❤ Хиджабты дәлелдейтін хадистердің ішінде танымал болған мына хадисте:
«Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткені: Әбу Бәкір қызы Әсма (Алла ол екеуіне разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), қасына жұқа киіммен кіріп келеді. Сонда Пайғамбарымыз (ған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), оған қарап: « Әй, Әсма! Қыз бала балиғат жасына жеткен күннен бастап, мыналардан басқа жерлері көрінбеуі керек», – деп, беті мен екі қолын (білезігіне дейін) көрсетті» (Әбу Дауд).

❤ Байқағанымыздай, әйелдің жабық жүруі аяттар мен хадистерде міндеттелген, сол себепті, дін мамандары хижаб киюді парыз амалына жатқызады, парызды елегісі келмейтіндер күнә жасаған болады, ал, оны мүлде мойындамайтындарға келсек, олар күпірлік етушілерден болады, себебі, Құранның анық аяттарын жоққа шығарады.
Сондықтан, бір себептермен хиджаб кигісі келмей немесе мұны өзіне ауыр санайтын мұсылман қыздарына айтарымыз, хиджаб жайында өз сөздеріне өте абай болса екен, мысалы, хиджабты "ортағасырлық дін мамандарының ойдан шығарғаны деп санау, әйелдің өмірін қиындату үшін, ер адамдардың ойлап тапқан қисынсыз қалауы" деп айтудан аулақ болған жөн.

Бұл жіберіліп жатқан ақпараттарды мән беріп оқып алыңыздар, елеусіз қалмасын, онда маңызды дәлелдер келтірілген, сізгедерге керек болады Ин шәә Алла. Қажет болса, кей жерлерін жазып алсаңыздар да болады❤️
بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ, арулар! 3-ші күніміздің тапсырмалары:
❤ 1-ші тапсырма. Төменде берілген дұғаны күні бойы 100 рет оқу (элеkтронды тасбихпен жасап санасаңыздар болады, кейін суретке түсіріп, чатқа да жіберіп қойыңыздар. Не болмаса zikrmatik қосымшасын жазып алып, сол арқылы санасаңыздар болады. Барынша шын жүрекпен оқу- шарт, тез 100-ге жетіп аяқтап тастауға асықпаңыздар! (Егер хайыз болса, дұғаны дәретсіз жасай берсеңіздер болады)
❤ 2-ші тапсырма. Төменде жіберілген кітапты оқып шығып, түсінгеніңізді осы жазбаның астындағы пікірге жазып кету, немесе дәптерге жазып, фотоотчёт жіберу. Бар-жоғы 20 беттей кітап, өте жеңіл оқылады!
❤ 3-ші тапсырма. Дәрет алып, таза жерге отырып (ең абзалы намаздан соң немесе Құран оқып, не зікір айтып болған соң) дұға ету. Дұғаны Аллаға мадақтармен бастап, Пайғамбарға ﷺ салауаттар жолдап, содан соң өз тілектеріңізді айтумен жалғастырыңыз. Дұғаны өзіңізге ғана тілеп қоймай, осы тобымызға тіркеліп, орамалға ниет еткен аруларымыз үшін де дұға етіңіз. Жамағатпен жасалған дұғаның қабыл болу мүмкіндігі көп!
(Егер хайыз болса, дұғаны дәретсіз жасай берсеңіздер болады)
Оның маңызы неде десеңіз, сіз өзіңіз армандаған, ұмтылған нәрсені өзіңізге ғана сұрап қоймай, бауырыңыз үшін де сұрасаңыз, Мейірімді Раббымыз оны сізге де, оған да хайырлы түрде нәсіп етеді! Және мұсылман бауырыңыз үшін жасырын түрде дұға еткеніңіз үшін періштелер "Әмин, саған да соны тілейміз!" дейді екен! Дұға жасау мысалын төменге салып қойдым⬇️
Тапсырмаларды орындап болған соң осы жазбаның астына мына үлгіде отчёт жазасыздар:
1-ші тапсырма: ✔️ (Дұға 100 рет+фотоотчёт)
2-ші тапсырма: ✔️ (Кітапты оқып шықтым, менің түсінгендерім:
......... өз түсінгендеріңізді)
3-ші тапсырма: ✔️ (Дұға жасадым)

