World Press Photo, 2017 - үздік фото
«Түркиядағы адам өлтіру»
Фото авторы: Бурхан Озбиличи. Фото 2016 жылы, 19 желтоқсанда түсірілген. Анкарадағы фотокөрменің ашылу салтанатында болған оқиға. Мевлют Мерт Алтынташ Ресей елшісі Андрей Карловты өлтіргеннен кейін айқайлап тұр.
Бұрынғы полицей Мевлют Мерт Алтынташ іскер адамша киініп, пистолетті алып шығып елшіні атып өлтірген. Содан кейін: «Бұл Алеппо үшін кек алу. Біз сол жақта, ал сен осы жерде өлесің»,- дегеннен кейін де «Аллах акбар» деп айқайлапты.

«Пайым» оралды. Мен тұрмақ әлем астаң-кестең болып, уақытымыз болмай біраз уақыт тұрып қалған едік. Қайта жалғастыруға бел будық. Әдебиет, науч-поп, қолөнер, сурет тақырыбы қозғала бермек. Сонша уақыт күтіп, шығып кетпеген адал оқырмандарға шексіз ризамыз. Біз оралсақ, суреттегі персонаж да посттарда болады деген сөз ғой
Бір қайталап оқуға рұқсат
https://telegra.ph/ZHalpy-%D2%B1ltty%D2%9B-sauattyly%D2%9B-Doktor-Foks-ehffekt%D1%96-03-08

Telegraph
Жалпы ұлттық сауаттылық. Доктор Фокс эффекті
Біздің дәл қазіргі елдің даму үрдісі, оның ішіндегі азаматтық пікірдің қалыптасу барысы, не нәрсенің болып, не нәрсенің болмай жатқандығын түсініп, оған аз да болса баға бере алатын кезеңді көргеніміз бір жағынан жақсы; романтизм, шығармашылық тарапынан;…
Forwarded from •Scotophobia • Edilbek Dúısen•
Бүгін және осыдан тура бір жыл бұрын Элиоттың әйгілі "Шөлі" қазақшаланған еді. Тәржіман: Абзал Сүлеймен. Тағы бір қайтара оқылық!
Бұл жерде менің "Желге ұшқан түстер" деген өлеңіме пікір жазылыпты. Оқып шығамын десеңіз марxаббат.
http://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=3691

КІРПІК ҚАҚҚАНША ЖАЗЫЛҒАН КІТАП
* * *
Инсульт алғаннан кейін сал болып қалған француз жазушысы, журналист Жан-Доминик Боби кірпік қағу арқылы тілдесу тәсілін қолданып 140 беттік бір кітапты "кірпігімен қағып" шыққан.
*
Адам тілсіз, дел-сал, бейшара күйде қалғанда көкірегін кернеген сансыз сезімдер мен арман-қиялы денесіне шыпылдап симай, арнасынан төгіліп, өзегіне құйылып, өртеп жан дүниесін қайғыға душар етеді. Мұнша қайғылы күйге душар болған жанның қиялы мен арманына толы кітабы бестселлерге айналды десем бір ғажайып сияқты иә?
"СКАФАНДР МЕН КӨБЕЛЕК" атты фильмді каналымыздан көре аласыздар.
Сән-салтанатқа толы өмір сүріп, оқыс жағдайда инсульт алып бейшара хәлге түскен Жан-Доминик өзінің шығармасында өткенге үңілуге, өмірдің мәнін іздеуге немесе әлденені түсінуге тырыспайды.
Ол естеліктерден қиялдарға, қиялдардан түстерге, армандардан сезімдерге тегіс ауысады.
*
Кітапты жазу үшін 200 000-нан астам жыпылықтау қажет болды.
*
Elle France журналының бас редакторы, Жан-Доминик Бобиге тағдыр 43 жасқа дейін бәрін берген: табысты мансап, әлеуметтік мәртебе, ақша және отбасы.
....
Шырғалаңға дейінгі оның өмірін былай суреттеуге болады:
сүйікті журналындағы жұмыс, көптеген саяхаттар, қызықты адамдармен кездесулер және Париждегі ең керемет мейрамханаларда тамақтану...
