Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды.

✍️ Распоряжением Главы государства Закарья Кунсулу Дальтоновна назначена президентом Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті

Под председательством Главы государства Касым-Жомарта Токаева состоялось заседание Национального совета по науке и технологиям

t.me/aqorda_resmi
👍2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Жалпы, өндірісте ғылыми-зерттеу жұмыстарын көбірек жүргізу керек. Ол үшін бизнес өкілдері ғалымдармен тығыз байланыста болуға тиіс. Елімізде «ақылды қалаларды» және агломерацияларды дамыту ісі өте маңызды. Сондай-ақ Каспий теңізін жан-жақты зерттеу және еліміздің биологиялық қауіпсіздігін сақтау керек.

Жаңа сорттар арқылы астықтың шығымын арттыру, мал тұқымын асылдандыру, шөлді аймақтарда жеміс-жидекті үнемдеп суару сияқты мәселелерге ғылыми тұрғыдан қарау қажет. Осындай өзекті бағыттарға ауқымды гранттар бөлу керек. Шын мәнінде, гранттармен қамтамасыз етілген ғылыми жобалар өзекті, сұранысқа ие болуы қажет»

t.me/aqorda_resmi
👍3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазір көптеген ғылыми мекеменің материалдық-техникалық жағдайы мәз емес. Тіпті нашар деуге болады. Ғалымдардың жалақысы төмен. Сол себепті кейбір дарынды ғалымдарымыз шетелдің ғылыми орталықтарында жұмыс істегісі келеді. Мұны ашық айтуымыз керек.

Сондықтан негізгі ғылыми-зерттеу институттарын бюджеттен тікелей қаржыландыру қажет. Олардың инфрақұрылымы жаңғыртылып, заманауи зертханалар салынуға тиіс.

Ғылыми зерттеу институттарының жұмысы қаншалықты тиімді екеніне талдау жасау керек. Жас ғалымдар онда ықыласпен жұмыс істеуі үшін жағдай жасау қажет»

t.me/aqorda_resmi
👍1
12 КӨКЕК — КОСМОНАВТИКА КҮНІ

62 жыл бұрын адамзаттың алғашқы өкілі қазақ жерінен ғарышқа аттанды.
Фотода: кішкентай париждік осы жаңалықпен танысуда.
#тарих
👏2
БҮГІН 18:15-ТЕ JUICE МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛАДЫ

2023 жылы 13 көкекте, Алматы уақытымен 18:15-те Еуропа ғарыш агенттігі Jupiter Icy Moons Explorer (JUICE) миссиясын ұшырмақ. Миссия мақсаты — Юпитердің үш ірі мұзды серігі — Европа, Ганимед пен Каллистоның тіршілікке қолайлылығын зерттеу. Европа мен Ганимедте жерасты су мұхиттары бар деп саналады, мұндай мұхит Каллистода да болуы ықтимал. Ганимед — Күн жүйесіндегі өз магнитосферасы бар жалғыз серік.

Аппарат 2024–2029 жж. Жер, Ай және Шолпан маңында бірнеше гравитациялық маневр жасап, Юпитерге аттануға жеткілікті үдеу алады. Юпитер жүйесіне жету — 2031 жылы шілдеде. Ол Европа, Ганимед пен Каллистоға ұзын саны 35 рет жақын ұшып өтеді. 2034-тің желтоқсанында Ганимед орбитасына шыққан JUICE мұзды серікті жақыннан бір жыл зерттейді. Миссия 2035 жылдың аяғында Ганимед бетіне құлаумен аяқталады.

Осы кезеңдердің бәрі біздің арнадағы жаңа роликте егжей-тегжейлі көрсетіледі.
#бейнеролик
👍3
АУЫР ЗЫМЫРАНДАР: КЕЗДЕСУ МЕН ҚОШТАСУ

Таяу күндерге бірнеше ауыр немесе аса ауыр зымыранның маңызды ұшырылымдары жоспарланған.

Бүгін, 13 көкекте Алматы уақытымен 18:15-те Куру ғарыш айлағынан еуропалық JUICE миссиясы Юпитер бағытындағы сегіз жылдық сапарына аттанады. Оны ғарышқа Ariane 5 зымыраны көтереді. Бұл — сутегі жағатын ауыр зымыранның соңғы екі ұшырылымының бірі. Ең соңғы старт маусымға жоспарланған. Еуропалық Arianespace ұшыру операторының әйгілі тасығышын Ariane 6 алмастырады.

Көкекте сутегімен ұшатын тағы бір ауыр зымыранның соңғы екі ұшырылымының бірі жүзеге асады. Әңгіме ULA операторының Delta IV Heavy тасығышы жайлы. Ол Канаверал мүйісінен АҚШ Ұлттық барлау қызметінің NROL-68 аппаратын көтермек. Delta отбасы зымырандарының даңққа толы тарихы 2024 жылы аяқталады.

ULA Delta IV пен Atlas V тасығыштарының орнын басатын Vulcan VC2 зымыранын алғаш рет 4 мамырда Канаверал мүйісінен ұшыруы мүмкін. Метан жағатын жаңа ауыр зымыран Peregrine лендерін Айға, ал екі KuiperSat интернет-жерсерігін жермаңы орбитаға шығаруы тиіс. Дегенмен бұл старт кейінге шегеріліп жатса таң қалмаймыз.

Отын ретінде метан пайдаланатын тағы бір машина жақында алғаш рет самғайды. SpaceX компаниясының аса ауыр Starship — Super Heavy зымыран жүйесінің алғашқы орбиталық ұшу сынағы 17–20 көкекте жүзеге асырылуы ықтимал. Ол сәтті болса, Техастағы Starbase ғарыш кешенінен көтерілетін тасығыш НАСА-ның SLS суперзымыранын басып озып, заманның ең қуатты зымыраны атанады.

