МӘМС-ті зертте! Знайте ОСМС!
749 subscribers
485 photos
6 videos
245 links
Қазақстанның денсаулық сақтау саласын реформалау біздің әрқайсымызға не береді? Ел болашағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруда екенін қалай түсіндіруге болады? Біздің арна осы сұрақтар төңірегінде оқырмандарға ақпарат таратады.
Download Telegram
to view and join the conversation
МӘМС жүйесінде өсімақы кімдерге қарастырылған?

Жұмысшыларға, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға, дербес және БЖТ төлеушілерге өсімақы қарастырылмаған.
МӘМС бойынша берешегі бар жұмыс берушілерге өсімақы жүреді, өйткені бұл жағдайда қызметкер МӘМС аясында медициналық көмек ала алмайды және оның мәртебесі «сақтандырылмаған» болып өзгереді.
Егер өсімақы жайлы хабарлама келсе, аумақтық мемлекеттік кірістер комитетіне хабарласыңыз. Медициналық сақтандыру Қорына тек жарна түседі, өсімақыны салық органдары салады.
Жұмыртқа маскасы: теріні тазалайды, тартады, жұмсартады

Жастық пен тері саулығын әрдайым бақылауда ұстау үшін түрлі маскалар жасап тұрудың маңызы мол. Ал жұмыртқадан жасалатын бұл маска бет терісін тазалайды, жұмсартады, нәрлендіреді және тартып тұрады. Сонымен қатар ең арзан, қолжетімді маска болып есептеледі. Өйткені сізге керегі тек жұмыртқа ғана.
Жұмыртқаның ағы теріні тазалап, тартып тұратын болса, сарысында терінің сыртқы қабатын тереңнен тазалап, жұмсартып тұратын лецитин көп мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ жұмыртқаның құрамындағы А, Д, В дәрумендері терінің жас қалпын сақтауға септігін тигізеді. Сондықтан да жұмыртқа маскасын кез келген жастағы қыз-келіншектердің жасауына болады.
Сізге керегі:
1 жұмыртқа
қағаз майлық (салфетка)
шанышқы
2 ыдыс
Жасалуы
Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп алыңыз.
Ағын аздап араластырып, бетіңізге жағып, оның сыртынан қағаз майлықты қажет мөлшерде кесіп, жабыстырыңыз. Одан кейін бетіңізге жабысып тұрған қағаздардың сыртынан тағы бір рет жұмыртқаның ағын жағу керек. Бірақ тым көп жағудың қажеті жоқ.
Жұмыртқа жақсылап кепкен соң, яғни 20-30 минуттан кейін масканы төмен, яғни иек жағыңыздан бастап, жоғары, маңдайға қарай еппен тарта отырып, алып тастаңыз. Масканы алып жатқанда аздап ауыру сезімі болуы мүмкін. Дегенмен, жұмыртқа маскасының нәтижесін көргенде-ақ ол туралы ұмытып та кетесіз!
Масканы алғаннан кейін бағана бөліп қойған жұмыртқаның сарысын араластырып, бетіңізге жағыңыз. Ал оның күші әлдеқайда арттыру үшін оған бірнеше тамшы зәйтүн немесе кокос майын қосуға болады.
10 минуттан кейін бетіңіздегі жұмыртқаның сарысын жылы сумен жуып тастаңыз.
Егер бет терісі құрғақ болса, дереу нәрлендіретін крем жаққаныңыз жөн.
Мұндай масканы аптасына 2 рет жасап тұрған артық болмайды.
МӘМС: COVID-19 профилактикасына, емдеуге және диагностикалауға қанша қаражат бағытталды?
Коронавирустық инфекцияның алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ Covid-19 таралуын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 154,7 млрд теңге бөлінді.
2020 жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында ӘМСҚ-135,6 млрд теңге төленді. Шығындардың басым бөлігін, яғни 81,3 млрд теңгені эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің жалақысына үстеме құрады.
