биіктікте кеме үдеткіштен ажырауы тиіс еді. Үдеткіш Boostback Burn манёврін жасап, қонуға дайындалуы керек-тін. Бірақ небәрі 38-39 километрге көтерілген зымыран бей-берекет үйіріле бастады. Сондықтан Супер Хэвиді де, Старшипті те жарып жіберу туралы шешім қабылданды. Өйткені олардың басқарусыз құлдилауы қауіпті болатын.

Бірінші орбиталық ұшу жоспары орындамаса да, бүгінгі сынақ негізінен сәтті өтті деп бағаланады. Алғаш рет самғаған алып зымыран ұшыру алаңына құлап, оны қиратпағанының өзі үлкен табыс. Raptor метан қозғағыштары әлі шикі екені байқалды. Кеменің неге ажырамағаны әзірге белгісіз, бұл зымыранның қажет биіктікке көтеріле алмағанына байланысты шығар.

SpaceX компаниясы алынған мәліметті зерделеп, тиісті қорытынды жасайтыны анық. 5000 тонналық, тарихтағы ең қуатты зымыранның келесі сынақ ұшырылымы — бірнеше айдан соң.

#жұлдызкеме
👍3
SpaceX Starship аса ауыр зымыранының алғашқы ұшырылымынан көріністер, 20 көкек 2023 жыл. Starbase ғарыш кешені, Техас.
👍2
Старт тағаны астында ойылған бетон
👍2
Старбейс маңы және біршама қашық жердегі жағдай.
👍1🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
LabPadre атты ютубер 1100 фут (335 метр) қашықтықтан түсірген видео.
🤯2👍1
21–23 КӨКЕК — ЛИРИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫНЫҢ ШЫҢЫ

Жылда 14–30 көкекте жауатын Лиридалар метеор ағыны шыңына 21-нен 22-не және 22-нен 23-не қараған түндері жетеді. Идеал жағдайда сағатына 18 метеорға дейін бақылануы мүмкін. Ағын содан шығып жатқандай көрінетін Лира шоқжұлдызы таңға қарай төбеге көтеріледі.

Алайда жарқыраған ақ метеорларды түні бойы байқауға болады. Олар 49 км/сек жылдамдықпен ұшады. Кеше ғана туған жаңа Ай биыл бақылауға еш кедергі келтірмейді. 20-на қараған түні Киев қаласына түскен метеорит Лирида болып шыққаны хабарланды. Ағын туралы толығырақ — бейнероликте.

#астрономия #күнтізбе
👍2
Жұмыс үстеліне тұсқағаз
Credit: SpaceX
🔥4👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қызмет көрсету мұнарасынан бейне
🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Starbase қалашығынан бейне
👍2
22 КӨКЕК — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕР-АНА КҮНІ

Бұл атаулы дата БҰҰ Бас Ассамблеясының 2009 ж. 22 көкектегі қарарымен белгіленді, бірақ ол алғаш рет 1970 жылы АҚШ-та атап өтілген. Бұл күннің мақсаты — Жер экожүйесінің нәзіктігіне адамзат назарын аударып, оны аялауға үндеу.

Жер күнінің бейресми нышаны — Жер туы, яғни сиякөк фондағы планетамыздың ғарыштан түсірілген суреті (қазір Аполлон-17 ғарышкерлері Айға барар жолда түсірген фото қолданылады).
👍2