Paiym
41 subscribers
62 photos
7 videos
50 links
Download Telegram
Forwarded from Нектарин
Өткен айда ашық ғарыш кеңістігіне шыққан тұңғыш ғарышкер Алексей Леонов дүние салды. Леша мырзаның сурет өнерімен де айналысқанын білесіз бе? Ғарыш тақырыбындағы жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз
"Сенің жадың сенің киімің іспетті шұрық-тесік. Тігісі де біркелкі емес. Әртүрлі бөлшектер, әртүрлі матадан тігілген құрақ. Есіңде қалғаны тек жарқ еткен сәуле ғана. Ол не болды? Жарылыс па, әлде ғажайып құбылыс па екен? Сен тіпті мына бұзылған үйдің алдына қалай келгеніңді де білмейсің. Айналаңа қара. Ештеңе таныс емес, иә? Мен сені түсінемін. Сендейлерді көру екінші жұмысыма айналды. Бірінші жұмысымның жоқ екенін ескергеннің өзінде. Сенің есіңде қалған ескі касеталардағы секілді эпизодтарды ұмыт. Өмір енді ешқашан бұрынғыша болмайды. Сен өмір үшін күресесің. Әлі мың өлесің, мың тірілесің. Сен қазақсың, прикинь. Мына бұзылған үйді жөндеуің керек. Енді сен менің құлымсың. Әне, тыңда. Мына ескі үйден біреудің даусы естіле ме? Көмекке шақырып жатыр. Жан айқайы шықты байқұстың. Сен ештеңе білмесең де, адами бір қасиет ішіңде оған көмектесу керек деп тұр. Бірақ ол біреудің саған қондырған бағдарламасы ғана", - деді де геймер Down of zombie: survival ойынындағы кіріспеге enter басты. Шизик епт
Кеше ғажап жаңалықтардың легі прям көп болды. Санжардың ашуланғаны сонша, Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Джокер мен "Не бей, люби" суреттерін өшірмейтін болды. Ашуы жаман деп айттым ғой. Содан кейін "сверxземля" дейді ғой, сондай бір GJ 357 d атты экзопланета табылды. Экзопланета дегеніміз - Күн жүйесінің сыртындағы кез-келген планета. Ғалымдардың пайымдауынша, өмір сүруге қолайлы болуы мүмкін. Жерден үлкен. Анық зерттеуге ыңғайлы, жақын орналасқан. Ну жақын болғанда... Ғарыштағы қашықтықтарды білесіз ғой. Салыстырмалы түрде жақын. Алдыңғы посттарда бәріміз өлеміз деп едім ғой. Шанс бар, ребята, шанс бар
Кеше чатта бір қызық айтып едім, сіздерге де айтып берейін, сүйікті каналдастарым. Қысқасы, бір жасы егде кісімен бір мезетте дүкеннің ішінде кезек күтіп қалып, амал жоқ сөйлесуге тура келді. Сосын ол кісі: "Шолпан жұлдызы туып..."- деп бастай бергенде, "Шолпан" жұлдыз емес планета",- деп айта бергенім сол еді ренжіді де қалды. Ойбай енді дұрысы сол ғой деп мен де ренжітпеуге тырысып барынша жымиып, көңіліне келмесін деп жатырмын. Сөйтсем ол кісі: "Сен Еуропаша қарайсың, шығысша қарау керек оған", - деді. ??? Шығысша деген қалай қарау деген сөз сонда? Егер сондай "қарау" түрі болса, Шолпан жұлдызға айналып кете ме? Ньютоннан бері, Галилеолардың бәрі қателескен екен онда. Енді сәл сөйлессем Күн деген жұлдыз емес дейін деп тұр екен. Ну ладно. Фотода: Шолпанның Осы кезге дейін түсірілген ең анық фотосы.
