Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
M41 ЖӘНЕ M47 ШАШЫРАҢҚЫ ЖҰЛДЫЗ ШОҒЫРЛАРЫ

Ақпан айында жақсы дүрбі не шағын телескобы бар бақылаушылар аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіленің көмегімен екі жұлдыз шоғырын іздей алады. Олар — M41 және M47 шашыраңқы жұлдыз шоғырлары. Жай-жапсары — роликте.
#бейнеролик
👍1
C/2022 E3 (ZTF) кометасы Торпақтағы NGC 1647 (Қарақшылар Айы) шашыраңқы жұлдыз шоғыры фонында
Фото: Sebastian Voltmer Photography
🔥1
ПАСТУХОВ ТАУЫ ҮСТІНДЕГІ ҮЛКЕН АРЛАН

Фото Солтүстік Кавказдағы «Астроверты» астрофермасында, теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте түсірілген. Тамаша кескіннің төменгі жағында 2733 метрлік Пастухов тауы зіңкиіп тұр. Таудың мөлдір ауасы мен қуатты фототехниканың арқасында айлы түні де жыпырлаған жұлдыздар байқалады. Олардың арасында көкке шапшыған Үлкен Арлан толық көрінеді. Дәл ортада түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіле жарқыраса, Жұлдыздар патшасының жаршысы Мирзам — әміршісінің оң жағында.

Қыстың соңында оңтүстік шоқжұлдызы Үлкен Арланды біздің орта ендіктен-ақ көрудің сирек мүмкіндігі туып тұр. Түн ауғанын күтпестен, кешке далаға шықсаңыз болғаны. Сүмбіленің астынан M41 жұлдыз шоғырын, ал кадрдың сол жақ шетінен Корма шоқжұлдызындағы M47 жұлдыз шоғырын табу оңай. Фотодан шашыраңқы шоғырларды бірден байқай алмасаңыз, арнамыздағы бейнероликті тағы бір шолып шығыңыз.

Автор: Юрий Звёздный, Canon 6D + Tamron 45mm, f/2.0, pano x 8 sec, ISO=3200
#фотокөрме
😱1🤩1
22 АҚПАН 2023 — АЙ МЕН ЮПИТЕРДІҢ ТОҒЫСЫ

22 ақпанда жарты Ай Юпитерден бір градуста орналасады, төменде Шолпан жарқырайды. Оларды күн батқаннан бір сағат өте батыстан іздеңіз. Қосымша ақпарат бейнероликте.
Credit: Sky & Telescope
#күнтізбе
👍1🤯1
ЖАҢА АЙ, ЖАРЫЛҚА!
21 ақпан 2023 жыл
Credit: John Kraus Photos
#фотокөрме
🔥2🤩1
МАРСТАҒЫ ҚЫТАЙ РОВЕРІ ҚИМЫЛСЫЗ ТҰР

Қытайдың Zhurong ровері Марстағы Утопия Жазығына 2021 жылы мамырда қонды. Келесі жылдың мамырында, қыс түсуіне байланысты, ол ұйқы режиміне өткізілді. Ровер желтоқсанда, көктем туа қоршаған орта –15 градусқа дейін жылып, күн элементтері 140 Ваттан астам энергия өндіре бастағанда оянуы тиіс еді. Алайда оның ғылыми жұмысқа қайта кіріскені жайлы әлі хабарланған жоқ.

НАСА-ның MRO орбиталық зонды Zhurong'ты 2023 жылы 7 ақпанда суретке (оң жақта) түсірді. HiRISE камерасы алған фотоны 2022 ж. 8 қыркүйектегі көрініспен (ортада) салыстыру ровердің осы аралықта орнынан қозғалмағанын, тек оны басқан шаң қалыңдай түскенін көрсетті. Zhurong фотоларда көкшілдеу болып көрініп тұр. Ровер миссиясы аяқталғаны туралы ресми ақпарат жоқ, ол күн жылыныңқырағасын қайта қимылдай бастауы мүмкін.

Credit: NASA/JPL-Caltech/UArizona
👍1😢1🕊1
90. ПАНДОРА МЕГАШОҒЫРЫНА САЯХАТ

Уэбб телескопы Пандора Кластері атты галактикалар мегашоғырын суретке түсірді. Астрономдардың бағалауынша, кескінде таяу инфрақызыл жарықтың 50 000 көзі бар. Пандора Кластерінде шоғырланған массаның көптігі сонша, гравитация кеңістік-уақыт тінін қисайтып, «гравитациялық линза», яғни табиғи ұлғайтқыш шыны эффектін туғызады. Ғалымдар оның арқасында шоғырдан әрідегі өте алыс жарық көздерін де көре алады.

Толығырақ — арнадағы жаңа бейнероликте. Уэбб телескопы алған ғажайып көріністер жайлы бейнелер біздің арнада әр сәрсенбіде жарияланып тұрады. Бұл осы сериядағы екінші ролик.

