Paiym
41 subscribers
62 photos
7 videos
50 links
Download Telegram
Тірі екенімізді білдіру
Anonymous Poll
89%
Иә
11%
Жоқ
Paiym
Photo
Экзистенциализм ол - гуманизм (Жан-Поль Сартр)

Мен де өзімнің қалай қартаятынымды көргім келеді. Маған өте қызық. Жастық шақ ол үнемі күрестің, депрессияның, қателіктің, стресстің, үнемі ақылдың немесе тәжірибенің жетіспеушілігінің кесірінен қиын өтеді. Шынымен, өз өзіне қол жұмсағандар арасында егде жастағыларды көп көре бермейсіз. Ақыл тоқтатқан уақытта, әрине егер ол мүмкін болса, өзімнің қандай шешім қабылдай алатыным қызықтырады. Жақында бір жас жігіт өнер туындысынан қандай мән іздеген дұрыс деп сұрады. Менің ойымша ешқандай мән іздеудің қажеті жоқ. Ол мән тіпті өмірде де жоқ деп пе еді бір ғұлама? Егер ол мән болғанның өзінде ол тек біреу ғана ма? Көп болса қанша? Егер таңдау қажеттілігі туса, қай мән маңыздырақ болады? Жалпы өзі мән деген не нәрсе? Оны неге іздеу керекпіз? Ол ортақ нәрсе ме немесе әр адамда жеке ме? Жындануға болады, иә? Адам ешқашан өзіне көңілі толмайды. Ол мүмкін емес. Хэмингуэй айтады ғой, адамға қажет нәрсені берсең, ол қолайлылықты қалайды, қолайлы қылсаң, ол шалқып өмір сүргісі келеді, оны да берсең, ол мінсіздікті қалайды, оны алған кезде ол ақылға қонымсыз дүниелерді қалайды, оған қажеттінің барлығын берсең, ол өзіне керек нәрсені алмағандығын, оны алдап кеткенін айтады. Адамзат ретінде, жеке түр ретінде біз керемет жетістіктерге жеттік. Жер шарында үстемдік еттік. Бірдей болсақ та, әр жақта әр түрлі тілде сөйледік. Олардың әр қайсысын өзіндік заңдылықтарға бағындырдық. Жеке мәдениетке ие болдық. Бір бірімізді жек көрдік және бір бірімізді жақсы көрдік. Әр жақтағы әр адам айналасына бір мақсатқа жұмыс істейтін адамдарды біріктірді. Арасы алшақ жатқан екі топ адам екі мақсатта бір біріне қарсы жұмыс істеуге үгіттеді. Соғыс болды. Жеңіс болды. Жеңіліс болды. Тіпті геноцид жасалды. Дәл өзі сияқты адамды басқа тілде сөйлегені үшін жойып жіберуге дейін барды, кейін сол елдер қайта бірігуге және гуманизмге шақырды. Адам ешқашан қателіксіз ештеңе істей алмайды. Істемеген де. Бір ғана демократияның пайда болуы үшін мыңдаған соғыс, революциялар болды. Бір ғана Жердің шар тәріздес екенін дәлелдеу үшін қанша адам отқа жағылды. Адамзаттың парасат иесіне айналуы, білімді меңгеруі - суреткерлердің ықпалы. Тесла айтады: "Күннен күнге артып келе жатқан ықпал бар. Ол суреткердің ықпалы. Олар математик, теxнократ, қаржыгер болғысы келетінін білген күн - адамзаттың ең бақытты күні",- дейді. Шығармадан сіз қандай мән іздегеніңіз маңызды емес. Ол мән сіздің миыңызға дән болып егіліп қойған.

Картина: "Әлемнің құтқарушысы", Леонардо да Винчи. Суреттегі Исаның бет жүзінің "Джакондаға" ұқсауына байланысты, "Ер Джаконда" аталып кеткен. Ең қымбат картина ретінде тариxта қалды. 2017 жылы 450 млн долларға сатылған.
