Мотивация | Әдет | Дисциплина
603 subscribers
26 photos
3 videos
1 link
Өзіңді өзгемен емес
Өзіңмен салыстыр
Download Telegram
Қаққан әрбір есік бірден ашыла кетсе,ешкім үміттің,сабырдың және тілектің қадірін ұқпас еді…
❤️
👍176
сен Алладан бір гүлшоғын шын ниетпен сұрасаң, Ол саған бір шоқ гүлді емес, гүлдерге толы бақты берер…
🥰
27🔥4🥰4
🖇️Қателікпен жеңілістен қорықпа. Қателіктен сабақ алып, тәжірибе ретінде көр. Ал жеңілісті, жетістікке жетудегі жол ретінде көр. Өйткені қателіксіз және жеңіліссіз ешкім жетістікке жетпеген. Бүкілі қателескен. Ең бастысы: Қателіктен сабақ алу, және жеңілсенде берілмеу!

📌📌📌
👍176
«Егер қиындық кезде бәрі сені тастап кетсе, онда Аллаһ Тағала сенің ісіңді шешуді Өз қолына алғысы келгені».

- Имам Шафиғи
❤️
26🥰3👨‍💻1
🧬“Сен ешқашан өз потенциалынды ашпайсын, егер сапасыз дофамин әрқашан сенімен бірге болса”📌
18👍7
Болашағы бұлыңғыр адам уақытын бос өткізеді
Болашағы жарқын адам уақытын тиімді ресурсқа айналдырады
📌
🔥174👍4
“Барлық нәрсенін бастауы-ойларда. Ой- барлық нәрсенің басы. Ойларды басқаруға болады. Сондықтан өзіңді жақсартудың ең бастысы - ойларынмен жұмыс істеу”

🗣️Лев Толстой


🖇️Ой- сенін ниетіне айналады. Ниет- сенін әрекетіне айналады. Әрекет- сенін міңезіне айналады. Ал міңез- сенін тағдырынды шешеді. Сол үшін ең бірінші ойына бекем бол!

📌📌📌
👍14🔥3
Аллаһ, өмірдегі жолың әрқашан оңай болады деп уәде бермеді..

Бірақ, Мейірімді де Рақымды Раббың әр қадамыңда, сенімен әрқашан бірге болатынына уәде берді..

Оған деген сенім, қараңғы уақыттарда сенің нұрың болсын..
🥰❤️
27🔥4
Бұл әлемде шектеу жоқ !!!

Шектеу тек біздің санамызда ғана !!!

Алла Тағала бізге көптеген мүмкіндіктер беруде !!!

Ал ол мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану өз қолында !🚀🚀🚀
👍20👏42
«Өмірдегі ең жаман сезім- іске асыра алатын мүміндіктерді жоғалтып алғанынды түсіну”

Сол үшін, әрбір мүмкіндікке қол созыңыз. Дамуға, өсуге болатын әрбір мүмкіндікті қолданып қалуға тырысыңыз. Есте сақтаңыз:
😌📌
18🔥6
📈"Мен жаттығудың әр минутын жек көрдім, бірақ мен өзіме айтатынмын:

Мақсатыннан бас тартпа. Қазір аздап шыдамдылық таныт, қалған өміріңді чемпион ретінде өткіз!"

🗣️Мұхаммед Әли


🔗Сіздің өміріңізде өзіңіздін арманыңыздан бас тартқыңыз келетін сәттер болады. Осындай сәттерде сізді сапарыңыздың соңында күтіп тұрған нәтиже туралы еске түсіріңіз.

😌🔋
🔥228
📱15 жылдан астам уақыт бұрын Facebook-ті жасаушы Марк Цукерберг өзінің Бес досын бизнес құру идеясын айту үшін үйіне шақырды

Олардың екеуі ғана кездесуге барып, жұмыс істеуге келісті.

Бүгінгі күнде екеуі де миллиардерлер.

Дастин Московиц = $13.3 млрд

Эдуардо Саверин = $10.4 млрд


Досыңыз сізге мүмкіндіктер мен идеялар туралы айтқан кезде – тыңдаңыз, талқылаңыз, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Егер досыңыз сізбен идеялармен бөліссе, ол сізді әлеует ретінде көруі мүмкін.
📌📌📌
👍151🔥1💯1
“Сенің ортан төрт миллионердан тұратын болса, сен бесіншісі боласын. Ал егер сенің ортан төрт уақытын босқа өткізетін адамдардан тұратын болса, сен бесіншісі боласын”
Ортаңды түзе
👍18🔥41💯1
Раббым… Егер тағдырымда мұқтаж болу жазылған болса, бұл мұқтаждық тек Саған болсын. Мені Өзіңнен басқа ешкімге мұқтаж ете көрме..❤️
25🙏6🥰4👍3
Қателес. Шатас. Бәрін бұз, достарыңды жоғалт.

