ORTCOM.KZ
2.39K subscribers
19.9K photos
4.46K videos
9.37K links
ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі»

«Служба центральных коммуникаций» при Президенте РК

Central Communications Service under the President of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

✔️Жиын барысында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

✔️Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органдардың басшылары мәлімет берді.

✔️Мемлекет басшысы экстремистік әрекеттердің алғышарттарын анықтап, олардың алдын алу, халықаралық терроризмнің таралуына жол бермеу, соның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны жетілдіру, дұрыс ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі кешенді тәсілдердің маңызды екенін атап өтті.

❗️Отырыс соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Глава государства провел заседание Совета безопасности

✔️Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось очередное заседание Совета безопасности Республики Казахстан.

✔️В ходе мероприятия были рассмотрены вопросы повышения эффективности работы в сфере противодействия терроризму и экстремизму.

✔️Заслушан доклад Председателя Комитета национальной безопасности Ермека Сагимбаева, а также информация руководителей ряда заинтересованных государственных органов.

✔️Глава государства отметил важность комплексных подходов к выявлению и пресечению предпосылок экстремистских проявлений, недопущению распространения международного терроризма, включая совершенствование законодательной и организационный базы, реализацию выверенной информационной политики.

❗️По итогам заседания даны конкретные поручения государственным органам.
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Ермек Сағымбаев:

▪️ведомствоның биыл жыл басынан бері терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысының негізгі нәтижелері және алдағы кезеңде қабылданатын шаралар туралы баяндады:
– осы уақыт ішінде екі лаңкестік шабуылдың жолы кесілгені туралы айтты. Оның біреуі шет мемлекетте шетелдік серіктестермен бірлесіп жасалмақ болған;
– Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген қылмыстық істердің негізінде радикалды діни идеологияның 26 жақтаушысы лаңкестік және экстремистік әрекеттері үшін сотталған. Тағы 22 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр;
– экстремистік көзқарастарына байланысты республикаға 139 шетелдіктің кіруіне жол берілмеген, 280-нен астам шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылған;
– тыйым салынған діни әдебиеттерді елге заңсыз әкелуге қатысты 190-нан астам әрекетке тосқауыл қойылып, 19 шетелдік жауапқа тартылған;
– заңсыз айналымдағы 237 атыс қаруы, 27 жарылғыш құрылғы, 4500-ден астам оқ-дәрі және басқа да террор құралдары тәркіленген;
– жыл басынан бері 340-тан астам терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылған. Терроризмге қарсы күрес шараларын күшейту аясында ІІМ және ҰҚК күштері мемлекеттік және өзге де нысандарға, оның ішінде халық көп жиналатын орындарға 3400-ге жуық тексеру жүргізген;
▪️Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарындағы өзге де шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
ORTCOM.KZ
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады Ермек Сағымбаев: ▪️ведомствоның биыл жыл басынан бері терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысының негізгі нәтижелері және алдағы кезеңде қабылданатын…
Глава государства принял председателя Комитета национальной безопасности Ермека Сагимбаева

Ермек Сагимбаев:

▪️отчитался об основных результатах работы ведомства по противодействию терроризму и религиозному экстремизму с начала 2024 года и принимаемых мерах на предстоящий период:
– с начала года предотвращены 2 теракта, в том числе 1 – за рубежом совместно с иностранными партнерами;
– на основе расследованных КНБ уголовных дел осуждены за террористическую и экстремистскую деятельность 26 приверженцев радикальной религиозной идеологии. Еще в отношении 22 лиц досудебные расследования продолжаются;
– не допущен въезд в республику 139 иностранцев, более 280 зарубежных граждан депортированы из Казахстана в связи с экстремистскими взглядами;
– пресечено свыше 190 попыток незаконного ввоза в страну запрещённой религиозной литературы, привлечены к ответственности 19 иностранцев;
– из незаконного оборота изъяты 237 единиц огнестрельного оружия, 27 взрывных устройств, более 4500 единиц боеприпасов и иные средства террора;
– с начала года организовано свыше 340 антитеррористических учений. В рамках усиления мер антитеррористической защищенности силами МВД и КНБ проведено порядка 3400 проверок государственных и иных объектов, в том числе мест массового скопления людей;
▪️Председатель КНБ также проинформировал о ходе реализации иных мероприятий комплексного плана развития системы противодействия экстремизму и терроризму на 2023-2025 годы.