Credits: NASA, ESA, CSA, I. Labbe (Swinburne University of Technology) and R. Bezanson (University of Pittsburgh). Image processing: Alyssa Pagan (STScI)
1🤩1
КИЕВТЕГІ «ҚАНДЫ АСПАН»

2021 жылғы 10 қарашаның кешінде, күн батарда Украина астанасы тұрғындары ерекше құбылысқа назар аударды. Батыс көкжиек үстінде ұзақ уақыт жарық қызыл-сары жолақ көрініп тұрды. Кейін ол қаһарлы қанды реңкке боялды да, біртіндеп жоғалып кетті. Көз тартар, бірақ қорқынышты көріністі жамандыққа жорығандар да болды. Келесі жылдың 24 ақпанында олардың сәуегейлігі расқа шықты, бірақ астрономиялық құбылыстың бұған, әрине, еш қатысы жоқ. Оның түсіндірмесі келесі постардың бірінде беріледі.

P.S. Киевте 1981 жылы ашылған 102 метрлік "Отан-ана" мүсіні шығысқа қарап тұр.
АЙДЫҢ ЮПИТЕРМЕН ТОҒЫСЫ
22 ақпан 2023 жыл
Credit: Yuri Beletsky
#фотокөрме #күнтізбе
🤩1
«ҚАНДЫ АСПАННЫҢ» ҚҰПИЯСЫ

2021 жылғы 10 қараша күні іңірде Украина астанасында бақыланған қызыл аспанның сыры неде? Киевтің өзінде аспан ашық болғанымен, қаладан батысқа қарай әуені тығыз бұлт жамылғысы қаптаған, ал одан алысырақ қайтадан бұлтсыз болған екен. Осы ашық аймақтан түскен батар күннің сәулесі, қысқа толқынды жасыл, көк, күлгін жарықты ауа молекулалары күштірек шашырататындықтан, тоқсары-қызыл түске ие болады. Бұл сәуле бұлт жамылғысының астыңғы жағын жарықтандырып, оны қанды түске бояйды. Яғни шығысырақ, Жер бетінде тұрған бақылаушылар батып кеткен Күн көкжиек астынан жарықтандырған осы бұлттарды көрген.
Неліктен Күн сары, ал аспан көк түсті?

Дереккөз: The Universe Space Tech
🔥1
Гиза пирамидалары үстіндегі Юпитер, Ай және Шолпан.
Мысыр, 22 ақпан 2023 жыл
Credit: Osama Fathi
#күнтізбе #фотокөрме
🤩21
ХҒС-68 ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

Сергей Прокопьев 🇷🇺
Фрэнк Рубио 🇺🇸
Николь Манн 🇺🇸
Анна Кикина 🇷🇺
Коичи Ваката 🇯🇵
Джош Кассада 🇺🇸
Дмитрий Петелин 🇷🇺

Халықаралық ғарыш стансасы, 24 ақпан 2023 жыл
Credit: NASA
💯21
ЮЛИЙ ДАТАСЫМЕН 2460000-ШЫ КҮН ӨТТІ

Астрономдар Юлий датасы (JD) деп аталатын уақыт өлшеу әдісін қолданады. Онда Юлий күнтізбесі бойынша біздің заманымызға дейінгі 4713 жылдың 1 қаңтары (Григорий күнтізбесі бойынша б.з.д. 4714 ж. 24 қараша), дүйсенбі күнгі талтүстен бері өткен тәулік саны есептеледі. Алғашқы күннің нөмірі 0 болған.

Юлий периоды атты хронологиялық шәкілді атақты тарихшы, ғылыми хронологияның негізін қалаушы Жозеф Скалигер (1540 — 1609) ұсынды. Әр жыл үш санмен — 15 жылдық индикт, 19 жылдық ай циклы және 28 жылдық күн циклымен — нөмірленеді. Бұл үшеуін көбейткенде: 15*19*28 = 7980 жылдық Скалигер циклы шығады. Оның тарихшыларға пайдасы, тарихтағы белгілі барлық оқиғалар бір Скалигер циклы ішінде өтеді, теріс таңбалы жылдар қажет емес. Скалигер циклының басынан бастап саналатын Юлий күнін астрономияға Джон Гершель енгізді. Тәуліктің талтүсте басталуы астрономдарға қолайлы, өйткені бүкіл түн бір Юлий датасына жатады.

2023 жылы 24 ақпанда Дүниежүзілік уақыт бойынша 12:00-де (Алматы уақытымен 18:00) 2460000-шы Юлий күні басталды. Уақытты дәл көрсету үшін санның бөлшек бөлігі қолданылады. Дәл қазір, яғни 2023 ж. 26 ақпан, Алматы уақытымен 01:00-дегі уақыт — JD 2460001,291968. Таңғы 6:00-да уақыт JD 2460001,5 болар еді. 2470000-шы күн 2050 жылы келуі тиіс.

Григорий күнтізбесі күні мен уақытын Юлий датасына айналдыру: https://be-os.ru/julian_date_online/
#көбәріп #күнтізбе
😱1
ЖАРТЫ АЙ ТОРПАҚТА

Бірінші ширектегі Ай 26 ақпанда Үркерге ауыл-үй қонса, 27-не Марспен тоғысады. Ертең кешке оны Торпақ шоқжұлдызында, Қызыл планетаың қасынан көре аламыз.

