❤Дұға жасау мысалы❤
Дәрет алып, ниетті түзетіп алады да, былай дейді:
"Ия, Ар-Рахман, ия, Ар-Рахим, Ия, Әлим! Уа шексіз Мейірімді Раббым, барлық мақтау-мадақтан бір Өзіңе тән! Ия, Раббым, менің әрі бүкіл әлемдердің Жаратушысы, Ия, Мейірімділердің мейірімдісі, Естуші әрі Көруші! Ия, Аса әділ, дұғаларды қабыл етуші Раббым, менің жүрегімдегі шынайы ниетті Өзің көріп тұрсың! Ия, Раббым Өзіңнің сүйікті құлың Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ және оның отбасы мен сахабаларына рахым ете гөр, әрі оның үмметіне жар бола гөр!
Ия, Рабби, сен бізге деген ұлы махаббатыңның, шексіз мейірімің арқылы жүректерімізді Исламға қарай, Өзіңе қарай бұрдың, біздерді иман етушілердің қатарынан еттің. Ия, Жаратушым, ендігі кезекте сенен жүрегіме мықты иман, Өзіңе деген шексіз махаббат сұраймын, әрі Саған деген құлшылықтарымды, парыздарымды толық орындағым келеді. Ия, Рабби, менің жағдайымды, менің қиыншылықтарымды бәрінен жақсы Сен ғана білесің! Сол қиындықтарды жеңілдетуіңді сұрап, саған деген құлшылықтарымды шынайы ықыласпен толық орындауымды нәсіп еткейсің! Менің намазыма, орамалыма қарсылық танытып жанқан жандардың жүректерін жұмсартып, Исламға қарай бұрғайсың! Ия, Раббым, мен шынайы Өзіңнің разылығыңды іздеп намаз оқуға, орануға ниет еттім. Өзімді бұл жалған дүниедегі арсыздықтар мен жамандықтардан алыстатып, ең жақсы үлгіде өмір сүру үшін, әуретімді жауып, тек ең жақын, ең сенімді жандарыма бар сұлулығымды көрсете алу үшін, болашақ жарымның алдында сүйкімді де абыройлы, әдемі болуым үшін, өзімнен кейін салиқалы ұрпақтар қалдырып, басқаларға да үлгі бола білу үшін орануға ниет еттім! Ия, Рабби, ниетімді қабыл етіп, мені де тезірек бұл бақытқа жеткізе көр! Өзіңнің разылығыңды алушылардың қатарынан ете гөр!
Ия, Аса Мейрімді, ерекше Рахымды Раббым, менен бөлек қаншама құлдарың да оранып, намаздарын шын ықыласпен оқуды ниет етіп жатыр, оларға да Өзің жар болғайсың!
(Осы жерде қыздардың аты-жөндерін оқып шықсаңыздар болады, Мысалыға: Ерболатқызы Жансаяға, Баянқызы Айдынға, тағы сол сияқты)
Дұғаны тек құр сөзбен оқып беріп емес, шын жүрекпен жасаңыздар, жақсы ма? ❤

Ассалаяму алейкум, арулар!
Қалдарыңыз қалай?
Үй жұмыстарыңызды қарап отырып, сіздердің жақсы орындағандарыңызды байқадық!
Енді бүгін 2 күн тапсырмасын жібермекшіміз.
(1 күннің тапсырмасы бүгінгі 22:00 дейін қабылданады)

