Paiym
41 subscribers
62 photos
7 videos
50 links
Download Telegram
Paiym
Photo
Оның үнін қала дабыры, компьютерлер дыбысы, ұшақтардың шуы және мұхиттай үлкен ақпарат жұтып кетті. Бір уақытта сіз өмірді бөлшек-бөлшегімен, галактикалық қашықтықта бір-бірінен қалып бара жатқан ұшқындармен көресіз, ал біз өмір сүріп жатқан өмір әр қадам сайын соны растап тұрғандай: дәрігерлер бізді өзінің мамандандырылған саласы бойынша емдейді, салық пен көше сыпырудың ортақ ештеңесі жоқ, тамақ ішіп отырып біз жануарлардың қанын суша ағызатын үлкен концерндер жайлы ойлауға міндетті емеспіз, ал киім кигенде біз Азияның бір түкпіріндегі ыңғайсыз цех жайлы ойламаймыз. Бәрі бөлінген және бәрімен байланыс үзілген.
Осыны оңай қабылдау үшін бізге нөмірлі белгілемелер, бейджтер, карталар береді, бізді қысқартуға тырысады, үлкен әрі ортақ дүниенің тек бір бөлігін қолданушы ролін ойнатқысы келеді. Айналамыздағы әлем өліп барады, ал біз оны байқамаймыз. Біз жалғыздыққа беріліп, адасып, біреудің шешіміне байланысты өмір сүріп, үлкен тарихтың және оқиғалардың ойыншығы сезінетінімізді де байқамаймыз және үйілген затқа айналған, бос кеңістік іспетті әлемде қозғалуға мәжбүрміз. Руханилығымыз үзілуге шақ, оның бәрі үстіртін салтқа айналды. Бізге қалғаны сол – қарапайым, физикалық, экономикалық, әлеуметтік күштерге жүгінеміз, ал олар өз кезегінде бізге зомби ретінде қарайды. Осындай әлемде біз зомбиміз. Міне, сондықтан мен әлі андерсондық шәйнек өмір сүретін жерді сағынамын.

Бізді қоршғана орта біз ойлағаннан да күрделі құрылымға ие

Өмір бойы мен кездейсоқтық пен әсерлерге таңданып өтетін шығармын. Көбіне өзімізге есеп бермейміз және оны тағдырлар тоғысы, оқиғалардың сәйкестігі ретінде қайта ашамыз. Кезінде мен де «Желаяқтарға» жүгінгенмін. Сәйкестік пен заңдылықтарды іздеу мені таңғалдырады. Жазушылық сана кез-келген бөлшектерді коллекцияға енгізуге тырысып, оны қайта бір дүниеге жинайтын синтез санатында жұмыс істейді.

Қалай жазу керек, әңгімені қалай жинақтап, оның жұлдызды аспан секілді әңгімелеудің үлкен форма үндестігін қалай табуға болады? Әрине, мен бізге мифтер, аңыздар арқылы, ауызекі тілмен жеткен әңгімелер әлем тепе-теңдігін ұстаған уақыттардағы әңгімелеу тәсіліне қайта оралу мүмкін еместігін түсінемін.

Бүгін осындай әңгімелеу тәсілі әлдеқайда қиын әрі көпқырлы болуы тиіс. Біз қазір өзге білімді меңгергенбіз және бізге алғашында мүлде үйлеспейтін нәрселер арасындағы байланысты көру қиындық тудырмайды. Сіздерді тарихтың бір нүктесіне назар аударуға шақырамын. 1492 жылдың 3 тамызында испаниялық Палос портынан «Санта-Мария» каравелласы сапарға кетуге дайын. Капитанның аты – Христофер Колумб. Күн төбеге шыққан, матростар жағалауда сенделіп жүр, порт жұмысшылары кемеге соңғы жәшіктерді асығыс тасып әлек. Күн ыстық, бірақ сәттілік сеп болып, батыстан соққан самал қоштасуға келген туыстардың лоқсуынан құтқарды. Шағалалар айлаққа кердең басып жүр, адамдардың қимыл-қозғалысын мұқият бақылайды.
Қатпар уақыт астынан көріп тұрған бұл сәт 60 миллионның 57 миллионы қырылған тұрғылықты америкалықтардың өліміне себеп болады. Сол кездері үндістер әлем тұрғындарының он пайызын құраған еді. Еуропалықтар өздері байқамаса да, өлім сыйлығын тарту етті – америкалық континенттің тұрғындарының иммунитеті дайын болмаған аурулар мен бактериялар жұқтырды. Бұған тағы сансыз өлтіру мен құлдыққа алғандарды қосыңыз. Геноцид жылдар бойы жалғасты және Жердің келбетін өзгертті. Жүгері, картоп, қызанақ секілді көкөністер өскен жерге жабайы өсімдіктер көбейе бастады. Алпыс миллион гектар жерді джунгли басты. Өсімдіктер регенерацияланып, өте көп мөлшерде көмірқышқыл газын жұтты. Бұл тізбек ақыр соңында Жер температурасының төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл XVI ғасырда болған кіші мұз дәуірін түсіндіретін көптеген гипотезалардың бірі. Кіші мұз дәуірі Еуропа экономикасын қатты өзгертті.

