ЖАЗЫЛУШЫМЫЗ ЖІБЕРГЕН КЕСКІН
Шолпан мен Юпитер жұбы Қызылорда аспанында. 3 наурыз 2023 жыл.
Фото: Нұрсат Төлеміс

👍3🔥2
ЖЕР МЕН АЙДЫҢ ТОПТЫҚ СУРЕТІ
Назарларыңызда — Жер мен Айдың бірге түсірілген фотосы. Алайда Жер диаметрі шамамен 12,7 мың км, ал ені 3,4 мың км Ай одан төрт еседей кіші екенін білеміз. Сондықтан бұл фотомонтаж сияқты, бірақ олай емес.
Фотоны кореялық Danuri зонды Айға барар жолда, 2022 жылы 28 қарашада түсірген. Бұл сәтте ол Жерден 489 000 км қашықтықта, ал Айға төрт есе жақын, 121 000 км-де болды. Сондықтан оның камерасының көзқарас аясында Ай мен Жер шамалас өлшемде көрінді.
Дегенмен бұл сурет түпнұсқамен салыстырғанда өңделгені байқалады. Ай бізге өте жарық нәрсе сияқты көрінгенімен, ол бетіне түскен күн сәулесінің 12%-ін ғана шағылдырады. Жер әлдеқайда жарық. Планетамыз Күн жарығының 30–35%-ін шағылдырады. Сондықтан Ай Жердің фонында байқалмай қалмас үшін, оның жарықтығы біршама арттырылған.
Credit: KARI/Thomas Appéré

😱1
АПТАНЫҢ БАСТЫ ОҚИҒАСЫ
Аптаның соңғы минуттарында әлем назарын аударған оқиға — Шолпан мен Юпитердің жақын қосылысының тағы бір фотосын жариялайық. Ол Ұлыбританиядағы Стоунхенж мегалиті қасында түсірілген.
Фото: Stonehenge Dronescapes
#фотокөрме

👍1
NGC 346 ТҰМАНДЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚЫЗЫЛ КЕСКІНІ
NGC 346 эмиссиялық тұмандығы Оңтүстік жартышардағы Тукан шоқжұлдызында, Кіші Магеллан бұлтанда орналасқан. Ол Жерден 200 000 жарық жылынан астам қашықтықта. Уэбб ғарыштық телескопының NIRCam таяу инфрақызыл диапазон камерасы тұмандықты суретке түсірді. Толығырақ — арнадағы жаңа бейнероликте.
Credits: NASA, ESA, CSA, Olivia C. Jones (UK ATC), Guido De Marchi (ESTEC), Margaret Meixner (USRA) /
Alyssa Pagan (STScI), Nolan Habel (USRA), Laura Lenkić (USRA), Laurie E. U. Chu (NASA Ames)
#бейнеролик

ЖАҢА ЖАПОН ЗЫМЫРАНЫ СӘТСІЗДІККЕ ҰШЫРАДЫ
2023 жылы 7 наурызда Жапониядағы Танэгасима ғарыш орталығынан H3 зымыраны алғаш рет ұшырылды. Мақсат — ALOS 3 Жерді қашықтан қадағалау жерсерігін 669 гелиосинхрон орбитаға шығару еді. Қапталдағы үдеткіштер мен бірінші саты өз міндетін орындап шықты. Алайда екінші сатыдағы сутегі-оттегі қозғағышы тұтанбай қалды. Зымыранға өзін-өзі жойып жіберу туралы команда берілді, оның сынықтары Тынық мұхитқа түсті.
Екі сатылы H3 машинасы қазір қолданыстағы HII-A және H-IIB зымырандарын алмастыруы тиіс. H3 төрт конфигурацияда құрастырылуы мүмкін. Олардың ең қуаттысы геоөтпелі орбитаға 6,5 тонна жүктеме шығара алады. Алғашқы стартта екі үдеткіші және бірінші сатыда екі қозғағышы бар нұсқа қолданылды.
Credit: JAXA

🔥1
Жапон әуе-ғарыш зерттеулер агенттігі (JAXA) өкілдері H3 зымыранының бүгінгі сәтсіздігі үшін кешірім сұрап тұр.
Скриншот: NHK
Скриншот: NHK
👍2🔥1
INGENUITY ЖЫЛДАМДЫҚ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
2023 жылы 22 ақпанда Марстағы Ingenuity дроны 45-ші рет ұшырылды. Тікұшақ 144,5 секундта 12 метр биіктікте 496 метр ұшып өтті. Ingenuity ұшу барысында секундына 6 метр жылдамдық өрбітті. Былтыр қол жеткен рекордтық жылдамдық 5,5 м/с еді.
25 ақпанда "Тапқырлық" 135,9 секундта 445 метрге орын ауыстырды. Бұл оның биылдыққа тоғызыншы әуелеуі еді. Дрон 46 ұшу кезінде жалпы әуеде 79,4 минут болып, 10104 метр ұшып өтті.
Фото: Ingenuity тікұшағының жоғары ажыратымды түсті камерасы алған кескін. Тікұшақ фюзеляжындағы камера көкжиектен 22 градустай төмен бағытталған. 714-ші сол (22 ақпан 2023)
Image Credit: NASA/JPL-Caltech

👍2❤1
ҚОСАР ЖҰЛДЫЗДАҒЫ «ЖЫЛДЫҚ САҚИНАЛАР»
Уэбб ғарыштық телескопы Аққудағы WR 140 қосар жұлдызы айналасындағы "жылдық", дәлірек айтқанда, "сегіз жылдық" сақиналарды суретке түсіргенін жазғанбыз. Қосар компоненттерінен атқылаған жұлдыз желі мен тозаң туғызған ерекше жарық сақиналар жайлы арнадағы жаңа роликте сөз болады.
Credit: NASA, ESA, CSA, STScI

YouTube
Уэбб телескопы қосар жұлдыздағы «жылдық сақиналарды» бақылады
Уэбб ғарыштық телескопы Жерден 5300 жарық жылында, Аққу шоқжұлдызында орналасқан WR 140 қосар жұлдызы айналасындағы ерекше жарық сақиналарды суретке түсірді. Оларды қосар компоненттерінен атқылаған жұлдыз желі мен тозаң туғызған.
WR "Wolf-Rayet" дегенді…
WR "Wolf-Rayet" дегенді…
🔥1
ҒАРЫШТАҒЫ ӘЛЕМЕТ БҰЛТ
Жер Әлемдегі суға ие жалғыз дене емес. Мысалы, Юпитердің серігі Европададағы су мөлшері біздің ғаламшардағыдан екі есе артық деп саналады. Алайда ғарыштағы ең мол су қоры бізден 12 млрд жарық жылы қашықтықтағы квазар маңында. Бұл аса ауыр қара құрдымды айналатын су буы бұлтының өлшемі жүздеген жарық жылы деп бағаланған. Демек, ондағы су Жердегі Дүниежүзілік мұхиттан 140 000 000 000 000 есе көп!
#ғарышқызықтары

🤯2😱2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Видео: OneWeb-17 миссиясын ұшырған Falcon 9 зымыранының B1032.13 1-сатысы LZ-1 алаңына сәтті қонды.
SpaceX компаниясы өзінің Starlink топтамасының бәсекелесі үшін 3-ші ұшырылым жасап отыр. Орбитадағы OneWeb интернет-жерсеріктерінің саны 582-ге жетті. Келесі 36 аппарат Үндістаннан ұшырылады. Бірінші буын жерсеріктері топтамасы 648 аппараттан тұруы тиіс еді, бірақ 2022 жылы наурызда ұшырылмай қалған 36 жерсерікті Роскосмос Байқоңырдағы қоймада ұстап отыр.

👍2
КҮН БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
2019 жылы желтоқсанда Күн белсенділігінің 25-ші циклі басталғаны белгілі. Шамамен 11 жылға созылатын цикл шыңына 2025 жылы жетеді және алдыңғы цикл сияқты әлсіз болады деп болжанған. Алайда қазірдің өзінде Күн белсенділігі қарқынды артып келеді. Мысалы, ақпандағы күн дақтарының саны болжанғаннан екі есе артық болып шығып, соңғы жеті жылдағы ең жоғары мәнге жетті. 2023-тің екі айында 6 мәрте X-класты күн жарқылы тіркелді. Ал циклдың алғашқы үш жылында барлығы 3-ақ осындай жарқыл байқалған еді.
Былтыр 13 қазанда, жұлдызымыздың тынышырақ кезеңінде Solar Orbiter зонды Күн тәжінің рекордтық ажыратымдағы (әр пикселіне 105 км) кескінін алған еді. Күн тәжі ешқашан мұншалықты егжей-тегжейлі түсірілген емес. Жай-жапсары — арнадағы жаңа роликте.

Solar Orbiter көрген «жайбарақат» Күн тәжі
Еуропа ғарыш агенттігі Solar Orbiter зонды түсірген видеоны жариялады. Аппарат 2022 жылғы 12 қазандағы перигелиінде Күн бетінен 43,4 млн километрде, яғни Меркурийден жақын өтті. Ал ертеңіне зонд Күн тәжінің рекордтық ажыратымдағы кескінін алды. Видеодағы…
CREW-5 ЭКИПАЖЫ ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ
2023 жылы 12 наурызда Алматы уақытымен 08:02-де Crew Dragon C210.2 Endurance ғарыш кемесінің капсуласы Мексика шығанағына аман-есен қонды. Капсула Channon кемесі бортына қойылған соң, Crew-5 экипажының мүшелері Николь Манн, Джош Кассада, Коичи Ваката, Анна Кикина тысқа шықты. Ғарышта 155 тәулік болып қайтқан ғарышкерлердің денсаулығы қалыпты.
Credit: NASA