Forwarded from Орамалым—Қорғаным♥ (Жансая Ерболат)
2_5273841998330071887.pdf
734.8 KB
2-ші тапсырма бойынша кітаптан түсінгендеріңізді жазу міндетті. Кейін дәптерден суретке түсіріп осында жібересіздер.
[Немесе телефондағы заметкие-ге жазып, соны жіберсеңіздер болады]

❤Дұға жасау мысалы❤
Дәрет алып, ниетті түзетіп алады да, былай дейді:
"Ия, Ар-Рахман, ия, Ар-Рахим, Ия, Әлим! Уа шексіз Мейірімді Раббым, барлық мақтау-мадақтан бір Өзіңе тән! Ия, Раббым, менің әрі бүкіл әлемдердің Жаратушысы, Ия, Мейірімділердің мейірімдісі, Естуші әрі Көруші! Ия, Аса әділ, дұғаларды қабыл етуші Раббым, менің жүрегімдегі шынайы ниетті Өзің көріп тұрсың! Ия, Раббым Өзіңнің сүйікті құлың Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ және оның отбасы мен сахабаларына рахым ете гөр, әрі оның үмметіне жар бола гөр!
Ия, Рабби, сен бізге деген ұлы махаббатыңның, шексіз мейірімің арқылы жүректерімізді Исламға қарай, Өзіңе қарай бұрдың, біздерді иман етушілердің қатарынан еттің. Ия, Жаратушым, ендігі кезекте сенен жүрегіме мықты иман, Өзіңе деген шексіз махаббат сұраймын, әрі Саған деген құлшылықтарымды, парыздарымды толық орындағым келеді. Ия, Рабби, менің жағдайымды, менің қиыншылықтарымды бәрінен жақсы Сен ғана білесің! Сол қиындықтарды жеңілдетуіңді сұрап, саған деген құлшылықтарымды шынайы ықыласпен толық орындауымды нәсіп еткейсің! Менің намазыма, орамалыма қарсылық танытып жанқан жандардың жүректерін жұмсартып, Исламға қарай бұрғайсың! Ия, Раббым, мен шынайы Өзіңнің разылығыңды іздеп намаз оқуға, орануға ниет еттім. Өзімді бұл жалған дүниедегі арсыздықтар мен жамандықтардан алыстатып, ең жақсы үлгіде өмір сүру үшін, әуретімді жауып, тек ең жақын, ең сенімді жандарыма бар сұлулығымды көрсете алу үшін, болашақ жарымның алдында сүйкімді де абыройлы, әдемі болуым үшін, өзімнен кейін салиқалы ұрпақтар қалдырып, басқаларға да үлгі бола білу үшін орануға ниет еттім! Ия, Рабби, ниетімді қабыл етіп, мені де тезірек бұл бақытқа жеткізе көр! Өзіңнің разылығыңды алушылардың қатарынан ете гөр!
Ия, Аса Мейрімді, ерекше Рахымды Раббым, менен бөлек қаншама құлдарың да оранып, намаздарын шын ықыласпен оқуды ниет етіп жатыр, оларға да Өзің жар болғайсың!
(Осы жерде қыздардың аты-жөндерін оқып шықсаңыздар болады, Мысалыға: Ерболатқызы Жансаяға, Баянқызы Айдынға, тағы сол сияқты)
Дұғаны тек құр сөзбен оқып беріп емес, шын жүрекпен жасаңыздар, жақсы ма? ❤

3-ші күн тапсырмаларын ертең кешкі 22:00-ге дейін қабылдаймыз!