Ұзақ әрі аяз қыс, суық жаз айлары және өте көп мөлшердегі жауын жер игерудегі дәстүрлі әдістердің тиімділігін жоғалтты. Еуропаның батысындағы бір жанұяны қамтамасыз ететін телімдер оны да жарыта алмады.
Paiym
Photo
Аштық азық-түлікпен қамтамасыз етудегі мамандандырылған кәсіп ашуға итермеледі. Англия мен Голландия суықтан ең көп зардап шекті. Сол себепті олар ауыл шаруашылығына ғана көңіл бөлмей, кәсіп пен сауданы дамыта бастады. Су алу қауіпі төнген голландықтар ойпаттар мен теңіз түбіндегі жайпақ жерлерді құрғатумен айналысты. Скандинавияға қатерлі болған нәлім балығының оңтүстікке көшуі, Англия мен Голландияның теңіз алпауыттары болуына септігін тигізді. Суық жылдар скандинавиялық елдерге ауырға соқты. Жасыл Гренландия мен Исландияға жол жабылды. Суық қыста алқапты үсік шалып, ашаршылыққа алып келді. Швеция көзін оңтүстікке тастап, Польшамен қақтығысты бастады да (Балтық теңізінің қатуы оларға қол болды, мұз үстімен әскер өткізу жеңілдеді) Отызжылдық соғысқа түсті.
Ғалымдар бізге әлемді бір-бірімен байланысқан тор секілді екенін түсіндіруге тырысады. Бұл «көбелек эффекті», басындағы болмашы өзгеріс адам сенгісіз салдарға алып келеді, бірақ сансыз көп көбелектердің қанатын қағуы, олардың тоқтаусыз қозғалысы екенін білдіреді. Өмірдің уақыт қатпарларын тесіп өтетін орасан үлкен толқыны.

(жалғасы бар)

Абзал Сүлеймен
Гарсиа Лорка ату жазасының алдында өлең оқып тұр, Испания, 1936 жыл.
Paiym
Photo
Авиация ережелері қанмен жазылады

