Азат Перуашев
2.3K subscribers
4.6K photos
1.02K videos
194 files
3.15K links
🇰🇿 "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің ресми телеграм каналы

🇰🇿 Официальный канал Председателя Демпартии "Ақ жол"
Перуашева Азата Турлыбековича
Download Telegram
ЖАРЫҒЫМЫЗДЫ ӨШІРСЕ ДЕ, ЖАЛЫНЫМЫЗДЫ ӨШІРЕ АЛМАЙДЫ! -Қазыбек Иса

Кеше 16 наурызда белгілі ақын, ұлт мүддесінің қорғаны болып жүрген тіл күрескері, ҚР Парламент Мәжілісінің VII шақырылымы депутаты,
“Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса қатысқан Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауына байланысты жиын-концертте ғимарат жарығы өшіріліп тасталды.

Түркістандық сайлаушылар мен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында сайлау учаскелерін қадағалайтын бақылаушылардың басын қосып, жиын өткізген “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса мен “Ақ жол” партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасы, кәсіпкер Әлімхан Әбжанов жұрт алдында сөз сөйлеп, партия бағдарламасының басты бағыттарын баяндады. Алдағы сайлаудың ерекшеліктеріне тоқталды.

Жиын соңында белгілі әншілер Хадиша Шалабаева, Абылай Оспанов, Үралхан Сейілбековалар бастаған өнер жұлдыздары ән шырқады.

ҚР Мәдениет қайраткері Абылай Оспанов қазақтың белгілі ақыны Ибрагим Исаның “Ауылға барам” өлеңіне жазылған танымал талантты композитор Құралай Сәтмұқамбетованың әйгілі әнін нәшіне келтіре орындады.

Әншілер барлығы жиылып “Атамекен” әнін шырқап жатқанда “Арман” тойханасының
жарығы сөніп қалды.
Әншілерге жиналған қауым қосылып, бірге шырқап кетіп, қараңғыда самсаған жұлдыздардай телефон жарықтарымен әйгілі әнді айтып шықты.

Сол жерде сахнада қайта сөз алған Абылайхан Оспанов өзінің “Ақ жол” партиясына кіруге шешім қабылдағанын жария етті.
-Ешқандай партияда жоқ едім. Бірақ “Ақ жол” фракциясы мүшесі, қазақтың дарынды ақыны Қазыбек Исаның қазақ тілі мен ұлттық мүддемізді парламентте де, барлық жерде де батыл қорғап келе жатқанына ризашылықпен қолдап келемін. Сондықтан да бүгін “Ақ жол” партиясы қатарына кіруге шешім қабылдадым. Мынау ғимараттың жарығын өшіріп тастаса да, мен талай марапат алып едім, тұңғыш рет партия марапатын қараңғыда сахнаға шығып тұрмын.

Абылайханға “Ақ жол” партиясының мүшелік билеті мен төсбелгісін таққан Қазыбек Иса әншіге алғысын білдірді.

-Әйгілі дарынды әнші Абылайхан Оспанов Абылай ханның бабасы Тоқтамыс хандар жаулаған Мәскеуде ғана жүре ме деуші едім, Шымқала төрінен де көргеніме бек қуаныштымын.
Абылай шырқаған әсем ән - “Ауылға барам”’ өлеңінің авторы, қазақтың дарынды ақыны Ибрагим Иса “Ақ жол” партиясының алғашқы мүшелерінің бірі еді. Талай президенттік және парламенттік сайлауларда ел аралап бірге жүріп едік. Пейіште рухы шалқи бергей.
Ал бұл әнді елге таныстырып, әуезі дауысымен әйгілі еткен әнші Абылайхан Оспанов.
Біздің партияда сонымен бірге көрнекті ақындар Исраил Сапарбай, Серік Тұрғынбек, Ханбибі Есенқарақызы, әйгілі әнші Кенжеғали Мыржықбаевтар бар. Енді міне, шетелдерге де қазақ әнін танытып жүрген Абылайхан Оспанов та қатарымызға кірді.
Өмірдегі де, өнердегі жолыңызға да Ақ жол тілейміз!-деді Қазыбек Иса.

