ORTCOM.KZ
2.37K subscribers
18.5K photos
4.27K videos
9.02K links
ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі»

«Служба центральных коммуникаций» при Президенте РК

Central Communications Service under the President of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
🔶Биылғы 7 айда адамдар мен көлік құралдарының шекарадан өтуі екі есеге артқан

Бұған еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетін арттыру, жаңа әуе бағыттарын ашу, келу туризмін дамыту мақсатында шетелдіктер үшін визалық және иммиграциялық ережелерді жеңілдету ықпал етті.
ҚР ҰҚК ШҚ Шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Ғани Ағаділовтің мәліметінше, аталған кезеңде мемлекеттік шекара арқылы барлығы 20 млн астам адам, 4,4 млн аса көлік құралы өткізілді.

«Тәулігіне орта есеппен 190 мың адамға дейін, оның ішінде 90 мыңға дейін шетелдіктер және 30 мыңға дейін көлік құралдары өтеді», - деді спикер ОКҚ алаңында.

🔶За 7 месяцев текущего года пересечение границы людьми и транспортными средствами увеличилось вдвое

Этому способствовало упрощение визовых и иммиграционных правил для иностранцев с целью повышения транспортно-транзитного потенциала страны, открытия новых воздушных маршрутов, развития въездного туризма. По информации первого заместителя начальника Департамента пограничного контроля ПС КНБ РК, полковника Гани Агадилова, всего за указанный период через государственную границу было пропущено более 20 млн человек, свыше 4,4 млн транспортных средств.

«В среднем в сутки проходит до 190 тыс. человек, в том числе до 90 тыс. иностранцев, и до 30 тыс. транспортных средств», - сказал спикер на площадке СЦК.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔶Астана әуежайында отандық паспорттық бақылаудың байланыссыз жүйесі сынақтан өткізілуде

Әуежайларда паспорттық бақылаудың биометриясы негізінде автоматты түрде өтудің жаңа технологияларын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ҰҚК ШҚ Шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Ғани Ағаділов хабарлады.

«Астана қаласының әуежайында тестілік режимде отандық «Q-gate» паспорттық бақылаудың автоматтандырылған байланыссыз жүйесі сынақтан өткізілуде. Бұл бақылауды енгізуге экономикалық тиімділігі, паспорттық бақылауды жүргізудің қауіпсіздігі, жылдамдығы және ыңғайлылығы себеп болды», - деді департамент бастығының бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігімен бірге «Атамекен» Ұлттық палатасының бастамасымен шетелдік азаматтардың туристік белсенділігін арттыру мақсатында туристік топтар үшін шекарадан өтуде басымдық қарастырылған. Болашақта шекарадағы қарқынды өткізу пункттерін және Қазақстан Республикасының ірі халықаралық әуежайларын жарақтандыру жоспарланған.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ORTCOM.KZ
🔶Астана әуежайында отандық паспорттық бақылаудың байланыссыз жүйесі сынақтан өткізілуде Әуежайларда паспорттық бақылаудың биометриясы негізінде автоматты түрде өтудің жаңа технологияларын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ҰҚК…
🔶В аэропорту Астаны апробируется бесконтактная система отечественного паспортного контроля

В аэропортах ведется работа по внедрению новых технологий автоматического перехода на основе биометрии паспортного контроля. Об этом на площадке СЦК сообщил первый заместитель начальника Департамента пограничного контроля ПС КНБ РК, полковник Гани Агадилов.

«В аэропорту города Астаны в тестовом режиме тестируется отечественная автоматизированная бесконтактная система паспортного контроля «Q-gate». Причиной введения этого контроля стала экономическая эффективность, безопасность, скорость и удобство проведения паспортного контроля», - сказал первый заместитель начальника департамента.

По его словам, совместно с министерством культуры и спорта по инициативе Национальной палаты «Атамекен» в целях повышения туристской активности иностранных граждан для туристских групп предусмотрен приоритет при пересечении границы. В перспективе планируется оснащение интенсивных пунктов пропуска на границе и крупных международных аэропортов Республики Казахстан.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔶Қазіргі уақытта 46 автомобиль өткізу пунктінің жаңа заманауи инфрақұрылымын құру жұмыстары жүргізілуде

Аса қарқынды бағыттардағы негізгі жобаларды іске асыру мерзімі 2024-2025 жылдарға белгіленген.

