Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
STARLINK V2 MINI ЖЕРСЕРІКТЕРІ АЛҒАШ ҰШЫРЫЛДЫ

2023 жылы 28 ақпанға қараған түні SpaceX компаниясы Starlink-6.1 миссиясы аясында V2 Mini екінші буын жерсеріктерінің алғашқы 21 данасын орбитаға шығарды. Falcon 9 алдыңғы Starlink V1.5 жерсеріктерінің 54-55-ін бір-ақ ұшыратын. Жаңа аппараттың E-диапазондағы фазалық антенна торлары қуаттырақ, сондықтан әр жерсеріктің өткізу қабілеті шамамен 4 есе кеңиді. V2 Mini орбиталық маневрге арналған жаңа Холл қозғағыштарымен жабдықталған. Аргонмен істейтін қозғағыштың тартымы бұрынғы ксенон агрегаттан 2,4 есе артық.

Екінші буын жерсеріктерінің Falcon 9 және Starship зымырандарымен ұшырылатын екі нұсқасы болады. Жұмысы аяқталған аппарат орбитадан құлдилайтын бірнеше аптада 100% жойылып кетеді. Басқарылмай қалған жерсерік орбитада бес жылдан артық болмайды. Астрономдар үшін жақсы жаңалық: Starlink V2 Mini жұмыс орбитасына көтерілу кезінде жарықты азырақ шағылдырады. Алайда ұшудың ең бастапқы кезеңінде тіпті күштірек жарқырауы мүмкін.
1. Starlink V2 Mini жерсеріктері
2. Жаңа аргон қозғағыш
Credit: SpaceX
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Екінші сатыдан бөліну механизмі де жаңартылған екен
🔥1
ЮПИТЕР СЕРІКТЕРІНІҢ САНЫ 95-КЕ ЖЕТТІ

2022 жылдың 20 желтоқсаны мен 2023 жылдың 31 қаңтары аралығында Кіші планеталар орталығы (MPC) Юпитердің жаңа 12 серігінің орбиталарын жариялады. Оларды Карнеги ғылыми институтының астрономы Скотт Шеппард 2021–2022 жылдары бақылаған. Нәтижесінде Юпитер айларының саны 80-нен 92-ге дейін артты. Ең үлкен планета 83 серігі бар Сатурнды артқа тастап, Күн жүйесінде қайтадан бірінші орынға шықты.

Анықталған айлардың бәрі кішкентай және планетадан қашық, олар Юпитерді 340 тәуліктен астам периодпен айналады. Тоғыз жаңа серік орбитасы 550 тәуліктен ұзақ ең алыс ретроград айларға жатады. Юпитердің өз білігінен үйірілу бағытына қарама-қарсы орбитамен қозғалатынына қарағанда, олар газды алып өзіне тартып алған астероидтар болса керек. Ретроград айлардың жалпы саны 71-ке жетті, олар Ананке, Карме, Пасифе топтарына жіктеледі. Кері айналатын серіктер орбиталарының үлкен жартыөстері 19 млн — 30 млн км аралығында.

Тура, проград бағытпен айналатын қалған үш жаңа дене Галилей ашқан төрт ірі серік пен алыс ретроград айлардың арасында орналасқан. Олар сол жерде түзілген деп есептеледі. Аралық проград айлардың саны 13-ке жетті. Шеппардтың айтуынша, оларды ашу алыс ретроград серіктерді табудан қиын: Юпитерге жақын болғандықтан, алыптың жарығы оларды байқатпайды. Олар екі топқа жіктеледі: Гималия тобындағы 9 дене Юпитерден 11–12 млн км, Карпо тобындағы екеу — 17 млн км қашықтықта. Каллисто (Юпитерден 1,9 млн км) мен Гималия тобы арасындағы кең бос аймақтан бір ғана серік — Фемисто (7,5 млн км) табылды. Ал Валетудо Карпо тобынан әрі, 19 млн км қашықтықта айналады. Оның ерекшелігі — орбитасының кейбір ретроград айлардың жолымен қиылысуында, бұл түбі бетпе-бет соқтығысқа әкелуі мүмкін.

Алып планетаға Галилей айларынан да жақын төрт серік бар: Метида (127 690 км), Адрастея (128 690 км), Амальтея (181 366 км), Фива (221 889 км). Бұларды Амальтея тобына біріктіреді. Галилей серіктері орбиталарының үлкен жартыөстері: Ио — 421 700 км, Европа — 671 034 км, Ганимед — 1,1 млн км, Каллисто — 1,9 млн км.

Денелердің Юпитерді айналатыны дәлелденуі үшін, оларды кемінде бір толық айналым, яғни екі жер жылындай бақылау керек. Аталған 12 серік бұл шартты орындады. 2023 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша, Юпитердің бір айналым жасап үлгермеген тағы үш айы (S/2022 J 1, S/2022 J 2, S/2022 J 3) белгілі. Бұлар жоғалып кетуі де ықтимал, дегенмен оларды қоса есептесек, Юпитер серіктерінің саны 95-ке жетеді. Ағылшын Wikipedia'сы осы санды ұстанады. Осыған орай, «Балаларға ғылым туралы» арнасындағы Юпитер жайлы роликті жаңартып қойдық.
#ғылымижаңалық #көбәріп
😱2
Кескіндер:
1. Юпитер серіктерінің топтары. 92 серік түгел көрсетілмеген
Credit: Carnegie Inst. for Science / Roberto Molar Candanosa
2–3. Юпитер серіктерінің орбиталары үстінен және қырынан қарағанда: Галилей айлары — күлгін, Фемисто — сары, Гималия тобы — көк, Карпо — ақшыл-көгілдір, Валетудо — жасыл, ретроград серіктер — қызыл. Айлардың саны жаңартылмаған
Credit: Scott Sheppard
АЙ, МАРС ЖӘНЕ ҚЫСҚЫ ЖҰЛДЫЗДАР

Мына ғаламат фото қыстың соңғы кешінде, Германиядағы Идар-Оберштейн қыстағы маңында түсірілген. Оң жақ жоғарыда Ай мен Марс жарқыраса, олардан төменірек Сұлусары қызарады. Ортада Үшарқар—Таразы (Орион) шоқжұлдызы толық айшықталып тұр. Кескіннің сол жақ шетінен түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбілені көреміз.

