Өз сұлулығын бағалай білген қыз ешқашан кастингке барып, "Әлем аруы"," Мисс" болуға талпынбайды. Шын мәнінде ең сұлу, ең қымбат, әрі ең сүйікті әйелдер өз сұлулығының бағасы жоғары екендігін біліп, оны ештеңеге айырбастамайды. Олар өз сұлулықтарын көп адамдарға көрсете беруден қызғанады, басқалар сияқты елдің көзіне бар сұлулығын жария етіп, танымал болуға асықпайды.
Олар өздерін тек ең жақын, ең сенімді адамдарға көрсете алады, әрі олар бақытты! Себебі тек олардың сүйікті жандары, жақындары сол сұлулықты көруге лайықты! Ал егер көшедегі әрбір еркек сол қыздың бар сұлулығын көрер болса, одан не қадір, қасиет қалады? Несімен ерекше болады? ❤

Біліңіз, аруым, сіздің де тәніңіз, шаштарыңыз Жаратушы Раббымыздың асқан шеберлігі ғой. Құранда да айтылған емес пе "Біз адамдарды ең көркем бейнеде жараттық" деп. Сол шеберлік, сұлулықты көше кезген арсыз ерлер көруге лайықты ма? Өзіңізді қызғанбайсыз ба олардың қарағанынан? Олар сізге шаhуатпен қарап, өз қиялында не жасап жатқанын білсеңіз ғой! Ер адамдар қызға қарап, сол сәтте оны көзімен шешіндіріп елестетеді екен. Недеген сұмдық. Алайда бұл рас нәрсе. Соның барлығын білгенде сіз көшеге ашық-шашық киініп шығар ма едіңіз?
"Әрине жоқ" дерсіз, ендеше бір сәт ойланып көріңіз!

Жұбату.
Қарындасым!
Елдің айтқан улы сөзі,
Жүрегіңе оқ болып қадалмасын.
Сені олардың пайдасыз сөздері емес,
Махшардағы жағдайың мазаласын.
Олар сені сөккен сайын мықтырақ бол,
Төгілмесін мөп-мөлдір көзден жасың.
Әр айтқан сөздеріне сабыр сақта,
Ашулансаң шайтанға ұтыласың...
Ғайбаттарын айтса, айтып жүре берсін,
Қияметте тартылады жазаға шын...
Олар сені сөкпей тұрып бастарына,
Дәл сендей орамалын тағып алсын.
Олар сені бүркенді демей тұрып,
Ашылған әуреттерін жауып алсын.
Сен киген хиджаб жайлы сөз қозғамай,
Жаратушы Раббысын танып алсын.
Мұсылман екендігін айғақтайтын,
Жаттап алсын бірінші кәлимасын.
"Оқы" десең сан түрлі сылтау айтпай,
Бес уақыт намазына тұрып алсын.
"Ұста" десең сан түрлі сылтау айтпай,
Парыз болған оразасын тұтып алсын..
Кеш батып, қараңғылық басқан шақта,
Үйде отырсын, көшеде қыдырмасын.
Ібілістің зәріне тойып алып,
Әр көшенің бойында жығылмасын..
Ібіліспен жарысып еркектерді,
Ашылған әуретімен азғырмасын.
Исламнан зәредей хабары жоқ,
Сөйте-тұра дін жайлы сөз қылмасын.
"Жүрегім таза менің" деп ақталмай
Алланың бұйрықтарын орындасын.
Шынайы мүмін болса, ғибадат етсін,
Кәпірлердей шеткері ысырмасын.
Жаратқанның бұйрығын орындамай,
Білсін жәннат есігі ашылмасын.
Сені "сектант" деп айтқан сөздері үшін,
Тәубе етіп, күнәсына шын жыласын.
Шын жыласын, әйтпесе арғы өмірде,
Азаптан көз ашпасын ұғып алсын.
Ұғып алсын олар сенен тым төменде,
Сен шыққан биіктерге шығып алсын.
Мықты болса ісімен дәлелдесін,
Құр тілмен әр нені бір жыр қылмасын.
Сен мұңайма, түнерме қарындасым,
Мен үшін-ардақтысың, асыл жансың.
Албаров Мадияр
Қарындасым!