«Жүргізіліп жатқан реконструкциялауға байланысты Өзбекстанмен шекарада «Қапланбек» өткізу пункті толығымен жабылды, «Қазығұрт», «Атамекен» өткізу пункттері жартылай жабылған. Қытаймен шекарадағы «Бақты», «Майқапшағай» өткізу пунктерінде реконструкциялау жұмысы жалғасуда. «Достық» және «Қалжат» жаңа өткізу пункттерінің құрылысы жүріп жатыр», - деді ҚР ҰҚК ШҚ Шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Ғани Ағаділов ОКҚ алаңында.

Іске асырылып жатқан шаралар сервиске, жылдамдыққа, қауіпсіздікке бағытталған. Толық техникалық жарақтандыру автомобиль өткізу пункттерінің қазіргі заманға сай инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

🔶В настоящее время ведутся работы по созданию новой современной инфраструктуры 46 автомобильных пунктов пропуска

Срок реализации основных проектов в наиболее интенсивных направлениях 2024-2025 годы.

«В связи с проводимой реконструкцией на границе с Узбекистаном полностью закрыт пункт пропуска «Капланбек», частично закрыты пункты пропуска «Казыгурт», «Атамекен». Продолжается реконструкция пунктов пропуска «Бахты», «Майкапшагай» на границе с Китаем. Идет строительство новых пунктов пропуска «Достык» и «Калжат», - сказал первый заместитель начальника Департамента пограничного контроля ПС КНБ РК, полковник Гани Агадилов на площадке СЦК.

Реализуемые меры направлены на сервис, скорость, безопасность. Полное техническое оснащение позволит сформировать современную инфраструктуру автомобильных пунктов пропуска.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔶Шекара қызметіне әскери қызметке келу үшін азаматтар қатаң іріктеуден өтеді

Кандидаттардың жасы 32-ден аспайтын, әскерде болған, денсаулығы мықты, білімді, моральдық және кәсіби қасиеттері жоғары болуы керек. Сондай-ақ әскери кафедрада немесе Қорғаныс министрлігінің арнайы ұйымдарында (әскери-техникалық мектептерде) әскери дайындықтан өткен азаматтар бізге қызметке тұра алады. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан әскери қызметшілерге жағдай жасалып, бірқатар жеңілдіктер берілген.
ҚР ҰҚК ШҚ тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары – кадрлар басқармасының бастығы, полковник Ерік Беріковтің айтуынша, мерзімді қызметке тартымдылықты арттыру мақсатында аумақтық принцип енгізілді, яғни, әскерге шақырылушы өзінің қызметке шақырылған облысында немесе жақын орналасқан облыста әскери борышын өткере алады.

«Келісімшарт бойынша әскери қызмет сияқты, Шекара қызметінің мерзімді әскери қызметшілеріне қойылатын бірқатар талаптар бар. Атап айтатын болсақ, жасы 18-27 аралығындағы, денсаулығы мықты, моральдық психологиялық қасиеттері сәйкес келетін, білімі жалпы орта білімнен төмен емес іріктелген кандидаттар шақырылады», - деді спикер ОКҚ алаңында.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ORTCOM.KZ
🔶Шекара қызметіне әскери қызметке келу үшін азаматтар қатаң іріктеуден өтеді Кандидаттардың жасы 32-ден аспайтын, әскерде болған, денсаулығы мықты, білімді, моральдық және кәсіби қасиеттері жоғары болуы керек. Сондай-ақ әскери кафедрада немесе Қорғаныс министрлігінің…
🔶Для поступления на воинскую службу в ряды Пограничной службы граждане проходят строгий отбор

Кандидаты должны быть не старше 32 лет, иметь военный билет, крепкое здоровье, необходимый уровень образования, обладать высокими моральными и профессиональными качествами. Также на службу могут поступить граждане, прошедшие военную подготовку на военной кафедре или в специальных организациях министерства обороны (военно-технических училищах). В настоящее время государством созданы условия для военнослужащих и предоставлен ряд льгот.
По словам заместителя начальника Департамента воспитательной, идеологической и кадровой работы ПС КНБ РК – начальника управления кадров, полковника Ерика Берикова, в целях повышения привлекательности срочной службы введен территориальный принцип, т. е. призывник может проходить воинскую службу в своей призывной или в близлежащей области.

«Как и в контрактной военной службе, существует ряд требований к военнослужащим пограничной службы. В частности, приглашаются кандидаты, отобранные в возрасте от 18 до 27 лет, с крепким здоровьем, с соответствующими морально - психологическими качествами, с образованием не ниже общего среднего образования», - сказал спикер на площадке СЦК.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔶ҚР ҰҚК Шекара қызметі шекара арқылы 940 келіден астам ауыр есірткі заттарын алып өтуге жол бермеді

Шекара қызметі халықаралық қатынастар жолдарында есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Жыл басынан бері өткізу пункттері арқылы Шекара қызметі контрабандалық жолмен өткізілмек болған 940 келіден астам ауыр есірткі заттарының жолын кесті. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш артқан», - деді ҚР ҰҚК ШҚ Шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Ғани Ағаділов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Спикердің айтуынша, Түркістан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының өткізу пункттерінде аса ірі көлемде есірткі анықталды.

