Paiym
41 subscribers
62 photos
7 videos
50 links
Download Telegram
Ал Санжар бұрыннан олардан қорықпайды, керісінше қолдау көрсетіп жүр! Жақында митингіге шықпақшы болған еді, митингке рұқсат бермепті. Ладно, бәріміз Санжарға сәттілік тілейік!
⬆️⬆️⬆️
Anonymous Poll
92%
👍
8%
👎
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ғарыштағы өмір де оңай емес)
Мені құттықтап қойсаңыздар болады! Үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Элиоттың "Шөлін" аударып біттім. Шынымды айтсам, миым ашып кетті. Әзірге "черновой" варианты аяқталды. Бірақ ары қарай редактура оңай жүреді деп ойлаймын. ХХ ғасырдың ең ұлы поэмасын аударудың жаупкершілігі мол екенін білемін. 2017 жылы бастап, бір кірісіп, қайта тастап жүргенде екі жыл өтіп кетіпті. Бүгін біттім. Қалай шығатынын білмеймін. Бірақ уже бәрібір. Шаршадым. Аударып біткеніме қуанамын. Ай ду ит. Наконец то елки-палки
Paiym
Video
Болашақ 2.0.1

Соңғы уақытта Facebook бетіндегі посттарда Илон Маск слишком көбейіп кетті. Оның ішінде бір адам сол туралы күніне үш-төрт рет (кейде бірдей) пост салуды әдет қылған секілді. Сол адамның кесірінен Илонды көп көрген шығармын, бәлкім. Қысқасы, бұл жерде екі фактор бар. Ислам және Илон Маск. Жақында Омар Жәлел: "Илон Құдайдың сүйікті құлы",- деген ақпарат шықты". Уау эффект көп күттірмеді. Біріншіден ол - Илон Маск, екіншіден ол Құдайдың сүйікті құлы және "біздің" Құдайдың. Тұлға арқылы дінді насиxаттау...Жоқ, насиxаттау емес, қазіргі дінге жала жабылған уақытта оны осылай қабылдауға оңай көрсетіп, ақтап алу процессі жүргендей болды. Неге "жүргендей"? Себебі өте жабайы түрде. Адамдар дінді ақтап алғандай қылғанымен, көбіне өзін ақтап алуға тырысатыны көрініп қалады. Ну, мен және мен жүрген жол дұрыс және оны осылай қабылдау керек дегендей. Ал оны ақтау құралы ретінде үлкен тұлғаны пайдалану керек болса, онда тіпті керемет. Бұны біз Майкл Джексон, Майк Тайсон, әлгі теңіздің екіге бөлінгенін көрген ғалым бар т.б. көре аламыз. Айтпақшы, Джексонның педофилдікке қатысы бар екені айтылған фильм шыққаннан кейін ол жайлы ислам өкілдері не айтты екен? Қысқасы, маңызды емес. Просто Маск жайлы ойымды айтқым келді. Сөз жоқ керемет адам. Бірақ, бұл жерде де "бірақтар" көп. Мысалы, ол жасауы керек тегін уай-файды алайық. Ол толығымен іске асуы үшін 12 мың жасанды жер серігін ұшыруы керек. Бұл масштабты салыстырмалы түрде елестете алу үшін айта кететін факт: 2018 жылы Жердің айналасында 1000-нан аса жұмыс істеп тұрған спутниктер болған және саны күн санап артатын қоқыс бар Жерді айналып ұшатын. Ал сіз енді 12 мың спутникті елестетіңіз. Ол үлкен кедергі келтіреді. Біріншіден, радиотелескоптарға спутниктердің толқыны әсер етеді. Екіншіден ол жарықты кері қайтара алады, яғни жарқырайды. Бұл да аспан денелерін Жерден бақылауға кедергі келтіреді. Сосын темір-терсекке толы Жер орбитасын елестетіңізші. Қоқыс қымтаған планета болады. Спутниктер шықса оны атуға болмайды. Қытай эксперимент ретінде құлатып көрмек болған, бірақ ол одан да көп бөлшекке шашылып, қоқыс