Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Juice миссиясын ұшырған Ariane 5 зымыранының жүктеме қақпағына салынған суретті байқаған шығарсыз. Еуропа ғарыш агенттігі 2021 жылы бұл суретті таңдау үшін конкурс өткізген. 63 елден 2600 бала қатысқан конкурста Украинаның Житомир қаласының тұрғыны, сегіз жасар Ярина Закалюжная жеңіп шыққан еді. Ярина Juice аппаратын Жерден қабылдап алып тұрған Юпитерді және оның үш серігін бейнелеген. Серіктердің бірі таң қалып тұр, екіншісі қорқып, Юпитер тасасына тығылса, үшіншісі ұйықтап қалған.
4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
JUICE КҮН ПАНЕЛЬДЕРІН АШТЫ

Еуропалық JUICE планетаралық ғарыш стансасы Юпитерге сапарын бастады. Ariane 5 зымыранының екінші сатысынан ажыраған соң, аппарат Жермен байланысқа шықты да, көп ұзамай екі алып күн панелін ашты. Ауданы 100 шаршы метр панельдер 820 Ватт қуат өндіреді.

Credit: ESA
👍1
СТАРШИПТІҢ ОРБИТАЛЫҚ ҰШУ СЫНАҒЫ — 17 КӨКЕКТЕ

АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) Starship-тің орбиталық ұшырылымдарына лицензия берді. Ол бес жылға жарамды. SpaceX компаниясы орбиталық ұшу сынағын дүйсенбі, 17 көкекке межелеп отыр. 150 минуттық ұшу терезесі Алматы уақытымен 18:00-де ашылады.
👍1
JUICE ЖІБЕРГЕН АЛҒАШҚЫ КЕСКІН

Оны әртүрлі құрылғылардың жайылуын қадағалайтын екі бақылау камерасының бірі түсірген. 1024 х 1024 кескін алатын камералар ғарыш аппаратының корпусына орнатылған.

📷: ESA/Juice/JCAM, CC BY-SA 3.0 IGO
👍1
Еуропа ғарыш агенттігінің Еуропалық ғарыштық операциялар орталығы (ESOC) мамандары JUICE миссиясының сәтті ұшырылымынан соң.

Орталық қазір Aeolus, BepiColombo, Cluster II, CryoSat, ExoMars/TGO, Gaia, Integral, Mars Express, OPS-SAT, Sentinel 1 (A&B), Sentinel 2 (A&B), Sentinel 5P, Solar Orbiter, Swarm, XMM ғарыштық миссияларын басқарып отыр.
Фото: ESA
👍1
Старшип туралы ән
Фото: John Kraus
👏1
"Старбейс кеші көңілді"
Фото: Reuters
🔥1
"Жұлдыз-Кеме"
Фото: Trevor Mahlmann
Бас жаттығу аяқталды. Назарларыңызға рақмет!
🤣2
Super Heavy бірінші сатысындағы клапандардың бірі қатып қалған, яғни ашылмай немесе жабылмай тұр. Сонымен бүгін толық отын құю жаттығуы (WDR) өтті. Енді отын қайтадан жердегі бөшкелерге ағызылады. Ұшырылым 48 сағатқа шегерілуі мүмкін.
😢2
СТАРШИП ҰШУ СЫНАҒЫНЫҢ РЕТІ

Ұшырылым таймлайны:
(сағ:мин:сек)

– 00:16:40 - Үдеткіш қозғағыштарын салқындату
– 00:00:40 - Клапандар жүйесі арқылы отын мен тотықтырғыштың артығын шығару
– 00:00:08 - Үдеткіштің 33 Raptor 2 қозғағышы ретімен қосыла бастайды

00:00:00 - Көтерілу!

00:00:55 - MAX-Q (зымыранға барынша динамикалық күш түсетін сәт)
00:02:49 - Үдеткіш қозғағыштарының өшірілуі
00:02:52 - Кеменің үдеткіштен ажырауы
00:02:57 - Кеме қозғағыштарының тұтануы
00:03:11 - Үдеткіш Booster Boostback Burn манёвріне кіріседі
00:04:06 - Booster Boostback Burn манёврінің аяқталуы
00:07:32 - Үдеткіш дыбыс жылдамдығы межесінен өтеді
00:07:40 - Үдеткіш қозғағыштарының қону үшін қайта қосылуы
00:08:03 - Үдеткіш қозғағыштарының өшірілуі
00:09:20 - Кеме қозғағыштарының өшірілуі
01:17:21 - Кеменің атмосфераға оралуының басы
01:28:43 - Кеме дыбыс жылдамдығы межесінен өтеді
01:30:00 - Кеменің суға құлауы

Credit: SpaceX
👍1
Super Heavy B7 үдеткіші мен Starship S24 ғарыш кемесінен тұратын SpaceX Starship аса ауыр зымыран жүйесінің бірінші орбиталық ұшу сынағының жаңа мерзімі — 20 көкек 2023, Алматы уақытымен 19:28.
👍3
СӘУІР НЕГЕ ТӘУІР ЕМЕС?