❗️Президент дал ряд поручений по усилению деятельности в сфере антитеррора.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

Премьер-Министр Олжас Бектенов:

✔️су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар жөнінде баяндады:
      – 30 770 отбасыға 100 АЕК көлемінде бірреттік төлем беру үшін 11 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген;
      – зардап шеккен аймақ тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы, 15103 тұрғын үй тексеріліп, 11186 нысанды бағалау жұмыстары аяқталған;
      – қазіргі таңда 432 отбасы бұзылған баспаналарының орнына жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болған. Атап айтқанда, тұрғындарға Қостанай облысында 225, Ақмола облысында 83, Ақтөбе облысында 76, Солтүстік Қазақстан облысында 40, Қарағанды облысында 6, Павлодар облысында 2 баспана берілген;
✔️зардап шеккен азаматтар үшін 1862 жаңа үй салынып жатқаны туралы мәлімет берді:
      – Батыс Қазақстан облысында 394, Қостанай облысында 184, Атырау облысында 48, Ақтөбе облысында 494, Ақмола облысында 273, Солтүстік Қазақстан облысында 500, Павлодар облысында 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2947 отбасыға баспанасын жөндеу және қалпына келтіру үшін өтемақы төленген;
✔️зардап шеккен тұрғындарға аса қажетті дүние-мүлік сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша өтемақы төленіп жатқанын айтты:
      – 4115 отбасы жалпы сомасы 1 миллиард теңге көлемінде өтемақы алған. Сондай-ақ өлген малдың өтеуі үшін мемлекеттен бөлінген қаржылай көмектің көлемі 2,3 миллиард теңгеден асқан;
✔️тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Аймақтық комиссиялар тексеру жұмыстарының нәтижесіне сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерінің 12 өтінімін қарастырып, мақұлдаған. Оған жалпы сомасы 21 миллион теңге бөлінген:
      – жалпы, шығынды өтеу және құжаттарды өткізу тәртібін білу үшін 1432 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Алдын ала бағалау бойынша су тасқынынан 731 бизнес субъектісі зардап шеккен.
Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет о ликвидации последствий паводков и ходе восстановительных работ

Премьер-Министр Олжас Бектенов:

✔️доложил о планомерной работе по ликвидации последствий паводков и реализации мер поддержки пострадавших граждан:
      – единовременные выплаты в размере 100 МРП получили 30 770 семей на общую сумму свыше 11 млрд тенге;
      – усиленно ведется работа по обеспечению жителей пострадавших регионов жильем. Всего обследовано 15 103 жилых дома, по 11 186 объектам оценка завершена;
      – на сегодня 432 семьи получили новые дома и квартиры взамен разрушенного жилья. 225 домов (квартир) предоставлены жителям Костанайской, 83 – Акмолинской, 76 – Актюбинской, 40 – Северо-Казахстанской, 6 – Карагандинской, 2 – Павлодарской областей;
✔️рассказал о строительстве для пострадавших граждан 1862 новых домов:
      – 394 дома строятся в Западно-Казахстанской области, 184 – в Костанайской, 48 – в Атырауской, 494 – в Актюбинской, 273 – в Акмолинской, 500 – в Северо-Казахстанской, 5 – в Павлодарской. 2 947 семей получили компенсацию на ремонт и восстановление жилья;
✔️проинформировал о выплате пострадавшим семьям дополнительной помощи в размере до 150 МРП для приобретения утраченных предметов первой необходимости:
      – 4115 семей получили компенсацию на общую сумму в 1 млрд тенге. Объем государственной помощи за павший скот превысил 2,3 млрд тенге;
✔️отчитался о работе по возмещению ущерба пострадавшему бизнесу. Региональными комиссиями рассмотрены и по итогам обследования одобрены 12 заявок субъектов малого и среднего бизнеса на общую сумму около 21 млн тенге:
      – горячая линия о порядке возмещения и подачи документов действует по номеру 1432. Работа продолжается. Согласно предварительной оценке, в результате паводков пострадал 731 субъект бизнеса.
🐆 30 мамыр күні Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 2 дөңгелек үстел өтеді:

⚡️‎ 11.30 — «Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету: міндеттер мен жетістіктер»

🗣Спикерлер
:
🎤ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова;
🎤ҚР ОАМ Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова;
🎤Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) өкілінің орынбасары Летисия Баззи-Вейл;
🎤ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының м.а. Әйгерім Оспанова;
🎤ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина
🎤ҚР ІІМ ӘКП төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров;
🎤Астана қ. А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенті Өмірбай Айзат.