санын көбейткен. Сондықтан не так уж и оңай нәрсе емес бұл. Ал Марсқа келейік. Иә, керемет, Марсты зерттейміз, қоныстанамыз, бірақ ол Жерге қарағанда тым қолайсыз. Иә, егер біз Марстың өзінен ресурс тапсақ, су, құрылыс заты, өмірге қажетті дүниелердің бәрін Марстың өзінен өндіре алсақ, басқа әңгіме. Бірақ ол әзір мүмкін емес. Онда жеті ай ұшып барасың. Адам сүйегінен кальций жоғалады. Бұлшық еті солады. Бұның бірін жеңе алмадық. Жерде жетпей жатқан ресурсты басқа планетаға тасу қаншалықты дұрыс? Ол да ойланарлық дүние. Жарық жылдамдығы - жылдамдықтың потологы екенін білеміз, иә? Физикада бұдан артық жылдамдық мүмкін емес. Алдында айтқандай бізге белгілі 10 триллион галактика бар. Бір галактикада триллион жұлдыз бар. Әр жұлдызда кемі бір планетадан. Бірақ, біз оның ешқайсысына жете алмаймыз. Блииин, сондай облом. Прикинь, сен 10 жарық жылына тең қашықтықта Жерге ұқсас планета тапқанның өзінде, оған жете алмайсың. Адамның миын сындыратын бұл сандардан біз ұғатын бір нәрсе бар. Жерді сақтау керекпіз. Мүмкін 5-10, 100 мың жылдан кейін біз кротовая норалар арқылы бір жерден кіріп, басқа жерден шыға алатындай болармыз. Мүмкін. Бірақ сол уақытқа дейін болашаққа Жерді аман-есен жеткізу керекпіз. Бұл қазір өмір сүруге болатын жалғыз планета. Хватить блять его уничтожать. Видеода: Жерді айналып жүрген ғарыш обьектілері. 95 пайызы қоқыс.
Бүгін "Шөлді" өңдеп біттім. Қалай болатынын көреміз. Бұл жерде оны супер көркемдеуге болмайтынын ескеруіміз қажет. Ол жерде кемі 90 шығарма мен миф, аңыздардан сөйлемдер, жолдар, символдар мен мотивтер алынған. Оларды еркін өлең ету мүмкін емес. Ол бір деңіз. Екіншіден поэмада төл сөз көп. Оны да кереметтей поэзияға айналдыра алмайсың. Оның ұлы болатын фишкасы - оның сонша шығармалар мен тарихи оқиғаларды қамтып, Грааль аңызын сюжет ретінде алуы. Сол арқылы "Рухани Шөлді" бейнелеуі. Оның не жегенін ит біліп пе, бірақ мынадай поэма жазу мүмкін емес. Не деген ми. Ужс. Қаншалықты білім және қандай шеберлік керек. Бұл аудармам 80 пайыз дұрыс аударылды деп үміттенемін. 100 болуы мүмкін емес. 95 пайызға жеткізуге болар, бірақ оған менің уақытым да жоқ, жүйкем де шыдамайды. Бастысы осыған дейінгі аудармадан ассам болғаны. Қысқасы, құттықтай беріңдер мені. Толассыз екі смс күтемін
Мынадай бір жаңалығымыз тағы бар. Өлеңдерімізді төте жазуға айналдырып, шығарып жатыр екен. Оқыңыздар. Оқи алмасаңыздар бетін бір ашып көруге рұқсат.

https://mp.weixin.qq.com/s/vaMDLOti_c5bItp1NDBxfw
Paiym pinned Deleted message
Жеке шығармашылығымыздан да xабардар етіп отырайық осылай

https://www.facebook.com/100024628060175/posts/577604179737179?sfns=mo
Алақай! "Шөл" жарыққа шықты! Мына бір капиталистік заманда осындай еңбекті тегін тарту еттік. Соны пайдаланып оқып-оқып алыңыздар! қазақ тілді әдебиетке жасаған кішкееееентай еңбегіміз осы болсын: https://adebiportal.kz/kz/news/view/tomas_sternz_eliot_shol__22381
Paiym
Photo
Ольга Токарчук пен Петер Хандкенің нобельдік лекциясынан үзінді, қысқа мазмұн ұсынып отырмыз.

