Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.47K photos
711 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
КҮН МЕН ТҮН ҚАШАН ТЕҢЕСЕДІ?

Күн теңелуі датасында күн мен түн теңеседі, яғни олардың әрқайсы шамамен 12 сағатқа созылады деп саналады. Алайда күнтізбелерде берілетін Күннің шығу және бату уақыттары оның центрінің емес, жоғарғы шетінің көкжиектен көтерілетін не көзден таса болатын сәттерін көрсетеді. Сондай-ақ жарықтың атмосферада сынуы әсерінен аспан шырақтары әрқашан шын орнынан биігірек болып көрінеді. Соңғы айтылған құбылыс атмосфералық рефракция деп аталады.

Сондықтан, 2023 жылғы 21 наурызда Астанадағы күндізгі мезгілдің ұзақтығы 12 сағат 12 минут болмақ. Ал сонда күн менен түн қашан теңесті? Жауапты timeanddate сайтынан табамыз. 18 наурызда Астанада Күн 7:22-де шығып, 19:23-те батса, жарық күні 12 сағат 18 секундқа созылған екен. Кейбір жерде күндізгі уақыт дәл жарты тәулік болмауы мүмкін. Мысалы, Ақтауда 17 наурызда жарық күні 11 сағат 58 минут 23 секунд құраса, ертеңіне үш минут қосып, 12 сағат 01 минут 24 секундқа созылған.
#күнтізбе #астрономия
👍1🤓1
КҮН ШЫҒЫСТАН ЖЫЛЫНА ЕКІ-АҚ РЕТ (!) ШЫҒАДЫ

Көктемгі күн теңелуі датасында күн менен түннің ұзақтығы тең болмайтынын (?!) айттық. Бұл Күзгі күн теңелуіне де қатысты. Сонда бұл астрономиялық оқиғаның қандай маңызы бар? Ол мынада: бұл күндері Күн көкжиектен дәл шығыста көтеріліп, тура батыста ұясына қонады.
#күнтізбе #астрономия
🔥1
ӘЗ-НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН!

Хаң-Тәңірі шыңы (6995 м). Фото: Максим Золотухин
3
ЕКІНШІ SLS СУПЕРЗЫМЫРАНЫ ҚҰРАСТЫРЫЛУДА

Жаңа Орлеан қаласындағы НАСА-ның Мишу орталығында Artemis II миссиясына арналған SLS зымыранының негізгі сатысы жиналып бітті. Енді оған төрт RS-25 қозғағышы орнатылуы тиіс. 2024 жылдың қарашасына жоспарланып отырған миссия барысында үш америкалық пен бір канадалық ғарышкер Айды айналып қайтады. Аса ауыр зымыран мен Orion ғарыш кемесінің құрамдастары жайлы — роликте.

Image credit: NASA/Michael DeMocker
🔥1
ЖАРАТЫЛЫС ҰСТЫНДАРЫ УЭББ КӨЗІМЕН

"Сәрсенбілік Уэбб" айдарындағы соңғы бейнеролик әйгілі Жаратылыс Ұстындарының таяу инфрақызыл диапазондағы кескініне арналады.

Credits: NASA, ESA, CSA, STScI
#бейнеролик
🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SES-18 & SES-19 жерсеріктерін орбитаға шығарған соң. Falcon 9 2-сатысынан көрініс...
HAKUTO-R АППАРАТЫ АЙ ОРБИТАСЫНА ШЫҚТЫ

2023 жылы 21 наурызда Алматы уақытымен 07:24-те жапониялық ispace компаниясының HAKUTO-R M1 миссиясы Ай орбитасына сәтті шықты. Falcon 9 зымыраны көмегімен былтыр 11 желтоқсанда ұшырылған миссия жолда 100 күн болды. Лендер экватор маңындағы Атлас кратеріне көкектің аяғына таман қонуы тиіс. Одан Ай бетіне Араб Әмірліктерінің Rashid ровері түседі.
3D-ПРИНТЕРДЕН ШЫҚҚАН TERRAN 1 МЕТАН ЗЫМЫРАНЫ ОРБИТАҒА ШЫҒА АЛМАДЫ

2023 жылы 23 наурызда, Алматы уақытымен 9:00-де Канаверал мүйісіндегі LC-16 алаңынан америкалық Relativity Space жекеменшік компаниясының Terran 1 зымыраны алғаш рет ұшырылды. Бұған дейінгі екі әрекет техникалық себептермен тоқталтылған еді. Terran 1 — эксперименттік бір мәрте ұшатын жеңіл зымыран, оның 85%-і металл өңдейтін 3D-принтермен жасалған.

Старт пен 1-саты жұмысы кезеңі, соның ішінде машинаға ең қатты күш түсетін Max-Q нүктесі қалыпты өтті. Алайда сатылар ажырасымен 2-сатының қозғағышы тұтана алмады. 100 км биіктіктен асқан зымыран ғарышқа шықты, бірақ қажет орбиталық жылдамдықтың ширегіне дейін ғана үдеді. Сөйтіп, 2-саты Атлант мұхитына құлап түсті. Бортта пайдалы жүктеме орнында массалық макет қана болды. Сәтсіздікке қарамастан, компания телеметрия арқылы құнды ақпарат жинағаны анық.