Credit: Sky & Telescope
#астрономия #күнтізбе
🥰1👏1
СОЮЗ МС-23 КЕМЕСІ ХҒС-ҚА ТҮЙІСТІ

2023 жылы 26 ақпанда Алматы уақытымен 06:58-де ұшқышсыз Союз МС-23 ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасының Поиск модуліне түйісті. Ол Байқоңырдан екі күн бұрын ұшырылған еді. Союз МС-22-нің салқындату жүйесінің істен шығуына байланысты құтқарушы кемесіз қалған Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин (Роскосмос), Франциско Рубио (НАСА) Жерге жаңа кемемен қайтады. Олардың миссиясы тағы алты айға, қыркүйекке дейін ұзартылды. Союз МС-23 стансаға 429 кг жүк те жеткізді.

27 ақпанда 12:45-те Кеннеди ғарыш орталығынан SpaseX Crew Dragon кемесімен кезекті Crew-6 миссиясы аттанады. Экипажда Стивен Боуэн, Уоррен Хобург (НАСА), Сұлтан Әл-Неяди (Біріккен Араб Әмірліктері), Андрей Федяев (Роскосмос) бар. Бұл экипаж стансада 180 күн болуы тиіс.
#хғс
👍1🔥1
CREW-6 ҰШЫРЫЛЫМЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫ

27 ақпанға жоспарланған Crew-6 миссиясының ұшырылымы стартқа санаулы минут қалғанда тоқтатылды. Бұған ұшыру алаңындағы TEA-TEB сұйықтығына жауапты жүйенің ақауы себеп болды. Сұйықтық отынды тұтандыру үшін қажет. Falcon 9 зымыраны мен Crew Dragon Endeavour C206.4 ғарыш кемесінде кінәрат жоқ.

Зымыран бактары отын мен тотықтырғыштан босатылған соң, экипаж кемеден түсірілді. Келесі қолайлы мүмкіндік — 28 ақпан, 12:22 АЛМ, бірақ старт 2–4 наурызға шегерілуі ықтимал. Түнде, 00:37-де және 01:31-де басқа ғарыш айлақтарынан ұшырылуы тиіс екі Falcon 9 миссиясының уақыты әзірше өзгермеді.
👍2
АЙ, ЮПИТЕР ЖӘНЕ ШОЛПАН СТОУНХЕНЖ ҮСТІНДЕ

Фото 23 ақпанда түсірілген. Одан бері Ай бұл екеуін тастап, бүгін секектеп Марстың қасына барып алды. Ең жарық екі ғаламшар болса, наурыздың алғашқы кешінде жарты градусқа дейін жақындасады. Солардың бірі Шолпан жайлы «Балаларға ғылым туралы» арнасында кеше арнайы ролик жарияланды. Тайлы-тұяғымызбен сол жаққа ағылып, көрілім санын көтеріп жіберейік. Ал Юпитерге қатысты жаңалық пен танымдық дерек — келесі постардың бірінде.

Фото: Stonehenge Dronescapes
😁1
28 АҚПАН 2023 — АЙ МЕН МАРСТЫҢ ТОҒЫСЫ

28 ақпанда, Алматы уақытымен 10:32-де Ай Торпақ шоқжұлдызында орналасқан Марстан 1°04'-та өтеді. Ал Солтүстік Еуропа мен Гренландиядан бұл екеуінің тоғысын, яғни Айдың Марсты жабуын көруге болады.

Credit: StarWalk
#астрономия #күнтізбе
🔥3
STARLINK V2 MINI ЖЕРСЕРІКТЕРІ АЛҒАШ ҰШЫРЫЛДЫ

2023 жылы 28 ақпанға қараған түні SpaceX компаниясы Starlink-6.1 миссиясы аясында V2 Mini екінші буын жерсеріктерінің алғашқы 21 данасын орбитаға шығарды. Falcon 9 алдыңғы Starlink V1.5 жерсеріктерінің 54-55-ін бір-ақ ұшыратын. Жаңа аппараттың E-диапазондағы фазалық антенна торлары қуаттырақ, сондықтан әр жерсеріктің өткізу қабілеті шамамен 4 есе кеңиді. V2 Mini орбиталық маневрге арналған жаңа Холл қозғағыштарымен жабдықталған. Аргонмен істейтін қозғағыштың тартымы бұрынғы ксенон агрегаттан 2,4 есе артық.

Екінші буын жерсеріктерінің Falcon 9 және Starship зымырандарымен ұшырылатын екі нұсқасы болады. Жұмысы аяқталған аппарат орбитадан құлдилайтын бірнеше аптада 100% жойылып кетеді. Басқарылмай қалған жерсерік орбитада бес жылдан артық болмайды. Астрономдар үшін жақсы жаңалық: Starlink V2 Mini жұмыс орбитасына көтерілу кезінде жарықты азырақ шағылдырады. Алайда ұшудың ең бастапқы кезеңінде тіпті күштірек жарқырауы мүмкін.
1. Starlink V2 Mini жерсеріктері
2. Жаңа аргон қозғағыш
Credit: SpaceX
🔥1