Ольга Токарчук бұл лекцияда «өмірге құштарлығын» бала кезінде анасымен болған әңгімеден тапқанын айтады. Сол уақытта анасының «өзінің ойлағанынан да биік дүниелерге қол соза алатынын» айтқаны жігерлендірген.
Токарчук батыс өркениетінің өзіндік «менін» ашуға, бірінші жақтан әңгімелеуге негізделетінін ескерте кетіп, полифония мен заманауи әдебиетке деген сыни көзқарас танытатынын жеткізді.

«Автордың өзіндік «мені» әмбебаптыққа үміттене алмайды. Бізге аллегориялық өзгерістер жетпейтін сияқты», - деді су жаңа Нобель лауреаты. Оның пайымдауынша, әлемге оны әңгімелеудің жаңа формалары керек.

Токарчук жиырма бірінші ғасырдың екі он жылдығын «телесериалдар дәуірі» деп атап, әдебиеттің әртүрлі уақыт пен кеңістіктер арасындағы байланысты тірілте алатын, бізді осы өмірде ұстап тұруға тырысатын аз ғана салалардың бірі екенін де ескертті. Оның ойынша, жазушылықта ғана «әлемнің әр бөлшегіне» «жан ауырту» қасиеті оянады.

«Әдебиетті біздің өзімізден басқа жаратылыстарға деген сезімталдығымызды жеткізу үшін ойлап тапты. Сондықтан мен көзімізге бір тұтас болып көрінетін, біз кішкентай әрі ең қуатты бөлшегіне айналған тірі әлем жайлы айту керектігімді сеземін», - деді Токарчук.

Хандке жазу мәнері жайлы

Петер Хандке өзінің лекциясын өлеңіндегі цитатамен бастады. «Ойын ойна. Бірақ ол ойында басты кейіпкер болма. Күрескерлікке ұмтыл. Бірақ одан пайда іздеме. Бармағыңды бүкпе. Айту керек кезде үндемей қалма. Жұмсақ әрі мықты бол. Ойынға кіріс әрі жеңістен жирен".
Жазушы өзінің әдебиетке, жазушылыққа деген ынтасы өзі туып өскен қаладағы адамдардың образы әрі анасының солар жайлы және таңғаларлық оқиғаларды әңгімелегеннен кейін пайда болғанын айтты.

«Менің анамның бейнелеген әңгімелері менің жазушылық жолына келуіме итермелесе, өнер туындылары ырғақ пен форма табуыма, ішімдегіні жеткізуге, оның жазба болуына көмектесті. Бұл жерде тек кітаптар емес, картиналар, фильмдер (ең алдымен Джон Фордтың вестерндері мен Ясудзиро Одзудің «шығысы») және әндер (мысалы Джонни Кэш, Леонарда Коэн) жайлы айтып тұрмын. Дегенмен алғашқы кезеңдерде маған өнер туындылары емес, туған жерімдегі роман стилінде салынған шіркеуде тыңдаған словения-славяндық әуенді дұғалары әсер етті. Бір мезетте бір ырғақты әрі сондай мелодияға бай аспанға сіңетін құлшылық әуені 77-ге келген мені әлі де тітіркендіреді, әлі де тірілтеді», - деді Хандке.

Абзал Сүлеймен
Керемет жаңалығымыз бар! Еділбек екеуміздің өлеңдеріміз ресейлік "Артикуляция" көркем әдебиет альманаxының сегізінші санына шықты! Аударған: Ануар Дүйсенбинов. Әлбетте, құттықтаулар қабылданады! http://articulationproject.net/%d1%81%d1%82%d0%b8%d1%85%d0%b8-3
Кутзее деген "қырсық" жазушы бар. Екі мәрте Букер сыйлығын алып, екеуінің де марапаттау кешіне келмеген. Тек Нобель сыйлығын алғанда лекция оқуға келеді. Бірақ лекция орнына өзінің жаңа романынан үзінді оқиды. Оның өзі Робинзон Курузе жайлы. Сұxбат, пресс жиындарды жаны сүймейтін Дж. Максвелл Кутзее өмірі белгісіз деуге де болады. Оңтүстік Африка, АҚШ, Аустралия арасында өмір сүрген ол, көпшілікті жаны сүймейді. Адамға басқа да жануарлардан өзін биік қоюға ешкім құқық берген жоқ деп есептейтін ол етпен қоректенбейді. Жұмысқа велосипедпен барады. Жұмыстастары оның тек бір мәрте қонаққа келгенін, кеш бойы бір ауыз сөз айтпағанын баяндаған. Тіпті Кутзеенің күлгенін тек бір рет көргенін айтады. Ол ол ма? Оның есімінің өзі түсініксіз. Біреуі Джон, екіншісі Джозеф дейді. Кутзее африкалықтарда кутси, кутзи, кутцее деп айтылады деген нұсқа да бар. Аты-жөнімен бірге белгісіз Кутзеенің орыс тілді интернетте тек бір сұxбатын таптық. Оның өзі Нобельді алғаннан кейін берген. Журналист іздеп, жазушының еліне ұшып келгенде де онымен тек интернет желісі арқылы сұxбаттасқан екен. Сол сұxбатты аударып қойдық. Міне, оқыңыздар. Марxаббат!