🔶Погранслужбой КНБ РК предотвращено перемещение через границу свыше 940 кг тяжелых наркотиков

Пограничной службой проводится активная работа по пресечению незаконного оборота наркотиков на путях международных сообщений.

«С начала года через пункты пропуска при попытке контрабандным путем провезти наркотические средства Пограничной службой выявлено и задержано свыше 940 кг тяжелых наркотиков. По сравнению с прошлым годом этот показатель увеличился», - проинформировал первый заместитель начальника Департамента пограничного контроля ПС КНБ РК, полковник Гани Агадилов на пресс-конференции в СЦК.

По словам спикера, в особо крупных объемах наркотики задерживались в пунктах пропуска Туркестанской, Жамбылской и Северо-Казахстанской областей.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔶Шэньчжэньде алғашқы ірі қазақ-қытай бизнес-форумы өтті

Қытайдың ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласының 200-ден астам кәсіпкері қазақ-қытай бірінші бизнес-форумына қатысты. Қазақстан-Қытай саудасына жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Service Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру үшін болашақ қытайлық инвесторларды жинады.

толығырақ ortcom.kz сайтында

🔷Масштабный казахстанско-китайский бизнес-форум прошел в Шэнчжэне

Свыше 200 бизнесменов Шэньчжэня, крупнейшего экономического и промышленного центра КНР, приняли участие в первом казахстанско-китайском бизнес-форуме. Мероприятие, организованное совместно Казахстанско-Китайской ассоциацией содействия торговле и Zshenzhen Cross Supply Service Association, собрало потенциальных китайских инвесторов для знакомства с инвестиционными возможностями Казахстана.

подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS
🔶Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев ОКҚ алаңында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу туралы баяндады. Биылғы іріктеудің ерекшелігі – іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі.

«Іріктеу 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады: инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат; цифрландыру; әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам. Үміткерлермен әңгімелесуді міндетті түрде салалық орталық органдар өкілдерінің қатысуымен өткізу тәжірибесі енгізілуде», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қыркүйек - желтоқсан аралығында өтеді.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ORTCOM.KZ
🔶Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев ОКҚ алаңында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу туралы баяндады. Биылғы іріктеудің ерекшелігі – іріктеу мемлекеттік…
🔶В Казахстане стартует отбор в Президентский молодежный кадровый резерв

Председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазыкбаев на площадке СЦК доложил об очередном отборе в Президентский молодежный кадровый резерв. Особенностью отбора в этом году является то, что отбор проводится с учетом потребности государственного аппарата в отраслевых кадрах.

«Отбор осуществляется по 6 основным направлениям: развитие инфраструктуры, промышленности и торговая политика; агропромышленный комплекс и охрана окружающей среды; внешняя политика и инвестиции; экономическая и финансовая политика; цифровизация; социальная политика и гражданское общество. Внедряется практика проведения собеседований с кандидатами в обязательном порядке с участием представителей отраслевых центральных органов», - сказал спикер на пресс-конференции.

Согласно требованиям, в отборе может принять участие гражданин Республики Казахстан, не старше 35 лет, имеющий высшее образование и общий опыт работы 5 лет, владеющий государственным языком не ниже уровня В1.
Отбор в Президентский молодежный кадровый резерв пройдет с сентября по декабрь.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔶Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу алты кезеңнен тұрады

Бірінші кезеңде 1-30 қыркүйек аралығында резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттары қабылданады. Ол арнайы сайтта онлайн режимде жүзеге асырылады. Екінші кезең – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау. Тестілеу процесі аудио-бейне фиксациямен өтіп, өз бетінше өту шартының сақталуын қамтамасыз ету прокторинг жүйесімен қадағаланады. Үшінші кезең – ситуациялық тапсырмаларды шешу. Төртінші кезеңде кандитаттардың құзыреттері бағаланады.

«Бесінші кезең – сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу. Бұл кезеңде асессмент орталығының сарапшысы комиссия мүшелеріне қатысушылардың жеке нәтижелерін ұсынады және оларға түсініктеме береді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның отырысында қарауға ұсынылатын қатысушылар тізімі жасалады. Алтыншы соңғы кезеңде Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады. Ол осы жылдың 25 желтоқсанына дейін өткізіледі деп жоспарлануда», - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев ОКҚ алаңында.