«Денсаулық сақтау министрлігі орталық деңгейде және жергілікті атқарушы органдар коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Өз кезегінде Қор коронавирус пен пневмониямен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің уақтылы төлемін жүргізеді. Бұл ретте, осы аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі»,-деп хабарлайды ӘМСҚ баспасөз қызметі.
Наурыздан қыркүйекке дейін провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуды қаржыландыруға 24,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды, оларда карантиндік оқшаулау және қажет болған жағдайда 240 мыңнан астам адам емделді.
Осы кезеңде инфекциялық стационарларда 72 мың пациент емделді. Covid-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды амбулаториялық және стационарлық жағдайда емдеуге барлығы 18,8 млрд теңге жұмсалды.
Үйдегі стационардың медициналық қызметтеріне ақы төлеу үшін 9 млн теңге жұмсалды. Үйде емдеуді өкпе 30% - дан аспаған кезде ауру ағымының жеңіл түрі бар пациенттер алады. Күн сайын учаскелік дәрігерлер олардың жағдайын бағалау үшін қоңырау шалады, кем дегенде үш күнде бір рет бейне кеңес беріледі, қажетті рәсімдер де көрсетіледі. Егер жағдай нашарласа, мысалы, үш-бес күн ішінде температура төмендемесе, тыныс алу және тахикардия жоғарылайды, науқас ауруханаға жатқызылады. Бұл қызметтер осы жылдың шілде айынан бастап халыққа қолжетімді болды.
Сол кезеңнен бастап мобильді бригадалар жұмысын бастады. Олардың қызметтерін төлеу үшін шілдеден қыркүйекке дейін Қор 1 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады. Емхананың әрбір шақыруы үшін 5400 теңгеден алады, осылайша үш айда 190 мыңнан астам шығу орындалды. Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және / немесе медбике, кейде бейінді маман кіреді. Мобильді бригадалар пациентті алғашқы қарап-тексеруді жүргізеді, оның жай-күйінің ауырлық дәрежесін бағалайды, Сovid-19 симптомдары болған кезде ПТР-тестке материал алады, пульсоксиметрия жүргізеді, көрсетілімдері кезінде рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама бере алады, дәрілік заттарды тағайындай алады. Айта кету керек, өңірлерде осындай 3000-нан астам бригада құрылған.
ПТР диагностикасын жүргізуге 19 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Наурыздан қыркүйекке дейін жүргізілген тестілеу үшін Қор 10,7 млрд теңге төледі. ПТР-тестілеуден еліміздің стационарларында 222 024 қазақстандық, амбулаториялық жағдайда - 708 124 адам өтті.
Медициналық сақтандыру Қоры Қор төлейтін қызметтердің сапасын жоғарлату үшін пациенттер шағымдармен және ұсыныстармен 1406 байланыс орталығына жүгініп, сондай-ақ оларды Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында қалдыра алады.
Кір сабынның пайдасы қандай?

Қазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да мол.
Мәселен, адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі. Оған қоса, шаш түсе бастағанда дәрігерлер кір сабынмен жуынуға кеңес береді.
Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.
Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай, денеңіз сергіп қалады.
Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да пайдалы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.
Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.
Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер металл заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, аууханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын алу шарасын жүргізуге болады. Оны қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500 мл, ал балаларға 100-200 мл ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және маталл заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады.
Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені басыңыз.
Құлап қалған жағдайда дереу кір сабынды жағыңыз,ол көгеруден сақтайды.
Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.
Қазақстанда профилактикалық екпелерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі

Қазақстанда профилактикалық екпелерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі бекітілді. Құжатқа сәйкес қарсы көрсетілімдер 4 топқа бөлінеді:
• Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы тұрақты қарсы көрсетілімдер
• Тірі вакциналарды пайдалануға тұрақты көрсетілімдер
• Жалпы вакциналардың барлық түрлеріне уақытша қарсы көрсетілімдер
• Вакциналардың жекелеген түрлеріне қосымша қарсы көрсетілімдер.