https://adebiportal.kz/kz/news/view/dzh_m_kutzee_zhazushini_danishpan_sanau__taptaurin_tusinik__22407
Paiym
Photo
Осыдан бұрын қысқаша мазмұнын ұсынған едік, енді толық нұсқасын аударуды бастап кеттік. Мынау бір бөлігін салдық бүгін.

Ольга Токарчук, Нобель сыйлығының лауреаты.

Нобельдік дәріс

Мен сезінген алғашқы фото – анамның суреті еді. Ақ-қара түсті фотодан көп нәрсе көрінбейді, алуан түрлі түстердің орында тек сұрдың әртүрлі реңктері ғана бар. Жаңбырлы күні жарық жұтылып тұрған сияқты, көктем болуы тиіс, сәуле терезеден өтіп, бөлмені сәл жарықтандырған. Анам жасыл көзді, біреуі дауыс реттегіш, екіншісі радио арналарды іздеуге арналған екі тетігі бар радиоқабылдағыштың жанында отыр.

Бұл радиоқабылдағыш кейіннен менің балалық шағымның куәсіне айналады және осы құрылғы арқылы ғарыштың бар екенін білемін. Эбонит тұтқаны бұрағанда сезімтал антенна таяқшаларын қозғап, Варшава, Лондон, Люксембург, Париж сынды әртүрлі станцияларды ұстайтын. Кейде Прага мен Нью-Йорк, Мәскеу мен Мадрид арасында антенна таяқшалары қара құрдымға түскендей дауысы жоғалатын. Сол кезде денем тітіркенетін. Күн жүйесі мен галактикалар құрылғы арқылы маған хабар жеткізетініне сенетінмін, бірақ мен ол хабарды түсіне алмаймын деп қорықтым.
Бала кезімде осы суретке қарап анамның мені іздеп отырғанына, сол себепті құрылғы тұтқасын бұрағанына сенімді болдым. Шексіз ғарышты сезімтал радар іспетті шолып, мені қайдан және қашан күту керектігін біліп отырды деп ойладым. Шаш үлгісі мен көйлегі фотоның қашан түсірілгенінен хабар береді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары болса керек. Кадрдың сыртына көз тастаған, илмиген әйелдің бізге белгісіз бір нәрсеге қарап тұрғаны анық. Бала кезімде анам уақытқа қарап тұр деп түсіндім. Фотода ештеңе болып жатқан жоқ, Бұл процесстің емес, күйдің суреті. Анамның көңіл-күйі жоқ, ойға батқан, ол сол жерде және сол жерден тыс секілді. Кейін мен оның көңілсіздігінің себебін сұрадым және көп мәрте. Жауап өзгермейтін. Ол менің әлі тумағаныма қарамастан мені сағынып отырғанын айтатын. «Мен жоқ болсам қалай сағынасың?» - деп қайыра сұрайтынмын.
Айырылып қалған адамдарды сағынуға болатынын, жоғалтудың сағыныш тудыратынын сол кезде білетінмін. «Бірақ керісінше де болады, - деп жауап берді анам, - Егер біреуді қатты сағынсаң, ол адам бар деген сөз». Бұл 1960-шы жылдары Польшаның батысындағы шағын қалашықта болған ана мен қызы арасындағы диалог менімен бірге мәңгіге қалды және бүкіл өміріме қуат сыйлады. Осы сәттен бастап менің өмірім кездейсоқтық пен материалдықтың, себеп пен салдардың, шындық заңдылықтарының үстіне шықты. Өзімді уақыттан тыс, мәңгілікпен көршілес сезіндім. Бала кезімде мен өзіме көрінгеннен де биік екенімді ұқтым. Тіпті «Мен жоқпын» десем де «мен» алғашқы орында тұрады. Бастысы әрі ең қызығы сөз жүзінде де «мен» алғашқы орынға шығады. Солай менің діншіл емес анам маған бұрындары жан дүниесі деп атайтын сыйлық тарту етті және мына әлемге сезімтал әңгімеші қылып жіберді.