Paiym pinned Deleted message
Санжар қалай гомофобтықтан айырылды немесе ашу тудыратын қорқыныш

Сәлем! Неге пост жазбайсың деген толассыз екі сообщениеден кейін бүгін жазу керек деп шештік. Телегадағы канал өте керемет жер деп ойлаймын. Ешкім саған жауап бере алмайды. Ешкім өзінің аса құрметті "өз ойын" жаза алмайды. Чат бар. Бірақ чатта Әтіллә да бар. Ол жерде полный трэш. Диктатура. Айтпақшы, осы фб парақшаларының көбінде өз ойым деп аяқтайтын адамдардың өз ойы жоқ екенін қалай түсіндіруге болады? Мүмкін емес сияқты. Жарайды. Постқа оралайық. Бүгін қорқыныш пен ашу жайлы жазғым келді. Немесе қорқыныштың салдарынан болған ашу. Қазір толерантты болу модада. Сол себепті адамдарда біреу сені толерантты емес деп ойлап қалады деген қорқыныш та бар. Байқасаңыздар әлеуметтік желілердегі комменттердің почти барлығы негатив. Менің ойымша, мен де өз ойымды қыстыра кетейін, қазіргі адам санасы өте көп ақпарат алады. Бірақ оны қорыту мүмкіндігінен айырылған. Сол себепті ол өзінің білетін нәрсесі мен білмейтін дүниелерінің арасындағы шекараны көрмейді. Яғни шекарадан асса да, оны сезу рефлексінен айырылған. Мысалы, ол черная дыраның (осының қазақшасы қалай?) қалай жұмыс істейтінін білмеймін бе, ол туралы ондаған кинодан көргенмін деп, оны білмеуден қорқады бір, екіншіден өзінің шекарасынан асады. Сол үшін де сен не істеп, не істеме комментарийлердің өте ашулы болуы заңды деп ойлаймын ғой жаңағы. Яғни, адам бір нәрсені білмеуден немесе қазіргі трендтен қалудан қорқады. Мұны біз күнделікті саяси жазба астындағы комменттерден де байқай аламыз. Бізде бәрі Қосановты қойылым қойды деп санайды. Мен оны ақтап та, даттап та тұрған жоқпын. Бірақ ол жерде бір адам оны ақтап жазғанын көрмедім. Ешкім білмейді ғой. Парето заңдылығына сүйенгеннің өзінде 20% адам жақтауы тиіс еді. Дегенмен қазір саяси активизм де модада. Яғни адамдар оны сатқын деп айтпасам, мені де бәрі сатқын деп ойлайды деп түсінеді. Толеранттылық жайлы айтатын адамдардың көбі ондай емес, тек қорқыныш салдарынан сондай болғысы келетін сияқты. Бұл дегеніміз толерантты болмау керек дегеніміз емес. Керісінше, ол керемет дүние. Адамды қалай бар солай қабылдай алу ол адамзаттың одан ары өз жанын түсінуге итермелейді. Әрине, обыденный, философиялық емес діни дүниетанымда бұл көрсеткішке жету қиын. Догма скептик немесе иронияның дамуына кедергі жасайды. Ал енді каналдан шығуға асықпаңыздар. Біз ЛГБТ жайлы да осы тақырыпқа байланысты ойлана салуымыз керек бес минут. Гомофобия бізде өте кең жайылған, тек Санжар олардан емес. Гейлер, лезбиянкалар, бисексуалдар мен транстар бізге дейін де болған, бізден кейін де болады. Адам сондай белгілі бір "нормальный" адамның сексуалдық ынтығынан сәл ауытқып туады. Это нормально. Осы үшін оларды өлтіру немесе отқа жағу сіздің және сіз ұстаған діннің керісінше әлсіздігін білдіреді емес пе? Оны ешкім өзгерте алмайды, достар. Ешқандай оқыту, крещение, будданың басына барсаң да оларды қарсы жынысты адамға ынтықтыра алмайсың. Адамдар солай туады. Тіпті жануарлардың арасында гейлері мен лезбиянкалары бар. Бұл адам жаралғалы келе жатқан дүние ғой. Андрогин жайлы мифті білетін шығарсыздар иә? Екі басты, төрт қолды, төрт аяқты адам болған деседі. Олар тағы екі жынысты болған екен. Құдайға қарсы шыққан бұларды Зевс қақ ортасынан бөліп тастаған көрінеді. Содан бері сол жартылар өздерінің екінші жартысын іздеумен болады делінген. Иә, дұрыс қой, әйел мен еркек бір бірін іздегені дейсіздер ғой. Бірақ андрогиндер үш түрлі болған. Біреуі чисто еркектік, яғни екі еркек жынысты, чисто әйелдік тоже сондай, и қос жынысты. Мәселе мифтің рас өтірігінде емес, мәселе сондай адамдардың соншалықты ерте заманнан бар екендігінде. жо-жоооқ, қазақтар ерекше жаратылған, бізде ондай болмаған десеңіздер сіздер адамдарды бөлген болып есептелесіз, яғни діни дүниетанымыңызға қарсы шығасыз. Өз өзіңізді жоққа шығармаңыз. Осыған дейін де өмір сүрдіңдер ғой. Дальше өмір сүре беріңдер олардың көзін шұқымай.
Ал Санжар бұрыннан олардан қорықпайды, керісінше қолдау көрсетіп жүр! Жақында митингіге шықпақшы болған еді, митингке рұқсат бермепті. Ладно, бәріміз Санжарға сәттілік тілейік!
⬆️⬆️⬆️
Anonymous Poll
92%
👍
8%
👎
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ғарыштағы өмір де оңай емес)