Paiym
41 subscribers
62 photos
7 videos
50 links
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Егер Ай «Халықаралық ғарыш станциясының» биіктігінде Жерді айналса, көрініс ғажап болар еді
Сәлем, достар! Бұл каналда өнерді, әдебиетті жақсы көретін оқырманның көп екенін білемін. Өзімнің жазғанымды ғана емес, басқа да эсселер мен мақалалардың аудармасын салып тұрайын деп шештім. Қазақ тілінде бұл мәліметтердің аз екені белгілі ғой. Ізденісте жүргендер үшін ана тіліміздегі материалдарды да салып қояйық. Джойс жайлы әлі бірнеше аударманы осында жүктейміз



https://telegra.ph/Borxes-Dzhojs-%D2%AFsh%D1%96n-%D3%99r-k%D2%AFn---a%D2%9Byrzaman-04-09
Карантиндегі шығармашылық жайлы айттық. Осы жерден оқып алыңыздар. Қызық болады: https://qazaqadebieti.kz/24224/karantin-kezinde-alamgerler-ne-istep-zhatyr
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қызық болсын арасында. Ең алғашқы қазақша рэп. 1992 жылы осылай көсіліпті) шафл биінің қайдан шыққаны белгілі болды) Қазір қазақстандық рэп ТМД-ны түгел жаулап алды. Қазақ тілінде емес, әрине. Дегенмен, осындай қадамдардан бастала салады екен ғой өзі
17 сәуір жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты Габриэль Гарсиа Маркестің қайтыс болған күні. Латын Америкасы әдебиетінің шоқтығын биікке көтерген Маркес пен тағы бір Нобель сыйлығының лауреаты Марио Варгас Льосаның сұxбатын назарларыңызға ұсынамыз. Тәржімалаған: Еділбек Дүйсен

Бірінші бөлімі⬇️⬇️⬇️

https://telegra.ph/Latyn-Amerikasynda%D2%93y-roman-zhajly-dialog-04-16 from Telegra.ph iOS App
Paiym pinned «17 сәуір жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты Габриэль Гарсиа Маркестің қайтыс болған күні. Латын Америкасы әдебиетінің шоқтығын биікке көтерген Маркес пен тағы бір Нобель сыйлығының лауреаты Марио Варгас Льосаның сұxбатын назарларыңызға ұсынамыз. Тәржімалаған:…»
Бір топ өлеңіміз бен «Карантин» атты аударма осы жерге шықты. Оқи отырыңыздар: https://qazaqadebieti.kz/24488/abzal-s-lejmen-zhelge-sh-an-t-ster
Зар заман ақындары осы самаурынды қабылдай алмай, өмір салтымызға кіріуіне қарсы жырлап еді. Бүгін бұл да дәстүрімізідің бір бөлшегіне айналды.
П/с: суреттегі неше жайлау көрген әжемізден қалған самаурын. Зың әлі
Шығыстан да бір пост
Карантин/ 隔离

Лисо/ 里所

Бірде,
Төсекте жатамын да,
еш ауырсынусыз, еш рәсімсіз босанамын
Құрсағым кеңіп.
Дәрігер сол сәтте сәбиді алады да,
Кіндігін қиып, ұл екенін айтады.

Түсінде қиял жетегіне қанша ерсе,
Соншалық тез өсіп келеді.
Міне — ол енді жымия алады,
Көзіне жас торламай, ұйқы құшағында
Тырс еткен дыбыс та естілмес, тоқтап қалған сағат іспетті.
Барабан мен пианинода да шебер ойнайды дерсің,
Қарғып қалып Айға мініп алардай.

Менің өңімдегі COVID-19
Бақылаудан шығып, абдыраған елді жайпап бара жатқанын түсінгенімде,
Партеногенезді ана ретінде
Бір сәттік қуаныштан кейін,
Түсімде баламды карантинге жабуды үйреніп жүрмін,
Бойымды қорқыныш билеп.

Орыс тіліне аударған: Елизавета Абушинова
Қазақ тіліне аударған: Абзал Сүлеймен
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
НТВ телеарнасындағы «Маска» деген шоуда арыстанның бетпердесін киіп айтатын әнші. «Позови меня с собой» әніне кавер. Шоу аяқталғанға дейін бетперде киген әншінің есімі аталмайды. Әлеуметтік желілерде бұл жігітті Анатолии Цой деп жатыр. Дауысы да ұқсайды екен. Сол болса Qz музыканттары Ресейді таңғалдырудан жалығар емес)
"Қазақ әдебиеті" өзіңді өзіңе салдырып, әлі жарнамалап үйренбеді десек те, Асланның өлеңдерін оқи отырыңыздар.