Paiym
41 subscribers
62 photos
7 videos
50 links
Download Telegram
Орысшаға аударылған өлеңдерім, әне, мінемен порталдың орысша бөліміне енді шықты. Оны өзім порталдағылардан бұрын көрген сияқтымын) Оқып шығыңыздар. Мен үшін бұл үлкен құрмет болар еді👇👇👇

https://adebiportal.kz/ru/news/view/22562
5-6 жыл... 7 жыл бұрын болуы да мүмкін. ВКонтакте деген әлеуметтік желіде «Әдебиет ошағы» деген парақша ашқан болатынбыз. Қазір оның оқырман саны 17 мыңға жақындап қалды. Біраз уақыт бос қалғаннан кейін, қазір белсенділік азайып кетті. Дегенмен бәрін қайтаруға болады. Енді оны қайта жаңғыртуға тырысамыз. Әдеби парақшалардың, қазақ тілді әдеби парақшалардың, қазір де аз әрі сапасыз екені көңіл түсіреді. Ол оқылықтың орнын да толтыруға тырысамыз. Сол желіде отыратын адамдар болса, қосылып қойыңыздар. Пайдалы дүниелер көп болатынына сенімдімін

https://vk.com/wall-61873838_11522
Сәлем, достар! «сюрприз, сюрприз, ублюдки! Я вернулся!» - деді бүгін аса мәртебелі «Қазақ әдебиеті» газеті. Халықаралық онлайн конференция өткізген екен. Ой өте тамаша. Шетелдік шараға қатысушылар да көшеден келген адамдар емес. Бірақ, бір но-сыз болмасын ішім сезіп, уақытынан бұрын жымиюды ойламай, тағы бір трэшке іштей дайындалып алдым. Жақсы, керемет ой, әдемі, xалықаралық конферансион. Неге сұрақтар сондай...андай? Жақсы, поэзияның әлеуеті жайлы сұрадық, жарайды, болады. Екінші «Жүз жылдық жалғыздық»... Допустим. Бола берсін. Әлем әдебиетіндегі сіздерге ерекше әсер еткен тұлға кім және кімді қайталап оқисыз? Болды. Осы кереметтей, мега супер-пупер сұрақтар. Қандай гений ойлап тапқан, о, құдірет? Жақсы, бұл сұрақтармен ешкім ашылмайтыны да, еш мәселе қозғалмайтыны да, тіпті ешкімнің ми қыртысындағы бір сызықтың жартысы да бүлк етпесі анық еді. Бірақ алда тағы бір трэш күтіп түрді. Әдебиет жайлы болғанымен бұл баспа да ақпарат таратушы. Сол себепті баспасөз этикасының да дәрежесі көрініп қала береді. Псевдопатриоттығымыз ұстап қала береді де. Тоқтар Серіковтың жылағаны секілді. «Неге біздің ұлт қорқақ?» - деді бір әнші, өзі саясат жайлы екі ауыз сөз айта алмай. Сонымен тақырыптар мен тақырыпшалар: «Әлем әдебиетін попугаизмнен және популизмнен сақтап қалуымыз керек», «Ақындардың лидерлік руxын жоғарлату керек» «Жүз жылдық жылғыздық» қазақ топырағында жазылатын роман еді», «Гомер, Гюго, Пас және Мағауин». Тақырыптардың советтік газеттердегі комунистік лозунгтарға ұқсайтыны бір бөлек, бұл тақырыпшалардың барлығы біздің елдің әдебиетшілерінің ғана сөзінен алынған. «Ол шығарманы оқыған жоқпын» деген басқа елдің азаматының сөзінен алған тақырыпша бар. Ну, бұл тіпті издеваться ету. Ал тағы бұл тақырыптар қойылған сұрақтар мен мәселе төңірегінен мүлде алыс. Шымылдық жабылады. «сюрприз, сюрприз, ублюдки, они вернулись!»
«Әдебиет ошағы» тобында осындай айдар бар. Әдебиеттегі ұлы тұлғалар жайлы фильмдер. Бұл деректі фильм емес кәдімгі көркем шығарма. Көріп алыңыздар👇👇👇

«Мисима: Төрт тараудағы өмір» (1985) Пол Шредер

Шредердің бұл картинасы Кан сыйлығын көркемдік сипаты үшін алды. «Алтын ғибадатxана», «Киоко үйі» және «Қашып бара жатқан жылқылар» атты мисималық өмір мен өлім эстетикасына сай символдық мән (сұлулық, өнер, қозғалыс) берілген үш романынының аясында режисер ақ-қара және түрлі түсті реңктерді шебер қолданады. Төртінші новелла жазушының өзіне өзі қол жұмсау рәсімінен кейінгі шығармашылық пен өмір картиналарына енгізілген.

https://vk.com/wall-61873838_11531
Карантин кезінде тамаша live концерт! «Үркер» тобы. Legends

«Наурыз, науры-ы-ыз, жылы жел келді, ай-xай,
Сары ма-а-ай...» - деген әнді естісеңіз - ол «Үркер»

Концерттің толық нұсқасы:

https://youtu.be/EauVPs1XQ0g
Paiym pinned a photo
Paiym pinned «Сәлем, достар! Алдыңғы постта Камюдің «Обасын» айттық. Енді өзі жайлы да жазғым келді. Бұл эссе де, мақала да, зерттеу де емес. Бұл - менің Камю жайлы ойым https://telegra.ph/Kamyu-03-22 from Telegra.ph iOS App»
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Егер Ай «Халықаралық ғарыш станциясының» биіктігінде Жерді айналса, көрініс ғажап болар еді
Сәлем, достар! Бұл каналда өнерді, әдебиетті жақсы көретін оқырманның көп екенін білемін. Өзімнің жазғанымды ғана емес, басқа да эсселер мен мақалалардың аудармасын салып тұрайын деп шештім. Қазақ тілінде бұл мәліметтердің аз екені белгілі ғой. Ізденісте жүргендер үшін ана тіліміздегі материалдарды да салып қояйық. Джойс жайлы әлі бірнеше аударманы осында жүктейміз



https://telegra.ph/Borxes-Dzhojs-%D2%AFsh%D1%96n-%D3%99r-k%D2%AFn---a%D2%9Byrzaman-04-09