Құжатпен толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/147703/kaz
Нақты сұраққа – нақты жауап

Сұрақ: Мен БЖТ-ны үш ай бойы төледім, бірақ мәртебем әлі сақтандырылмаған болып тұр. Неге?
Жауап: БЖТ төлеушілері ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 12 ай бойы барлық төлемдер болған жағдайда сақтандырылады + қатарынан 3 төлем. Сонда МӘМС пакетіндегі медициналық қызмет 1 ай қолжетімді болады.
Назар аударыңыз, БЖТ төлеушілері үшін «сақтандырылған» мәртебесі ағымдағы ай үшін төлем жасалған сәттен басталады. Яғни, қазан айын төлеп, сіз тек қазан айына сақтандырыла аласыз. Қараша айында сіз төлем жасалған күннен бастап сақтандырыласыз. Сондықтан, БЖТ-ді айдың басында төлеу ұсынылады.
Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы бұйрығымен созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, бақылаудың мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекітті. Бұйрық 10 қарашадан бастап күшіне енеді.
Созылмалы аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсету алғашқы медициналық-санитарлық көмек және тіркелген жеріндегі консультациялық-диагностикалық көмек беру ұйымдарында, ТМКК және МӘМС жүйесінде динамикалық байқау арқылы жүзеге асырылады.
Медициналық көмек көрсету:
1. МСАК ұйымдарында динамикалық бақылауға алынатын аурулар болған жағдайда;
2. Консультациялық-диагностикалық көмек деңгейінде динамикалық бақылауға жататын әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде;
3. Бейінді мамандардың бақылауы қажет созылмалы аурулар болған жағдайда.
Созылмалы науқастарға медициналық көмекті: жалпы тәжірибелік дәрігер, учаскелік терапевт дәрігері / учаскелік педиатр, учаскелік мейірбике немесе фельдшер, сондай-ақ бейінді мамандар жүзеге асырады. Егер көрсетілімдер болса, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар мен салауатты өмір салты кабинеттерінің мамандары қатысады.
COVID-19-бен күресу үшін әлеуметтік сақтандыру Қорына 154,7 миллиард теңге бөлінді

2020 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін Қор 135,6 млрд.теңге төледі:
• COVID-19-бен жұмыс жасайтын медициналық қызметкерлерге арналған жәрдемақы 81,3 млрд теңгені құрады;
• Ауруханаларға жатқызуды қаржыландыру 24,5 млрд. теңгеден астам қаржыны құрады. 240 мыңнан астам адам карантиндік оқшаулау мен емдеуден өтті;
• 18,8 млрд теңге амбулаториялық және стационарлық жағдайда COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге жұмсалды. 72 мың науқас емделіп шықты;
• Үйдегі стационар қызметіне 9 млн теңге бөлінді;
• Шілдеден қыркүйекке дейін мобильді бригадалардың қызметіне 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, үш айда 190 мыңнан астам сапар жасалды;
• ПТР диагностикасына 19 млрд астам теңге бөлінді. Өткізілген сынақтар үшін Қор 10,7 млрд.теңге бөлді. 222 024 адам ауруханаларда және 708 124 адам амбулаториялық жағдайда ПТР тестілеуден өтті.
Коронавирус адамның бүкіл ағзасын зақымдайды
Коронавирус адамның бүкіл ағзасын зақымдайды. Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова айтты.
«Өкінішке орай, COVID-19 адамның бүкіл ағзасын зақымдайтын жүйелі ауру саналады. Оның ішінде жүйке жүйесіне де зақым келтіреді. Орталық жүйке жүйесіне қатысты шағым өте көп. Бұл - еске сақтау қабілетінің төмендеуі, бас ауруы, есту қабілетінің нашарлауы. Бүгін ғана қабылдауымызда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққаннан кейін есту қабілеті тым төмендеп кеткен пациент болды. Оның үстіне аурудың өткір фазасының өткеніне 3 ай уақыт өтіпті. Қазіргі уақытта COVID кесірінен қант диабеті пайда болған 4 пацентті бақылауымызға алып отырмыз» деді ол.
