Paiym
41 subscribers
62 photos
7 videos
50 links
Download Telegram
Channel photo updated
Туған күніңмен, Еділ! Қашу (Еділбек Дүйсенге)

Иә,
ойымыз жұлдыздар іспетті шашырап сіңген қара аспан,
Біз көкке қарыздармыз, бауырым!
Сусылдап қолыма жұға қоймайды ұстасам,
Оның табаны тиген сары құм.

Қашықта, иә, бәлкім қиялымыз жетпес алыста,
Тым баяу ырғақпен келеді кезгім.
Түсімнің соңын білмесем де, қалыс қап,
Оны мен ұйқыда жатып сездім.

Бәлкім,
Бәрінен қашсақ та алыс,
Төбеңнен саусақпен шұқиды күліп.
Кекетер тас керең қараңғы түн де
қарыздар екенімізді біліп...
Жалпы мынау үміт туралы кім қалай ойлайтынын білмеймін, дегенмен арман, мақсат, мұратыңыздың күл-паршасы шыққаны жаман ғой, иә? Енді бекерге сөз болмасын деп, иә айтатын адам айта берсін деп, ойымызды өзіміз ғана басып жеп, талғажау етейік деген ниеттен іргені алшақ салмаққа, бірдеңе жазып көруге бекіндік. Кіріскеннен кейін де біртүрлі "осы адамдар әлем.желісі бар екен деп тәлімси қалады" - деген сөзге де қалғың келмейді емес пе. Дегенмен пікір алмасқан да дұрыс қой. Иллюзиямен соғысып жүріп, өзіміз де сол сағымға айналып кетуден қорықпайтын секілдіміз. Себебі, біз андай жүректіміз ғой. Намысшылмыз. Мінездіміз. Бірақ оны жалаң қолмен емес, біліммен көрсеткеніміз абзал деп ойлаймын да. Бұрындары да телеграммдағы посттарымызда жазғанымыздай жойылып кеткен жоңғармен соғысты мың қайталап айта берсек те одан бізге жеңіс келмейді. Неге дейсіз ғой? Себебі біз жеңілген xалықпыз, ал жеңіс тұратын орын бос. Сол бос орынға бабамыздың жеңісін қойып толтырғымыз келеді. Өзімізді қанағаттандырамыз және соған имандай сенеміз. Өзіміз ойдан құрастырып алған өмірде жүреміз. Бізді дін құтқарады деп ойладық, одан жастардың жан дүниесі керісінше бұзақы әрі дарақыға айналды. Айналаңызға қараңызшы, дін ұстанып, "әлxамдүллә" деген жас жеткіншектер әлі де сол төбелеске құмар. Спортшыларымыздың басым көпшілігі діншіл, және солардың барлығы дерлік көшеде де төбелесіп жүреді. Барлығы дерлік уағыз айтады сосын. Адам баласына, әлсізге жаны ашымайтын "жүректілер" ішкі жан дүниеге келгенде неге бос? Неге? Агрессия басым. Бізді дін құтқармайды. Дін құтқару үшін адамдық туралы түсінік болуы тиіс. Әр адамға индивид деп қарай алатын түйсік керек. Өзін танымаған ұлт өзін іштей жеп, иллюзия арасында ғана өмір сүре бермек. Ол дегеніміз өзімізді іштей жеумен бірдей. Мектептен ЖОО-ға дейінгі төбелес ішінде қыршыннан кеткені қанша, псиxикалық соққы алғандары ше, "жабылып" қалғандары да. Адамды адам етіп тұрған түсінік, ойлану, адамдық деген ұғымдарға ұмтылудың орнына кері кету - осындай білім-ғылымы шарықтаған заманда ақымақтық. Білім мен өнердің дамуына шек қоятын осы дүние. Ал бұл екеуі де болмаса суреткерлік қасиеттен жұрдай боламыз. Ал одан айырылу ғылымның қарыштауын тежейді. Ол ұлттың жағдайы мен жеңісіне кері әсер етеді. Біз тағы дүмшелікке ұрынамыз. Ватсаптан видео тарататын, конспирологиялық теорияларға сенетін тобырлық ойдан аса алмай жүреміз де сосын. Біздің мінез деп үстелді ұратын әрекетіміз мінезсіздік деп аталады, ал нағыз мінез өнер, білім, ғылымда көрінуі тиіс. Біз ұрпақты жоғалтып барамыз. Жоғалған ұрпақ - жаңа дүние жасап шығады. Бірақ сіз бен біздің бетімізге түкіретіні анық.
World Press Photo, 2017 - үздік фото

