АСЫЛ НАСИХАТШЫ
655 subscribers
494 photos
89 videos
38 files
166 links
https://instagram.com/asyl_nasikhat?igshid=YmMyMTA2M2Y= инста-парақшасының Telegram-дағы ресми каналы!
Қош келдіңіз!
Download Telegram
СҰРАҚ:
Білім талапкері сабақтан және кітап оқудан қалай демалса болады? Кейде шаршаймыз. Мүмкін сізде бұл мәселеде тәжірибе болар?

ЖАУАП:
Лекция тыңдасаңыз болады немесе спортпен айналыссаңыз болады. Немесе пайдалы кітаптар оқу, мысалы тарих кітаптарын немесе жан ұямен қонаққа бару. Жалпы айтқанда білім талапкері өз уақытына жұмыс секілді қарау керек. Мысалы, жұмыс сегіз сағатқа созылады.
Forwarded from Abylaikhan Suiindik (𝐀𝐁𝐈𝐋𝐀𝐈𝐊𝐇𝐀𝐍)
إِنَّ اللَّـهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّۚ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا

Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер. (әл-Ахзаб: 56)

Құрметті бауырлар Робиғул Аууал айына кірдік. Бұл ай Алла елшісі ﷺ дүниеге келген ай. Алла елшісіне салауатты күшейтейік.!

🔹https://t.me/utlubu
🔹https://t.me/utlubu

🔹https://instagram.com/abilaikhan.kz
Насихат қаласаң Өлім жеткілікті
О, Аллаһ, прости меня за те грехи, в которых я покаялся, но совершал их снова... 💔
Channel photo updated
Қызыма білмененнен білген, қараңғыдан жарық, зұлымдықтан мейірім күшті екенін көрсете алуым керек. Әлемнен қорқуды емес, сенуді үйрете алуым керек. Бірақ, ол үшін ең бастысы мұның барлығын алдымен өзім білуім керек.Себебі өзің білмегенді өзгеге үйрету мүмкін емес.

Торғын Жолдасбекқызы "Араша"
Forwarded from Жазбаларым🖋📚📔 (Aiym🌙)
Ешқашан өзіңді жалғызбын деп ойламашы. Жалғыздық тек Аллаға ғана тән. Көңіл-күйің түскен уақытта сені бәрінен артық жақсы көрер мейірімді, ұлық Раббың барын есіңе алшы. Сен қанша күнәға батсаң да, кешіріп, мейірімін төгіп жатыр емес пе? Ол сені бәрінен артық жақсы көреді. Басыңа келген сынақ та оның мейірімі. Жалғызсыраған сәттеріңде жаратылғанды емес, өзінің Жаратушысын көбірек есіне алса екен дейді.Мені ешкім жақсы көрмейді деп ойлаған сәттеріңде сені бәрінен артық жақсы көрер ұлы Жаратушының жаныңда екенін біл. Жаның жалғызсыраған сәтте осыдан 14 ғасыр бұрын ең ерек адамның сен үшін көзінің жасын көл етіп дұға еткенін есіңе ал. Пайғамбарың(ﷺ) сені өз баласынан да артық көріп, үмбетім де егілмеп пе еді? Бұл дүниеде дәл қазір жаныңда ешкім болмаса да, ақыретте Кәусардың жанында Пайғамбарың(ﷺ) сені күтетінін ұмытпа!

Ей, жолаушы! Егілмеші! Көзіңнің жасын сүртші! Сені әлі алда көп нәрсе күтіп тұр. Раббыңа оның Жәннатына лайықты екеніңді дәлелдеші! Соңғы демің таусылғанша ата-анаң үшін жақсылықтар жасауға тиіссің. Олардың қараңғы қабірінің жарқырауына сенен өзге кім себепкер болмақ? Еңсеңді тік ұста! Жылағың келсе, дүние үшін емес, ақырет үшін жылашы. Өзіңнің, ата-ана, бауырларыңның және күллі мұсылман бауырларыңның қабірдегі, ақыреттегі күйін ойлап жыла. Жылауға тұрарлық нәрсе осы.