Сонымен қатар ол коронавирусты бастан кешірген тағы бір пациенттің өткір холециститтен хирургиялық стационарға түскенін айтады.
«Жедел араласу мәселесі туындады. Алайда қабынуға қарсы жүргізілген ем-дом түйілуді басатын дәріге қарағанда әлдеқайда жоғары әсерін берді» деді Махаббат Бекбосынова.
Коронавирусқа қарсы иммунитет қалай қалыптасады

Алматы Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, пульмонолог Абзал Малбасқанов адам ағзасында коронавирусқа қарсы тұрақты иммунитеттің қай жағдайда қалыптасатынын және инфекциялық ауру кезінде антидененің рөлі туралы айтып берді.
Инфекциялық процесс антидененің екі түрін өндірумен қатар жүреді. Бұл – IgM және IgG. Иммуноглобулин (M) (бұдан әрі IgM) ол инфекция басталған кезде дамиды. Аурудың өткір кезеңінде максимумға жетеді, содан кейін біртіндеп азаяды, жазылғанша толық жоғалады. Иммуноглобулин (G) организмде вирус пайда болғаннан кейін 21-28 күн өткен соң өндіріле бастайды. Бірақ қазір бүкіл әлем ғалымдары титрдың төмендеуін, сондай-ақ COVID-19 антиденесінің санын бақылап отыр. Егер адамда коронавирустың жеңіл түрі болса, онда антидене организмде ондай титрде болмайды. Иммунитет үш түрге бөлінеді. Қысқамерзімді, ұзақмерзімді және өмір бойғы. Бізде вирусқа қарсы қандай иммунитет бар-жоғын зерттеу қажет. Бұл уақыт еншісінде. Бүгінгі күні барлық ғалымдар титр азаяды және өмір бойғы иммунитет қалыптаспайды деген пікір білдіруде. Себебі бұл вирус мутацияға ұшырауы мүмкін. Уханьда өлім-жітім 3%-ға дейін болғанын еске түсірейік. Ал Италияда вирус мутацияға ұшырап, адам өлімі 5-6% дейін өсті. Егер адам ауырған болса, оның денесінде бұл вирус туралы ақпарат қалады және оны қайтадан жұқтыруы мүмкін. Бірақ генетикалық материалдың негізгі құрылымдары жасушалық иммунитет деңгейінде болады.
Адамның иммунитеті мен қан тобы инфекцияға әсер ете ме? Мұны ғалымдар растаған жоқ. Біз сондай-ақ науқастарды бақылауға тырыстық және қан тобын алдық. Әртүрлі қан болды. Мынандай қан тобындағылар ауырмайды деп кесіп айтуға болмайды. Себебі біз бәріміз адамбыз. Бәріміздің генетикалық құрылымымыз бірдей, дегенмен әркімнің қан тобы әртүрлі. Денсаулықты сақтау салауатты өмір салтын ұстануға байланысты. Аурудан айыққан кей адамдар ескі әдетімен өмір сүре бастайды. Денсаулыққа зиян тағамдар мен түрлі сусындарды тұтынады. Бұл дұрыс емес. Коронавирус аутоиммунды ауру ретінде жүретіндіктен, күшті иммунитет те жақсы емес. Көпшілігі «цитокин дауылынан» зардап шегеді. Ағза тез жауап бергенде, қабыну пайда болады. Осы кезде біз иммундық жүйені гормондар мен дәрілердің көмегімен тыныштандыруды бастаймыз. Әр адамның ағзасы әртүрлі әрекет етеді. Кейбіреулер үшін аурудың ағымы өте тез жүреді. Бұл иммундық жүйенің күрт реакция жасағанын көрсетеді. Кей науқастарда ауру классикалық нұсқаға сәйкес кезең-кезеңімен жүреді, тіпті симптомсыз өтуі мүмікін.
