Орамалым—Қорғаным
325 subscribers
86 photos
4 videos
2 files
7 links
Хиджабқа ниетті аруларға арналған жаңа жоба
Download Telegram
Орамал тағудың пайдасы мен ондағы даналық

Жабық киінудің ыстық күнде де пайдалы екенін тіпті зайырлы қоғам ғалымы – дәрігерлер мен психологтар да мойындап келеді.

Дәрігерлер теріні күн сәулесінің зиянынан қорғап, кез-келген ауа ағымы денені салқындата алатындай, табиғи таза матадан тігілген, денені тарылтпайтын киім таңдауға кеңес береді. Себебі, тар киім денені ысытып жібереді.

«Күн астында жалаңаш жүру жалпы пікірлерге қарамастан, гипертермияға (дене температурасының өсуі, қызыну) әкеп соғады. Өйткені, ыстық күнде дене терлеп, тер денені салқындатады, ал, тікелей күн сәулесі астында тер буға айналады да, дене содан ыси бастайды. Денеде  киім болса тердің буға айналуын болдырмайды және дене салқындайды», - дейді,  Би-Би-Си «Тайны выживания» деректі филімінің авторлары.

Дәрігер-диетолог Надежда Мельничук барлық әйел қауымына мұсылман әйелдерінен үлгі алуды ұсынады:

«Ыстық күнде шешініп жүруді тіпті ойға алмаңыз, одан да, Араб Әмірлігі тұрғындарынан үлгі алуымыз қажет, киім денені толығымен жапқаны дұрыс, - дейді ол - Сонымен бірге, ыстық күндері адам басына міндетті түрде бас киім - кепеш, панама, қалпақ киіп, үшкіл орамал тағып жүруі тиіс. Егер адамның басы қызатын болса, онда күн өтуі де әбден мүмкін»

Егер әйел атаулы барынша жабық, ұяң қалпын сақтап киінер болса, бұл қоғам үшін де пайдалы болмақ. Әйелдер өзге еркекті азғыруын тоқтатса, қоғамда некесіз қарым-қатынас, отбасылық өмірде кезігетін көзге шөп салу, ажырасу дерттері азайып, жанұя беріктігі сақталар еді. Табиғатынан нәзік әйел баласы нәпсіқұмар еркектерден, олардың тарапынан ерсі қалжың мен қырыңдауларынан да қорғалған болар еді. Ер адамдар да бұдан кейін әйелді тек нәпсісін тойдыратын құмарлық объектісі деп қана қарамай, оны жеке тұлға ретінде құрметтеп, сыйлай бастайды.

Әйелдердің тәні жартылай ашық-шашық күйде әркез еркектің алдында жүруі ер адам денсаулығына өзіндік зиянын тигізеді. Жалаңаштанып әрі безеніп-жайнап тұрған әйел денесіне көзі түскен еркек өзінің тәнқұмарлығын әрең тежесе бұл да оның денсаулығына кері әсер етеді. Ол адам невроз, қабыну (простатит аденомасы), белсіздік, рак ауруларына ұщырауы мүмкін. Міне, осылай, әуреті жабық әйел ер атаулының денсаулығы мен олардың қоғамда үлес санын сақтап қалуға үлкен септігін тигізеді. (Яғни, ер адам белсіздікке душар болса, әйелдің бала көтере алмасы белгілі).
Ар-Рахман абыройды асыратын,
Дін Ислам жаңғыртқан ғасыр атын
Я, Алла бәрімізге жүрек берші
Құранды тыңдап қана басылатын.
Ұмытпа орамалын асыл тәжін
Сенің алтын шашыңды жасыратын

Бұрымы оның болса өлең ұрандағы
Ал сенің тәжің аят Құрандағы!
Ал енді мұсылман ағаларыңыздың сіздерге арнаған хатын оқып, әсерленіп алыңыздар! ❤️
Audio
Forwarded from Жан саясы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Омар ибн аль Хаттаб" сериалынан үзінді.
"Ата-анам дінге қарсы" дегендер көрсін⬆️
Бұл оқиға кейбір бауырларымыз үшін өте ғибратты, ой саларлық болады деген сенімдемін

Хазіреті Саадтың мұсылмандықты қабылдауы анасы Хамнаға ұнамады. Ұлы аталарының дінінен безіп, аналарының ризалығынсыз басқа сенімді қабылдауы қалай?! Ұлына әрдайым сөзін тыңдатып келген Хамна қалайда Саадты пұтқа табындырып, өз дегенін жасатпақ болады. Осы ниетпен бір күні баласына:

"Сенің Аллаһың "ата-анаға, туған-туысқанға жақсылық жаса, оларды ренжітпе" деп бұйырады дейсің. Өзің басқаша істейсің. Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін тастап, пұттарымызға қайта оралып, бас имесең, мен аштық жариялаймын. Сонан соң сен өз анасының өліміне себепкер болған залым атанасың", - деді.
Хазіреті Саад бұл күнге дейін анасының айтқанын екі етіп көрмеген. Бірақ анасының бұл жолғы тілегі тіпті орынсыз еді. Өйткені ол Аллаһқа иман келтіріп, елшісіне жан жүрегімен беріліп, не істесе де иман шеңберінде жасауға бекінген-ді.
Анасына:

"Анашым, күні бүгінге дейін тілазарлық жасамаппын. Мен ендігі жерде ақиқат әмірге мойынсұндым. Егер сенің жүз жаның болса, әрбіреуін Исламнан бездіру үшін құрбан етсең де, мен дінімнен қайтпаған болар ем. Себебі, мен үшін иман - ең қымбат қазына, ол кез келгенге бұйырмайтын сыбаға. Ал сен болсаң, қайдағы бір меңіреу пұттар үшін хақиқатты белінен басқың келеді. Бұл ойың жүз рет аштық жарияласаң да жүзеге аса қоймас. Айтқанымнан қайтпаймын десең, өзің біл", - деді.