Барлығы 1995 жылдың 8 желтоқсанында күрт өзгереді. Боби Парижден жаңа BMW спорттық көлігін мініп ұлымен жолығу үшін жолға шығады. Алайда кенеттен сырқаттанып, ауруханаға түседі.
10 күннен өткен соң, Боби қатты инсульттан кейін толықтай сал болып оянады.
*
Дәрігерлер «Locked-in-syndrome»(құлыптаулы синдром) деген диагноз қойды. Бұл айықпас ауруды жеңу мүмкін емес десе болады.
Санасы ояу, ақыл есі бола тұра Бобби арнайы құрылғыларсыз және біреудің көмегінсіз қозғала алмады, сөйлей алмады, тіпті тамақ ішіп, тыныс ала алмады.
Оның ендігі қалған өмірі осыншалық қайғылы және шарасыз болар еді...
*
Жалғыз тіршілік белгісі міне, оның сол көзін жыпылықтата алғаны.
Бұл Бобидің сыртқы әлеммен жалғыз байланысы еді.
Бір рет кірпігін қағу «иә», екеуі - «жоқ» дегенді білдіреді.
Уақыт өте келе достары мен дәрігерлері пациентпен сөйлесудің тағы бір әдісін ойлап тапты: олар француз тілінде қолдану жиілігіне қарай әріптерді ақырын айтып, нәтижесін дәптерге жазды. Дәл осы идеяның арқасында Боби ақырғы демі үзілгенше өзінің әңгімесі жайлы сыртқы әлемге "үн" қатады.
Екі айдан астам уақыт бойы медбике Боби оған күн сайын арнайы әзірленген алфавитті оқыды, ол қалаған әріпке көзін жыпылықтатып белгі беріп отырды.
*
Жан-Доминик бұл қиын процесті қандай да бір жолмен жеңілдету үшін басындағы барлық сөз тіркестерін,ойларын, сөйлемдерін бірнеше сағат бойы толғанады.
*
Күйініп қана отырған, тіршілігін тек қабағынан аңғартатын кемтар адамның солып бара жатқан денесінде жан бар, ал онда аяулы естеліктер мен ойлар, арман мен қиял бар. Сана соншалықты толассыз тасқын ойларға толған кезде қалықтап қана палатадан алыстап құдды бір көбелектер тәрізді ұшып, ақыр соңы өлімге бастап әкелетіні тым қайғылы...
*
«Скафандр мен көбелек» кітабы 1997 жылдың 6 наурызында басылып шықты және жарық көргеннен 2-ақ күн өткен соң Жан-Доминик Боби қаза тапты.
Он жылдан кейін американдық режиссер Джулиан Шнабель фильм түсірді, фильм кітаптан кем емес атышулы болды.
Көптеген беделді номинациялар мен марапаттарға иегері атанды.
***
Өмірінің соңы дәрменсіздік пен қорлыққа, азапқа толы болғанына қарамастан, ол әлемдік әдебиет пен кинематографияда өз ізін қалдырып барып қаза тапты.
_____________________________

Кеше ғана ақын Қанат Омар жазған поэманың бірінші бөлімін аударып көрдік. Қызығы сол қиындығында болды. Орыс тілінен аударма жасап жүрмін деп мәлімдеген соң орыс тілінің нақ әдеби тілінен де қотарып көру - міндетім секілді. Аударып отырып фразеологизмдерді тікелей аударатын әдебиетшілерге "қой" деу керек еді деп те ойлап қойдық. Хотя, әркім қай деңгейде құбылатынын өзі біледі ғой. Одан да мына кереметтей поэманы бір оқу керек. Кеңістік арасында саяxаттауды қалай жазу керек екенін түсініп алуға да болады. Біздегідей өте қиындатып немесе өте қарабайыр жазу, мысалы, тақырыбы ғана өлең де, қалғаны сандырақ секілді поэзияның деңгейі білініп қалып жатады. Қанат Омар да біздікі ғой, дегенмен қазақ тілді поэзияның деңгейін көтеруге болады деп ойлаймыз. Деңгей өлшегіш деңгейометрлер де осылай жазса, аса бір жұлдыздыққа шалдықпас еді. Марxаббат:
Ақын Қанат Омардың "Қабан кітабы" атты жаңа поэмасы - "Кітаптар кітабының" толық форматы. Текст кеңістігінде "Құдіретті комедияға", "Игорев жорығы жайлы сөз" және Алексей Хвостенконың "Сүйреуін" негіз қылып алған, скифтер даласына жалпы метагеография жасалған (контекстте Дмитрий Замятиннің саяxаты мен зерттеуі бар)
http://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=3707

Сәлем, достар! Бүгін біз «Дұшпан» фильмі, өнердегі өрмекші символикасы туралы жазып көрдік. Фильмді көріп, содан кейін оқысаңыз тіпті жақсы. Жо-жоқ, оқи берем десеңіз, марxаббат! Айтпақшы, тірі екендеріңізді білдіріп қойсаңыздар да болады.