Бүгінде коронавирустың алдын алу үшін маска тағу – пандемия кезіндегі әлеуметтік жауапкершіліктің ең өткір мәселесі. Себебі, адамдар коронавируспен ауырдым және маған енді жұқпайды деп ойлайды. Алайда олардың басқаларға жұқтыру қаупі әрқашан бар. Бір рет ауырған адамдардың қайтадан ауыру қаупі бар екенін айтқым келеді. СОVID-19-ды қайта жұқтыру қаупі жоқ деген сөзге ғылыми дәлел жоқ.
Бір масканы екі сағаттан артық тағуға болмайды. Матадан жасалған маскалар бар. Оларды ұзақ қолдануға, қайтадан жуып, дезинфекция жасап, қайтадан таға беруге болады. Респираторлық клапаны бар маскадан гөрі толық жабылып тұратын түрі әлдеқайда тиімді. Егер адам ауырып тұрса немесе вирус тасымалдаушы болса, онда ол шығаратын ауа атмосфераға түсіп, келесі адамға жұғуы мүмкін.
Кинетоз – көлікте (автобус, ұшақ, кеме), карусельде отырғанда баланың құсуы

ОЛ НЕДЕН ПАЙДА БОЛАДЫ? Балаларда 1-2 жас арасында вестибулярлы жүйе әлі жақсы дамымаған болады. Сол кезде жылдам болған қимылдан балада сондай жағдай жиі болады. Яғни көру жүйесі жылдам қимылды көреді, дене сезіне алмайды. Содан миға "бірдеңе дұрыс емес" деген сигнал барады. Көбінесе бұл 2-жастан кейін кетеді. Бірақ кей балаларда 10-12 жасқа дейін сақталады. Ал, сирек жағдайда, тіпті, ересек адамдарда да кездеседі. ⠀ Кинетоз белгілері қандай?
• бас айналу, ауыру;
• көз көруі нашарлауы, заттың екі еселеніп көрінуі;
• тепе-теңдік сақтау бұзылысы;
• жүрек айну, құсу;
• әлсіздік, енжарлық;
• суық тер, жүрек соғуы жиіленуі. ⠀
Жолға шыққанда балада бұл жағдайды болдырмау немесе жеңілдету үшін:
• баланы жолға шығар алдын тамақтандырмау, кем дегенде 1,5 сағат бұрын жеңіл тамақпен тамақтандыру керек;
• көлік ішінде балаға сотка, планшет ойнатпаңыз;
• мүмкіндік болса, жолда баланың ұйықтауына жағдай жасау, сонда бұл жағдай азаяды;
• көлік терезесін ашып, таза ауа кіргізіп тұру қажет;
• көлікте темекі тартпау, иістендіргіш заттар пайдаланбау керек;
• көлік іші тым ыстық болмасын, баланы да тым қалың киіндірмеңіз;
• балаға аздаған мөлшерде су немесе жемістен жасалған компот беріп отыруға болады;
• баланың көңілін басқа заттармен, ойынмен бөліп отыру керек;
• көлікте балаға ыңғайлы орын артқы, ортаңғы орын. Автокресло болса, тіпті жақсы;
• Ұшақта, ыңғайлы орын қанаты жағы. Артық қимыл аздау;
• Поезда терезе жағы ыңғайлы. ⠀
Жолға шығарда өзіңізбен: салафан, ылғалды, құрғақ сүлгілер, балаға артықша киім, таза су алып алыңыз.
Бала көлікте жүрегі айнып отырса, су қолыңызбен алақанын, құлағын, мойынның артқы бөлігін сипалаңыз. сонымен қоса, лимон қосылған су, салқын заттан балмұздақ беруге болады. Баланың сыртта қозғалмайтын затқа қарап отырғаны жөн. Мысалы, аспанға, алыстан көрінетін жазық далаға. Кинетозға препараттардан көбінесе берілетіні 2 жастан - дименгидринат (драмина), авиамарин, сиэель.
Бірақ бұл препараттардың барлығының әр адамға кері әсері бар екенін ескерсек, міндетті түрде тек дәрігеріңіздің нұсқауымен алу керек.
Бейінді мамандар қандай қызмет көрсетеді?

Денсаулық сақтау ұйымдарындағы консультациялық-диагностикалық көмекті кардиологтар, эндокринологтар, ЛОР мамандары, офтальмологтар сияқты бейінді мамандар көрсетеді. Сіз бұл қызмет түрін, диагностикалық әдістерді, консервативті емдеуді және медициналық оңалтуды қажет ететін ауру кезінде, телемедицина және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді пайдалану арқылы ала аласыз.
Сонымен қатар, КДК амбулаториялық негізде де, науқас ауруханаға түскен аурудың профиліне сәйкес стационарда да көрсетіледі.
ӘМСҚ: COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауырған пациенттерге оңалтуды қалай алуға болады?
COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастар әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен оңалту қызметтерін алады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халыққа медициналық оңалту көрсету Ережесіне тиісті толықтырулар енгізді. Науқастарды COVID-19-дан кейін қалпына келтіру бірнеше кезеңнен тұрады. Ауруханаға жатқызу кезеңінде қалпына келтіру шараларының кешені басталады, олар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынулардың дамуын азайтуға, өмір сүру сапасын жақсартуға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған.
Ауруханадан шыққаннан кейін ауру ағымының ауырлығына, ілеспе патологиялардың болуына байланысты пациент медициналық оңалтудың 2-кезеңіне немесе бірден 3-кезеңге жіберілуі мүмкін, ол амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәуліктік стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда немесе қашықтықтан жүргізіледі. Айта кету керек, ковидтан кейінгі синдром психологиялық қолдау шараларын қажет етеді.
«Егер науқаста коронавирустық инфекция болса, қанның оттегімен қанығуы 95% - дан төмен, өкпенің зақымдану деңгейі 50% - дан асса немесе бұл көрсеткіш 25% деңгейінде болса, бірақ нормадан асатын ентігу, қатар жүретін аурулар, оттегі қолдауы қамтамасыз етілсе, емдеу реанимация және қарқынды терапия бөлімінде өтсе, науқас 2 кезеңді қалпына келтіруді қажет етеді. Орташа айқын көрінген бұзылулары бар пациенттер 3 кезеңге жіберіледі» - деп ӘМСҚ баспасөз қызметінде мысал келтірді.
Айта кету керек, егер көрсеткіштер болса, үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да 3 кезеңді оңалтуға ала алады. Сондай-ақ, олар мультидисциплинарлы топтың бағалауынан өтуі қажет.
Әрбір пациент үшін оңалту курсы пациент ағзасының ерекшеліктерін, оның қосалқы ауруларының болуын, жасын және т. б. ескере отырып, жеке таңдалады.
COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды оңалтуға жіберу тәртібі бұрынғы тәртіптен ерекшеленбейді: ол үшін Сіз учаскелік дәрігермен кеңесуіңіз керек, участкелік дәрігер пациенттің жағдайын бағалау үшін реабилитолог немесе көп салалы мамандар тобының кеңесіне жолдама береді. Тексеру кезінде тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілігі (Бартел индексі) ескеріледі.
Қор коронавируспен немесе пневмониямен ауырғаннан кейін оларға мұқтаж сақтандырылған халық үшін оңалту қызметтерін үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Оңалту қызметтерін көрсету үшін биылғы жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 559 жеткізушімен шарттар жасасты, оның ішінде осы қызметтерді жеткізушілер қатарында 203 жеке медициналық ұйым бар.
Егер емделушіге көмек көрсетуден бас тартылса немесе оның оңалту ережелеріне қатысты сұрақтары туындаса, онда пациент 1406 байланыс орталығына жүгіне алады немесе Qoldau 24\7 мобильдік қосымшасында өтініш қалдыра алады.