Елдің айтқан улы сөзі,
Жүрегіңе оқ болып қадалмасын.
Сені олардың пайдасыз сөздері емес,
Махшардағы жағдайың мазаласын.
Олар сені сөккен сайын мықтырақ бол,
Төгілмесін мөп-мөлдір көзден жасың.
Әр айтқан сөздеріне сабыр сақта,
Ашулансаң шайтанға ұтыласың...
Ғайбаттарын айтса, айтып жүре берсін,
Қияметте тартылады жазаға шын...
Олар сені сөкпей тұрып бастарына,
Дәл сендей орамалын тағып алсын.
Олар сені бүркенді демей тұрып,
Ашылған әуреттерін жауып алсын.
Сен киген хиджаб жайлы сөз қозғамай,
Жаратушы Раббысын танып алсын.
Мұсылман екендігін айғақтайтын,
Жаттап алсын бірінші кәлимасын.
"Оқы" десең сан түрлі сылтау айтпай,
Бес уақыт намазына тұрып алсын.
"Ұста" десең сан түрлі сылтау айтпай,
Парыз болған оразасын тұтып алсын..
Кеш батып, қараңғылық басқан шақта,
Үйде отырсын, көшеде қыдырмасын.
Ібілістің зәріне тойып алып,
Әр көшенің бойында жығылмасын..
Ібіліспен жарысып еркектерді,
Ашылған әуретімен азғырмасын.
Исламнан зәредей хабары жоқ,
Сөйте-тұра дін жайлы сөз қылмасын.
"Жүрегім таза менің" деп ақталмай
Алланың бұйрықтарын орындасын.
Шынайы мүмін болса, ғибадат етсін,
Кәпірлердей шеткері ысырмасын.
Жаратқанның бұйрығын орындамай,
Білсін жәннат есігі ашылмасын.
Сені "сектант" деп айтқан сөздері үшін,
Тәубе етіп, күнәсына шын жыласын.
Шын жыласын, әйтпесе арғы өмірде,
Азаптан көз ашпасын ұғып алсын.
Ұғып алсын олар сенен тым төменде,
Сен шыққан биіктерге шығып алсын.
Мықты болса ісімен дәлелдесін,
Құр тілмен әр нені бір жыр қылмасын.
Сен мұңайма, түнерме қарындасым,
Мен үшін-ардақтысың, асыл жансың.
Албаров Мадияр
Арулар, тапсырмаларды кешкі 00:00-ге дейін жасап жібере қойыңыздар, одан кеш жіберілгендерді қарай алмаймыз
بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ, арулар! 2-ші күніміздің тапсырмалары:
❤ 1-ші тапсырма. Төменде берілген дұғаны күні бойы 100 рет оқу (элетронды тасбихпен жасап санасаңыздар болады, кейін суретке түсіріп, чатқа да жіберіп қойыңыздар. Не болмаса zikrmatik қосымшасын жазып алып, сол арқылы санасаңыздар болады. Барынша шын жүрекпен оқу шарт, тез 100-ге жетіп аяқтап тастауға асықпаңыздар! (Егер хайыз болса, дұғаны дәретсіз жасай берсеңіздер болады)
❤ 2-ші тапсырма. Төменде жіберілген кітапты оқып шығып, түсінгеніңізді осы жазбаның астындағы пікірге жазып кету, немесе дәптерге жазып, фотоотчёт жіберу. Бар-жоғы 20 беттей кітап, өте жеңіл оқылады!
❤ 3-ші тапсырма. Дәрет алып, таза жерге отырып (ең абзалы намаздан соң немесе Құран оқып, не зікір айтып болған соң) дұға ету. Дұғаны Аллаға мадақтармен бастап, Пайғамбарға ﷺ салауаттар жолдап, содан соң өз тілектеріңізді айтумен жалғастырыңыз. Дұғаны өзіңізге ғана тілеп қоймай, осы тобымызға тіркеліп, орамалға ниет еткен аруларымыз үшін де дұға етіңіз. Жамағатпен жасалған дұғаның қабыл болу мүмкіндігі көп!
