өшпес із
711 subscribers
461 photos
43 videos
29 files
14 links
↝ сезім күнделігі жазылуда

өшпес із қалсын…💌

— жазбаның бәрі жай ғана сезімдер, ешқандай ақыл емес, кеңес емес.
Download Telegram
Ренжітіп алып, "ренжіме" дейтін пенделер,
Көңілдің не екенін біле ме екен?...

✍🏻Аида Ораз
Ай мен күнді салыстырмайсың ғой. Олар уақыты келгенде өзі жарық береді, жарқырайды. Сен де сондайсың. Уақыты келгенде сен де ғаламға жарық сәуле шашасың. Сенің де жарқырайтын сәтің туады. Сондықтан өз өміріңді өзгелердікімен салыстырма, жарқыным.🍃🕊
Forwarded from өшпес із
Жыласам да, күлсем де - мен əйтеуір сенің ғана алдыңда қымсынбаймын... Сен жақынсың жаныма, мейлің тіпті менімен күн-түн егес, өзгелермен күлгенім - күлкі де емес. Дос көп болсын деседі-ау. Сендей достың көп болуы адамда мүмкін емес.
Forwarded from өшпес із
Кейде бірдеңе жетпей тұрады. Сөйтсем, ол әңгіме екен. Адам жалғыз өмір сүре алмайды, оған әңгімелесетін адам қажет. Басқасы бос сияқты.
ойлай берсең, ойланатын нәрсе көп. бірақ дұрысы ойлағаныңды жүзеге асыру, әрекет ету.
әркімнің өзіне ғана тән жылулық сыйлайтын бір мекені, бір ортасы, бір адамы болады.🖇❤️
әрбіріміздің ішімізде ешкімге айтпаған бір құпиямыз жатыр. бәлкім бөліскіміз келсе де, бөлісе алмайтын, бәлкім мүлдем бөліскің келмейтін бір сыр. әлі қанша жасырарың тіпті өзіңе де беймәлім. оның құндылығы да сол - құпиялылығында...🌾
Өмірімнен "өзім жеттім" дейтін нәрсе іздедім. Таппадым.

Бір іс қолымнан жақсы келіп жатса, бұл – Алланың маған өзгелерден артығырақ берген қабілеті. Не үшін берді? Өзгелерден үстем болуым үшін емес, бәлкім өзгелерге көмектесуім үшін берген шығар.

Адам бай, ақылды болған сайын, оның масаттану сезімі емес, жауапкершілік сезімі артуы керек. Құдай алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілік.

Данияр Жігітбек
кейде жақын адамыңның бір ғана жылы сөзіне, қолдауына мұқтаж болатын кездер болады.

қолыңнан келгенін бәрін жасасаң да, бәрін істесең де, ештеңе шықпай жатқан кездерде сол жанның бір ғана сөзі саған әлемді өзгертіп жіберердей күш сыйлайтын сәттер болады.

ол ата-ананың, достың, бауырдың, ағаның, ұстаздың бір ғана сөзі не ісі болуы мүмкін.

міне, осындай сәттерді, осындай сәтте қолдау білдірген адамды өмір бойы құрметтеп өтуіміз қажет секілді..
ата-анамыз бізге қанша қатал болғанымен, жүректері мейірімге толы ғой. оны әр сөзінен, әр ісінен байқауға болады. тек кейде бағалай алмайтынымыз өкінішті...💔
махаббат па, махаббат болған менде...🖇❤️

Егер сен біреуді жан жүрегіңмен жақсы көрсең және Алла разылығы үшін, сен үшін ол адамның барлығына дайын екенін түсінсең, сезсең ешкімнің көзқарасын сұрама! Есіңде болсын, сенің жалғыздығың күндердің күнінде сенен басқа ешкімді де алаңдатпайды. Сүй және өзіңді сүйгенді бағала!

Егер сен жақсы көрген жанның алдында қадірің, сыйың, сүйкімің жоғын байқасаң, бәрі реттеледі, осы адамның жүрегін жылытып, жары атанамын деп дәмеленбе! Сыйлы бол! Алладан өзіңді сыйлай алатын сыңар сұра!

Егер сен мектеп оқушысы болсаң махаббатты машақатқа айналдырма! Бос уақытың мен қиялдарыңды өзіңнің көркем келешегіңді ойлауға, білім алуға, ілім іздеуге жұмса!

...тым келте көйлек киме! Етегің ұзынырақ болсын! Бар тапқаныңды келісті келбетің мен киімің үшін жұмсай берме! Ауыстырып кию үшін әр маусымда, әр мезгілде жарасымды екі-үш киімің болса жеткілікті. Одан гөрі көруге, саяхаттауға уақыт бөл!

...бәлкім мен де бұлардың көбісін өз уақытында жасай алмадым. Бірақ біл, сенің мен жіберген кей қателіктерді қайталамауға мүмкіндігің бар.