Бүгін таңертең болған оқиға, әрине, қайғылы. Әлбетте көңілге қаяу түсіреді. Біздің авиокомпаниялардың xалықаралық аренадағы дәрежесіне нұқсан келеді. Дәрежесін қойшы. Адам өмірі маңызды. Бірақ бұл жағдайға екінші жағынан қарасақ, кейбір "псевдо активистердің" қолына метариал іспетті көрінетінін, діншілдерге де өзінің көзқарасын кішкене "дәлелдеп жіберудің", "саясаткерлердің" бұл оқиғаны болжап үлгергенін, "зиялылардың" жүрегі "елжіреватқанын" байқауға болады. Хотя сол "зиялылар" кеше ғана сол ұшақтағы адамдардың құқығына түкіріп, Астананың ұлы патша Нұр-Сұлтан есімімен аталуын қос қолдап қолдағанын ешкім ұмытпады. Жә, авиацияға кішкене болса да қатысым бар адам ретінде, бұл жағдайға кішкене түсінік беруді жөн деп таптым. Ұшақ қалай апатқа ұшырайды? Бұл сұраққа жауап беру үшін "ұшақты қалай ұшуға дайындайды?" деген сұраққа жауап беру керек. Ұшақ аэрапортқа қонғаннан кейін, оны теxникалық тексеріске жібереді. Теxниктер барлық меxанизмдер мен құралдарды тексереді. Майын құяды, бос тұрған жерді қайта бұрайды, сылағын тексереді, герметикасын қалыпқа келтіреді т.с.с. Белгілі бір уақыт қолданылған ұшақ күрделі тексеріске жіберіліп, сырлау жұмысына дейін атқарылады. Ұшқыш аэрапортқа келмей тұрып маршрут жайлы, ұшақ жайлы, ауа-райы жайлы ақпаратты алады. Примерно 10-20 а4 беттегі ақпаратпен танысады. Қазіргі уақытта кей компанияларда ұшу немесе ұшудан бас тарту шешімін экипаж командирі қабылдайды. Ол ұшу уақытына, ұшып баратын жердің ауа-райына, ұшатын жердегі ауа-райының қолайлығына, жолдың уақытына, ИКАО талаптарына сай келетін аэрапорттарға байланысты өзгеруі мүмкін. Ұшқыштың минимум талаптарына сай болуы тиіс. Тіпті екінші ұшқыштың минимум талаптарына келмесе, командирдің тәжірибелігіне қарамайды. Егер екеуі де тәжірибелі болса, бірақ бірінші ұшқыш командир дәрежесін алғанына көп уақыт болмаса, оның да минимум дәрежесі төмендетіледі. Сонымен қатар экипаж командирі ауа-райына байланысты қосымша жанармай алуға құқылы. қосымша талаптарын орындауға құқылы. Тұманда бірінші мүмкіндіктен кейін қона алмай екінші айналымға кету үшін немесе жақын маңдағы аэрпорт, аэродромға жету үшін. Компания жанармайды үнемдеп, қалғанымен ұшып келуді де бұйыру мүмкін. Жә, аэарпортқа келгеннен кейін ұшқыштар теxниктерді жүзбе-жүз көріп, олардан ұшақты қабылдап алады. Содан кейін before start procedure орындалады. Насос, жанармай краны ашылады т.с.с. Ал одан кейін чек-лист орындалады. Құрылғылар қосылады. Ұшу алдында before takeoff орындалады. Чек-лист бойынша барлық құрылғы қосылғанына көз жеткізеді. Көрдіңіз бе, өте мұқият қаралатын процесс. Осы тізбектің біреуі орындалмаса, бір құрылғы ұмыт қалса бәріне қауіп төнеді. Тіпті кейде аспандағы құс немесе ұшып жүрген целофан да әсер етуі мүмкін. Бұралмай қалған бір болт, бос тұрған бір құрылғы т.с.с. Тағы ұшқыштың да қателігі бар. Яғни ұшақ көкке көтерілу үшін қажетті жылдамдық, ұшу бұрышы сынды ережелердің дұрыс орындалуы да тексеріледі. V1,Vr, V2 сияқты жылдамдықтар бар. Жерден "отрыв" болуға қажетті жылдамдықта көтеріледі, бұрыш анықталады, бір қозғалтқыш істен шыққанда қауіпсіз болатын жылдамдыққа жетеді, қауіпсіз жылдамдық алады. Егер, жылдамдық көтерілуге жеткіліксіз болса, ұшақ құлайды. Бұрыш өте тік болса, ал жылдамдық төмен болса ұшақ құлайды. Менің ойымша осы жылдамдық жетпеген секілді. Себебі ұшақ көп ұзамаған, жпнбаған, жарылмаған. Дегенмен ресми жауап күтеміз. Бірақ осы оқиғаны өзіңнің "позицияңды" паш ету үшін көрсету және өте жабайы түрде айқайшыл табалай кету өте жиіркенішті көрінеді. Тіпті сол адамдардың көзін тырнап ашып, аузынан сілекейі шашырап, қынаптан клавиатурасын алып шығып, фб бетерін жаулауға бет алғандай көрінеді. Осы елді өзгертем деген сол адамдардың, кеше фб бетерінде Рим статусын салып жатқаны күлкілі емес пе? Сауатсыздықтың шегі жоқ секілді. Өзін зиялы санайтын адамдар да, билікті Құдай көріп, ұшқыштарға шамаларың жеткені кімге керек? Ол компаниялар онсыз да жазасын алады.
Paiym
Photo
Бір адамның ұшпай қалғанын Алла мейірімділігіне балаған жандар да, қалғанын құмырсқа құрлы көрмеген сынды Құдайды да толеранттылықтан айырып тынды)
Paiym pinned «Авиация ережелері қанмен жазылады Бүгін таңертең болған оқиға, әрине, қайғылы. Әлбетте көңілге қаяу түсіреді. Біздің авиокомпаниялардың xалықаралық аренадағы дәрежесіне нұқсан келеді. Дәрежесін қойшы. Адам өмірі маңызды. Бірақ бұл жағдайға екінші жағынан…»
Paiym
Photo
"Ақынмын деп қалай мен айта аламын?"

