Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
711 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
26 наурызда Юпитердің кешкі көріну кезеңі аяқталады. Оны батар Күннің шапағы сола, батыс көкжиектен сәл жоғарыдан байқауға болады. Жоғарыда Шолпан жарқырайды.
#күнтізбе
НАУРЫЗ, АМАЛ, РАМАЗАН ЖӘНЕ БЕСТОҒЫС

Григорий күнтізбесінің 2023 жылы 20 наурызда Дүниежүзілік уақыт бойынша 21:24-те Күн центрі аспан экваторын оңтүстіктен солтүстікке қарай кесіп өтті. Бұл астрономиялық құбылыс Наурыздағы күн теңелуі (March equinox) деп аталады. Күн теңелуіне дейінгі және кейінгі екі талтүстің арасындағы түнортасында, яғни 21 наурыз 00:00-де Иран күнтізбесі немесе Күн хижрасы бойынша парсыша Фарвардин, арабша Хамал айы басталды. Қазақ бұл айды Амал деп те атаған. Ол күнтізбенің бірінші айы болғандықтан, бұл күні сондай-ақ жаңа 1402 жыл немесе мүшелдің Қоян жылы да басталды. Жылдың осы алғашқы күні Наурыз мейрамы ретінде тойланады.

21 наурызда Дүниежүзілік уақыт бойынша 17:23-те Ай өліара фазасына жетті, яғни бір сәт Жерден көрінбей қалды. Осыдан кейін туған Жаңа Ай орағы алғаш көрінген 22 наурызда, Күн батқан сәтте Ислам күнтізбесі немесе Ай хижрасы бойынша 1444 жылдың Рамадан (رمضان) айы басталды. Қазақ бұл айды Рамазан немесе Ораза айы деп атайтынын білеміз.

25 наурыздың кешінде төрт жаңасындағы Ай орағы Үркер жұлдыз шоғырына тоғысты, дәлірек айтқанда жақын өтті (ауыл-үй қонды). Тетелес келетін екі тоғыстың арасындағы уақытты қазақ халқы тоғыс айы деген. Тоғысу Айдың тақ жаңасына келе бермейді, бірақ дәстүр бойынша, оларды әрқашан тақ санға келтіріп айтады. Демек қазақтың дәстүрлі Тоғыс есебі бойынша «бес тоғыстың айы» (бестоғыс айы) басталды. Арқа қазақтары: — Бестоғыста қар кетпес, үштоғыста қар қалмас, — десе, Оңтүстікте: — Бестоғыс болмай белгілі жаз болмайды, — дейді екен.

Ай мен Үркер 27 тәулік 7 сағат 43 минут сайын тоғысады, астрономияда бұл период «жұлдыздық ай» деп аталады. Оны дөңгелектеп, 28 күн етіп алғанда 28х13=364 болады. Сондықтан Ай мен Үркер жыл бойы 13 рет қана тоғыса алады, жылда 13 тоғыс айы болады. Тоғыс есебі бойынша жыл басы — біртоғыс айы, ол Григорий күнтізбесі бойынша әрдайым мамырда басталады, содан соң ретімен 25, 23, 21, ... 5, 3 тоғыс айлары келеді, ең ақырғысы (13-ай) — үштоғыс айы.

Дереккөздер:
1. Wikipedia
2. timeanddate.com
3. Мыңбай Исқақов. Халық календары. «Қазақстан», Алматы, 1980
4. Хасен Әбішев. Аспан сыры. «Жазушы», Алматы, 2009
#күнтізбе #аспансыры
👍1
ПРИГОЖИН МЕН АХМЕДОВ

Виконт Пригожин Илья Романович (1917 — 2003) — бельгиялық физик, физикохимик, 1977 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. (11964) Пригожин астероиды оның құрметіне аталған.

Ахмедов Эмиль Тофик оғлы (1972) — ресейлік физик-теоретик, А.И. Алиханов атындағы Теориялық және эксперименттік физика институты мен Мәскеу физика-техникалық институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф-м.ғ. докторы, профессор.
#астроқалжың
🤔2
28 НАУРЫЗДАҒЫ ПЛАНЕТАЛАР ШЕРУІ

2023 жылғы 28 наурыздың кешінде жай көзбен төрт планетаны, ал телескоппен сондай-ақ Уранды көруге болады. Әрине, жарқыраған Шолпан мен Қызыл жұлдыз — Марсты табу қиын емес. Ал қызыл іңірде көкжиектен сәл ғана жоғары Юпитер мен Меркурийді байқау үшін, батыс көкжиек толық ашық жерге бару керек.

Кескін: StarWalk
#күнтізбе
👍1
СОЮЗ МС-22 БОС ҒАРЫШ КЕМЕСІ ЖЕРГЕ ҚОНДЫ

2023 жылы 28 наурызда Союз МС-22 ғарыш кемесінің қону капсуласы Жезқазғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 147 километрдегі жоспарлы орынға қонды. «К.Э. Циолковский» деген дербес ат қойылған кеме 2022 жылы 21 қыркүйекте Байқоңырдан ХҒС-68 экспедициясы мүшелері Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин (Роскосмос) мен Франциско Рубионы (НАСА) алып ұшқан еді.