-Былтыр 2022 жылы құрылғанына 20 жыл толған “Ақ жол” партиясы осы жылдарда не көрмеді десек те болады? Осындай сайлауларда елмен кездесу өткізуге ешқандай мекемелерге рұқсат бермей, жалдап алған жайларымыздың жарығын сөндіру, микрофондарымызды өшірудің талайын бастан өткеріп едік.
Енді мынау бүгінгі, XXI ғасырда, Жаңа Қазақстанда парламенттік партияның елмен кездесуінде жарықты өшіріп тастау ешқандай демократиялық әділетті мемлекетте болмайтын масқара ?!. Бұл кімдердің ісі екені анықтала жатар. Ең басты айтарымыз, қандай кедергі жасайтын қараңғылық қарекеттер жасалса да, қанша жайдың жарығын өшірсе де, жүрегіміздің жалынын өшіре алмайды! Елдің, ұлттың, қазақтың жарығын өшіре алмайды! Қазақтың мүддесін қорғаған, Алаштың жолын ұстанған “Ақ жолдың” жарығын өшіре алмайды!-деді қараңғыда жалынды сөздері жарық шашып сөйлеген қазақтың қайсар ақыны, ұлтшыл қайраткер Қазыбек Иса.

“Ақ жол” партиясы сайлауалды жорығын бүгін Түркістанда түйіндейді.

“Қазақ үні”

https://www.facebook.com/100001908576595/posts/pfbid02JW1M9MddznsTSP8eHSXuU97d9yEByv44YqWrnzZ7tyVMAvQDq7G4vL1XM9ga86XYl/?d=w&mibextid=kdkkhi
Forwarded from ORDA
Возвращение выведенных денег — законопроект, за который демократы борются уже 10 лет

Политическая
партия «Ак жол» провела в Алматы митинг сторонников. Лидер объединения Азат Перуашев выступил с речью.

Во время спича лидер объединения рассказал, как последние 10 лет его фракция боролась за закон о возврате средств. В 2013 году демократы оформили запрос в Нацбанк о попавших под конфискацию казахстанских капиталах на Кипре. В 2014 они потребовали от правительства защитить нацинтересы страны и затруднить бесконтрольный вывод средств из страны путём пакета мер:

◾️провести ревизию всех соглашений об избежании двойного налогообложения со странами-оффшорами;
◾️более активно заключать договоры с оффшорными юрисдикциями об обмене налоговой информацией.

Также в ряде других депутатских запросов «Ак жол» предлагала отменить принцип банковской тайны в отношении зарубежных счётов членов правительства и руководителей нацкомпаний.

А с 2018 года партия предлагала ввести в законодательство понятие «богатство необъяснимого происхождения». Деньги, законность происхождения которых остается недоказанной, должны изыматься в пользу государства.

Все перечисленные шаги не приводили почти ни к чему, сокрушается Перуашев. Госорганы под разными предлогами отказывались поддерживать инициативы партии.

Наконец, 26 ноября 2022 президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев поручил правительству разработать проект закона по возврату незаконно выведенных активов. Именно этот закон был подготовлен Антикором. Лидер «Ак жол» заявил о готовности поддержать документ, но выразил сожаление, что за те 10 лет, которые фракция добивалась принятия проекта, из Казахстана были выведены новые миллиарды.

Оплачено из средств избирательного фонда ДПК «Ак жол».
Железный аргумент)
Антонина Ан, член совета защиты прав предпринимателей Жамбылской области:
«Ак жол» - единственная партия, в течение 3 лет требовавшая в парламенте отмены СНТ. И, наконец, сопроводительную накладную на товары отменили!

Приказ об отмене сопроводительной накладной на товары внутри Казахстана уже зарегистрирован в Минюстиции РК. Он вступит в силу через 10 календарных дней.

Это означает, что применение СНТ и Виртуального склада на 3,5 тысяч кодов Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности (ТН ВЭД) отменяется.

Уже через 10 дней у тысяч казахстанских бухгалтеров и представителей малого и среднего бизнеса отпадет необходимость в ее оформлении.

При этом под обязательства по оформлению СНТ все же попадают подакцизные товары (алкогольная продукция, нефтепродукты) и 11 кодов ТНВЭД.