(Егер хайыз болса, дұғаны дәретсіз жасай берсеңіздер болады)
Жоғарыдағы танысу жазбасының астында арулар өз аты-жөндерін қалдырып кеткен, сол аты-жөндері бойынша әрқайсысын атап отырып дұға етіңіздер, шын ықыласпен! 😍
Оның маңызы неде десеңіз, сіз өзіңіз армандаған, ұмтылған нәрсені өзіңізге ғана сұрап қоймай, бауырыңыз үшін де сұрасаңыз, Мейірімді Раббымыз оны сізге де, оған да хайырлы түрде нәсіп етеді! Және мұсылман бауырыңыз үшін жасырын түрде дұға еткеніңіз үшін періштелер "Әмин, саған да соны тілейміз!" дейді екен! Дұға жасау мысалын төменге салып қойдым⬇️
Тапсырмаларды орындап болған соң осы жазбаның астына мына үлгіде отчёт жазасыздар:
1-ші тапсырма: ✔️ (Дұға 100 рет+фотоотчёт)
2-ші тапсырма: ✔️ (Кітапты оқып шықтым, менің түсінгендерім:
......... өз түсінгендеріңізді)
3-ші тапсырма: ✔️ (Дұға жасадым)

❤Дұға жасау мысалы❤
Дәрет алып, ниетті түзетіп алады да, былай дейді:
"Ия, Ар-Рахман, ия, Ар-Рахим, Ия, Әлим! Уа шексіз Мейірімді Раббым, барлық мақтау-мадақтан бір Өзіңе тән! Ия, Раббым, менің әрі бүкіл әлемдердің Жаратушысы, Ия, Мейірімділердің мейірімдісі, Естуші әрі Көруші! Ия, Аса әділ, дұғаларды қабыл етуші Раббым, менің жүрегімдегі шынайы ниетті Өзің көріп тұрсың! Ия, Раббым Өзіңнің сүйікті құлың Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ және оның отбасы мен сахабаларына рахым ете гөр, әрі оның үмметіне жар бола гөр!
Ия, Рабби, сен бізге деген ұлы махаббатыңның, шексіз мейірімің арқылы жүректерімізді Исламға қарай, Өзіңе қарай бұрдың, біздерді иман етушілердің қатарынан еттің. Ия, Жаратушым, ендігі кезекте сенен жүрегіме мықты иман, Өзіңе деген шексіз махаббат сұраймын, әрі Саған деген құлшылықтарымды, парыздарымды толық орындағым келеді. Ия, Рабби, менің жағдайымды, менің қиыншылықтарымды бәрінен жақсы Сен ғана білесің! Сол қиындықтарды жеңілдетуіңді сұрап, саған деген құлшылықтарымды шынайы ықыласпен толық орындауымды нәсіп еткейсің! Менің намазыма, орамалыма қарсылық танытып жанқан жандардың жүректерін жұмсартып, Исламға қарай бұрғайсың! Ия, Раббым, мен шынайы Өзіңнің разылығыңды іздеп намаз оқуға, орануға ниет еттім. Өзімді бұл жалған дүниедегі арсыздықтар мен жамандықтардан алыстатып, ең жақсы үлгіде өмір сүру үшін, әуретімді жауып, тек ең жақын, ең сенімді жандарыма бар сұлулығымды көрсете алу үшін, болашақ жарымның алдында сүйкімді де абыройлы, әдемі болуым үшін, өзімнен кейін салиқалы ұрпақтар қалдырып, басқаларға да үлгі бола білу үшін орануға ниет еттім! Ия, Рабби, ниетімді қабыл етіп, мені де тезірек бұл бақытқа жеткізе көр! Өзіңнің разылығыңды алушылардың қатарынан ете гөр!
Ия, Аса Мейрімді, ерекше Рахымды Раббым, менен бөлек қаншама құлдарың да оранып, намаздарын шын ықыласпен оқуды ниет етіп жатыр, оларға да Өзің жар болғайсың!
(Осы жерде қыздардың аты-жөндерін оқып шықсаңыздар болады, Мысалыға: Ерболатқызы Жансаяға, Баянқызы Айдынға, тағы сол сияқты)
Дұғаны тек құр сөзбен оқып беріп емес, шын жүрекпен жасаңыздар, жақсы ма? ❤

2-ші тапсырма бойынша кітаптан түсінгендеріңізді жазу міндетті. Кейін дәптерден суретке түсіріп осында жібересіздер.(немесе телефондағы заметкиге жазып, соны жіберсеңіздер болады)
Орамал тағудың пайдасы мен ондағы даналық ❤
Жабық киінудің ыстық күнде де пайдалы екенін тіпті зайырлы қоғам ғалымы – дәрігерлер мен психологтар да мойындап келеді.
Дәрігерлер теріні күн сәулесінің зиянынан қорғап, кез-келген ауа ағымы денені салқындата алатындай, табиғи таза матадан тігілген, денені тарылтпайтын киім таңдауға кеңес береді. Себебі, тар киім денені ысытып жібереді.
«Күн астында жалаңаш жүру жалпы пікірлерге қарамастан, гипертермияға (дене температурасының өсуі, қызыну) әкеп соғады. Өйткені, ыстық күнде дене терлеп, тер денені салқындатады, ал, тікелей күн сәулесі астында тер буға айналады да, дене содан ыси бастайды. Денеде киім болса тердің буға айналуын болдырмайды және дене салқындайды», - дейді, Би-Би-Си «Тайны выживания» деректі филімінің авторлары.
Дәрігер-диетолог Надежда Мельничук барлық әйел қауымына мұсылман әйелдерінен үлгі алуды ұсынады:
«Ыстық күнде шешініп жүруді тіпті ойға алмаңыз, одан да, Араб Әмірлігі тұрғындарынан үлгі алуымыз қажет, киім денені толығымен жапқаны дұрыс, - дейді ол - Сонымен бірге, ыстық күндері адам басына міндетті түрде бас киім - кепеш, панама, қалпақ киіп, үшкіл орамал тағып жүруі тиіс. Егер адамның басы қызатын болса, онда күн өтуі де әбден мүмкін»
Егер әйел атаулы барынша жабық, ұяң қалпын сақтап киінер болса, бұл қоғам үшін де пайдалы болмақ. Әйелдер өзге еркекті азғыруын тоқтатса, қоғамда некесіз қарым-қатынас, отбасылық өмірде кезігетін көзге шөп салу, ажырасу дерттері азайып, жанұя беріктігі сақталар еді. Табиғатынан нәзік әйел баласы нәпсіқұмар еркектерден, олардың тарапынан ерсі қалжың мен қырыңдауларынан да қорғалған болар еді. Ер адамдар да бұдан кейін әйелді тек нәпсісін тойдыратын құмарлық объектісі деп қана қарамай, оны жеке тұлға ретінде құрметтеп, сыйлай бастайды.
Әйелдердің тәні жартылай ашық-шашық күйде әркез еркектің алдында жүруі ер адам денсаулығына өзіндік зиянын тигізеді. Жалаңаштанып әрі безеніп-жайнап тұрған әйел денесіне көзі түскен еркек өзінің тәнқұмарлығын әрең тежесе бұл да оның денсаулығына кері әсер етеді. Ол адам невроз, қабыну (простатит аденомасы), белсіздік, рак ауруларына ұщырауы мүмкін. Міне, осылай, әуреті жабық әйел ер атаулының денсаулығы мен олардың қоғамда үлес санын сақтап қалуға үлкен септігін тигізеді. (Яғни, ер адам белсіздікке душар болса, әйелдің бала көтере алмасы белгілі).

Ар-Рахман абыройды асыратын,
Дін Ислам жаңғыртқан ғасыр атын
Я, Алла бәрімізге жүрек берші
Құранды тыңдап қана басылатын.
Ұмытпа орамалын асыл тәжін
Сенің алтын шашыңды жасыратын
Бұрымы оның болса өлең ұрандағы
Ал сенің тәжің аят Құрандағы!
Дін Ислам жаңғыртқан ғасыр атын
Я, Алла бәрімізге жүрек берші
Құранды тыңдап қана басылатын.
Ұмытпа орамалын асыл тәжін
Сенің алтын шашыңды жасыратын
Бұрымы оның болса өлең ұрандағы
Ал сенің тәжің аят Құрандағы!
Ал енді мұсылман ағаларыңыздың сіздерге арнаған хатын оқып, әсерленіп алыңыздар! ❤️