Сен жалғыз емессің, Айым. Жаныңда ұлы Раббың, жүрегіңде иманың бар. Жалғызбын деп ойламашы.

Сен мықтысың,Айым...

(көңіл-күйің түскен кезде, Раббысымен қауышқан жақындарыңды сағынғаныңда осы хатты оқышы)
Forwarded from خاطر الفلان
🖇 Сен жалғыз өлесің жəне қабірге жалғыз кіресің...

Хасан аль-Басри (Алла оған разы болсын) айтты:

"Адамдардың көпшілігінен көрген нəрселерге алданбаған адамға, Аллаһтың рақымы болсын. Адам баласы, сен жалғыз өлесің, қабірге жалғыз кіресің, жалғыз қайта тірілесің, жалғыз есеп бересің..."

📚Қараңыз: [аз-Зухд 1557]
Forwarded from Abylaikhan Suiindik (𝐀𝐁𝐈𝐋𝐀𝐈𝐊𝐇𝐀𝐍)
قال ابن الجوزي -رحمه الله- :

"يا كثير الذنوب، قليل البكاء: ابكِ على عدم بكائك، كانوا يبكون مع التقوى وأنت تضحكُ مع الذُّنوب ؟!."

[ الخواتيم (٢٥٤) ]

Ибн Жаузи ( Рахимаһулла):

"Ей, көз жасы аз, күнәсі көп жан!
Кезінде жыламаған нәрселерің үшін көз жасыңды төк.. Бұрынғылар тақуа бола тұра жастарын төгетін.
Ал сен күнәхар бола тұра күлесің бе?!."

[ Аль- Хауатим /254 ]

🔹https://t.me/utlubu

🔹https://instagram.com/abilaikhan.kz
Forwarded from өшпес із
«Егер мен жылына жүз кітап оқитын болсам, сен кемінде елу кітап оқымағанша, бір-бірімізді түсіну қиынға соғуы мүмкін»

деп айтатын адамды жолықтырсам, қазір ақ ойланбастан тұрмысқа шығып кетуші едім😇🤎
"ПІЛ КӨРУГЕ КЕЛМЕДІМ..."

Бірде Яхия ибн Мағин есімді ғұлама жас кезінде атақты мужтаһид Мәлик ибн Әнәстың мәжілісінде отырғанда, біреу жанұшыра жүгіріп келіп:

"Мына жақта піл жүр!" - деп айқайлайды:

Піл деген мақұлықты естігендері болмаса, өз көзімен көрмеген шәкірттер өре түрегеліп пілді тамашалауға жүгіреді. Тек Яхия ғана отырған орнынан тапжылмайды. Сонда имам Мәлик Яхияға қарап:

"Сен неге піл қарауға бармадың?" деп сұрайды. Сонда Яхия:

"Мен өз елімнен мұнда білім алу үшін, сіздің нұрлы жүзіңізді көріп, жақсы қасиеттеріңізді үйрену үшін келдім. Піл көруге емес..!" деп жауап берген екен...

Имам Мәликке Яхияның айтқаны ұнап, кейін оны "әл-Ақил" (Ақылды) деп атайтын болған екен.

Пысы: Кейде алыстан ұстаз келсе, кей жамағаттың мешітке келудегі мақсаты дәріс соңында ұстазбен сэлфи жасап кету ғана. Бірде Қабылбек ұстазбен фотоға түсу үшін иіріліп тұрған жамағатты көріп "егер ұстазбен тілдесуге сәлде болса уақытың болса дұға сұра, насихат ал, кеңесін тыңда, бірақ оны фото үшін құртудың не жөні бар" деп ойланғаным бар... Әрісі, солардың дені ұстаздың жарытып он сабағын тыңдамағандар..

Әрине, бұл ұстазбен ертелі-кеш жүздесіп, дәрісін алып жүрген жандарға еш қатысы жоқ.

@apendim
Муаз ибн Джәббәл (Алла одан разы болсын) айтты:

ما شيء أنجى من عذاب الله من ذكر الله.