Поздравляем с победой акжоловцев и лично Азата Перуашева! Кроме депутатских запросов, было проведено огромное количество встреч с бизнесом, в интересах которого направлено множество обращений, так как было очевидно, что пилотный проект по СНТ был с самого начала неэффективным- не выполнял основной задачи: прослеживаемости товара, кроме того дублировал ЭСФ и был очень затратным для бизнеса. Но борьба за справедливое налогообложение не заканчивается! Остаётся проблемным вопрос маркировки, против которой также активно выступает «Ак жол». С 1 апреля вступает в силу запрет на реализацию немаркированной обуви! Понятно, что маркировка не защитит нас от серого импорта, но при этом значительно поднимет цены и затраты бизнеса. Надеюсь, требования «Ак жол» по отмене маркировки также будут приняты и партию ждёт очередная победа!

https://m.facebook.com/100011357710682/posts/pfbid0MjQtwbJAMHKkkYcVMykQVSBGn6SWJooBmekZVZFn8N8TLCzsWytZAiLmmz8Fa8Bil/?d=w&mibextid=qC1gEa
Forwarded from DALA INSIDE
💥 Ескі жүйенің күйрерін күні бұрын білдік - "Ақжол" төрағасы

Түнеукүнгі дебатта Азат Перуашевтың аузынан шыққан осы сөз Dalainside-ты елең еткізді. Әрине, бұл мәлімдеме тақырыптағыдай тура айтылмады, дегенмен сөздің астары бізді осы ойға жетеледі.

"2019 жылы "Ақ жол" партиясы өзгерістің болмай қоймайтынын мәлімдеді...", – деді Перуашев.

Демек, партия тарапынан ескі Қазақстанға ескерту жасалынған. Отыз жылға созылған әділетсіздіктің түбі қантөгіспен аяқталарын құлаққағыс еткен. Әрісі Мәсімовтың, берісі Мәминнің тұсында "Ақжол" үнемі қағажу көріп келген.

Партияның өзгеше пікірі сол тұстағы саны басым "Нұр Отанға" ұнамай, бюджеттің есеп-қисабы, министр тағайындау және басқа да маңызды мәселеде Перушаевтың командасын шетке ысырып отырған.

Сөй деген "Ақжол" төрағасы дебатта көсіле сөйледі. Перуашев партияның негізгі 4️⃣ позициясын жіпке тізді. Бұлар:

⁃ Ұлттық ұстаным

⁃ Еркін экономика мен отандық өндірушілерді қолдау

⁃ Парламенттік республика

⁃ Де-офшоризация мен капиталдарды елге қайтару

"Ескі жүйенің тұсында қабырғасы қаланған ақша-несие, салық және инвестициялық саясатты түбегейлі қайта қарау керек. Бұл әр қазаққа ұлттық табыстан үлес беру үшін қажет", – деді Перуашев.

"Ақжол" төрағасы дебатта ескі биліктің ең үлкен қателігін де еске салды. Назарбаев дәуірінде биліктің араны ашылып, бизнесті байлап-матап тастаған. Мемлекет монополиске айналып, басы артық шенділердің саны көбейген, салдарынан жемқорлық етек алған.

Перушаевтың айтуынша ескі Қазақстанның кейбір әдеттері Жаңа Қазақстанға да жұққан. "Ақжол" төрағасы осы орайда Смайылов үкіметін сын садағын алды.

❗️"Смайылов? Қаңтардан кейін бірден Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз сынды шетелдік инвесторлармен ірі келісімшарттардың талаптарын халыққа жария етуді және Қазақстанның үлесін ұлғайтуды талап еттік. Бірақ үкімет бас тартуда.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың орнына әдемі презентациялар халық арасында "слайдты экономика" деп аталып кеткен. Ал елге нағыз зауыттар, оларды көтеретін адамдар керек", – дейді Перуашев.

Дебаттағы түйін сөзде "Ақжол" басшысы салық саясатындағы әділетсіздікке тоқталды.

"12 жылдан бері салалардың ерекшеліктерін ескеретін салық мөлшерлемелерін енгізуді талап етіп келдік.

Бізде сүт өндірушілер, құрылысшылар, бөлшек сауда желілері және тауар алпауыттары бірдей қосымша құн салығын және корпоративтік табыс салығы мөлшерлемелерін төлейді.

Бірақ мемлекет мұнай, газ және металл экспорттаушыларына ҚҚС-ті қайтарады, ал барлық отбасы қарыз болып отырған банктер бұл салықты мүлдем төлемейді. Яғни, ең байлар аз, ал әрең күнелтіп жүргендер - өздері үшін және байлар үшін төлейді.

1 қыркүйекте президент Тоқаев сараланған салық мөлшерлемелерін енгізуді тапсырды және осы дауға нүкте қойды. Деск де, біз бұл жұмысты нақты іске асқанынша жалғастырамыз", – деді Азат мырза.

https://t.me/dalainside