Ұлының дініне беріктігіне көзі әбден жеткен Хамна ана жеңілгенін мойындады. Бұл Хамнаның жеңілісі емес, иманның күпірден басым түсуінің
көрінісі еді.

Осы оқиғадан соң Аллаһ Тағала Анкабут сүресінің сегізінші аятын түсіріп, әдеп, ата-анаға құрмет мәселесінде мұсылмандық өлшемді белгіледі:
"Біз адам баласына әке-шешесіне құрмет етуді бұйырдық. Егер олар (ата-анаң) білмейтін нәрсеңді маған серік қосуға сені зорлайтын болса, оларға (ата-анаңа) мойынсұнба. Ең ақырында маған ораласыңдар. Сол кезде барлық істеріңді өздеріңе білдіріп, бағасын Мен
беремін."

"Адамзаттың асыл тәжі" кітабынан
بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух, Арулар! Бүгінгі өтетін тақырыбымыз—Алла жолында табанды болып, нық тұру әрі Аллаға толық тәуекел етуді үйрену!

1-ші тапсырма: Сіздер үшін маңызды сабақ болғалы жатыр, ең біріншіден бүгінгі жіберген аудио, видеоларды қарап, тыңдап, мәтіндерді толық оқып шығыңыздар. Толық танысып болған соң осы оқиғалардан қандай ой түйгендеріңізді осы жазбаның пікіріне жазып кетіңіздер⬇️
Хиджаб киюге жаңадан ниеттеніп жүрген қыз-келіншектерге айтар кеңесіміз:

💎Ең маңыздысы, әйелдің оранып жүруі - Жаратушымыз тарапынан бұйырылғанын ұмытпаңыз. Хиджаб киіп, әуретіңізді жапқаныңыз - Алланың бұйрығын орындағаныңыз, ал, бұдан бас тарту - күнәға жатады әрі Алланың ашуын тудырады.

Қиындықсыз ешнәрсе болмайды демекші, бұрын көңіліңіз жарасып, ұрсу дегенді білмеген ата-ата, жақындарыңыз орамал таққаныңызды бірден түсіне қоймасы анық, бұл - алғашқы қиындықтың бірі. Кейде өкінішке қарай, ата-анасы қызының намаз оқып, ораза тұтқанын, харам астан бас тартып, ішімдік қойылатын кештерге бармауын құптап, салқынқанды қарайды да, ал, егер қызы сырт киімін өзгерткісі келсе,оны өте қатаң соққыға алады.

💎Ислам дінінде ата-ана – біздің тарапымыздан аса үлкен махаббат пен құрметке ие жандар, бірақ, олар Алланың бұйрығына қарсы келіп жатса, біздің оларды тыңдамауымызға болады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқандай:

💎«Жаратушы бұйрығы тұрғанда, жаратылғанның бұйрығы жоқ».

💎Сондықтан, киім киісіңізге ата-анаңыздың қарсылығы хиджабтан бас тартуға сылтау бола алмайды. Дегенмен, иә, күнделікті жиі айыптау мен қорқытуларды ести беру де оңай емес. Бірақ, діни міндеттеріңізді сізді біреу өлтіремін деп қорқытып, өміріңізге қауіп төніп, зақымдануы мүмкін жағдайда (қауіп төніп тұрғанына көзіңіз жетсе) ғана тоқтата аласыз. Ал, ата-ананың мұндай іске баруы екі талай, сол себепті де, әке-шешеңізден әлдебір ауыр, қорқыту сөздерін естісеңіз, оны шыдаммен тыңдап қана құтылған дұрыс болар.

Бұл тұста мынадай кеңестер бере аламыз: біріншіден, барлық жайтқа дайын болып, бойдағы сабырды күшейту керек. Ата-анаңыз исі бөлек ортада, білімсіз, атеистік қоғамда өмір сүрді, оларды да түсінуге тырысайық, сіздің қалауыңызды бірден құптап, дінге ілесе кету оларға өте қиын. Қандай жағдай болмасын, олар сіздің әке-шешеңіз, сізді жақсы көреді және бұл әрекеттерінің бәрі сіз үшін уайым шегетіндіктерін айтып тұр. Олардың санасындағы түсінік үшін қалыптасып кеткен стреотип, қоғамдық пікір мен бұқаралық ақпарат құралдарының да тигізген кесірі бар.
❤️ 2-ші тапсырма: Ата-ана, туысқандар тарапынан орамалға қарсы көбіне қандай сөздер айтылады? Неге олар орамалдан қорқып, уайымдайды? Осы сұраққа дәл осы жазбаның астына өз ойыңыз бен тәжірибеңізбен бөлісіп кетіңіз, біраздан соң осы сұрақтарға бірге жауап табатын боламыз!