SpaceX-тің дәстүрлі отын керосинмен ұшатын Falcon Heavy аса ауыр зымыраны 19 көкекте алтыншы мәрте ұшырылады. Бірақ алғаш рет оның ешбір сатысы (орталық саты да, қапталдағы екі үдеткіш те) қайта қондырылмайды. Өйткені зымыран геостационар орбитаға екі бірдей ірі байланыс жерсерігін шығаруы тиіс. Сондықтан отынның бәрі пайдалы жүктемені көтеруге жұмсалып, кері қайтуға ештеңе қалмайды. Сол себепті сатыларға торкөз рульдер мен тіреулер орнатылмайды.
🔥2
JUICE миссиясының ұшырылымы Курудағы ауа райына (найзағай қатері) байланысты кейінге қалды. Келесі әрекет — 14 көкек, Алматы уақытымен 18:14-те.
👍2
ШОЛПАН МЕН ҮРКЕР
11 көкек 2023 жыл.
Фото: Sebastian Voltmer Photography
Еуропалық Ariane 5 зымыраны тағы бір миссияны сәтті ұшырды. Юпитерді мұзды серіктерін зерттейтін Juice ғарыш аппараты Африка үстінде зымыранның екінші сатысынан бөлініп, өз сапарын бастады.
Скриншот: ESA / Arianespace
#зымыран #ұшыру
🔥1
Juice-тен сигнал жоқ!
😱2👍1
JUICE сигналын Аустралиядағы байланыс стансасы қабылдады
👏3
ARIANE 5 ЗЫМЫРАНЫ JUICE МИССИЯСЫН СӘТТІ ҰШЫРДЫ

2023 жылы 14 көкекте, Алматы уақытымен 18:14-те Еуропаның Ariane 5 негізгі ауыр зымыраны 116-шы рет ұшырылды. Arainespace ұшыру операторы оны Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағынан аттандырды. Зымыран Еуропа ғарыш агенттігінің JUICE Юпитер миссиясын көтерді.

Ariane 5 алғаш рет 1996 жылы 4 маусымда ұшырылған. 116 миссияның 111-і сәтті өтсе, 3-і — ішінара сәтсіз, 2-і — сәтсіз болды. Зымыран толып жатқан ауыр байланыс жерсеріктерін геостационар орбитаға шығарды, сондай-ақ бірнеше ATV жүк кемесі ХҒС-қа жіберілді. XMM Newton рентген телескопы биік эллипс орбитаға, ал Гершель, Планк, Уэбб ғарыштық обсерваториялары Күн—Жер жүйесінің L2 Лагранж нүктесіне аттандырылды. Ariane 5 бірнеше планетааралық миссия да ұшырды: Чурюмов-Герасименко кометасына жеткен Rosetta аппараты, 4,5 жылдан бері Меркурийге жол жүріп бара жатқан BepiColombo миссиясы, енді міне, Юпитерге сегіз жылдық сапарын бастаған JUICE.

Ариан-5-тің қапталдағы қос үдеткіші қатты отын жақса, бірінші сатысы сұйық сутегі — сұйық оттегімен жұмыс істейді. Екінші саты қозғағышы бұрын монометилгидразин — диазот тетраоксидін қолданатын, зымыранның қазіргі ECA нұсқасы оларды сутегі/оттегі жұбымен алмастырды. Даңқты зымыран 117-ші әрі соңғы рет биыл 21 маусымда ұшырылады.

#зымыран #ұшыру
Credit: ESA
🔥2
Juice миссиясын ұшырған Ariane 5 зымыранының жүктеме қақпағына салынған суретті байқаған шығарсыз. Еуропа ғарыш агенттігі 2021 жылы бұл суретті таңдау үшін конкурс өткізген. 63 елден 2600 бала қатысқан конкурста Украинаның Житомир қаласының тұрғыны, сегіз жасар Ярина Закалюжная жеңіп шыққан еді. Ярина Juice аппаратын Жерден қабылдап алып тұрған Юпитерді және оның үш серігін бейнелеген. Серіктердің бірі таң қалып тұр, екіншісі қорқып, Юпитер тасасына тығылса, үшіншісі ұйықтап қалған.
4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
JUICE КҮН ПАНЕЛЬДЕРІН АШТЫ

Еуропалық JUICE планетаралық ғарыш стансасы Юпитерге сапарын бастады. Ariane 5 зымыранының екінші сатысынан ажыраған соң, аппарат Жермен байланысқа шықты да, көп ұзамай екі алып күн панелін ашты. Ауданы 100 шаршы метр панельдер 820 Ватт қуат өндіреді.

Credit: ESA
👍1
СТАРШИПТІҢ ОРБИТАЛЫҚ ҰШУ СЫНАҒЫ — 17 КӨКЕКТЕ

АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) Starship-тің орбиталық ұшырылымдарына лицензия берді. Ол бес жылға жарамды. SpaceX компаниясы орбиталық ұшу сынағын дүйсенбі, 17 көкекке межелеп отыр. 150 минуттық ұшу терезесі Алматы уақытымен 18:00-де ашылады.
👍1
JUICE ЖІБЕРГЕН АЛҒАШҚЫ КЕСКІН

Оны әртүрлі құрылғылардың жайылуын қадағалайтын екі бақылау камерасының бірі түсірген. 1024 х 1024 кескін алатын камералар ғарыш аппаратының корпусына орнатылған.

📷: ESA/Juice/JCAM, CC BY-SA 3.0 IGO
👍1