Жалғандық оқырман сенімін жоғалтты

Әлем – біздің күнделікті қатысуымызбен ғаламат үлкен ақпарат машиналарын, дисскуссиялар, фильмдер, кітаптар, өсек пен әзілдерді шығару арқылы жасалып жатқан материя. Бұл ақпарат машиналарының интернеттің арқасында ауқымы кең. Кез-келген адам жауапкершілігі бар болса да, жоқ болса да, мейірімділікпен немесе кекшілдікпен, пайдалы немесе қатігездікпен. өмір үшін немесе өлім үшін осы процесске қатыса алатын мүмкіндікке ие. Сөз өзгерсе болды, әлем өзгереді. Осы мағынада әлем сөзден жаратылған. Біз ғалам жайлы не ойлаймыз және бастысы ол туралы қалай әңгімелейтініміз өте маңызды. Айтылмаған нәрселер өмір сүруін тоқтады, өледі. Бұл туралы тек тарихшылар ғана емес, әр сатыдағы саясаткерлер мен тирандар да біледі (тіпті басқалардан бұрын білуі де мүмкін). Билік сөйлегеннің қолында. Бізде болашақ түгілі, қазіргі жылдам өзгеріс үстіндегі осы шаққа да дайын әңгімелеу мен баяндау табылмай тұр.
Бізге тіл, көзқарас, метафора аздығы, мифтер мен жаңа ертегілер жетпей тұр. Оған қарамай біз бүгін ескі, таптаурынға айналған, уақыттан қалған әңгімелеудің, сипаттаудың болашақтың образдарына жармасқанын көріп отырмыз.
Paiym
Photo
Бұл ескінің ештеңесі жоқ жаңадан жақсы немесе сол арқылы өз кеңістігінің тарлығынан айырылғысы келгендердің болжамы деп ойлаймын. Қысқасы, бізге әлемді жаңаша сипаттау мүмкіндігі жетпей тұр.
Біздің өмір бірінші жақтан сөйлейтіндердің дауысымен толысып жатыр, әр қадам басқан сайын көп дауысты шуға кез боламыз. «Бірінші жақ» дегенім тек өз атынан және өзі жайлы айтатын, әңгімелеушіге немесе автордың «менімен» қатынасқа түсетін кішкене ортаны сипаттайтын әңгімелеу әдісі. Біз бұл индивидуалдықты, «меннен» тарайтын әңгімені, тіпті бұдан да кең ауқымға жете алса да, ең нақты, адами, қалыпты деп таныдық, қабылдадық. Бірінші жақтан әңгімелеу дегеніміз қайталанбас ою салу, өзіңнің қайталанбайтындығыңды түсіну, өз тағдырыңа бой ұсыну. Бұл өз кезегінде өзіңнің «менің» әлеммен қақтығысқа түсетініне, кейде тіпті жоғалтуға дейін баруға дайын екендігіңді көрсетеді.

(Жалғасы бар)

Абзал Сүлеймен
Paiym
Photo
Ольга Токарчук

Осы бөлігінде жазушы бірінші жақтан жазу жайлы, сериалдар жайлы, жалпыға қолжетімді білімнің қалай қауіпке айналғандығын, өзіндік "мен" өркениетке қаншалықты үлес қосқанын, әдебиеттің, жазудың қарсыласы атанған ақпарат дәуірі мен ойдан шығарған дүниенің - шындықтың басқа түрі екені жайлы айтады.