30 метрлік екі сатылы зымыранның 1-сатысы тоғыз, 2-сатысы — бір Aeon 3D қозғағышымен жабдықталған. ол отын ретінде сұйық метан, тотықтырғыш ретінде сұйық оттегін қолданады. Шығарылым сәтті болғанда, Terran 1 орбитаға шыққан бірінші метан зымыран саналар еді. 2022 ж. 14 желтоқсанда қытайлық Landspace компаниясының ZhuQue-2 зымыраны да 2-сатының ақауынан сәтсіздіке ұшыраған. Және ендігі кезек қайтадан қытайлық тасығышта, оның 2-ші данасы ұшыру алаңында тұр деген ақпарат бар. Метан бәйгесіне әлемдегі ең қуатты Starship зымыраны да қатысады, ол орбитаға 20 көкекте самғауы ықтимал.

Terran 1 төмен жермаңы орбитаға 1250 кг-де дейін жүк шығара алады. Шығарылым құны шамамен $12 млн деп бағаланады. 2015 жылы құрылған Relativity Space компаниясы тасығыштың Terran R атты ауыр нұсқасын да жасап жатыр. 20 тоннаға дейін пайдалы жүктеме көтеретін бұл зымыран қайта қолданылатын болады. Ондағы 3D-жасалған компоненттер үлесі 95%-ке жетпек. алғашқы старты 2024-ке жоспарланған Terran R қазір ең жиі ұшырылатын Falcon 9-бен бәсекеге жарап қалар. 3D-технологияларды қолдану зымыран жасауды екі айға дейін жеделдетеді және арзандатады. Relativity Space Пентагонмен және НАСА-мен бірнеше келісімшарт жасасып үлгерді.
#зымыран #ұшыру
Credit: John Kraus
👍2
«КӨГІЛДІР ОТЫН» ЖАЛЫНЫ

Метан жағатын Terran 1 зымыранының алғашқы ұшырылымынан көріністер.
КЕШКЕ БАТЫСТАН ЗОДИАК ЖАРЫҒЫН КӨРУГЕ ТЫРЫСАЙЫҚ

Зодиак жарығы — көктемде күн батысымен және күзде таң атарда қараңғы аспанда бақыланатын әлсіз үшбұрыш жарық. Бұл астрономиялық құбылысты көруге ең қолайлы кезең — көктемгі және күзгі күн теңелуіне жақын күндер. Солтүстік жартышарда оны қараңғы жерден кешкі іңір аяқталысымен батыстан көруге болады. Жаңа туған Ай қазір кедергі келтірмейді.

Құбылысты эклиптика жазықтығында айналып жүрген тозаң бөлшектерінен шағылған күн сәулесі туғызады. Тозаң негізгі белдеу астероидтары немесе Юпитер маңындағы кометалардан шығады деп саналатын. Алайда 2021 жылы наурызда НАСА-ның Юнона ғарыш аппараты оның көзі Марс екенін анықтады. Зодиак жарығы туралы — арнадағы роликте.
24 НАУРЫЗ 2023 — АЙ МЕН ШОЛПАННЫҢ ТОҒЫСЫ

2023 жылы 24 наурызда Алматы уақытымен 16:27-де Жас Ай орағы (Ф= 0,07+) жарқыраған Шолпанмен (-4,0m) тоғысады. Ал Қазақстаннан бұлардың сол кеште 0,1°-қа дейін жақындасқанын бақылай аламыз. Жай көзбен және қаладан да көрінетін тамаша құбылыстан құр қалмаңыз!

Сурет: StarWalk
#күнтізбе
🔥1
АЙ МЕН ШОЛПАН
Францияда түсірілген
Фото: Sebastian Voltmer Photography
#фотокөрме
КҮН ДАҚТАРЫНЫҢ ЦИКЛІ ДЕГЕН НЕ?

2019 жылы желтоқсанда Күн белсенділігінің 25-ші циклі басталғаны белгілі. Шамамен 11 жылға созылатын цикл шыңына 2025 жылы жетеді деп болжанады. Алайда қазірдің өзінде Күн белсенділігі қарқынды артып келеді.

Әдетте 11 жылға созылатын бұл цикл Күн дақтарының циклі деп те аталады. Оның 22 жылдың Күн циклінен айырмасы неде, және оның болашақ ұшқышты Ай миссияларына қандай әсері бар, арнадағы Күн белсенділігі жайлы жаңа серияның екінші ролигінде.

График: SpaceWeatherlive.com
#бейнеролик
👍1
26 наурызда Юпитердің кешкі көріну кезеңі аяқталады. Оны батар Күннің шапағы сола, батыс көкжиектен сәл жоғарыдан байқауға болады. Жоғарыда Шолпан жарқырайды.
#күнтізбе