Алайда Союз МС-22-нің салқындату жүйесінің істен шығуына байланысты олар Жерге Союз МС-23 кемесімен қайтады. Бұл ғарышкерлердің миссиясы алты айға, қыркүйекке дейін ұзартылды. Союз МС-22 капсуласы ішінде тек орбитадан қайтарылған 218 кг жүк болды.
#хғс
МЕТАН VS. КЕРОСИН

Зымыран отыны ретіндегі метанның керосиннен кейбір артықшылықтары:
🚀 метан күйесіз жанады, бұл зымыран сатысын қайта қолдануды оңайлатады;
🚀 метанның меншікті импульсі жоғары болғандықтан зымыранға көбірек тартым береді;
🚀 сұйық метанның жылу сыйымдылығы жоғары, демек қозғағышты жақсырақ салқындатады;
🚀 сұйық метанның көптеген физикалық қасиеттері сұйық оттегіне жақын, бұл қозғағыш бөлшектері мен отын құю инфрақұрылымын унификациялауға мүмкіндік береді;
🚀 метанды Марста өндіруге болады!
#космодерек
🔥3
3 КӨКЕКТЕ ARTEMIS II ЭКИПАЖЫ ЖАРИЯЛАНАДЫ

2023 жылы 3 көкекте, Алматы уақытымен 21:00-де НАСА мен Канада ғарыш агенттігі Artemis II миссиясы барысында Айды айналып келетін төрт ғарышкердің есімін атайды. Таныстыру рәсімі НАСА-ның Хьюстондағы Джонсон атындағы ғарыш орталығында өткізіледі. Тікелей эфир — НАСА арнасында.

Apollo бағдарламасы аясында 1968–1972 жылдары Айға 24 НАСА астронавты барып келгені мәлім. 12 адамға Ай бетіне қонудың сәті түссе, тағы 12 ғарышкер Ай орбитасында болып қайтты. Бұлардың бәрі АҚШ азаматтары, ақ нәсілді ер адамдар еді.

2024 жылдың қарашасына жоспарланып отырған он күндік Artemis II миссиясынан соң бұл тізімге тағы үш америкалық пен бірінші канадалық қосылуы тиіс. Artemis бағдарламасы мақсаттарының бірі — Ай бетіне алғашқы әйел мен алғашқы түсті нәсілді адамды қондыру. Жарты ғасырдан астам үзілістен соң, 2026 жылы Айға қонуы мүмкін Artemis III мүшелерінің бірі әйел болатыны анық.

Credit: NASA
👍1😱1
VIRGIN ORBIT ҒАРЫШ КОМПАНИЯСЫ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

Америкалық Virgin Orbit ғарыш компаниясы, қаржыландыру таба алмаған соң, "таяу болашақтағы" жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Компания 100 ғана қызметкерді қалдырып, 675 адамды қысқартады. Virgin Orbit акцияларының 75%-і британ миллиардері Ричард Брэнсонның Virgin Group тобының меншігінде, тағы 18%-не БАӘ-нің Mubadala ұлттық әл-ауқат қоры ие.

Virgin Orbit ұшыру операторы 2017 жылы құрылған. Ол "Cosmic Girl" деген атқа ие Boeing-747 ұшағының қанаты астына орнатылған LauncherOne зымыранымен жерсеріктер ұшыратын. Барлығы 6 ұшырылым жасалса, оның төртеуі сәтті болып, орбитаға 21 шағын жерсерік шығарылды. 2023 ж. 10 қаңтардағы соңғы миссия 2-саты жұмысы барысындағы ақау кесірінен сәтсіз өтті.

Бірақ күйреудің басты себебі компанияның тиісті ұшырылым санын қамтамасыз ете алмауында болса керек. Virgin Orbit жылына 2-ақ ұшырылымнан артық жасай алмады. Мұндай жағдайда, жүктеме шығару құнының бәсекелестермен салыстырғандағы қымбаттығы мен басқа да шығындардың көптігі компания тағдырын шешті.

VSS Unity ғарыштық ұшағымен 85–90 км суборбитаға туристер шығарумен айналысады деген Virgin Galactic компаниясының да жағдайы мәз емес. 2021 жылы 11 шілдеде Брэнсонның өзі мен бірнеше қызметкер ұшып келгеннен кейін, космоплан қайтып суборбитаға көтерілген жоқ. Virgin Galactic 250 000 долларлық билет алып қойған 600-ден астам клиент алдындағы міндеттемесін қашан орындайтыны белгісіз.
😢1
АСПАНДА ЖҰЛДЫЗ КӨП ПЕ, ЖЕРДЕ... АҒАШ КӨП ПЕ?