Сен өмір сүруді жалғастыруың керек.

Үйрен. Бұрынғы қателіктеріңді қайталамауға тырыс.

Сен өсіп жатсың. Осының арқасында, қандай адам болуың керек екенін түсініп жатсың

Асықпа.. Уайымдама.

Саналы бол, болып жатқан дүниенің мән-мағынасын түсін.

Қазіргі сәтте өмір сүр. Өйткені, бірнеше күн, апта, жылдардан кейін, сен дәл осы жерде болғаныңа қуанышты боласың…

Соңында айтатыным, қаншама қателік жасасаң да Раббыңа қайт.. Өйткені ешқандай күнә Аллаһтан үлкен емес.. Ол кешіреді..



Және өзіңе әрқашан қамқор бол..

Мен саған сенемін…

❤️🥰
34🔥4👍3
Көбінесе неге адамның көңілі қалады, біреуден бір нәрсе күткен кезде.

Біреуге жақсылық жасағаннан соң одан ештеңе күтпе. Ешкім саған ештеңе міндетті емес.

Ешкімнен ештеңе күтпесең, маған сен, өмірің жеңіл болады…
🥰📌
22👍1
Сен қаласаң да, қаламасаң да, ең алдымен сапа емес санға жұмыс жасауың қажет.

Ешнәрсе істеп көрмеген адамның “сапалы істей алатын кезде барып кірісемін” деп ойлауы – ақылға қонымсыз.

Сен бірінші сөйлеп үйренесің, содан кейін дұрыс сөйлеп үйренесің.

Сен бірінші жазып үйренесің, содан кейін дұрыс жазып үйренесің.

Әрекеттер санының көптігі ғана сапалы әрекеттердің көбею ықтималдығын арттырады…
🥰📌
👍183
Өзіңізді өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Адам өзін басқалармен қаражат, отбасы, қоғамдағы статус немесе өзге дүниелерге байланысты салыстыруды доғарған кезде жеке басын бақытты сезіне бастайды. Әркімнің түрлі дүниелерге қол жеткізуде өз жолы, уақыты және мөлшері болады. Сондықтан, қанша қиын болса да, өзіңізді өзгелермен салыстыра бермеңіз. Оның орнына өзіңізге ұнайтын, күшті мотивация беретін нәрселерге көбірек көңіл бөліңіз.
🥰
🔥2110👍4
Адамдар кешегі істеген барлық жақсылығыңды, бүгінгі бір қателігің үшін ұмытады..

Ал, Мейірімді, Рақымды Раббың кешегі күнәларыңды бүгінгі тәубеңмен кешіреді…
🥰🥰
👍2011🥰2👏2
“Позитив және Негатив”

Бір данышпан тыңдаушылардың алдында сөйлеп, оларға әзіл айтты. Бүкіл аудитория күліп жіберді.


Бірнеше минуттан кейін ол адамдарға тағы да сол әзілді айтты. Бірнеше адам ғана күлді.

Данышпан сол әзілді үшінші рет айтты, бірақ ешкім күлмеді.

Дана адам күлімсіреп: "Сіз бір әзілден үнемі күле алмайсыз, бірақ неге сіз үнемі бір нәрсе үшін жылай бересіз?»

Қорытынды: Адамдар позитивке қарағанда негативке көбірек көңіл бөледі.

🖇️
Позитивті ойлаңыз. Шүкіршілік етіңіз. Шүкіршілік айтатын заттар негативке қарағанда өте көп.
🥰🥰
💋14👍116
🗣️ Істі кейінге қалдыру әдетінен арылу жолдары.

1️⃣Миымыз кез келген істің нәтижесін бірден көруге, дереу рақаттануға бейім. Сондықтан жалқаулығын жеңе алмай жүрген жандар нәтижесі бірден болмайтын үлкен істерді шағын бөлімдерге жіктеп, орындалатын уақытын белгілеп қойған дұрыс.

2️⃣Бір істі жасайтын кезде ми бірден ол істің ең күрделі, қиын жағын ойлайды. Мұндай кезде істің қиындығына мән бермей, бірден бастап жіберу керек. Ынта кейін өзі - ақ пайда болады. Кез келген жұмыстың басталуы-ол істің, тіпті 80% біткендігімен парапар.

3️⃣Кейде «іс еш мінсіз, аса керемет дәрежеде болу керек» деген максималистік психология оны кейінге қалдыруға себеп. Біз істің кереметін күтіп жүргенде, уақыт зулап өтіп кетеді де, ол сол күйі өзгеріссіз қалады.
👍17