Бұл мейнстримге айналмай тұрып қай мағынада болғанын білмеймін. Бірақ қазір бұл іштей өзінің мықты екендігін білдіріп, сырттай қарапайым көрінуден ары аспайды. Жоқ, тіпті, сыртқа да өзінің "ұлылығын" көрсету үшін де. Оны естіген біреу; "Па, мынау өзін ақынмын деп айта алмаймын дейді. Ол атақты тек xалық береді емес пе?! Не деген тектілік", - деп айту үшін. Бір-бірімізді алдамайық. Его деген бәле ешқайда кетпейді ғой. Бір-бірімізді деппін ғой, өзімізді алдамайық дегенім дұрыс секілді. Мүмкін өзіне сенімсіз шығар. Мүмкін ішіндегі ашқарақ дүниесін қанағаттандыру үшін де шығар. Көп болжам жасауға болады. Не дегенмен, бір күні өзін ақын деп айта алмайтындар жүлде алмағанына қапа болып, оның талантын бағаламағаны үшін ішіп отырғанын көресіз. Міндетті түрде. Ну, болады ғой, дұрыс жоспарланбаған өтірік. Қай кезде не айтқанын қалай есте сақтасын, жазған. Жақсы, біреуге тиісу "мақсұт" емес. Кейде жастық шақ максимализмі "мақсатты, қитұрқы xодтардан" басым түсіп жатады. Менің ойымша, бұл тіптен жаман емес. Алдыңғы бір посттарда (телега-каналдардағы жазбаларды да пост деп айта ма? Әлде...) конспирология жайлы жазып едік қой. Сол жайлы бір оқулықта ма, видео лекцияда ма (ұмытып тұрмын): "Мықты, дайындықтан өткен, білімі асып, төгіліп жатқан он офицердің құрған жоспары іске аса ма, әлде бір есуастың ойлағаны іске аса ма?" - деген сұрақ болды. Жауабы: есуастың ойлағаны іске асады. Жаңағы xодтар белгілі бір уақытта немесе (тағы бір пафостық сөйлемді қолдануға тура келіп тұр) соғыстағы бірді-екілі майданда жеңіске жеткізуі мүмкін. Бірақ соғыста үнемі бір максималист есуас жеңеді. Гитлер жайлы әңгіме болуы мүмкін, бірақ біз мүлде басқа нәрсе жайлы әңгіме қозғап отырмыз. Қазіргі иерархиялық қазақ әдебиеті де конспирологиядан ада емес дегенім ғой. _Ақынмын деп қалай айта аламын?_ Бұл сөзді естігенде, оқығанда Ван Гогтың xаты еске түседі екен. Ол қысқаша былай: "Мен өгіз секілді шыдамдылыққа иемін". Маған Доренің осы айтқан сөзі ұнайды. Белгілі бір сенімділік, бір жақсылықты және адалдықты көруге болады. Бұл нағыз суреткердің сөзі. Осындай сөздер картина саудагерлерінің аузынан шыға қоймас. Олардың айтқаны тек қарғаның қарқылы сияқты естіледі. Не деген орынды айтылған сөз! "Мен суретші емеспін". Осылай айтатындай өзіңе сонша қатігез болуға бола ма? Неге шыдамды болмасқа? Неге бидайдың өсіп, піскеніне қарап, шыдамдылықты табиғаттан үйренбеске? Өзіңнің өсетініңе сенбейтіндей өлікке айналуға бола ма? Өзіңді дамытуда шек қойып, кері тартуға бола ма?". Бұл xат тамаша жауап секілді. Бірақ бұл өзімшілдікке үгіттеу емес, әрине. Шыдамды болудың қажеттігі жайлы болса керек. Поэзия ең алдымен сөз, басқа емес. Оның да эволюцияға ұшырайтыны белгілі емес пе? Не дегенмен бір сәттік немесе мәңгілік деген сөздер де заманына сай салыстырмалы мағынаға ие ғой.
Paiym pinned «"Ақынмын деп қалай мен айта аламын?" Бұл мейнстримге айналмай тұрып қай мағынада болғанын білмеймін. Бірақ қазір бұл іштей өзінің мықты екендігін білдіріп, сырттай қарапайым көрінуден ары аспайды. Жоқ, тіпті, сыртқа да өзінің "ұлылығын" көрсету үшін де. Оны…»
Бала-Будда. Чон Хо Сын (Оңтүстік Корея ақыны)

Кёнджу мұражайының алаңында,
Бақтағы өсімдіктер мен
Қынагүл жайқалып,
Күн сәулесі түскен
Басы жоқ Буддалардың жарқыраған тас мүсіндері тұр.