https://telegra.ph/D%D2%B0SHPAN-%D3%A8RMEKSH%D0%86-TORLA%D2%92AN-%D3%A8NER-01-24 from Telegra.ph iOS App

«ДҰШПАН». ӨРМЕКШІ ТОРЛАҒАН ӨНЕР
Фильмнің мазмұны, өрмекшінің өнердегі символикасы, әдебиет пен кино үндестігінің артуы. Прозаиктерге, сәлем! Канадалық режиссер Дени Вильнёв бұл фильмді бейсана туралы деректі фильм деп айтыпты. Әлбетте, әркім өз фильмі туралы не айтса да жарасады. Фильм…
STYQ online аясындағы MÄTIL аудармашы ақындармен workshop жұмысының нәтижесі желіге шықты. Қазақстандағы қазақ және орыс тілді ақындар арасындағы байланыс, тәжірибе алмасу, бағыт бағдарды бағамдау, қысқасы, шығармашылық қуат алатындай мүмкіндік болды. Ағылшын және поляк тілінде жазатын Богдан Пьяческийді де тәжірибесімен бөлісті. Ол қазақша, біз ағылшын тіліндегі өлеңді аударып көрдік. Эксперимент те жасап көрдім, басқа аударма тәсілдеріне де ерік бердім. Қысқасы, бұл жақсы диалог болды. Бір елдегі екі тілді қоғам, екі түрлі поэзия, бір өнер. Назарларыңызға "Үрдіс" деген өлеңімнің орысша және ағылшынша нұсқасын ұсынып отырмын. Маған Рамильдің аударғаны ұнады, оның бұл текстке бас қатырып, ынта-шынтасымен кіріскенін де көрдім. Сәтті деп ойлаймын. Пьяческийдің аудармасын нақты білмеймін, ағылшын тілінде қалай оқылатынын, қплай қабылданатынын да. Бірақ екі тілді ақын, кәсіби аудармашының да өз жазары болған шығар. Сілтеме арқылы барлық жұмыстарды көре аласыздар. Бұл жерде әр автор өз өлеңдерін өздері оқыған аудио жолақ бар. Ақындарды ақындар аударсын қағидасы жақсы нәтиже берді. Әр ақынның өз түйсігі бар, өз әлеміндегі өлең бар. Ардақ Нұрғазы ағамыз өте жақсы комментарийлер жазып, редактор ретінде де кәсібилігі мен тәжірибесін көрсетті. Ол кісіге қазақ поэзия аудармасы қарыздар екені анық. Олай болса, марxаббат:
Үрдіс
Көрдіңіз бе сіз Айды?
Бетін сипаған әже төсек тартқалы бері
Айға сәлем беруді қойған.
терезеден түскен сәуле
Оның да бетінен сипай алмас.
Шекара сызығына айналған өзен де тартылуға шақ,
Бұл жерде тіршілік болмағалы қашан?
Жағадағы қамыстар жапырылғанда
Су бетінде тек Ай сәулесінің дірілі ғана көрінетін.
– Жүріңіз , тас атып ойнайық!
– «Енді бұл жерде су да жоқ!»*
– Жүріңіз, қолымнан ұстаңыз!
– «Шіркін, бір тамшы су болсашы!»*
Сор түбінен ұшқан топырақтан да ауыр қайғыға,
Жон арқасын желге тосқан
Дала шөбі де шөгеді.
