Paiym
41 subscribers
62 photos
7 videos
50 links
Download Telegram
Channel created
Бәріміз реликті шағаламыз https://www.facebook.com/100024628060175/posts/552141225616808?sfns=mo
Картинаны қалай түсінуге болады?

Шынымды айтсам, бұны түсінудің нақты бір теориясы жоқ деп ойлаймын. (Бұл менің жеке ойым жазылатын күнделік іспеттес дүние екенін де ұмытпаңыз. Мен энциклопедия емеспін) Суреттің қызметі, мәдени контекст, композиция, ұқсастық секілді уақыты мен ағымына байланысты талдау түрі бар екені анық. Бірақ картинадағы сезімді, аураны, мінезді көру үшін теорияға жүгіне бермеу керек шығар. Дегенмен бүгін сурет өнерінің әліппесі істпеттес бірнеше теорияны да айта кету керек деп шештік. Сурет өнері ең көне және жаңалық пен жаңашылдығы жағынан ең бірінші жүретін өнер түрі. Менің ойымша, бұл өнердің құдіреті әлі талай философиялық ұғымдардың, қоғам жасау теорияларының, адам зерттеудің, жан дүние кеңістігі мен ойдың, фантазияның ескіруіне және жаңаруына, кеңеюіне септігі тиеді. Адамзат жаратылғалы, (атеистер ежелгі адам болғалы деп өзгертіп оқи беріңіздер) бірге жаратылған бұл өнердің біздің қазіргі кейіпімізге дейін дамуымызға қосқан үлесі мол. Бүгін мен сіздерге ең көне сурет түрлерінің мағынасы жайлы кішкентай ғана мағұлмат бере кеткім келді. Білсеңіздер тіпті жақсы. Білмесеңіздер кішкентай ғана екі-үш сөйлемнен тұратын теорияны оқысаңыз артық болмас. Сол арқылы ары қарай ізденуіңізге септігі тиер деп ойлаймын. Мен қазір сіздерге ерте замандағы суреттердің адамға қызмет ету үшін салынғаны жайлы сөз қозғамақпын. Сонымен бұл жерге Б.Ғ.Д 15-10 мың жыл бұрын салынған, Испаниядағы Альтамир үңгіріндегі тамаша сақталған бизонның суретін қыстыра кеттім. Яғни, 15 мың жол болған сурет. Оны салған ежелгі адамдардың ішінен шыққан мен деген суретші. Жоғарыдан көрсеңіз болады☝️ Картина астына көп сөз жазылмағаннан кейін осылай алдымен картинаны бөлек салуыма тура келеді. Сол үшін кешірім сұраймын. Арxеологтар мен басқа да осыны зерттеп қалған ғалымдардың пайымдауынша, бұл сурет суретті салған адамның немесе тайпаның бизонды ұстау керектігі жайлы ескертпесі немесе мотивациясы немесе сенімі болған дейді. Яғни осы сурет олардың бизонды ұстауына көмектеседі деген тәмсілге сенгені. Одан кейінгі суретке назарыңызды аударып кетіңіз. Сурет "Лазарьдің қайта тірілуі" деп аталады. Суретті салған: византиялық шебер. Базилика Сант Аполлинаре Нуово, Равенна, Италия. VI ғасыр. Мозайка ерте xристиан дәуіріндегі шіркеуде салынған. Лазарь қайтыс болған. Одан кейін төрт күн өткен соң Исус он же Иса еще и Христос Лазарь жерленген үңгірдің бетін ашыңдааар деп айқай салған. Ашылғаннан кейін төбеге қарап, эмм... Не деп еді... Қазір келем... "Отче! Я и знал, что Ты всегда услышишь Меня; но сказал сие для народа, здесь стоящего, чтобы поверили, что Ты послал Меня.
Сказав это, Он воззвал громким голосом: Лазарь! Иди вон.
И вышел умерший, обвитый по рукам и ногам погребальными пеленами…"
Ин. 11: 41–44 деген. Картинадан Исаның Лазарьға үңгірден шығуын бұйырып саусағын шошайтып тұрғаны, оның жерленгендегі мата-патасымен берге зытып бара жатқанын көруге болады. Сол заманда адамдардың көбі сауатсыз болғандықтан, оқу, жаза білмегендіктен осындай суреттерге қарап дінді түсіну әлде қайда ыңғайлы болған. Ұлы Григорий Папа былай деген ғой, тұрған да, "Сауаттылар үшін Священные писание қандай маңызды болса, сауатсыздар үшін де иконалар сондай маңызды" деген ғой. Яғни, Інжілді осындай витраждар, иконалар мен картиналар арқылы үйренген десек болады. Картина адамға қызмет еткен. Мораль басни таков. Егер қаласаңыздар, келесі жолы басқа да түсіндіру жолдары жайлы жазайын. Дым қиын емес, копировать вставить.
Екінші сурет
Обал бопты