Фото: Sebastian Voltmer Photography
#фотокөрме #күнтізбе
🥰1
ЗОДИАК ЖАРЫҒЫ, ЮПИТЕР ЖӘНЕ ШОЛПАН

Көкжиектен жоғары бағытталған жарық сәулелерін не туғызады? Күн жүйесінің ішкі бөлігіндегі тозаң. Зодиак жарығы атты бұл нұр көктемнің басында күн батысымен, ал күзге қарай таңда бақыланады. Сьерра-Невада Ұлттық паркінде түсірілген фотода зодиак жарығы Шолпан мен Юпитер сәулесіне ұласып жатыр, жоғарырақ Үркер байқалады.

Ең жарық екі планета наурыздың алғашқы екі кешінде бір-біріне барынша жақындайды. Тамаша көріністен құр қалмаңыздар. Зодиак жарығындай емес, ерекше жарқыраған Шолпан мен Юпитерді қаладан да көруге болады.

Image Credit & Copyright: Ruslan Merzlyakov (astrorms)
#фотокөрме #nasa_apod
🔥2
1–2 НАУРЫЗ 2023 — ЮПИТЕР МЕН ШОЛПАННЫҢ ЖАҚЫН ҚОСЫЛЫСЫ

2023 жылғы 1 наурыздың кешінде аспандағы ең жарық екі планетаның жақындасуын тамашалаған шығарсыздар. Юпитер мен Шолпанның арасы небәрі жарты бұрыштық минут (толық Ай диаметрі) болды. Ертең кеште де екі жарық ғаламшар осы ара қашықтықты сақтайды, тек орын ауыстырады: енді Шолпан жоғары болмақ.

Қосылыстың 28 ақпанда түсірілген фотоларын көре отырыңыздар:
1. Мидделбург, Нидерланд. Фото: Райк-Ян Коппеян
2. Лос-Аламос, Нью-Мексико, АҚШ. Фото: Гленн Вурден
3-4. Фото: Кэти Саммерс
#күнтізбе #фотокөрме
1
CREW-6 МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛДЫ

2023 жылы 2 наурызда Алматы уақытымен 11:34-те Кеннеди Ғарыш орталығы, LC-39A ұшыру алаңынан Crew-6 ұзақ мерзімді миссиясы Халықаралық ғарыш стансасына аттанды. SpaceX Crew Dragon C206.4 Endeavour ғарыш кемесінің ХҒС-қа түйісуі 3 наурыз, 12:17-ге жоспарланған. Миссия алты айдай мерзімге созылады. Falcon 9 зымыранының алғаш қолданылған B1078 1-сатысы JRTI платформасына қонды.

Экипаж құрамы:
Командир — Стивен Боуэн (НАСА), 1964 ж.т. Сүңгуір қайық офицері, АҚШ Әскери-Теңіз флотының капитаны. НАСА-да 2000 жылдан. Спейс шаттлдармен 3 рет ғарышқа ұшып, онда 40 тәулік 10 сағат, соның ішінде ашық ғарышта 47 сағат 18 минут өткізген.

Ұшқыш — Уоррен Хобург (НАСА), 1985 ж.т. Массачусетс технологиялық институтын, Берклидегі Калифорния университетін тәмамдаған. Аэронавтика мен астронавтика бакалавры, электротехника мен информатика магистры және докторы. Boeing корпорациясында инженер, МТИ-де доцент болып қызмет еткен. НАСА-да 2017 жылдан.

Миссия маманы — Сұлтан Әл-Неяди (Біріккен Араб Әмірліктері), 1981 ж.т. Англиядағы Брайтон университетін, Аустралиядағы Гриффит университетін бітірген. 2019 жылы Союз кемесімен ұшқан алғашқы БАӘ ғарышкері Хазза Әл-Мансуридің дублері болды.

Миссия маманы — Андрей Федяев (Роскосмос), 1981 ж.т. Әскери ұшқыш, запастағы майор. Космонавтар отрядына 2014 жылы қабылданды.

Бүгін Crew Dragon кемесінің алғашқы Demo-1 ұшқышсыз сынақ миссиясының ХҒС-қа аттанғанына тура 4 жыл толып отыр. Бүгін бұл типті кеме оныншы рет ұшырылды. Тоғыз ұшқышты миссия барысында ғарышқа 34 адам шығарылды.
#зымыран #ұшыру
КҮН ЖҮЙЕСІ — 2 НАУРЫЗ 2023

Күн мен оған таяу бес планетаның дәл осы сәттегі орналасуы. Жер, Шолпан мен Юпитер бір сызық бойында тұрғанына назар аударыңыз.

Credit: NASA Eyes
#күнтізбе
ЮПИТЕР МЕН ШОЛПАННЫҢ ҚОСЫЛЫСЫ

2023 жылғы 1 наурызда Ресейде түсрілген фотолар:
1. Архангельск. Фото: Yulia Kryukova
2. Валаам. Фото: Денис Федоров
3. Петербор. Фото: Эдуард Ризванов
4. Советск. Фото: Адриана Романова
#күнтізбе #фотокөрме