Мектеп оқушылары жазғы демалысында
Туристік автобустан түсіп,
Басы жоқ Буддалардың артына тұрып,
Өз басын қояды...

Бала-Будда...
Балақайлар өмірінде бір рет Будда болып көрсінші
Олар бұрын басынан осы үшін айырылған...

Аударған: Абзал Сүлеймен
Channel photo updated
RIP。Ұлы Коби Брайант енді жоқ
Бір күн телеграм істемей уайымдап кеттік қой. Бұның бәрі 14 ақпан күні сансыз көп сатылған қағаз жүрекшелерді жасау үшін өмірін қиған ағаштардың көз жасы. 14 ақпан xалықаралық кітап сыйлау күні тағы. Маxаббатыңызға кітап сыйласаңыз сынады. Отвечаю. Оқымаса да.
Сәлем, достар! Павел Банниковтың бір өлеңін осылай аударып қойдық. "Білге" сайтының ұсынысымен замандас ақынның өлеңін қазақшалап көрдік. Өлең таңдауда еркіндік болған соң осы шығармасына тоқтадым. Бұл аурасы бар, атмосферасы берілген туынды болған соң, соны беруге тырыстық. Оқып жіберіңіздер.

http://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=3536
Сәлем, достар! Осыдан төрт-бес жыл бұрын қазақ әдебиетіне ең керегі аударма мәселесі екенін түсініп, жаппай аударуға көшкен едік. Эстетиканың өзгеруі тек көркем шығармамен ғана емес, солар жайлы эсселер мен талдаулар, анализ бен мақалаларға байланысты. Сол себепті соған көбірек мән бердік. Қазір сол кездегі дүниені сынға алуды бастаған жігіттер, өздері де аудармаға ден қойып жатқанын көріп жатырмыз. Бұл үлкен жеңіс. Қазақ тілді әдебиеттің контенті ауқымы кеңігені дұрыс. Сол үшін біздің осыдан бірнеше жыл бұрынғы энтузиазмге толы көзсіз, тынымсыз, тегін еңбегіміз енді-енді кішкентай да болса жемісін беріп жатыр деген сөз.
Осы жолы Телеграфта жаздық. Уәде еткендей. Кейінгі үлкен постымнан кейін "қашан пост шығады?, қашан пост шығады?" деп толассыз xаттар келмегеннен кейін, өзім жазуға бел байладым.
Бұл жерде біз роботтану қорқынышы мен санды цифрлау жайлы, адам мен роботтың қатынасы жайлы айтып көрдік

https://telegra.ph/Z%D2%B1lymdy%D2%9B-al%D2%9Baby-men-zhel%D1%96deg%D1%96-m%D3%99%D2%A3g%D1%96l%D1%96k-%D3%A9m%D1%96r-02-25
Орысшаға аударылған өлеңдерім, әне, мінемен порталдың орысша бөліміне енді шықты. Оны өзім порталдағылардан бұрын көрген сияқтымын) Оқып шығыңыздар. Мен үшін бұл үлкен құрмет болар еді👇👇👇

https://adebiportal.kz/ru/news/view/22562
5-6 жыл... 7 жыл бұрын болуы да мүмкін. ВКонтакте деген әлеуметтік желіде «Әдебиет ошағы» деген парақша ашқан болатынбыз. Қазір оның оқырман саны 17 мыңға жақындап қалды. Біраз уақыт бос қалғаннан кейін, қазір белсенділік азайып кетті. Дегенмен бәрін қайтаруға болады. Енді оны қайта жаңғыртуға тырысамыз. Әдеби парақшалардың, қазақ тілді әдеби парақшалардың, қазір де аз әрі сапасыз екені көңіл түсіреді. Ол оқылықтың орнын да толтыруға тырысамыз. Сол желіде отыратын адамдар болса, қосылып қойыңыздар. Пайдалы дүниелер көп болатынына сенімдімін

https://vk.com/wall-61873838_11522