Экзистенциализм - ол гуманизм
Anonymous Poll
73%
👍
7%
👎
20%
🙏
"Не бей, люби" деген керегедегі сурет қаланың немесе сіздің жеке басыңыздың қай жеріне сыймайды?
Forwarded from Нектарин
Өткен айда ашық ғарыш кеңістігіне шыққан тұңғыш ғарышкер Алексей Леонов дүние салды. Леша мырзаның сурет өнерімен де айналысқанын білесіз бе? Ғарыш тақырыбындағы жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз
"Сенің жадың сенің киімің іспетті шұрық-тесік. Тігісі де біркелкі емес. Әртүрлі бөлшектер, әртүрлі матадан тігілген құрақ. Есіңде қалғаны тек жарқ еткен сәуле ғана. Ол не болды? Жарылыс па, әлде ғажайып құбылыс па екен? Сен тіпті мына бұзылған үйдің алдына қалай келгеніңді де білмейсің. Айналаңа қара. Ештеңе таныс емес, иә? Мен сені түсінемін. Сендейлерді көру екінші жұмысыма айналды. Бірінші жұмысымның жоқ екенін ескергеннің өзінде. Сенің есіңде қалған ескі касеталардағы секілді эпизодтарды ұмыт. Өмір енді ешқашан бұрынғыша болмайды. Сен өмір үшін күресесің. Әлі мың өлесің, мың тірілесің. Сен қазақсың, прикинь. Мына бұзылған үйді жөндеуің керек. Енді сен менің құлымсың. Әне, тыңда. Мына ескі үйден біреудің даусы естіле ме? Көмекке шақырып жатыр. Жан айқайы шықты байқұстың. Сен ештеңе білмесең де, адами бір қасиет ішіңде оған көмектесу керек деп тұр. Бірақ ол біреудің саған қондырған бағдарламасы ғана", - деді де геймер Down of zombie: survival ойынындағы кіріспеге enter басты. Шизик епт
Кеше ғажап жаңалықтардың легі прям көп болды. Санжардың ашуланғаны сонша, Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Джокер мен "Не бей, люби" суреттерін өшірмейтін болды. Ашуы жаман деп айттым ғой. Содан кейін "сверxземля" дейді ғой, сондай бір GJ 357 d атты экзопланета табылды. Экзопланета дегеніміз - Күн жүйесінің сыртындағы кез-келген планета. Ғалымдардың пайымдауынша, өмір сүруге қолайлы болуы мүмкін. Жерден үлкен. Анық зерттеуге ыңғайлы, жақын орналасқан. Ну жақын болғанда... Ғарыштағы қашықтықтарды білесіз ғой. Салыстырмалы түрде жақын. Алдыңғы посттарда бәріміз өлеміз деп едім ғой. Шанс бар, ребята, шанс бар
Кеше чатта бір қызық айтып едім, сіздерге де айтып берейін, сүйікті каналдастарым. Қысқасы, бір жасы егде кісімен бір мезетте дүкеннің ішінде кезек күтіп қалып, амал жоқ сөйлесуге тура келді. Сосын ол кісі: "Шолпан жұлдызы туып..."- деп бастай бергенде, "Шолпан" жұлдыз емес планета",- деп айта бергенім сол еді ренжіді де қалды. Ойбай енді дұрысы сол ғой деп мен де ренжітпеуге тырысып барынша жымиып, көңіліне келмесін деп жатырмын. Сөйтсем ол кісі: "Сен Еуропаша қарайсың, шығысша қарау керек оған", - деді. ??? Шығысша деген қалай қарау деген сөз сонда? Егер сондай "қарау" түрі болса, Шолпан жұлдызға айналып кете ме? Ньютоннан бері, Галилеолардың бәрі қателескен екен онда. Енді сәл сөйлессем Күн деген жұлдыз емес дейін деп тұр екен. Ну ладно. Фотода: Шолпанның Осы кезге дейін түсірілген ең анық фотосы.
Paiym pinned Deleted message