Paiym
41 subscribers
62 photos
7 videos
50 links
Download Telegram
Paiym pinned «17 сәуір жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты Габриэль Гарсиа Маркестің қайтыс болған күні. Латын Америкасы әдебиетінің шоқтығын биікке көтерген Маркес пен тағы бір Нобель сыйлығының лауреаты Марио Варгас Льосаның сұxбатын назарларыңызға ұсынамыз. Тәржімалаған:…»
Бір топ өлеңіміз бен «Карантин» атты аударма осы жерге шықты. Оқи отырыңыздар: https://qazaqadebieti.kz/24488/abzal-s-lejmen-zhelge-sh-an-t-ster
Зар заман ақындары осы самаурынды қабылдай алмай, өмір салтымызға кіріуіне қарсы жырлап еді. Бүгін бұл да дәстүрімізідің бір бөлшегіне айналды.
П/с: суреттегі неше жайлау көрген әжемізден қалған самаурын. Зың әлі
Шығыстан да бір пост
Карантин/ 隔离

Лисо/ 里所

Бірде,
Төсекте жатамын да,
еш ауырсынусыз, еш рәсімсіз босанамын
Құрсағым кеңіп.
Дәрігер сол сәтте сәбиді алады да,
Кіндігін қиып, ұл екенін айтады.

Түсінде қиял жетегіне қанша ерсе,
Соншалық тез өсіп келеді.
Міне — ол енді жымия алады,
Көзіне жас торламай, ұйқы құшағында
Тырс еткен дыбыс та естілмес, тоқтап қалған сағат іспетті.
Барабан мен пианинода да шебер ойнайды дерсің,
Қарғып қалып Айға мініп алардай.

Менің өңімдегі COVID-19
Бақылаудан шығып, абдыраған елді жайпап бара жатқанын түсінгенімде,
Партеногенезді ана ретінде
Бір сәттік қуаныштан кейін,
Түсімде баламды карантинге жабуды үйреніп жүрмін,
Бойымды қорқыныш билеп.

Орыс тіліне аударған: Елизавета Абушинова
Қазақ тіліне аударған: Абзал Сүлеймен
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
НТВ телеарнасындағы «Маска» деген шоуда арыстанның бетпердесін киіп айтатын әнші. «Позови меня с собой» әніне кавер. Шоу аяқталғанға дейін бетперде киген әншінің есімі аталмайды. Әлеуметтік желілерде бұл жігітті Анатолии Цой деп жатыр. Дауысы да ұқсайды екен. Сол болса Qz музыканттары Ресейді таңғалдырудан жалығар емес)
"Қазақ әдебиеті" өзіңді өзіңе салдырып, әлі жарнамалап үйренбеді десек те, Асланның өлеңдерін оқи отырыңыздар.
Forwarded from Аршылан Шаттық (Аршылан Шаттық)
Бір топ өлеңім "Қазақ әдебиеті" сайтында жарық көріпті. Сайт ұжымына алғыстан басқа айтарым жоқ!

https://qazaqadebieti.kz/24985/asylan-uanysh-ly-k-nbatys-a-araj-ash-an-zen
Channel photo updated
Туған күніңмен, Еділ! Қашу (Еділбек Дүйсенге)

Иә,
ойымыз жұлдыздар іспетті шашырап сіңген қара аспан,
Біз көкке қарыздармыз, бауырым!
Сусылдап қолыма жұға қоймайды ұстасам,
Оның табаны тиген сары құм.

Қашықта, иә, бәлкім қиялымыз жетпес алыста,
Тым баяу ырғақпен келеді кезгім.
Түсімнің соңын білмесем де, қалыс қап,
Оны мен ұйқыда жатып сездім.

Бәлкім,
Бәрінен қашсақ та алыс,
Төбеңнен саусақпен шұқиды күліп.
Кекетер тас керең қараңғы түн де
қарыздар екенімізді біліп...