«Түркиядағы адам өлтіру»
Фото авторы: Бурхан Озбиличи. Фото 2016 жылы, 19 желтоқсанда түсірілген. Анкарадағы фотокөрменің ашылу салтанатында болған оқиға. Мевлют Мерт Алтынташ Ресей елшісі Андрей Карловты өлтіргеннен кейін айқайлап тұр.
Бұрынғы полицей Мевлют Мерт Алтынташ іскер адамша киініп, пистолетті алып шығып елшіні атып өлтірген. Содан кейін: «Бұл Алеппо үшін кек алу. Біз сол жақта, ал сен осы жерде өлесің»,- дегеннен кейін де «Аллах акбар» деп айқайлапты.
«Пайым» оралды. Мен тұрмақ әлем астаң-кестең болып, уақытымыз болмай біраз уақыт тұрып қалған едік. Қайта жалғастыруға бел будық. Әдебиет, науч-поп, қолөнер, сурет тақырыбы қозғала бермек. Сонша уақыт күтіп, шығып кетпеген адал оқырмандарға шексіз ризамыз. Біз оралсақ, суреттегі персонаж да посттарда болады деген сөз ғой
"Шөлді" қайта оқиық
Бүгін және осыдан тура бір жыл бұрын Элиоттың әйгілі "Шөлі" қазақшаланған еді. Тәржіман: Абзал Сүлеймен. Тағы бір қайтара оқылық!
Кевин Мурдың "Джэймс Джойс және Самуэль Беккет" карикатурасы. Элиот, Паунд, Беккет т.б әдебиет жасаушылар жиналған Джойс ғасырының үнсіз интеллектісі сезілетіндей. Сіз бұдан не көресіз?
Бұл жерде менің "Желге ұшқан түстер" деген өлеңіме пікір жазылыпты. Оқып шығамын десеңіз марxаббат.

http://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=3691
КІРПІК ҚАҚҚАНША ЖАЗЫЛҒАН КІТАП


* * *

Инсульт алғаннан кейін сал болып қалған француз жазушысы, журналист Жан-Доминик Боби кірпік қағу арқылы тілдесу тәсілін қолданып 140 беттік бір кітапты "кірпігімен қағып" шыққан.

*
Адам тілсіз, дел-сал, бейшара күйде қалғанда көкірегін кернеген сансыз сезімдер мен арман-қиялы денесіне шыпылдап симай, арнасынан төгіліп, өзегіне құйылып, өртеп жан дүниесін қайғыға душар етеді. Мұнша қайғылы күйге душар болған жанның қиялы мен арманына толы кітабы бестселлерге айналды десем бір ғажайып сияқты иә?

"СКАФАНДР МЕН КӨБЕЛЕК" атты фильмді каналымыздан көре аласыздар.
Сән-салтанатқа толы өмір сүріп, оқыс жағдайда инсульт алып бейшара хәлге түскен Жан-Доминик өзінің шығармасында өткенге үңілуге, өмірдің мәнін іздеуге немесе әлденені түсінуге тырыспайды.
Ол естеліктерден қиялдарға, қиялдардан түстерге, армандардан сезімдерге тегіс ауысады.


*

Кітапты жазу үшін 200 000-нан астам жыпылықтау қажет болды.

*

Elle France журналының бас редакторы, Жан-Доминик Бобиге тағдыр 43 жасқа дейін бәрін берген: табысты мансап, әлеуметтік мәртебе, ақша және отбасы.
....
Шырғалаңға дейінгі оның өмірін былай суреттеуге болады:
сүйікті журналындағы жұмыс, көптеген саяхаттар, қызықты адамдармен кездесулер және Париждегі ең керемет мейрамханаларда тамақтану...

Барлығы 1995 жылдың 8 желтоқсанында күрт өзгереді. Боби Парижден жаңа BMW спорттық көлігін мініп ұлымен жолығу үшін жолға шығады. Алайда кенеттен сырқаттанып, ауруханаға түседі.

10 күннен өткен соң, Боби қатты инсульттан кейін толықтай сал болып оянады.

*


Дәрігерлер «Locked-in-syndrome»(құлыптаулы синдром) деген диагноз қойды. Бұл айықпас ауруды жеңу мүмкін емес десе болады.

Санасы ояу, ақыл есі бола тұра Бобби арнайы құрылғыларсыз және біреудің көмегінсіз қозғала алмады, сөйлей алмады, тіпті тамақ ішіп, тыныс ала алмады.
Оның ендігі қалған өмірі осыншалық қайғылы және шарасыз болар еді...

*

Жалғыз тіршілік белгісі міне, оның сол көзін жыпылықтата алғаны.
Бұл Бобидің сыртқы әлеммен жалғыз байланысы еді.
Бір рет кірпігін қағу «иә», екеуі - «жоқ» дегенді білдіреді.
Уақыт өте келе достары мен дәрігерлері пациентпен сөйлесудің тағы бір әдісін ойлап тапты: олар француз тілінде қолдану жиілігіне қарай әріптерді ақырын айтып, нәтижесін дәптерге жазды. Дәл осы идеяның арқасында Боби ақырғы демі үзілгенше өзінің әңгімесі жайлы сыртқы әлемге "үн" қатады.
Екі айдан астам уақыт бойы медбике Боби оған күн сайын арнайы әзірленген алфавитті оқыды, ол қалаған әріпке көзін жыпылықтатып белгі беріп отырды.

*



Жан-Доминик бұл қиын процесті қандай да бір жолмен жеңілдету үшін басындағы барлық сөз тіркестерін,ойларын, сөйлемдерін бірнеше сағат бойы толғанады.

*
Күйініп қана отырған, тіршілігін тек қабағынан аңғартатын кемтар адамның солып бара жатқан денесінде жан бар, ал онда аяулы естеліктер мен ойлар, арман мен қиял бар. Сана соншалықты толассыз тасқын ойларға толған кезде қалықтап қана палатадан алыстап құдды бір көбелектер тәрізді ұшып, ақыр соңы өлімге бастап әкелетіні тым қайғылы...


*

«Скафандр мен көбелек» кітабы 1997 жылдың 6 наурызында басылып шықты және жарық көргеннен 2-ақ күн өткен соң Жан-Доминик Боби қаза тапты.

Он жылдан кейін американдық режиссер Джулиан Шнабель фильм түсірді, фильм кітаптан кем емес атышулы болды.
Көптеген беделді номинациялар мен марапаттарға иегері атанды.

***

Өмірінің соңы дәрменсіздік пен қорлыққа, азапқа толы болғанына қарамастан, ол әлемдік әдебиет пен кинематографияда өз ізін қалдырып барып қаза тапты.
_____________________________
Кірпік қаққанша жазылған кітап
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Скафандр мен көбелек
Кеше ғана ақын Қанат Омар жазған поэманың бірінші бөлімін аударып көрдік. Қызығы сол қиындығында болды. Орыс тілінен аударма жасап жүрмін деп мәлімдеген соң орыс тілінің нақ әдеби тілінен де қотарып көру - міндетім секілді. Аударып отырып фразеологизмдерді тікелей аударатын әдебиетшілерге "қой" деу керек еді деп те ойлап қойдық. Хотя, әркім қай деңгейде құбылатынын өзі біледі ғой. Одан да мына кереметтей поэманы бір оқу керек. Кеңістік арасында саяxаттауды қалай жазу керек екенін түсініп алуға да болады. Біздегідей өте қиындатып немесе өте қарабайыр жазу, мысалы, тақырыбы ғана өлең де, қалғаны сандырақ секілді поэзияның деңгейі білініп қалып жатады. Қанат Омар да біздікі ғой, дегенмен қазақ тілді поэзияның деңгейін көтеруге болады деп ойлаймыз. Деңгей өлшегіш деңгейометрлер де осылай жазса, аса бір жұлдыздыққа шалдықпас еді. Марxаббат:

Ақын Қанат Омардың "Қабан кітабы" атты жаңа поэмасы - "Кітаптар кітабының" толық форматы. Текст кеңістігінде "Құдіретті комедияға", "Игорев жорығы жайлы сөз" және Алексей Хвостенконың "Сүйреуін" негіз қылып алған, скифтер даласына жалпы метагеография жасалған (контекстте Дмитрий Замятиннің саяxаты мен зерттеуі бар)
http://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=3707
Сәлем, достар! Бүгін біз «Дұшпан» фильмі, өнердегі өрмекші символикасы туралы жазып көрдік. Фильмді көріп, содан кейін оқысаңыз тіпті жақсы. Жо-жоқ, оқи берем десеңіз, марxаббат! Айтпақшы, тірі екендеріңізді білдіріп қойсаңыздар да болады.