Біздің Құс Жолы галактикасындағы жұлдыздар саны 100 миллиардтан 400 миллиардқа дейін деп бағаланса, Жер шарында 3 триллионнан астам ағаш өсіп тұр екен.
#ғарышқызықтары
👍1
SPACEX STARSHIP OFT — 20 КӨКЕКТЕ?

Осы айда тарихи оқиғаға куә болып қалармыз. Толық қайта қолданылатын алғашқы зымыран-ғарыш жүйесі — Starship бірінші рет орбитаға көтерілуі мүмкін. Тарихтағы ең қуатты зымыранның орбиталық ұшу сынағы қалай өтер екен? Ryan Hansen Space арнасындағы бейресми 3D-анимация өз нұсқасын ұсынады. Дүние жүзінің көптеген суретшілері бірігіп тоғыз ай жасаған керемет жұмысты тамашалайық.

Скриншот: Ryan Hansen Space / YouTube
401. ЮПИТЕРДІҢ ЖАҢА КЕСКІНІ

НАСА мен Еуропа ғарыш агенттігі Юпитердің Уэбб ғарыштық телескопы алған жаңа суретін жариялады. Одан Күн жүйесіндегі ең үлкен планета бетіндегі бұрын байқалмаған кей ерекшеліктер көрінеді.

Credits: NASA/ESA/CSA/STScI/AprilFools'Day
#астроқалжың
👍1😁1👌1🕊1🤣1
СТАРШИПТІҢ ОРБИТАЛЫҚ СЫНАҒЫНА САНАУЛЫ КҮНДЕР ҚАЛДЫ

Starbase жаңалықтары.
Starship S24 прототипі ұшыру кешеніне жеткізілді. Ал SH B7 үдеткіші болса, старт тағанына орнатылып тұр. Оны таситын платформа алаңнан кетіп қалды, демек үдеткіш енді тек жоғары қарай саяхаттайды деген сөз. Алдағы жұмыс — кеменің үдеткіш үстіне орнатылуы.
🔥2
2024-ТЕ АЙДЫ АЙНАЛЫП КЕЛЕТІН ТӨРТЕУДІ БҮГІН БІЛЕМІЗ

3 көкекте, Алматы уақытымен 21:00-де НАСА мен Канада ғарыш агенттігі Artemis II миссиясы барысында Айды айналып келетін төрт ғарышкердің есімін атайды. Олардың үшеуі америкалық, біреуі канадалық болмақ.

Apollo бағдарламасы аясында 1968–1972 жылдары Айға 24 НАСА астронавты барып келгені мәлім. 12 адам Ай бетіне аяқ басса, тағы 12 ғарышкер Ай орбитасында болып қайтты.

Ай бетіне қонған 12 астронавт:
Нил Армстронг / Neil Armstrong (1930-2012) — Apollo 11
Эдвин "Базз" Олдрин / Edwin "Buzz" Aldrin (1930) — Apollo 11
Чарльз "Пит" Конрад / Charles "Pete" Conrad (1930-1999) — Apollo 12
Алан Бин / Alan Bean (1932-2018) — Apollo 12
Алан Шепард / Alan B. Shepard Jr. (1923-1998) — Apollo 14
Эдгар Митчелл / Edgar D. Mitchell (1930-2016) — Apollo 14
Дэвид Скотт / David R. Scott (1932) — Apollo 15
Джеймс Ирвин / James B. Irwin (1930-1991) — Apollo 15
Джон Янг / John W. Young (1930-2018) — Apollo 10 (орбита), Apollo 16 (қону)
Чарльз Дьюк / Charles M. Duke (1935) — Apollo 16
Юджин Сернан / Eugene Cernan (1934-2017) — Apollo 10 (орбита), Apollo 17 (қону)
Харрисон Шмидт / Harrison H. Schmitt (1935) — Apollo 17

Ай орбитасында ғана болған 12 астронавт:
Фрэнк Борман / Frank Borman (1928) — Apollo 8
Уильям Андерс / William A. Anders (1933) — Apollo 8
Джеймс Ловелл / James A. Lovell Jr. (1928) — Apollo 8, Apollo 13
Томас Стаффорд / Thomas Stafford (1930) — Apollo 10
Майкл Коллинз / Michael Collins (1930-2021) — Apollo 11
Ричард Гордон / Richard F. Gordon Jr. (1929-2017) — Apollo 12
Фред Хейз / Fred W. Haise Jr. (1933) — Apollo 13
Джон Суайгерт / John L. Swigert Jr. (1931-1982) — Apollo 13
Стюарт Руса / Stuart A. Roosa (1933-1994) — Apollo 14
Альфред Уорден / Alfred M. Worden (1932-2020) — Apollo 15
Томас Маттингли / Thomas K. Mattingly II (1936) — Apollo 16
Рональд Эванс / Ronald E. Evans (1933-1990) — Apollo 17