Өйткені сәуір әлі болған жоқ!
Сәуір / ثور (Sawr) / Taurus / Ταῦρος / Уд / Өгіз / Торпақ / Телец / اردیبهشت (Ordibehesht) / گۆلن (Gülən) жұлдыз айы (жұлдызы) көкек / April / Abril / апрель күнтізбелік айының 21-не басталады.

P.S. Сәуір арабтың да сөзі емес, арабтар шоқжұлдыздың грекше Таурос деген атын қабылдаған.
#күнтізбе
👍3
20 КӨКЕК 2023 — ГИБРИД КҮН ТҰТЫЛУЫ

Бүгін Алматы уақытымен 07:34—12:59 аралығында Оңтүстік-Шығыс Азия, Шығыс Үндістан, Аустралия, Антарктида және Тынық, Үнді мұхиттары айдынынан Күннің гибрид тұтылуы бақыланды.

Гибрид тұтылу деген не? Ай көлеңкесінің Жер бетіндегі жолының басы мен аяғында сақина тәрізді тұтылу, ортасында толық күн тұтылуы бақыланды. Әңгіме, әрине, Айдың қою көлеңкесі — умбра түсетін жіңішке жолаққа қатысты. Оның екі жағындағы жалпағырақ белдеуде Күн жартылай тұтылды. Бүгінгі оқиға — XXI ғасырда болатын 7 гибрид тұтылудың үшіншісі.
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Аустралиядағы толық күн тұтылуының видеосы
2
20 КӨКЕК 2023 19:28 — СТАРШИПТІҢ 1-ШІ ОРБИТАЛЫҚ ҰШУ СЫНАҒЫ

Бүгінгі сынақтың маңызды кезеңдері:

1. Бірінші және екінші саты бактарын отын мен тотықтырғышқа толтыру. Бұл операция бұған дейін екі рет толық жасалған еді.

2. Super Heavy үдеткішінің барлық 33 Raptor 2 қозғағышын тұтандыру. Сыртқы контурдың 20 агрегаты бір жүйемен, ал тартым векторы басқарылатын және қайта қосыла алатын орталық 11 қозғағыш — басқа жүйе арқылы тұтанады. Алдын-ала сынақ кезінде 31 қозғағыш қосылды, бірақ олар бар қуатымен жұмыс істеген жоқ. Қазіргі ең көп қозғағышы бар зымыран — Falcon Heavy (27).

3. Үдеткіштің старт тағанынан ажырап, мұнара тұсынан көтеріліп кетуі. Қазіргі күні старт тағаны өрт сөндіру жүйелерімен толық жабдықталып біткен жоқ. Алып зымыран стартқа немесе жалпы алғанда ұшыру алаңына құлап, оларды қиратпаса, осының өзі үлкен табыс болмақ.

4. MAX-Q. Starship жүйесіне ең ауыр аэродинамикалық күш түсетін сәт. 12 км биіктікте зымыран үлкен жылдамдық алады, бірақ атмосфера әлі де өте тығыз. Сондықтан ұшу барысындағы ең ауыр жүк зымыранға осы кезеңде түседі. Max-Q межесінен аман өту — бүгінгі бірінші ұшырылымның шешуші жетістігі болады.

5. 64 км биіктікте үдеткіштен Starship ғарыш кемесі ажырайды. Бұл кезең қиындықсыз өтуі тиіс. SH B7 мен S24 прототиптерінің түйісу жүйесі әдейі оңайлатылыған.

6. Үдеткіш жерге қайту үшін күрделі маневр жасайды. Баяулау үшін орталық қозғағыштарын қайта қосып, үлкен жылдамдықпен атмосфераға енеді. Суға қонар сәтте ол тағы баяулап, Мексика шығанағына жайлы қонуға тырысады. Ол қирап, суға батып кетуі тиіс, олай болмаса, клапандар ашылады. Үдеткіш сонда да батпаса, АҚШ флоты оны атқылап, батырып жібереді.

7. Кеме өз қозғағыштарын қосып, трансатмосфералық орбитаға шығады да, бір айналымға жақын ұшып өтеді. Ұшу барысында кеменің кейбір жүйелері тексеріледі. Орбитаның ерекшелігі сол, Старшип одан қозғағышын қайта қоспай-ақ түседі. Оны қондыруға еш әрекет жасалмайды.

8. Кеме үлкен жылдамдықпен атмосфераға енген кезде-ақ қирауы мүмкін. Жанып кетпеген қалдықтар Гавай аралдары маңындағы қауіпсіз ауданға құлайды. Олар 3 км тереңдікке батып кетуі тиіс. Кемені де батыруға шаралар қолданылады.
👍4