Сіз зират басына көшкен мыңдаған Айды көрдіңіз бе?
Мүктің үнемі ағаштың солтүстік бетіне бітетінін айтқанда,
Сіз көрдіңіз бе? Мыңдаған айдың сөнгенін?
* Т. Элиоттың «Шөл» поэмасынан
Сдвиг
В переводе Рамиля Ниязова
Вы видели Луну?
С тех пор как ажé слегла,
Стало некому здравствовать Луну.
Падающий через окно свет
Больше не омоет её лицо.
Реке, ставшей границей, пора высохнуть.
Как давно здесь не было жизни?
Когда прибрежные камыши пригибаются к земле,
На поверхности воды только дрожь от лунного света.
— Идём метать камни!
— «Но нет здесь воды»*.
— Идём, держите меня за руку!
— «Эх, о если бы только была вода!»*.
Даже степная трава, подставляющая
Спину холма ветру, поклонилась
Скорби, что тяжелей земли, летящей из корней солончака.
Вы видели тысячу месяцев, откочевавших на кладбище?
Говорят, мох всегда растёт на северной стороне дерева:
Вы видели? Как тысячи Лун погасли?
Shift
В переводе Богдана Пьясецки
Have you seen the Moon?
When grandmother fell ill
we stopped greeting the Moon.
Light through a window
could no longer caress her face.
Time for the river turned border to run dry.
How long since life left this place?
Since the reeds on the shore bent low
the surface rippling with moonlight.
Let's go play rock skipping!
"But there is no water"*
Let's go, hold me by the hand!
"If there were only water!" *
Grief like dust blown from salt flats.
The hill turned its back to the wind
and the steppe grass bent low.
Did you see the crescent Moons travelling to the grave?
They say moss grows on the northern side of a tree,
did you see? When all those Moons faded?
*T.S. Eliot: The Wasteland
https://l.instagram.com/?u=https%3A%2F%2Fmsha.ke%2Fstyq.online%2F&e=ATNF9ZymAFTnrjP2R_G1ZJrqLnjDLgAsbgirg9_15_KPeaB9Ii6CX0D2fCHVZp8xUY2cVsfUHBlIA5yj0_MzHKM&s=1

Жаңа өлеңдерім "Әдебиет порталында":
https://adebiportal.kz/kz/news/view/abzal_suleimen_kushadi_aspan_zhanimiz_burlegenge_deiin__23394?fbclid=IwAR00UKZ4jDq2PmYNW1vGR0F3OKlf-1Sk6nKdaBAz-9Y2DOj1uzzXG1AJGUQ

adebiportal.kz
Абзал Сүлеймен. Құшады аспан жанымыз бүрлегенге дейін | Әдебиет порталы
«Әдебиет порталы» әдебиет әлемі. Оқыңыз. Тыңдаңыз. Көріңіз. Қатысыңыз. Бірге болыңыз!
Заманауи қазақ суретшілерінің туындыларын талдап жазған мақала жоқ деуге болады. Бұл қазақ тілді өнер анализінің алғашқысы. Қарғалдақтың мақаласы. Шаттық Батан шығармашылығы xақында
https://telegra.ph/ZHOLAJRY%D2%9A-06-02
https://telegra.ph/ZHOLAJRY%D2%9A-06-02
Telegraph
ЖОЛАЙРЫҚ
Заманауи сурет өнері туралы сөз қозғалса, «түсініксіз шимайға» теліп, ат тонын ала қашатындар бар. Иә, эксперимент көп, бірақ оның бәрі де сәтті деп айта алмаймыз. Дегенмен жасалған қадамға оң немесе теріс пікірдің айтылғаны дұрыс деп ойлаймыз. Бүгін біз…
"Әке өлтірудің" екі түрлі нұсқасы. Екі аудармашының жұмысына қарап, өлең аударуда тек тіл білумен қатар, ақындық түйсіктің де керек екенін аңғаруға болады.
Әке өлтіру
Қашан өткені де,
Қалай өткені де белгісіз балалық шағымыз
Бізді тапжылмай күткен туған жерде әкені еске алдық,
Лезде ұмытуға тырысып қайта.