https://telegra.ph/D%D2%B0SHPAN-%D3%A8RMEKSH%D0%86-TORLA%D2%92AN-%D3%A8NER-01-24 from Telegra.ph iOS App
STYQ online аясындағы MÄTIL аудармашы ақындармен workshop жұмысының нәтижесі желіге шықты. Қазақстандағы қазақ және орыс тілді ақындар арасындағы байланыс, тәжірибе алмасу, бағыт бағдарды бағамдау, қысқасы, шығармашылық қуат алатындай мүмкіндік болды. Ағылшын және поляк тілінде жазатын Богдан Пьяческийді де тәжірибесімен бөлісті. Ол қазақша, біз ағылшын тіліндегі өлеңді аударып көрдік. Эксперимент те жасап көрдім, басқа аударма тәсілдеріне де ерік бердім. Қысқасы, бұл жақсы диалог болды. Бір елдегі екі тілді қоғам, екі түрлі поэзия, бір өнер. Назарларыңызға "Үрдіс" деген өлеңімнің орысша және ағылшынша нұсқасын ұсынып отырмын. Маған Рамильдің аударғаны ұнады, оның бұл текстке бас қатырып, ынта-шынтасымен кіріскенін де көрдім. Сәтті деп ойлаймын. Пьяческийдің аудармасын нақты білмеймін, ағылшын тілінде қалай оқылатынын, қплай қабылданатынын да. Бірақ екі тілді ақын, кәсіби аудармашының да өз жазары болған шығар. Сілтеме арқылы барлық жұмыстарды көре аласыздар. Бұл жерде әр автор өз өлеңдерін өздері оқыған аудио жолақ бар. Ақындарды ақындар аударсын қағидасы жақсы нәтиже берді. Әр ақынның өз түйсігі бар, өз әлеміндегі өлең бар. Ардақ Нұрғазы ағамыз өте жақсы комментарийлер жазып, редактор ретінде де кәсібилігі мен тәжірибесін көрсетті. Ол кісіге қазақ поэзия аудармасы қарыздар екені анық. Олай болса, марxаббат:

Үрдіс

Көрдіңіз бе сіз Айды?
Бетін сипаған әже төсек тартқалы бері
Айға сәлем беруді қойған.
терезеден түскен сәуле
Оның да бетінен сипай алмас.

Шекара сызығына айналған өзен де тартылуға шақ,
Бұл жерде тіршілік болмағалы қашан?
Жағадағы қамыстар жапырылғанда
Су бетінде тек Ай сәулесінің дірілі ғана көрінетін.

– Жүріңіз , тас атып ойнайық!
– «Енді бұл жерде су да жоқ!»*
– Жүріңіз, қолымнан ұстаңыз!
– «Шіркін, бір тамшы су болсашы!»*

Сор түбінен ұшқан топырақтан да ауыр қайғыға,
Жон арқасын желге тосқан
Дала шөбі де шөгеді.

Сіз зират басына көшкен мыңдаған Айды көрдіңіз бе?
Мүктің үнемі ағаштың солтүстік бетіне бітетінін айтқанда,
Сіз көрдіңіз бе? Мыңдаған айдың сөнгенін?

* Т. Элиоттың «Шөл» поэмасынан



Сдвиг

В переводе Рамиля Ниязова

Вы видели Луну?
С тех пор как ажé слегла,
Стало некому здравствовать Луну.
Падающий через окно свет
Больше не омоет её лицо.

Реке, ставшей границей, пора высохнуть.
Как давно здесь не было жизни?
Когда прибрежные камыши пригибаются к земле,
На поверхности воды только дрожь от лунного света.

— Идём метать камни!
— «Но нет здесь воды»*.
— Идём, держите меня за руку!
— «Эх, о если бы только была вода!»*.

Даже степная трава, подставляющая
Спину холма ветру, поклонилась
Скорби, что тяжелей земли, летящей из корней солончака.

Вы видели тысячу месяцев, откочевавших на кладбище?
Говорят, мох всегда растёт на северной стороне дерева:
Вы видели? Как тысячи Лун погасли?


Shift

В переводе Богдана Пьясецки

Have you seen the Moon?
When grandmother fell ill
we stopped greeting the Moon.
Light through a window
could no longer caress her face.

Time for the river turned border to run dry.
How long since life left this place?
Since the reeds on the shore bent low
the surface rippling with moonlight.

Let's go play rock skipping!
"But there is no water"*
Let's go, hold me by the hand!
"If there were only water!" *

Grief like dust blown from salt flats.
The hill turned its back to the wind
and the steppe grass bent low.

Did you see the crescent Moons travelling to the grave?
They say moss grows on the northern side of a tree,
did you see? When all those Moons faded?

*T.S. Eliot: The Wasteland

https://l.instagram.com/?u=https%3A%2F%2Fmsha.ke%2Fstyq.online%2F&e=ATNF9ZymAFTnrjP2R_G1ZJrqLnjDLgAsbgirg9_15_KPeaB9Ii6CX0D2fCHVZp8xUY2cVsfUHBlIA5yj0_MzHKM&s=1