Перизат Мырзахмет
6.27K subscribers
439 photos
53 videos
23 links
Download Telegram
Таупық Рымжанов ертегілерін оқып жатырмын. Ол кісінің кітаптарын неге жоқ қып жібергенін түсіндім. Өз уақыты үшін, тіпті мына уақыт үшін тым озық ой болған екен. Жарықтық.
- сіз ерте үйленуге қарсысыз ғой? Қазақтың саны азаяды деп ойламайсыз ба?
- мен ерте үйленуге емес, санасыз, тәжірибесіз, дайындықсыз үйленуге қарсымын.
- қалай ол?
- өз қалауымен үйленбегендер біреудің қалауымен ажырасады.
- сіздің мықтылығыңызға қызығам
- қызықсаң - береді, мықтылықты сынайтын сынағымен қоса)
- а, жоқ)
Кеудесі қуыс, басы бос, қалтасы тесік жігіттер неге ұрпақ қалдыруға құмар? Елдің қорын, біреудің сорын көбейту не әуре?
Кешеден бері қарақалпақ бауырлар жазып жатыр.
Тауық милардың шолақ ойы:
Еркек қол көтереді, өйткені әйел аузын ашады. Ок.
Демек еркектің қол көтеруге себебі болса, әйелдің ауыз ашуға себебі бар ғой. Бар.
Демек әйел ауыз ашады, өйткені…
1. Еркек үй тірлігінен мақұрым
2. Еркек табыс таппайды
3. Еркек ішеді, шегеді
4. Еркек құмар ойын ойнайды
5. Еркек ойнас қылады
6. Еркек уәдесінде тұрмайды
7. Еркек тек өзіне ыңғайлы шешім қабылдайды
8. және т.б. 1040 себеп.

Сонда айналып еркекке келдік пе? Онда еркектер өздерін ұра бастасын. Шын әділ болса.
Көршілер елімізге, шекарамызға, тілімізге тиіскенде аузына құм құйып отыратындар қатынның құқығына келгенде шешенсіп кететіні қызық, пнб
Орыстар:
Мужик сказал.
Жена напомнила.
Жена напомнила.
Жена напомнила.
Жена напомнила.
Жена напомнила.
Жена напомнила.
Мужик сделал.

Ауыз ашу деген осы.
Қой, жаттым. Ауызды аштырған өздері тағы да.
Менің жүрегімді қазақтың әні емдейді, қазақтың тілі рахатым, қазақтың даласы жұмағым, қазақтың пәлсапасы мәнім, қазақтың киімі ең сәнді, қазақтың тағамдары ең дәмді, қазақтың салт-дәстүрі тереңім. Бұрынғы.
Қазақтың қазіргі ойларына келгенде қақалып қалам.
Дым түсінбеймін деген адамға мың түсіндірсең де, ұқпайды. Қалауы түсіну боп тұрған жоқ.
Адекват адамдармен жұмыс істеу жақсы адамға тұрмысқа шығумен тең десем, асыра сілтеу ме?)
Подкаст астында пікір. Шынымен сондай мінез майдай жағатын қыздар бар ма? 🔥 қойып кетіңдерші. Көрейік.
Перизат Мырзахмет
Подкаст астында пікір. Шынымен сондай мінез майдай жағатын қыздар бар ма? 🔥 қойып кетіңдерші. Көрейік.
4 адам 🔥 қойыпты.
Құдай бізді әралуан жаратқанына бір дәлел.

Түсінбеген дүниемді сынамай-ақ қояйын)
Перизат Мырзахмет
4 адам 🔥 қойыпты. Құдай бізді әралуан жаратқанына бір дәлел. Түсінбеген дүниемді сынамай-ақ қояйын)
Негізі құдай бәрін жұбымен жаратқан ғой. Жындыға жынды, даңғойға даңғой, жылыға жылы дегендей. Сол жұптарына адаспай қосылып, басқасына тиіспесе екен.
Кітапты соңынан басына қарай оқыған адам 😂😂😂
М екеуміз бақыттымыз ғой. Қаншама күнәміз жұрттың мойнында кетті.