2 күннің тапсырмалары:
❤️ 1) Ниет.
Кешегі тапсырма бойынша ниетті түзетуді берген болатынбыз, ендігі бүгінгі тапсырма ниетті жаңарту.
Ниетті әр күн сайын 5 уақыт намаздың уақыты сайын жаңартып отыратын болсаңыз, тіптен керемет.
❤️ 2) Зікір.
Алла Тағаланың адам баласына нәсіп еткен шексіз нығметтері үшін Алланы дәріптеуге күніңіздің көп бөлігін жұмсаңыз.
Бір минуттың ішінде 100 мәрте «СубханАллахи уа бихамдихи» деп зікір айтуға болады. Алла Елшісі (ﷺ): "Кімде-кім күніне 100 рет осы зікірді айтатын болса, оның күнәсі- теңіздің көбігіндей көп болса да, кешіріледі" деген.
2 күннің тапсырмасы бойынша осы зікірді кемі 200 рет айту.
Ыдыс жуып жүріп, үй шаруасын істеп жүріпте айтуға болады, қайда кетпей жатқан уақыт демекші, арнайы дәрет алып, тәсбихты қолыңызға алып, тыныш жерге барып, уақыт бөлсеңіз тіптен керемет болушы еді (өзіңіз үшін) 🌸
❤️ 3) Орамал бұл парыз.
Төменге ютубтан Марфуға Шапиянның “Орамал парыз ба” деген видеосын қалдырамыз. Соны бірінші көріп шығыңыздар. Кейін ТЕСТ тапсырмасын орындайсыздар
(нұсқа таңдау арқылы, дайындап жіберетін боламыз)
❤️ 4) Болашаққа хат.
Қызық әрі көңілді тапсырма болсын. Сіз өзіңізді "орамалға толық келдім" деп елестетіңіз. Сол сезімді бастан кешіріп жатқандай болып қазіргі өз-өзіңізге БОЛАШАҚТАН хат жазыңыз.
Мысалы:
“Құрметті, .......... Дәл қазір сен орамалға келе алмай, ата-анам рұқсат бермей қиналып жүрген боларсың. Бірақ уайымдама. Сені біреулер ғайбаттап, балағаттап, сыртыңнан өсек-өтірік айтып, мазақ қылып, қор қылған болар, бірақ Раббың саған арнап "олардың сөзі сені қайғыртпасын" деген емес пе?
Білесің бе, орамалға келгелі өзімді ерекше сезініп жүрмін. Раббымыздың парыз еткен орамалын тағып жүру қандай бақыт десеңші. Өзімді бөтен көзден қорғап, абыройымды сақтап жүрмін. Маған басқалардың сөзі маңызды емес. Себебі, мен Раббымның парызын орындап жүрмін. Сен берілме.
Басқалардың сөзіне еріп бас тартып жүрме, нәпсіңнің жетегіне жармасып, еріп кетіп жүрмеші.... “
Тағы сол сияқты өз ойыңызды қосып жазыңыз, бұл жәй мысалы. ҰЗАҚ етіп жазу міндетті ЕМЕС.
Тек шын сезініп жазсаңыз, сол да жеткілікті 😊
Сәттілік тілейміз🤍

2-ші күннің тапсырмаларын орындауға 24 сағаттарыңыз бар, ертең 22:00-ге дейін қабылдаймыз!
❤ Орамал тарту – парыз. Әйел адамдардың орамал тартуы – ер кісілердің сақал өсіруінен де үлкен парыз. Орамал – мұсылман әйелдерге Жаратқанның сыйға тартқан ең қымбат сыйлығы. Оған қатысты қасиетті Құран Кәрімде бірнеше дәлел хадистер келтірілген.
«Егер пайғамбардың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, онда бір қалқаның артында тұрып сұраңдар! Осылай істеулерің сендердің де, олардың да, (яғни екеулеріңнің де) жүректерің үшін (шайтанның азғыруынан, яғни жаман ойлардан) таза болмақ. /Ахзаб, 53/ Құрандағы осы аят «хиджаб аяты» деп танылған. Бұл мүмін әйелдерге хиджабтың парыз болып түскені туралы бірінші аят.
Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 59-шы аятында: «Әй, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! (Үйлерінен шығатын болса) үстеріне жилбәбін (яғни жамылғысын) жапсын! Бұл оларды жеңіл (күң емес, жезөкше емес, азат әрі пәк әйел екендігін) тануға, оларға бөтен еркектердің тиіспеуіне жақын!» деп бұйырды. Осы аят көпшілік ғалымдардың мақұлдауымен негізгі «хиджаб аяты» деп саналады. Бұл аят барлық мүмін әйелдер бөтен еркектерден бүкіл денесін жасыруы парыз екенін ашық білдіреді. Осы аяттағы «жилбәб» сөзі араб тілінде бүкіл денені жабатын жамылғыш. Сахабалардың әйелдері осы аяттан соң бүкіл денесін жапты.

❤ «Әй, Мұхаммед! Мүміндерге айт! Бөгде әйелдерге қараудан көздерін төмен түсірсін және ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Осы олар үшін ең таза жол. Расында Алла олардың не істейтіндерінен Хабардар. Мүмін әйелдерге де айт! Бөтен еркектерден көздерін төмен түсірсін! Әрі ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Олар тек өздігінен көрініп тұрғаннан басқа әшекейлерін көрсетпесін! Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын! Әрі олар әшекейлерін көрсетпесін! Тек күйеулеріне, немесе әкелеріне, немесе күйеулерінің әкелеріне (яғни қайын аталарына), немесе ұлдарына, немесе күйеулерінің (басқа әйелдерден туған) ұлдарына, немесе аға-інілеріне, немесе аға-інілерінің ұлдарына, немесе әпке-сіңлілерінің ұлдарына, немесе мұсылман әйелдерге, немесе құлдарына, немесе әйел керек қылмайтын еркектерге, немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін жас балаларға көрсетсе онда оған рұқсат. Өздерінің жасырған әшекейлері біліну үшін аяқтарымен жерді тепсініп жүрмесін! Әй, мүміндер! Табыста болуларың үшін барлығың Аллаға тәуба етіңдер!» ("Нұр" сүресі, 30-31 аяттар).
❤ Хиджабты дәлелдейтін хадистердің ішінде танымал болған мына хадисте:
«Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткені: Әбу Бәкір қызы Әсма (Алла ол екеуіне разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), қасына жұқа киіммен кіріп келеді. Сонда Пайғамбарымыз (ған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), оған қарап: « Әй, Әсма! Қыз бала балиғат жасына жеткен күннен бастап, мыналардан басқа жерлері көрінбеуі керек», – деп, беті мен екі қолын (білезігіне дейін) көрсетті» (Әбу Дауд).