Нобельдік дәріс (жалғасы)

Батыс өркениетінің басым бөлігі адамзаттың теңі іспеттес «менді» ашудан құралған. Бұл жерде адам басты рольде және оның ойына, пікіріне, көптің бірі болса да, құрметпен қарайды. Бірінші жақтан әңгімелеу адамзат өркениетінің құрметке лайық, сенімге құралған ең құнды табысының бірі.
Әңгімелеудің осы түрі әлемді өзге біреудің «менімен» көріп, соның тарапынан сипатталған қоршаған ортаға көңіл бөлуге, әңгімелеушімен байланыстырып және оның қайталанбас ұстанымында болуға итермелейді. Осы тәсілдің әдебиет және адамзат өркениеті үшін орасан зор маңызын атап өтпеу мүмкін емес, себебі әңгімелеудің осы түрі біз араласуға мүмкіндігіміз болмаған Құдайлар мен қаһармандар аренасынан адамдарды алға шығарып, жеке әңгімелеріміз арқылы ғаламды көруге мүмкіндік ашып берді. Өзіміз сияқты пенделерден өзімізді табу қиын емес, сол себепті жазушы мен адам арасында эмпатия негізге алынатын эмоционалды келісім пайда болады. Эмпатия өз кезегінде шекараларды бұзуға ұмтылады – романда автор мен оқырман арасындағы «мендер» қамалын бұзу оңай және шығарма осы қамалды бұзуға бағытталады әрі эмпатия әсеріндегі оқырман белгілі бір уақыт ішінде жазушыға айналады.
Сонымен әдебиет әркім өзінің тағдырымен бөлісіп немесе өзінің alter ego-сын (өзге мені) сөйлету алаңына айналды. Бұл алаңда демократия басым, әр адам өзі сөз алып, әр адам сөйлейтін кейіпкерді тудыра алады. Адамзат тарихында ешқашан осынша көп адам жазу және әңгімелеумен айналыспаған шығар.
Сандарды сөйлетуге болады. Кітап жәрменкелерінде шыққан кітаптардың басым көпшілігі автордың «менімен» тікелей байланысты. Өз болмысынды көрсету инстинкті өнерде өзіңді толық көрсетуге мүмкіндік береді және бұл өмірімізді көрсететін басқа да инстинктерден кем емес болса керек. Бәрі өзіне көңіл аудартқысы келеді, бәрі қайталанбауға тырысады. «Өз оқиғамды айтамын», «жанұямның оқиғасын айтамын», «қайда болғанымды айтамын» сынды әңгімелер – қазіргі таңда ең танымал әдеби жанрға айналды деуге болады. Көпшілігі жеткен сауаттылық бұрындары аз ғана адамдардың еншісінде болған сөз арқылы өз болмысын таныту мүмкіндігіне қол жеткізеді. Бұл өз кезегінде, парадоксалды болса да, солистерден құралған, бірінің үстіне бірі шыққан дауыстар өзіне көңіл аудартуға тырысып, ұқсас траектория бойынша қозғалып, соңында бір-бірін тұншықтыратын хорға ұқсайды. Біз олар жайлы бәрін білеміз, олардың әрқайсысымен бірігуге және олардың өмірін өзіміздікіндей сүруге шамамыз жетеді.
Осыған қарамастан автордың «мені» әмбебап еместігі анықталған жағдайда, оқырмандар қанағаттанбайды. Бізге әңгімелеуде мысалдық өлшем жетпейді. Мысалдағы қаһарман – бір мезетте анықталған тарихи және георграфиялық жерде және сол мезетте барлық жерде және әркім бола алатын кейіпкер.

Ойдан құралған әлемге түскенде оқырман қаһарманның тағдырын қабылдайды және роман тапсырмасын өзінікіндей көреді. Ал мысал өзіңнің жеке тұлғаңнан бас тартып, әркім болуға жүктейді. Психология көзқарасы бойынша таптаурынға айналмаған мысал әдісі әр тағдырға ортақ қорытынды тауып, біздің тәжірибеміздің әмбебаптығын көтермелейді, бұл жерде біздің дәрменсіздігімізді көрсетеді. Сансыз көп есімдер мен атаулардың арасында жұтылып кетпес үшін ауқымы кең әдебиетті жанрға бөлуге кіріскен секілдіміз. Құдды спорт түрлері сияқты және бұл жерде жазушылар жоғарғы лиганың спортшылары сынды. Кітап нарығының жаһандық комерциалануы салалардың даралануына әкелді – толығымен детектив, фэнетзи және ғылыми фантастикаға негізделген өзінің тұтынушылары бар, өзімен өзі өмір сүретін әдеби жәрмеңкелер мен фестифальдер пайда болды.