Мақпал Төребек
Салың суға кетпесін. Салың ешқашан суға кетпесін. Менің үлкен жетістікке жетуімнің құпиясы - ешқашан рухани күйремеу. Біреудің көзінше ешқашан рухани құлама.

© Эрнест Хемингуэй
шектелмеңіз🪐

өміріңізді тек бір адамға, бір сезімге, бір орынға, бір естелікке, бір проблемаға байлап қоймаңыз. өмірдің күрделі тұстары да, әлемнің алуан түрлі бояулары да тым әдемі әрі қайталанбас ерекше.
Түртіп алғандарым🖇🕊

Шын күліп, шынайылығыңды айтып ақтарылсаң да, шын сөзіңе күдіктене қарайтын болды. "Бір құмалақ, бір қарын майды шірітетінің" кері келіп тұр. Айналаңа күдікпен қарау да қиын екен. Пыш-пыштаған сөзден қашып құтылмайсың. Бәріне шамаң келгенше жақсы қарағың келеді бірақ, әттеген-айы басым болып, қаңқу сөз бен теріс көзқарастар сейілер емес. Көзімді жұмып-соқыр, құлағымды бітеп-керең, аузымды буып-мылқау болып жүруге де мұрсат бермейді-ау. Бұл ненің салдары екен? Адамдар неге соншама ұсақталып барады? Шамасы келсе тістеп, тілмен түйреп отыратындары несі екен? Көп ала қарғаның ішінде жүріп, қара қарға бола алмайсың. Иә, солай екен.

Лаура Ануарханқызы
тіркелген, тіркелетін каналымның біраз жеріне дейін барамын, былайша айтқанда біраз бетін парақтап, танысып шығам. мен оқитын канал ма, не жазады, не айтады, немен бөліседі, бәрін бір-бір қарап шығамын. кейде уақыт болмағанда жәй тіркеліп, қолым босай қалғанда ақтарамын, ұнамаса сол кезде-ақ каналдан шығып кетемін. шыққан соң қайта тіркелетін кезім өте сирек кездеседі.
қазір бәрі бірінен бірі көшіретін болып кеткендіктен бе, ерекшелік те, өзгешелік те жоқ сияқты. сол үшін тек күнделік ретінде жүргізетін, өзінің оқығанымен, көрегенімен, түйгенімен бөлісетіндерді ғана оқитын болдым.
сіздерге де соны айтқым келеді, маған ұнайды, ойымыз үндес, жаныма жақын деген каналдарға ғана тіркеліп, артық мусордан арылыңыздар.🖇🕊
Жастау кезімде бір қыздың күнделігінен мынадай жазуды оқығаным бар: "Егер өзіңді қадір тұтқан еркек бірте-бірте саған деген ықыласын суытса, күнәның бір шеті өзіңде екенін ұмытпа!".
Сүйе білу бар да, сүйдіре білу бар. Сыйлау білу бар да, сыйлата білу бар. Кейде әйелдер тарапынан мынадай өкпе жиі айтылады: "Мен оны жанымдай сүйем. Неге ол маған сол сезімімнің деңгейінде жауап қайырмайды?". Әйел болып жаратылдың екен — сен еркектен нәзіктігіңмен, биязылығыңмен, мейірімділігіңмен, сезімталдығыңмен, кешірімділігіңмен, тіпті, оған қарағанда, әлдеқайда әлсіздігіңмен ерекшеленесің. Еркек қауымы қашанда әйелді қолдап, қорғауды өзіне жазылмаған, бірақ орындауға тиісті заң ретінде қабылдайды. Сондықтан да әйел болып сұлу болмауға хақың жоқ. Сенің жүргенің, тұрғаның, күлгенің, әзілдегенің, ойланғаның, қуанғаның, мұңайғаның, қайғырғаның, киім киісің, елмен қарым-қатынасың, тіпті шектен шыға ашуланғаныңның өзінде әйелдік мәдениетке тамыр жіберген сұлулық, нәзіктік жатуы шарт. Өзіңе ғашық адамның ықыласын, құрметін, сағынышын төмендетпей ұстап тұруың үшін ылғи да ізденіс үстінде жүруің қажет.
Әйтпесе қыздың киімін киіп, сырғасын, түрлі әшекейін тағынып, қарапайым әйел табиғатының кейбір көзге ұрып тұрған ерекшеліктеріне бас ауыртқысы келмейтіндер аз ба?

Мұхтар Шаханов | 🌾
кітап оқитын қыздар - бөлек бір әлем екен ғой... соны түсіндім🪐
Әркімнің өз шындығы бар, және ол әрдайым сіздікімен сәйкес келе бермейді.🌾
Анасын көріп - қызын ал деген бар ғой.
Бірақ қазір анасына ұқсамайтын қыздар өте көп...
Ең күшті сезім - осы прочитано дегенді басу ғой🖇❤️
Соңғы екі аптада оқылған кітаптар.