Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
JUICE миссиясының ұшырылымы Курудағы ауа райына (найзағай қатері) байланысты кейінге қалды. Келесі әрекет — 14 көкек, Алматы уақытымен 18:14-те.
👍2
ШОЛПАН МЕН ҮРКЕР
11 көкек 2023 жыл.
Фото: Sebastian Voltmer Photography
Еуропалық Ariane 5 зымыраны тағы бір миссияны сәтті ұшырды. Юпитерді мұзды серіктерін зерттейтін Juice ғарыш аппараты Африка үстінде зымыранның екінші сатысынан бөлініп, өз сапарын бастады.
Скриншот: ESA / Arianespace
#зымыран #ұшыру
🔥1
Juice-тен сигнал жоқ!
😱2👍1
JUICE сигналын Аустралиядағы байланыс стансасы қабылдады
👏3
ARIANE 5 ЗЫМЫРАНЫ JUICE МИССИЯСЫН СӘТТІ ҰШЫРДЫ

2023 жылы 14 көкекте, Алматы уақытымен 18:14-те Еуропаның Ariane 5 негізгі ауыр зымыраны 116-шы рет ұшырылды. Arainespace ұшыру операторы оны Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағынан аттандырды. Зымыран Еуропа ғарыш агенттігінің JUICE Юпитер миссиясын көтерді.

Ariane 5 алғаш рет 1996 жылы 4 маусымда ұшырылған. 116 миссияның 111-і сәтті өтсе, 3-і — ішінара сәтсіз, 2-і — сәтсіз болды. Зымыран толып жатқан ауыр байланыс жерсеріктерін геостационар орбитаға шығарды, сондай-ақ бірнеше ATV жүк кемесі ХҒС-қа жіберілді. XMM Newton рентген телескопы биік эллипс орбитаға, ал Гершель, Планк, Уэбб ғарыштық обсерваториялары Күн—Жер жүйесінің L2 Лагранж нүктесіне аттандырылды. Ariane 5 бірнеше планетааралық миссия да ұшырды: Чурюмов-Герасименко кометасына жеткен Rosetta аппараты, 4,5 жылдан бері Меркурийге жол жүріп бара жатқан BepiColombo миссиясы, енді міне, Юпитерге сегіз жылдық сапарын бастаған JUICE.

Ариан-5-тің қапталдағы қос үдеткіші қатты отын жақса, бірінші сатысы сұйық сутегі — сұйық оттегімен жұмыс істейді. Екінші саты қозғағышы бұрын монометилгидразин — диазот тетраоксидін қолданатын, зымыранның қазіргі ECA нұсқасы оларды сутегі/оттегі жұбымен алмастырды. Даңқты зымыран 117-ші әрі соңғы рет биыл 21 маусымда ұшырылады.

#зымыран #ұшыру
Credit: ESA
🔥2
Juice миссиясын ұшырған Ariane 5 зымыранының жүктеме қақпағына салынған суретті байқаған шығарсыз. Еуропа ғарыш агенттігі 2021 жылы бұл суретті таңдау үшін конкурс өткізген. 63 елден 2600 бала қатысқан конкурста Украинаның Житомир қаласының тұрғыны, сегіз жасар Ярина Закалюжная жеңіп шыққан еді. Ярина Juice аппаратын Жерден қабылдап алып тұрған Юпитерді және оның үш серігін бейнелеген. Серіктердің бірі таң қалып тұр, екіншісі қорқып, Юпитер тасасына тығылса, үшіншісі ұйықтап қалған.
4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
JUICE КҮН ПАНЕЛЬДЕРІН АШТЫ

Еуропалық JUICE планетаралық ғарыш стансасы Юпитерге сапарын бастады. Ariane 5 зымыранының екінші сатысынан ажыраған соң, аппарат Жермен байланысқа шықты да, көп ұзамай екі алып күн панелін ашты. Ауданы 100 шаршы метр панельдер 820 Ватт қуат өндіреді.

Credit: ESA
👍1
СТАРШИПТІҢ ОРБИТАЛЫҚ ҰШУ СЫНАҒЫ — 17 КӨКЕКТЕ

АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) Starship-тің орбиталық ұшырылымдарына лицензия берді. Ол бес жылға жарамды. SpaceX компаниясы орбиталық ұшу сынағын дүйсенбі, 17 көкекке межелеп отыр. 150 минуттық ұшу терезесі Алматы уақытымен 18:00-де ашылады.
👍1
JUICE ЖІБЕРГЕН АЛҒАШҚЫ КЕСКІН

Оны әртүрлі құрылғылардың жайылуын қадағалайтын екі бақылау камерасының бірі түсірген. 1024 х 1024 кескін алатын камералар ғарыш аппаратының корпусына орнатылған.

📷: ESA/Juice/JCAM, CC BY-SA 3.0 IGO
👍1
Еуропа ғарыш агенттігінің Еуропалық ғарыштық операциялар орталығы (ESOC) мамандары JUICE миссиясының сәтті ұшырылымынан соң.

Орталық қазір Aeolus, BepiColombo, Cluster II, CryoSat, ExoMars/TGO, Gaia, Integral, Mars Express, OPS-SAT, Sentinel 1 (A&B), Sentinel 2 (A&B), Sentinel 5P, Solar Orbiter, Swarm, XMM ғарыштық миссияларын басқарып отыр.
Фото: ESA
👍1
Старшип туралы ән
Фото: John Kraus
👏1
"Старбейс кеші көңілді"
Фото: Reuters
🔥1
"Жұлдыз-Кеме"
Фото: Trevor Mahlmann