⚡️14.30 — «ҚР Президентінің экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығы»

🗣Спикерлер
:
🎤ҚР БҚДА төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов;
🎤ҚР БҚДА төрағасының орынбасары Әлжан Ерлан;
🎤ҚР БҚДА Электр энергетикасы және көмір басқармасының басшысы Жүніс Сәкен;
🎤ҚР БҚДА Қоғамдық кеңесі төрағасы, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев;
🎤ҚР БҚДА Кедергілерді жою бойынша кеңесінің төрағасы, «Yevniy Consulting Group» компаниясының негізін қалаушы Арман Евниев;
🎤ҚР БҚДА Кедергілерді жою бойынша кеңесінің мүшесі, ҚР энергетика министрінің экс-кеңесшісі Олжас Байдильдинов.

🌐 Ссылки на каналы трансляции:
Facebook
📹 You Tube 

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ORTCOM.KZ
🐆 30 мамыр күні Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 2 дөңгелек үстел өтеді: ⚡️‎ 11.30 — «Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету: міндеттер мен жетістіктер» 🗣Спикерлер: 🎤ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова;…
🐆30 мая на площадке Службы центральных коммуникаций состоятся 2 пресс-мероприятия:

⚡️11.30 — Круглый стол на тему «Обеспечение прав детей: задачи и достижения»

🗣Спикеры
:
🎤Председатель Комитета по охране прав детей МП РК Насымжан Оспанова;
🎤Директор департамента воспитательной работы и дополнительного образования МП РК Меруерт Медетбекова;
🎤Заместитель представителя Детского фонда ООН (ЮНИСЕФ) в РК Летисия Баззи-Вейл;
🎤И.о. директора департамента охраны здоровья матери и ребенка МЗ РК Айгерим Оспанова;
🎤Заместитель директора департамента социальной помощи МТСЗН РК Ғалия Жабагина
🎤Зампредседателя КАП МВД РК Ренат Зулхаиров;
🎤Студент Евразийского гуманитарного института им. А.К. Кусаинова г. Астаны Өмірбай Айзат.

⚡️ 14.30 — Круглый стол на тему «Указ Президента РК о мерах по либерализации экономики»

🗣Спикеры
:
🎤Первый зампредседателя АЗРК РК Рустам Ахметов;
🎤Зампредседателя АЗРК РК Ерлан Альжанов;
🎤Руководитель управления Электроэнергетики и угля АЗРК РК Жүніс Сәкен;
🎤Председатель Общественного совета АЗРК РК, Председатель Республиканской коллегии адвокатов Айдын Бикебаев;
🎤Председатель Совета по устранению барьеров при АЗРК РК, основатель Компании «Yevniy Consulting Group» Арман Евниев;
🎤Член Совета по устранению барьеров при АЗРК РК, экс-советник министра энергетики РК Олжас Байдильдинов.

🌐 Ссылки на каналы трансляции:
Facebook
📹 You Tube 

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔶Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек беру жалғасуда

Бүгінде Батыс Қазақстан облысы бойынша су тасқынынан зардап шеккен 9671 отбасыға 3 млрд 570 млн теңге 100 АЕК көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілді.

Толығырақ ortcom.kz сайтында

🔷В Западно-Казахстанской области продолжается оказание социальной помощи жителям, пострадавшим от паводка

На сегодняшний день по Западно-Казахстанской области 9 671 семьям, пострадавшим от паводка, оказана единовременная социальная помощь в размере 100 МРП на общую сумму 3 млрд 570 млн тенге.

Подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS
🔶«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді

Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады.

Толығырақ ortcom.kz сайтында

🔷Общереспубликанская акция «Народный юрист» пройдет во всех крупных городах Казахстана

Цель акции - повышение правовой грамотности населения и оказание бесплатной юридической помощи. Любой гражданин может прийти и получить бесплатно необходимую консультацию у лучших представителей юридической общественности страны.

Подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ORTCOM.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔶Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Хорватия Президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, достас хорват халқына құт-береке тіледі.

Толығырақ ortcom.kz сайтында

🔷Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Республики Хорватия

Глава государства пожелал Президенту Хорватии успехов в его ответственной деятельности, а дружественному хорватскому народу – благополучия.

Подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS