Орамалым—Қорғаным
317 subscribers
86 photos
4 videos
2 files
7 links
Хиджабқа ниетті аруларға арналған жаңа жоба
Download Telegram
Ал енді мұсылман ағаларыңыздың сіздерге арнаған хатын оқып, әсерленіп алыңыздар! ❤️
Audio
Forwarded from Жан саясы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Омар ибн аль Хаттаб" сериалынан үзінді.
"Ата-анам дінге қарсы" дегендер көрсін⬆️
Бұл оқиға кейбір бауырларымыз үшін өте ғибратты, ой саларлық болады деген сенімдемін

Хазіреті Саадтың мұсылмандықты қабылдауы анасы Хамнаға ұнамады. Ұлы аталарының дінінен безіп, аналарының ризалығынсыз басқа сенімді қабылдауы қалай?! Ұлына әрдайым сөзін тыңдатып келген Хамна қалайда Саадты пұтқа табындырып, өз дегенін жасатпақ болады. Осы ниетпен бір күні баласына:

"Сенің Аллаһың "ата-анаға, туған-туысқанға жақсылық жаса, оларды ренжітпе" деп бұйырады дейсің. Өзің басқаша істейсің. Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін тастап, пұттарымызға қайта оралып, бас имесең, мен аштық жариялаймын. Сонан соң сен өз анасының өліміне себепкер болған залым атанасың", - деді.
Хазіреті Саад бұл күнге дейін анасының айтқанын екі етіп көрмеген. Бірақ анасының бұл жолғы тілегі тіпті орынсыз еді. Өйткені ол Аллаһқа иман келтіріп, елшісіне жан жүрегімен беріліп, не істесе де иман шеңберінде жасауға бекінген-ді.
Анасына:

"Анашым, күні бүгінге дейін тілазарлық жасамаппын. Мен ендігі жерде ақиқат әмірге мойынсұндым. Егер сенің жүз жаның болса, әрбіреуін Исламнан бездіру үшін құрбан етсең де, мен дінімнен қайтпаған болар ем. Себебі, мен үшін иман - ең қымбат қазына, ол кез келгенге бұйырмайтын сыбаға. Ал сен болсаң, қайдағы бір меңіреу пұттар үшін хақиқатты белінен басқың келеді. Бұл ойың жүз рет аштық жарияласаң да жүзеге аса қоймас. Айтқанымнан қайтпаймын десең, өзің біл", - деді.

Ұлының дініне беріктігіне көзі әбден жеткен Хамна ана жеңілгенін мойындады. Бұл Хамнаның жеңілісі емес, иманның күпірден басым түсуінің
көрінісі еді.

Осы оқиғадан соң Аллаһ Тағала Анкабут сүресінің сегізінші аятын түсіріп, әдеп, ата-анаға құрмет мәселесінде мұсылмандық өлшемді белгіледі:
"Біз адам баласына әке-шешесіне құрмет етуді бұйырдық. Егер олар (ата-анаң) білмейтін нәрсеңді маған серік қосуға сені зорлайтын болса, оларға (ата-анаңа) мойынсұнба. Ең ақырында маған ораласыңдар. Сол кезде барлық істеріңді өздеріңе білдіріп, бағасын Мен
беремін."

"Адамзаттың асыл тәжі" кітабынан
بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух, Арулар! Бүгінгі өтетін тақырыбымыз—Алла жолында табанды болып, нық тұру әрі Аллаға толық тәуекел етуді үйрену!

1-ші тапсырма: Сіздер үшін маңызды сабақ болғалы жатыр, ең біріншіден бүгінгі жіберген аудио, видеоларды қарап, тыңдап, мәтіндерді толық оқып шығыңыздар. Толық танысып болған соң осы оқиғалардан қандай ой түйгендеріңізді осы жазбаның пікіріне жазып кетіңіздер⬇️
Хиджаб киюге жаңадан ниеттеніп жүрген қыз-келіншектерге айтар кеңесіміз:

💎Ең маңыздысы, әйелдің оранып жүруі - Жаратушымыз тарапынан бұйырылғанын ұмытпаңыз. Хиджаб киіп, әуретіңізді жапқаныңыз - Алланың бұйрығын орындағаныңыз, ал, бұдан бас тарту - күнәға жатады әрі Алланың ашуын тудырады.

Қиындықсыз ешнәрсе болмайды демекші, бұрын көңіліңіз жарасып, ұрсу дегенді білмеген ата-ата, жақындарыңыз орамал таққаныңызды бірден түсіне қоймасы анық, бұл - алғашқы қиындықтың бірі. Кейде өкінішке қарай, ата-анасы қызының намаз оқып, ораза тұтқанын, харам астан бас тартып, ішімдік қойылатын кештерге бармауын құптап, салқынқанды қарайды да, ал, егер қызы сырт киімін өзгерткісі келсе,оны өте қатаң соққыға алады.

💎Ислам дінінде ата-ана – біздің тарапымыздан аса үлкен махаббат пен құрметке ие жандар, бірақ, олар Алланың бұйрығына қарсы келіп жатса, біздің оларды тыңдамауымызға болады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқандай:

💎«Жаратушы бұйрығы тұрғанда, жаратылғанның бұйрығы жоқ».

💎Сондықтан, киім киісіңізге ата-анаңыздың қарсылығы хиджабтан бас тартуға сылтау бола алмайды. Дегенмен, иә, күнделікті жиі айыптау мен қорқытуларды ести беру де оңай емес. Бірақ, діни міндеттеріңізді сізді біреу өлтіремін деп қорқытып, өміріңізге қауіп төніп, зақымдануы мүмкін жағдайда (қауіп төніп тұрғанына көзіңіз жетсе) ғана тоқтата аласыз. Ал, ата-ананың мұндай іске баруы екі талай, сол себепті де, әке-шешеңізден әлдебір ауыр, қорқыту сөздерін естісеңіз, оны шыдаммен тыңдап қана құтылған дұрыс болар.

Бұл тұста мынадай кеңестер бере аламыз: біріншіден, барлық жайтқа дайын болып, бойдағы сабырды күшейту керек. Ата-анаңыз исі бөлек ортада, білімсіз, атеистік қоғамда өмір сүрді, оларды да түсінуге тырысайық, сіздің қалауыңызды бірден құптап, дінге ілесе кету оларға өте қиын. Қандай жағдай болмасын, олар сіздің әке-шешеңіз, сізді жақсы көреді және бұл әрекеттерінің бәрі сіз үшін уайым шегетіндіктерін айтып тұр. Олардың санасындағы түсінік үшін қалыптасып кеткен стреотип, қоғамдық пікір мен бұқаралық ақпарат құралдарының да тигізген кесірі бар.
❤️ 2-ші тапсырма: Ата-ана, туысқандар тарапынан орамалға қарсы көбіне қандай сөздер айтылады? Неге олар орамалдан қорқып, уайымдайды? Осы сұраққа дәл осы жазбаның астына өз ойыңыз бен тәжірибеңізбен бөлісіп кетіңіз, біраздан соң осы сұрақтарға бірге жауап табатын боламыз!
3-ші тапсырма. Төменде берілген зікірді күні бойы 100 рет оқу (элетронды тасбихпен жасап санасаңыздар болады, кейін суретке түсіріп, чатқа да жіберіп қойыңыздар. Не болмаса zikrmatik қосымшасын жазып алып, сол арқылы санасаңыздар болады. Барынша шын жүрекпен оқу шарт, тез 100-ге жетіп аяқтап тастауға асықпаңыздар! (Егер хайыз болса, зікірді дәретсіз жасай берсеңіздер болады)

4-ші тапсырма. Дәрет алып, таза жерге отырып (ең абзалы намаздан соң немесе Құран оқып, не зікір айтып болған соң) дұға ету. Дұғаны Аллаға мадақтармен бастап, Пайғамбарға ﷺ салауаттар жолдап, содан соң өз тілектеріңізді айтумен жалғастырыңыз. Дұғаны өзіңізге ғана тілеп қоймай, осы тобымызға тіркеліп, орамалға ниет еткен аруларымыз үшін де дұға етіңіз. Жамағатпен жасалған дұғаның қабыл болу мүмкіндігі көп!
(Егер хайыз болса, дұғаны дәретсіз жасай берсеңіздер болады)

Жоғарыдағы танысу жазбасының астында арулар өз аты-жөндерін қалдырып кеткен, сол аты-жөндері бойынша әрқайсысын атап отырып дұға етіңіздер, шын ықыласпен! 😍

Оның маңызы неде десеңіз, сіз өзіңіз армандаған, ұмтылған нәрсені өзіңізге ғана сұрап қоймай, бауырыңыз үшін де сұрасаңыз, Мейірімді Раббымыз оны сізге де, оған да хайырлы түрде нәсіп етеді! Және мұсылман бауырыңыз үшін жасырын түрде дұға еткеніңіз үшін періштелер "Әмин, саған да соны тілейміз!" дейді екен! Дұға жасау мысалын төменге салып қойдым⬇️

Тапсырмалар орындалған соң отчётті қалай жасау керектігін білесіздер
Сіздерге сенемін, Алла жар болғай! 😘
Осы суреттегі зікірді 100 рет айтасыздар. Екінші суреттегі қазақша мағынасы сіздер түсінулеріңіз үшін, зікір еткенде 1-ші суреттегі транскрипциясымен айта беріңіздер
"Ата-анам орамалға келген соң оқуға түсе алмайсың, жұмыс жасай алмай, үйде қалып қоясың дейді" деп әлі уайымдап жүрсіз бе? Ендеше мына орамалды қыз-келіншектер сізге үлгі болсын! Ата-анаңызға да осыны көрсетсеңіз болады😍⬇️