Paiym
41 subscribers
62 photos
7 videos
50 links
Download Telegram
Channel created
Бәріміз реликті шағаламыз https://www.facebook.com/100024628060175/posts/552141225616808?sfns=mo
Картинаны қалай түсінуге болады?

Шынымды айтсам, бұны түсінудің нақты бір теориясы жоқ деп ойлаймын. (Бұл менің жеке ойым жазылатын күнделік іспеттес дүние екенін де ұмытпаңыз. Мен энциклопедия емеспін) Суреттің қызметі, мәдени контекст, композиция, ұқсастық секілді уақыты мен ағымына байланысты талдау түрі бар екені анық. Бірақ картинадағы сезімді, аураны, мінезді көру үшін теорияға жүгіне бермеу керек шығар. Дегенмен бүгін сурет өнерінің әліппесі істпеттес бірнеше теорияны да айта кету керек деп шештік. Сурет өнері ең көне және жаңалық пен жаңашылдығы жағынан ең бірінші жүретін өнер түрі. Менің ойымша, бұл өнердің құдіреті әлі талай философиялық ұғымдардың, қоғам жасау теорияларының, адам зерттеудің, жан дүние кеңістігі мен ойдың, фантазияның ескіруіне және жаңаруына, кеңеюіне септігі тиеді. Адамзат жаратылғалы, (атеистер ежелгі адам болғалы деп өзгертіп оқи беріңіздер) бірге жаратылған бұл өнердің біздің қазіргі кейіпімізге дейін дамуымызға қосқан үлесі мол. Бүгін мен сіздерге ең көне сурет түрлерінің мағынасы жайлы кішкентай ғана мағұлмат бере кеткім келді. Білсеңіздер тіпті жақсы. Білмесеңіздер кішкентай ғана екі-үш сөйлемнен тұратын теорияны оқысаңыз артық болмас. Сол арқылы ары қарай ізденуіңізге септігі тиер деп ойлаймын. Мен қазір сіздерге ерте замандағы суреттердің адамға қызмет ету үшін салынғаны жайлы сөз қозғамақпын. Сонымен бұл жерге Б.Ғ.Д 15-10 мың жыл бұрын салынған, Испаниядағы Альтамир үңгіріндегі тамаша сақталған бизонның суретін қыстыра кеттім. Яғни, 15 мың жол болған сурет. Оны салған ежелгі адамдардың ішінен шыққан мен деген суретші. Жоғарыдан көрсеңіз болады☝️ Картина астына көп сөз жазылмағаннан кейін осылай алдымен картинаны бөлек салуыма тура келеді. Сол үшін кешірім сұраймын. Арxеологтар мен басқа да осыны зерттеп қалған ғалымдардың пайымдауынша, бұл сурет суретті салған адамның немесе тайпаның бизонды ұстау керектігі жайлы ескертпесі немесе мотивациясы немесе сенімі болған дейді. Яғни осы сурет олардың бизонды ұстауына көмектеседі деген тәмсілге сенгені. Одан кейінгі суретке назарыңызды аударып кетіңіз. Сурет "Лазарьдің қайта тірілуі" деп аталады. Суретті салған: византиялық шебер. Базилика Сант Аполлинаре Нуово, Равенна, Италия. VI ғасыр. Мозайка ерте xристиан дәуіріндегі шіркеуде салынған. Лазарь қайтыс болған. Одан кейін төрт күн өткен соң Исус он же Иса еще и Христос Лазарь жерленген үңгірдің бетін ашыңдааар деп айқай салған. Ашылғаннан кейін төбеге қарап, эмм... Не деп еді... Қазір келем... "Отче! Я и знал, что Ты всегда услышишь Меня; но сказал сие для народа, здесь стоящего, чтобы поверили, что Ты послал Меня.
Сказав это, Он воззвал громким голосом: Лазарь! Иди вон.
И вышел умерший, обвитый по рукам и ногам погребальными пеленами…"
Ин. 11: 41–44 деген. Картинадан Исаның Лазарьға үңгірден шығуын бұйырып саусағын шошайтып тұрғаны, оның жерленгендегі мата-патасымен берге зытып бара жатқанын көруге болады. Сол заманда адамдардың көбі сауатсыз болғандықтан, оқу, жаза білмегендіктен осындай суреттерге қарап дінді түсіну әлде қайда ыңғайлы болған. Ұлы Григорий Папа былай деген ғой, тұрған да, "Сауаттылар үшін Священные писание қандай маңызды болса, сауатсыздар үшін де иконалар сондай маңызды" деген ғой. Яғни, Інжілді осындай витраждар, иконалар мен картиналар арқылы үйренген десек болады. Картина адамға қызмет еткен. Мораль басни таков. Егер қаласаңыздар, келесі жолы басқа да түсіндіру жолдары жайлы жазайын. Дым қиын емес, копировать вставить.
Екінші сурет
Обал бопты
Paiym
Photo
"Неге осы біз?"

Біз, адамзат, Жерде тұрақтағалы бері, үнемі күресіп келеміз. Кіммен? Өзімізбен өзіміз ғана. Жерге таластық, елге таластық, "таластық" деген сөз тек итке арналған деп таластық. Қызғанбаған зат қалмады. Қырылмаған тірі организм, бұзылмаған дүние қалмады. Адамзаттың кесірінен жануарлардың неше түрі келмеске кетті. Ондай организм түрін басқа жерден кездестіре алмаймыз. Енді біз ғарышта ең болмағанда бір клеткалы бактерияларды тапсақ деп тырысып жатырмыз. Осы уақытқа дейін ең қолайлы Жеріміздің жарамсыз деңгейіне барынша жақындатуға барымызды салдық. Әлі де дес бермей келеміз. Ал басқа жаққа қоныстануға бола ма? Мүмкін. Бірақ қанша уақыт, қанша ресурс керек? Күн жүйесі деген біздің планета орналасқан жүйені білеміз, иә? Ол жерде суретке ілінген 8 планета бар. Плутонды білесіздер планета деңгейінен алып тастады. Тоғызыншы планета теория жүзінде ғана бар. Жарайды, ол маңызды емес. Жерді сақтап қалғанымызбен, ғарыш бір орында тұрмайды. Барлық жұлдыздар секілді Күн де өзінің ғұмырын аяқтайды. Адамзат 10 мың жылдан кейін толық өледі деген теория бар. Біз каким то образом тірі қалсақ, 50 мың жылдан кейін мұз дәуірі аралық уақыт аяқталып, тағы бір мұз дәуірі басталады. Онда да тірі қалсақ 500 мың жылдан кейін Жерге диаметрі 1 км астероид түседі. Жақсы, оның бәрінен өттік делік 100 млн жылдан кейін динозаврларды қырып тастаған метеорит сияқты аспан денесі Жермен соқтығысады. Ал, одан тірі қалдық делік. Күн қызыл гигант деңгейіне өтіп, өте үлкен қызыл шарға айналады. жерде тіршілік мүмкін емес болады. Бірақ Титанда ауа-райы тамаша болады деседі. Ал ол қалыптасуы үшін тағы миллиондаған жыл керек. Соңында Күн карликке айналып, черная дыра болады да, айналасындағы кеңістік пен уақытты жұтады. Қысқасы, біз бәріміз өлеміз. Тіпті, он мыңға жылға толмай адамзат жоғалуға жақын. Вояджер деген аппараттың жылдамдығы 56 000 км/сағ. Бізге ең жақын жұлдыз Альфа Центавраға жету үшін 80 000 мың жыл кетеді. Тіпті біз жарық жылдамдығымен жүретін аппарат ойлап тапқан күннің өзінде, миллиондаған галактиканың бірі ғана Құс Жолының ортасына, шеті емес, ортасына жету үшін 30 мың жыл кетеді. Ал мынау барлық галактикаларды ұстап тұрған вселеннаяның ортасына жету үшін 46,5 млрд жыл кетеді. Сіздің эгоңыз әлі де жаныңызда ма? Сіз ешкім емессіз. Ешкім де ешкім емес. Мына фотода 15 000 галактика тұр. Біздікі тек бір нүкте. Сол нүктенің ортасына жету үшін 30 мың жыл, Карл. Мына үлкен ғарышта біз микробтан да кішкентаймыз. Бірақ біз сондай өркөкірекпіз. Құр сөзбен күллі ұлттың атынан сөйлеуге тырысамыз. Айқайшылмыз. Сөйлей береміз. Бәріміз жойылсақ, осының бәрі не үшін керек? Тариx, өнер? Неге мен мына каналда отырмын? Неге сіз оқып отырсыз? Неге Санжар ішіп алып, түнде звондайды? осының бәрі не үшін? Америка Марсқа қонады. Ал біз ше? Ресейдің де жобалары бар, xалықаралық ғарыш станциясына құқылы. Қытай Айдың бізге көрінбейтін теріскей бетін зерттеп жатыр, тығылып алып. Жапония да Айға аппараттарын қондырды. Еуропа ғарыш агенттігі басқа да планеталар мен галактикаларды зерттеуде. Ал біз ше? Неге айқайлай береміз? Не деген бітпейтін ата-бабамен мақтану? ешкімге керек емес. Ешкімге! Не деген бітпейтін мен қазақпын деген әндер. Не деген бітпейтін жоңғар ол. Ондай ел жоқ қой даже қазір. Жойылып кеткен адамдармен әлі соғысып жүрміз. Адамзат жойылса, біз бірінші өлеміз. Құттықтаймын! Ең болмаса осы жерде бірінші болайық.