Мәйітті жерлеушілердің ауаны тербеген күрсінісі,
Артында жылағандардың ауық-ауық дауысы -
Бір сәт ауада қалқып...
Бір сәтке бәрі меңіреу күй кешіп,
Ештеңенің мәңгі еместігін түсінгендей.
Аяғымызды сүйретіп басамыз,
Құдды тек қозғалыс қана тірілтердей уақытты...
Оның соңғы сапарында желден жусан жапырылып,
Құйын топырақ көтерді.
Жерледік сосын біз оны,
Естеліктерімізбен бірге зіл батпан топырақ астына
УБИЙСТВО ОТЦА
В переводе Ануара Дуйсенбиева
В родных краях, где нас поджидало детство,
Неизвестно когда прошедшее,
Неизвестно как прошедшее, мы вдруг вспомнили об отце,
Тут же попытавшись о нем забыть.
Беспокоящие воздух вздохи тех, кто хоронит тело,
Еле слышные голоса тех, кто плачет где-то позади —
На миг только зависнут в воздухе…
На миг все погружается в тишину,
Напоминая, что ничто не вечно.
Плетемся еле мы,
Как будто лишь движенье оживляет время…
Полынь под ветром поклонилась и почва взвилась вверх от вихря,
В последний путь его провожая.
Потом мы его похоронили,
Под тяжелой тяжелой землей, вместе с воспоминаниями…
Отцеубийство
В переводе Анастасии Белоусовой
Неизвестно когда,
Неизвестно как прошедшее детство
На так упорно ожидавшей нас родной земле вспомнили об отце
И постарались сразу же забыть.
Воздух шевелят вздохи тех, кто хоронит
Позади нет-нет раздаётся плач
Одно мгновение повисает в воздухе...
На одно мгновение каждый останавливается в безмолвии,
Словно осознав ничегоневечность.
Месим ногами воздух
Словно только движение может оживить время...
В последний путь провожает склонившаяся под ветром полынь,
Вихрь вскинул почву.
Потом мы его похоронили
Под горою сырой земли, вместе с нашими воспоминаниями...

Өнер кідіруді білмейді, үнемі дамып, жетіліп отырады. Өзіне дейінгі үздік үлгілерді сіңіріп, алдыңғы буын тоқтаған жерден кейінгі буын ары қарай жалғастырады. Бұл ретте алдыңғы толқынның кейінгілерге көңілі толмауы, кейінгі толқынның алдыңғы буынға құрметі мен «әттеген-айы» қатар өрілуі – заңды құбылыс. Әртүрлі ағымдар мен бағыттардың бастауы да осы «әттеген-айдың» себебінен туындайды десек қателеспейпіз.
Бұған дейін БАҚ беттерінде түрлі дәрежеде талқыланып келген өзекті мәселелердің әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей тұруы – ойланарлық жайт. Шығармашылықта «түсініксіздік, бұлыңғырлық» неден туады? Оқырман талғамы мен қаламгер талғамының бір арнада үйлеспеуі заңдылық па? Постмодернизм ағымы қазаққа жат па? Классикалық әдебиет пен жаңа әдебиетті бір-біріне қарсы қоюдың қажеті бар ма? Осы секілді оқырман ойында жүрген бірқатар сұрақтарға жауап алу мақсатында қазақ поэзиясындағы үш буын өкілдерінің басын қостық. «Алқаның» кезекті басқосуына ақын, аудармашы, Халықаралық «Алаш», «Тәңір күлігі» әдеби сыйлықтарының иегері Жүкел Хамай; ақын Ықылас Ожайұлы; ақын Абзал Сүлеймен; ақын, Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінің редакторы Еламан Хасенұлы Қабділәшім қатысты.
Кезекті Алқаны "Қазақ әдебиеті" газетінің биылғы 34-санынан оқи аласыздар. Ал айтылған пікірлердің үзігін алдарыңызға ұсынуды жөн көрдім, Мәртебелі Оқырман!