Ережеге сәйкес резервте болу мерзімі үш жылды қамтиды. Резервке алынған адамдар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық және А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ORTCOM.KZ
🔶Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу алты кезеңнен тұрады Бірінші кезеңде 1-30 қыркүйек аралығында резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттары қабылданады. Ол арнайы сайтта онлайн режимде жүзеге асырылады. Екінші кезең – мәтіндік және сандық…
🔶Отбор в Президентский молодежный кадровый резерв состоит из шести этапов

На первом этапе с 1 по 30 сентября принимаются документы кандидатов для участия в отборе в резерв. Прием осуществляется в режиме онлайн на специальном сайте. Второй этап - оценка способности работать с текстовой и цифровой информацией. Процесс тестирования проходит с аудио-видеофиксацией, а обеспечение соблюдения условий самостоятельного прохождения контролируется системой прокторинга. Третий этап - решение ситуационных задач. На четвертом этапе оцениваются компетенции кандидатов.

«Пятый этап - собеседование с кандидатами в экспертной комиссии. На данном этапе эксперт Assessment-центра представляет членам комиссии персональные результаты участников и дает им разъяснения. По итогам заседания комиссии составляется список участников, рекомендуемых к рассмотрению на заседании Национальной комиссии. На шестом заключительном этапе состоится заседание Национальной комиссии, где будут приняты 50 лучших кандидатов в Президентский молодежный кадровый резерв. Отбор планируется провести до 25 декабря текущего года», - сказал председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазыкбаев на площадке СЦК.

Согласно правилам срок пребывания в резерве составляет три года. Лица, зачисленные в резерв, могут быть назначены в установленном законодательством порядке на политические государственные должности, административные государственные должности корпуса «А», руководящие должности корпуса «Б» и группы категорий А.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔶Тамара Дүйсенова цифрлық білім беру ресурстары мен электрондық оқулықтарды пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Кеңеске қатысушылар электрондық ресурстардың әлеуетін және оларды білім беру процесін жетілдіру үшін пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

толығырақ ortcom.kz сайтында

🔷Тамара Дуйсенова провела совещание по вопросам использования цифровых образовательных ресурсов и электронных учебников

Участники совещания обсудили потенциал электронных ресурсов и возможные варианты их использования для совершенствования образовательного процесса.

подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS
🔶Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын 514 мың га жер анықталды

Соттарға 109 мың га пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы 198 талап-арыз жолданды. Қазіргі уақытта соттардың шешімдерімен жалпы ауданы 30 мың га жер учаскелері бойынша 44 талап-арыз қанағаттандырылды.

толығырақ ortcom.kz сайтында

🔷В Алматинской области выявлено 514 тыс. га неиспользуемых земель сельскохозяйственного назначения

В суды было направлено 198 иска о принудительном изъятии неиспользуемых земельных участков общей площадью 109 тыс. га. В настоящее время решениями судов удовлетворено 44 иска по земельным участкам общей площадью 30 тыс. га.

подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS
🔶Мерзімді қызметін өткерген сарбаздар білім алу жеңілдігін пайдаланды

Биыл көктемде мерзімді әскери қызметін өткеріп, запасқа шығарылған азаматтардан жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар қабылдау жалғасуда

толығырақ ortcom.kz сайтында

🔷Отслужившие солдаты-срочники воспользовались льготным образованием

Продолжается прием документов для поступления в вузы от граждан, отслуживших этой весной срочную воинскую службу

подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS
🔶Экология министрлігі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті

Жалпы, басқа өңірлермен салыстырғанда Батыс Қазақстан облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Облыс бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі биылғы I-жартыжылдықта 21 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы кезең деңгейінен 42%-ға төмен. Бұған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді.

толығырақ ortcom.kz сайтында

🔷Министр экологии встретилась с населением Западно-Казахстанской области

В целом, по сравнению с другими регионами, экологическая ситуация в Западно-Казахстанской области относительно стабильная. Фактический объем выбросов загрязняющих веществ по области, за I полугодие этого года составил 21 тыс. тонн, что на 42% ниже уровня аналогичного периода. Это достигнуто за счет реализации природоохранных мероприятий.

подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS
🔶Жемқорлардан тәркіленген ақшаға 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды

Жалпы Қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.

толығырақ ortcom.kz сайтында

🔷На средства, изъятые у коррупционеров, профинансировано строительство 62 школ

В целом с момента образования в декабре прошлого года в Фонд поступило уже 151,6 млрд тенге.

подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS