Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
ЮПИТЕР МЕН ШОЛПАННЫҢ ҚОСЫЛЫСЫ

2023 жылғы 1 наурызда Ресейде түсрілген фотолар:
1. Архангельск. Фото: Yulia Kryukova
2. Валаам. Фото: Денис Федоров
3. Петербор. Фото: Эдуард Ризванов
4. Советск. Фото: Адриана Романова
#күнтізбе #фотокөрме
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
CREW-6 МИССИЯСЫ ХҒС-ҚА ЖЕТТІ

2023 жылы 3 наурызда Алматы уақытымен 12:17-де Crew Dragon C206.4 Endeavour ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасының Harmony модуліне түйісті. Біраздан соң люктер ашылып, Crew-6 миссиясы ғарышкерлері Стивен Боуэн, Уоррен Хобург, Сұлтан Әл-Неяди мен Андрей Федяев стансаға енді.

Оларды Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин, Франсиско Рубио (Союз МС-22/23), Николь Манн, Джош Кассада, Анна Кикина, Коичи Ваката (Crew-5) қарсы алды. Сөйтіп, қазір ХҒС-та қайтадан 11 ғарышкер бар. Бірнеше күннен соң Crew-5 экипажы Жерге оралады.
#хғс
ШОЛПАН МЕН ЮПИТЕРДІҢ ОН КҮНІ

Соңғы күндері Шолпан мен Юпитерге назар аудармаған жан кемде-кем шығар. Ашық кешкі аспандағы ең жарық екі планетаның жақын қосылысын байқамау мүмкін емес-тін. Кеш сайын төмендеген Юпитер мен өрлеген Шолпанның 21 ақпан — 2 наурыз аралығындағы жақындасуы мына жолақтарда солдан оңға қарай көрсетілген. Фотолар Үндістандағы Дханбадта түсірілген. Батыс көкжиек үстіндегі аспанның түсі мен экспозиция шамасы іңірдегі жергілікті жағдайға байланысты.

22 ақпанда Юпитер мен Шолпанға жас Айдың жіңішке орағы қосылды. Ақыры, 2 наурызда қос планетаны ай дискіндей ғана аралық бөліп тұрды. Әрине, ғаламшарлар бұл күні шындығында 600 миллион километр қашықтықта орналасқанын ұмытпайық. Алдағы күндері Юпитер біртіндеп көкжиекке шөге берсе, Шолпан Күннен әлі де қашықтай түсіп, жарқыраған Кешкі Жұлдыз келбетіне енеді. Наурыздағы Ай мен планеталар жайлы — арнадағы жаңа роликте.

Image Credit & Copyright: Soumyadeep Mukherjee
#күнтізбе #бейнеролик #nasa_apod
🔥1
ЖАЗЫЛУШЫМЫЗ ЖІБЕРГЕН КЕСКІН
Шолпан мен Юпитер жұбы Қызылорда аспанында. 3 наурыз 2023 жыл.
Фото: Нұрсат Төлеміс
👍3🔥2
ЖЕР МЕН АЙДЫҢ ТОПТЫҚ СУРЕТІ

Назарларыңызда — Жер мен Айдың бірге түсірілген фотосы. Алайда Жер диаметрі шамамен 12,7 мың км, ал ені 3,4 мың км Ай одан төрт еседей кіші екенін білеміз. Сондықтан бұл фотомонтаж сияқты, бірақ олай емес.

Фотоны кореялық Danuri зонды Айға барар жолда, 2022 жылы 28 қарашада түсірген. Бұл сәтте ол Жерден 489 000 км қашықтықта, ал Айға төрт есе жақын, 121 000 км-де болды. Сондықтан оның камерасының көзқарас аясында Ай мен Жер шамалас өлшемде көрінді.

Дегенмен бұл сурет түпнұсқамен салыстырғанда өңделгені байқалады. Ай бізге өте жарық нәрсе сияқты көрінгенімен, ол бетіне түскен күн сәулесінің 12%-ін ғана шағылдырады. Жер әлдеқайда жарық. Планетамыз Күн жарығының 30–35%-ін шағылдырады. Сондықтан Ай Жердің фонында байқалмай қалмас үшін, оның жарықтығы біршама арттырылған.

Credit: KARI/Thomas Appéré
😱1
ШОЛПАН МЕН ЮПИТЕР: ВЕРТИКАЛЬ ҚОСЫЛЫС

Қызылордадан тағы бір көрініс. Екі планета мұржадан тік көтерілген ұшқындарға ұқсап тұр. Жалпы осы күндері дүние жүзі бойынша түсірілген фотолар ішінде Шолпан мен Юпитердің осы қаладағыдай тік орналасқаны кездеспеді.
Фото: Мира Ибраева
👍1
АПТАНЫҢ БАСТЫ ОҚИҒАСЫ

Аптаның соңғы минуттарында әлем назарын аударған оқиға — Шолпан мен Юпитердің жақын қосылысының тағы бір фотосын жариялайық. Ол Ұлыбританиядағы Стоунхенж мегалиті қасында түсірілген.

Фото: Stonehenge Dronescapes
#фотокөрме
👍1
ЖАҒАДАҒЫ КЕШ

Екі жарық жұлдызды таныдыңыз ба?
Фото: Анджей Трубицкий
#фотокөрме
NGC 346 ТҰМАНДЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚЫЗЫЛ КЕСКІНІ

NGC 346 эмиссиялық тұмандығы Оңтүстік жартышардағы Тукан шоқжұлдызында, Кіші Магеллан бұлтанда орналасқан. Ол Жерден 200 000 жарық жылынан астам қашықтықта. Уэбб ғарыштық телескопының NIRCam таяу инфрақызыл диапазон камерасы тұмандықты суретке түсірді. Толығырақ — арнадағы жаңа бейнероликте.

Credits: NASA, ESA, CSA, Olivia C. Jones (UK ATC), Guido De Marchi (ESTEC), Margaret Meixner (USRA) /
Alyssa Pagan (STScI), Nolan Habel (USRA), Laura Lenkić (USRA), Laurie E. U. Chu (NASA Ames)
#бейнеролик
👍1
ЖАҢА ЖАПОН ЗЫМЫРАНЫ СӘТСІЗДІККЕ ҰШЫРАДЫ

2023 жылы 7 наурызда Жапониядағы Танэгасима ғарыш орталығынан H3 зымыраны алғаш рет ұшырылды. Мақсат — ALOS 3 Жерді қашықтан қадағалау жерсерігін 669 гелиосинхрон орбитаға шығару еді. Қапталдағы үдеткіштер мен бірінші саты өз міндетін орындап шықты. Алайда екінші сатыдағы сутегі-оттегі қозғағышы тұтанбай қалды. Зымыранға өзін-өзі жойып жіберу туралы команда берілді, оның сынықтары Тынық мұхитқа түсті.

Екі сатылы H3 машинасы қазір қолданыстағы HII-A және H-IIB зымырандарын алмастыруы тиіс. H3 төрт конфигурацияда құрастырылуы мүмкін. Олардың ең қуаттысы геоөтпелі орбитаға 6,5 тонна жүктеме шығара алады. Алғашқы стартта екі үдеткіші және бірінші сатыда екі қозғағышы бар нұсқа қолданылды.

Credit: JAXA
🔥1
Жапон әуе-ғарыш зерттеулер агенттігі (JAXA) өкілдері H3 зымыранының бүгінгі сәтсіздігі үшін кешірім сұрап тұр.
Скриншот: NHK
👍2🔥1
INGENUITY ЖЫЛДАМДЫҚ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

2023 жылы 22 ақпанда Марстағы Ingenuity дроны 45-ші рет ұшырылды. Тікұшақ 144,5 секундта 12 метр биіктікте 496 метр ұшып өтті. Ingenuity ұшу барысында секундына 6 метр жылдамдық өрбітті. Былтыр қол жеткен рекордтық жылдамдық 5,5 м/с еді.

25 ақпанда "Тапқырлық" 135,9 секундта 445 метрге орын ауыстырды. Бұл оның биылдыққа тоғызыншы әуелеуі еді. Дрон 46 ұшу кезінде жалпы әуеде 79,4 минут болып, 10104 метр ұшып өтті.

Фото: Ingenuity тікұшағының жоғары ажыратымды түсті камерасы алған кескін. Тікұшақ фюзеляжындағы камера көкжиектен 22 градустай төмен бағытталған. 714-ші сол (22 ақпан 2023)
Image Credit: NASA/JPL-Caltech
👍21
ҚОСАР ЖҰЛДЫЗДАҒЫ «ЖЫЛДЫҚ САҚИНАЛАР»

Уэбб ғарыштық телескопы Аққудағы WR 140 қосар жұлдызы айналасындағы "жылдық", дәлірек айтқанда, "сегіз жылдық" сақиналарды суретке түсіргенін жазғанбыз. Қосар компоненттерінен атқылаған жұлдыз желі мен тозаң туғызған ерекше жарық сақиналар жайлы арнадағы жаңа роликте сөз болады.

Credit: NASA, ESA, CSA, STScI
#бейнеролик
🔥1
ҒАРЫШТАҒЫ ӘЛЕМЕТ БҰЛТ

Жер Әлемдегі суға ие жалғыз дене емес. Мысалы, Юпитердің серігі Европададағы су мөлшері біздің ғаламшардағыдан екі есе артық деп саналады. Алайда ғарыштағы ең мол су қоры бізден 12 млрд жарық жылы қашықтықтағы квазар маңында. Бұл аса ауыр қара құрдымды айналатын су буы бұлтының өлшемі жүздеген жарық жылы деп бағаланған. Демек, ондағы су Жердегі Дүниежүзілік мұхиттан 140 000 000 000 000 есе көп!

#ғарышқызықтары
🤯2😱2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Видео: OneWeb-17 миссиясын ұшырған Falcon 9 зымыранының B1032.13 1-сатысы LZ-1 алаңына сәтті қонды.

SpaceX компаниясы өзінің Starlink топтамасының бәсекелесі үшін 3-ші ұшырылым жасап отыр. Орбитадағы OneWeb интернет-жерсеріктерінің саны 582-ге жетті. Келесі 36 аппарат Үндістаннан ұшырылады. Бірінші буын жерсеріктері топтамасы 648 аппараттан тұруы тиіс еді, бірақ 2022 жылы наурызда ұшырылмай қалған 36 жерсерікті Роскосмос Байқоңырдағы қоймада ұстап отыр.
👍2