"...Біздің əдебиет тəуелсіздікке дейін тек реализм, соцреализм қағидалары арқылы зерттеліп келгені болмаса, хатқа түскен (түрік бітіктері, жыраулар поэзиясы, револиюцияға дейінгі, одан кейінгі... т.т.) əдебиетімізде бүгінге дейінгі əдебиеттің барлық түрі бар. Мысалға: поэзиядан Махамбет, Абай, Мағжан, Жұмекен, Тыныштықбек, т.б., прозадан М.Əуезов, Ж.Аймауытов, Ə.Кекілбай, М.Мағауин, Д.Исабеков, О.Бөкей, Т.Əбдік, Д.Амантай Дидар Амантай Т.К., Н.Қуантай Нуржан Куантайулы, Д.Қуат, т.б. дейінгі аралықты қарайықшы! Бұлардың туындыларында соцреализге дейінгі, одан кейінгі əдебиет теориясында аталған ағымдардың бəрі бар. «Түйенің танитыны жапырақ» деген сияқты қазақ жазушыларын Хемингуэйдің, Борхестің, Кафканың, тағы басқалардың мəнерімен жазбады демесек!? Ал бүгінгіге келсек, Ақберен Елгезек Ақберен мен Erlan Jùnis Ерланның қатарластарының, содан кейінгілердің, Лира, Аягүл құралпы қыздардың туындыларын толықтап, толтырып түгелін атап, жеке-жеке талдап (мейлі, постмодернизм бағытымен!), солардағы жаңашылдықты неге талдап жазбаймыз. Бір ғана Лира Қоныс қызымыздың адамның ішкі сана, ішкі түйсігіне бойлаған əңгімелері Борхестен, Камюден кем бе?! Кейбір əңгімелерінен постмодернизм өкілдерінің сөйлем құрау үлгілерін, солардың қайсысына еліктегенін толық аңғаруға болады" (Жүкел Хамай).
"Ой да, сөз де – эволюциялық құбылыс. Біз бір нәрсені жанымызбен сақтағымыз келсе, онда ол өзгеріске түспейінше сақталмайтынын ұғуымыз керек. Өзгеріске түспеген дүние догмаға, кертартпалыққа әкетеді. Өзіңіз ойланып көріңіз, қазіргі қоғам – қандай қоғам? Бұл – индустриялды қоғам, технакраттық қоғам. Сондықтан қоғамның қозғалысына сай тіл техникаланады, ой да, соған сәйкес мәтін де сығымдалады, мәтін сығымдалғаннан кейін образ өзгереді. Біздің ең қасіретіміз әлі сол – Мұқағалидың теңеуін, Төлегеннің сөз саптауын жастарда жоқ деп санаймыз. Олай болуы мүмкін емес, қазіргі заманның образы мүлдем басқа. Мысалы, ендігі он-он бес жылдың бедерінде «қоңыр салқын» деген ұғымды біз өз баламызға кондиционерден шығатын салқындықпен ғана түсіндіретін боламыз. Келіссеңіз де, келіспесеңіз де – шындығы осы" (Ықылас Ожай).
«...Тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп кимелеп кететін көлденең көк аттыларды да көріп жүрміз. Ол аз болса, уикипедиялық ақпараттарды айылын жимай айлап қайталайтын энициклопедиялық «білім» иелері де өзін интеллектуал көрсеткісі келетіні тағы бар. «Аңқау халыққа арамза молдалар» көбейіп, адам санасындағы өнер туралы түсінікке атүсті қараймыз. Содан да болар, біз осы сұрақ төңірегінде әлі тартысып жүрміз. Тіпті оған ат бере алмай, «түсініксіздік» деп қоямыз. Түсінейік десек біліміміз жетпейді, не ішіміз тар, түсінбедік деп айтуға тағы ұяламыз. Біз «ақ өлең» туралы осылай сыртын айналдырып айтып, тігісін жатқыза салғымыз келеді.

Терең поэзияға, жаңа поэзияға ат үркетін ат қоюды доғарып, нақтылауды бастағанымыз жөн секілді. Ал «сканворд жазсам –жаңашылмын» – деп ойлайтындар туралы әңгіме мүлде басқа. Қолдан жасалған күрделілік цирктегі сиқыр секілді – жасанды. Бұған да қазіргі әдебиеттану ғылымының кенже қалуы әсер етіп тұрғандай". Абзал Сүлеймен