❤ Байқағанымыздай, әйелдің жабық жүруі аяттар мен хадистерде міндеттелген, сол себепті, дін мамандары хижаб киюді парыз амалына жатқызады, парызды елегісі келмейтіндер күнә жасаған болады, ал, оны мүлде мойындамайтындарға келсек, олар күпірлік етушілерден болады, себебі, Құранның анық аяттарын жоққа шығарады.
Сондықтан, бір себептермен хиджаб кигісі келмей немесе мұны өзіне ауыр санайтын мұсылман қыздарына айтарымыз, хиджаб жайында өз сөздеріне өте абай болса екен, мысалы, хиджабты "ортағасырлық дін мамандарының ойдан шығарғаны деп санау, әйелдің өмірін қиындату үшін, ер адамдардың ойлап тапқан қисынсыз қалауы" деп айтудан аулақ болған жөн.

Бұл жіберіліп жатқан ақпараттарды мән беріп оқып алыңыздар, елеусіз қалмасын, онда маңызды дәлелдер келтірілген, сізгедерге керек болады Ин шәә Алла. Қажет болса, кей жерлерін жазып алсаңыздар да болады❤️
بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ, арулар! 3-ші күніміздің тапсырмалары:
❤ 1-ші тапсырма. Төменде берілген дұғаны күні бойы 100 рет оқу (элеkтронды тасбихпен жасап санасаңыздар болады, кейін суретке түсіріп, чатқа да жіберіп қойыңыздар. Не болмаса zikrmatik қосымшасын жазып алып, сол арқылы санасаңыздар болады. Барынша шын жүрекпен оқу- шарт, тез 100-ге жетіп аяқтап тастауға асықпаңыздар! (Егер хайыз болса, дұғаны дәретсіз жасай берсеңіздер болады)
❤ 2-ші тапсырма. Төменде жіберілген кітапты оқып шығып, түсінгеніңізді осы жазбаның астындағы пікірге жазып кету, немесе дәптерге жазып, фотоотчёт жіберу. Бар-жоғы 20 беттей кітап, өте жеңіл оқылады!
❤ 3-ші тапсырма. Дәрет алып, таза жерге отырып (ең абзалы намаздан соң немесе Құран оқып, не зікір айтып болған соң) дұға ету. Дұғаны Аллаға мадақтармен бастап, Пайғамбарға ﷺ салауаттар жолдап, содан соң өз тілектеріңізді айтумен жалғастырыңыз. Дұғаны өзіңізге ғана тілеп қоймай, осы тобымызға тіркеліп, орамалға ниет еткен аруларымыз үшін де дұға етіңіз. Жамағатпен жасалған дұғаның қабыл болу мүмкіндігі көп!
(Егер хайыз болса, дұғаны дәретсіз жасай берсеңіздер болады)
Оның маңызы неде десеңіз, сіз өзіңіз армандаған, ұмтылған нәрсені өзіңізге ғана сұрап қоймай, бауырыңыз үшін де сұрасаңыз, Мейірімді Раббымыз оны сізге де, оған да хайырлы түрде нәсіп етеді! Және мұсылман бауырыңыз үшін жасырын түрде дұға еткеніңіз үшін періштелер "Әмин, саған да соны тілейміз!" дейді екен! Дұға жасау мысалын төменге салып қойдым⬇️
Тапсырмаларды орындап болған соң осы жазбаның астына мына үлгіде отчёт жазасыздар:
1-ші тапсырма: ✔️ (Дұға 100 рет+фотоотчёт)
2-ші тапсырма: ✔️ (Кітапты оқып шықтым, менің түсінгендерім:
......... өз түсінгендеріңізді)
3-ші тапсырма: ✔️ (Дұға жасадым)

Forwarded from Орамалым—Қорғаным♥ (Жансая Ерболат)
2_5273841998330071887.pdf
734.8 KB