Азат Перуашев
2.28K subscribers
4.56K photos
1.01K videos
193 files
3.13K links
🇰🇿 "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің ресми телеграм каналы

🇰🇿 Официальный канал Председателя Демпартии "Ақ жол"
Перуашева Азата Турлыбековича
Download Telegram
Обратился в Верховный суд и Генпрокурору по ситуации с Н.Алданиш. Так нелья, есть элементарные человеческие и гражданские права.
Керемет жаңалық!
Қ.Тоқаев ҚР Президенті жанынан Қаржы мониторингі агенттігін құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Кешегі "Ақ жол" фракциясы депутаттарының сауалында атап өткеніміздей, әңгіме "жаңа финпол" бейнесінде бизнеске қосымша қысым жасау туралы болып отырған жоқ. Шамасы, осы арқылы экономикалық бұзушылықтарды жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл функциялары ажыратылады.
Сонымен қатар, бірқатар маңызды шешімдерді атап өту керек:
1. Жаңа органның азаматтық (құқық қорғау емес) мәртебесі бар. Бұл кәсіпкерлік қызметті жалпы қылмыстық сипаттан арылту жөніндегі практикалық қадам деп үміттенеміз (сыбайлас жемқорлықпен шатастырмау керек!). Осы бойынша оң шешімді "Ақ жол" демократиялық партиясы бұған дейін талап етіп келген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен басқа агенттік айналысады.

2. Бұл ретте капиталды шетелге заңсыз шығаруға қарсы күрес мәселелеріне (былайша айтқанда де-оффшоризация жөніндегі жұмысқа) саяси мән берілген: Президент оларды өзінің жеке бақылауына алады. Бұл тақырып "Ақ жол" демократиялық партиясының бағдарламасында арнайы бөлімде көрініс тапқанын айта аламын, кеше ғана депутаттық сауалда біз Үкіметке осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар жібердік. Енді оларды тікелей осы Агенттікке жіберетін боламыз.

3. Егер Президенттің бұған дейінгі бірқатар шешімдерін Статистика агенттігіне тікелей бағынудан бастап ескеретін болсақ, онда Үкіметтен тәуелсіз мемлекеттік органдар мен әкімдердің тиімділігін бақылау жүйесін құру жалғасуда. Сондай-ақ бұл тиімділікті анықтайтын негізгі факторлар - бизнес-климат және капиталды шығару өз бақылауына алып отырған секілді
Азат Перуашев pinned «Хорошая новость! К.Токаев подписал указ о создании Агентства финмониторинга при Президенте РК. Как мы и подчёркивали во вчерашнем запросе депутатов фракции «Ак жол», речь не идёт о дополнительном прессинге на бизнес, в лице «нового финпола». Очевидно, что…»
Дәл қазір "ХХІ ғасырдағы АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ" жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі өтіп жатыр. Шараға алаштанушы ғалымдар, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысуда.

Байқау жарияланған уақытта жүзден аса зерттеу жұмысы келіп түсті. Оның ішінде іріктеу арқылы екінші кезеңге 29 жұмыс өткен болатын.
Конкурс барысында әр номинациядан 3 үздік жұмыс (барлығы – 9) финалдық кезеңге өтеді.

Айта кетерлігі, "ХХІ ғасырдағы АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ" жалпыұлттық байқауы үш номинация бойынша өтеді.

Олар:

Қазақ республикасының 100 жылдығына: Алаш автономиясының Қазақ (Қырғыз) АССР-не дейінгі эволюциясы
2. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы: Ұлы ақын шығармашылығын насихаттаудағы Алаш қайраткерлерінің рөлі
3. Алаш қозғалысы тарихындағы "ақтаңдақтар".
Қапшағай қаласының әкімі Н.Құматаев және “Ақ жол” демпартиясының қалалық мәслихат депутаты С.Горюновпен қаланың дамуын, оның ішінде туристік аймақтың, өнеркәсіп пен бизнес нысандарының әлеуетін талқыладық.
с акимом г.Капчагай Н.Куматаевым и депутатом гормаслихата от демпартии “Ак жол” С.Горюновым обсудили развитие города, включая потенциал туристической зоны, объектов промышленности и бизнеса
Қапшағай ауруханасының ұжымымен кездестік,пандемияның жаңа толқынында коронавируспен күрес жағдайын талқыладық. Алғашқы толқыннан сабақ алып, кислород беру жүйесін реконструкциялап, дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының қоры жасалыпты. Жасы үлкен адамдар мен сәбилердің жұқтыру көбейіп барады. Жыл басынан бер 11 осындай жағдай болған. Әрине, бұны жаздағы жанталаспен салыстыруға келмейді. Бірақ, жоғары эпидсақтандыру әлі күн тәртібінде.

Қапашағай ауруханасының дәрәгерлерін, медбикелерін,санитарларын марапаттадық.
Встретились с коллективом Капчагайской больницы, обсудили ситуацию с коронавирусом и меры противодействия новой волне пандемии. По урокам первой волны в больнице реконструирована система подачи кислорода, создан запас лекарств и индивидуальных средств защиты. Отмечают заражения среди пожилых и детей, с начала года 11 таких поступлений. Это несравнимо с летним авралом, когда не хватало мест, медикаментов и кислородного оборудования. Но высокая эпиднастороженность сохраняется.
Бүгін Талдықорғанда “Ақ жол” демпартиямыздың филиалы және де облыстық аурухананың ұжымымен кездесіп, жағдайымен танысып шықтық. Індеттің сабақтарын талқылап, аурухананың қараша айындағы ұсынысы бойынша, біраз дәрігер мен медбикелерді партиямыздан “COVID-19-бен жанқиярлық күрес үшін” төсбелгіні тапсырдық.
Солардың арасында коронавирустан қайтыс болған Абай Сахариев атты дәрігердің отбасына да медаль тапсырдық . Дәрігердің жесірі алғашында медальді қолына алғанымен, сосын қаза тапқан әкесінің марапатын Жайдар ұлына тағуды өтінді. Бізге алғыс айтқысы келді, бірақ тым қатты толқығандықтан ешнәрсе айта алмады. Жұбайының әріптестері де көз жасына ие бола алмай, жылап тұрды.
Кездесу өте
толқытатын және ыстық жағдайда өтті. Барлық дәрігерлер өз еңбектерінің бағаланғанына, жанқиярлық ерліктерінің еленгеніне алғыс айтуда.