"Зікірден артық Алланың азабынан құтқаратын нәрсе жоқ".

"Сунән" әт-Термизи, 3694
Forwarded from өшпес із
махаббат па, махаббат болған менде...🖇❤️

Егер сен біреуді жан жүрегіңмен жақсы көрсең және Алла разылығы үшін, сен үшін ол адамның барлығына дайын екенін түсінсең, сезсең ешкімнің көзқарасын сұрама! Есіңде болсын, сенің жалғыздығың күндердің күнінде сенен басқа ешкімді де алаңдатпайды. Сүй және өзіңді сүйгенді бағала!

Егер сен жақсы көрген жанның алдында қадірің, сыйың, сүйкімің жоғын байқасаң, бәрі реттеледі, осы адамның жүрегін жылытып, жары атанамын деп дәмеленбе! Сыйлы бол! Алладан өзіңді сыйлай алатын сыңар сұра!

Егер сен мектеп оқушысы болсаң махаббатты машақатқа айналдырма! Бос уақытың мен қиялдарыңды өзіңнің көркем келешегіңді ойлауға, білім алуға, ілім іздеуге жұмса!

...тым келте көйлек киме! Етегің ұзынырақ болсын! Бар тапқаныңды келісті келбетің мен киімің үшін жұмсай берме! Ауыстырып кию үшін әр маусымда, әр мезгілде жарасымды екі-үш киімің болса жеткілікті. Одан гөрі көруге, саяхаттауға уақыт бөл!

...бәлкім мен де бұлардың көбісін өз уақытында жасай алмадым. Бірақ біл, сенің мен жіберген кей қателіктерді қайталамауға мүмкіндігің бар.

Мақпал Төребек
Forwarded from Abylaikhan Suiindik (𝐀𝐁𝐈𝐋𝐀𝐈𝐊𝐇𝐀𝐍)
الحِجَابُ سِتّرٌ، وَلَيسَ تَغۡليفاً!

Хиджаб - жабыстырып қоятын қаптағыш емес, бәлкім адамды жауып жасырып тұрушы жабынды.

🔹https://t.me/utlubu

🔹https://instagram.com/abilaikhan.kz
Forwarded from Abylaikhan Suiindik (𝐀𝐁𝐈𝐋𝐀𝐈𝐊𝐇𝐀𝐍)
🖋 Әссәләму'Әлейкум уа рахматуллаһи уа бәрәкә туһу Құрметтілерім

Алланың қалауымен Имам Тирмизидің ( Рахимахуллаһ ) "الشمائل المحمدية" кітабынан кезекті пайдалы дәрістер болып жатыр.

📌Өзімде жазылып, жазбаның шыққанын күтіп отырамын.

Өзім ғана емес (игоист болмай) сіздермен де бөлісіп бірге пайда әрі сауап алайын деп шештім. 😊

Ең бастысы сабақ тегін өтілуде.

Сіздер мұнда көп пайдаға қол жеткізе аласыздар.

① Араб тіліңізді дамыта аласыз,
Сөздік жаттау және тіркестерді қалай құрау сонымен қатар қалайша мағына шығаруды үйренесіз.


② Алла елшісін сырқы, ішкі, ішіп жеген барша тарапынан тануға көмек береді. Сүннетті толығымен үйретеді.

③ Ниеттеріңізге қарай Алладан сауапқа кенелесіздер.

Төмендегі парақшада өтілуде 🔽

t.me/ashamail
t.me/ashamail
t.me/ashamail

Барынша таратайық...
📢📢📢
https://t.me/joinchat/AAAAAEgCMbSQMgHi-Gu7sw

осы жерде "Рисәлатуль мустаршидин" оқып жатырмыз.

Қосыламыз дегендер болса, қош көреміз!!!
Forwarded from ӘБУ ХАНИФА [рахимахуллагъ]
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біздің "қазекелер" шығарған кинофильм, Аллагъ Тааля хидаят берсін бұларға. Іні-қарындас (сіңілеріне) мұқият болыңыздар құрметті жамағат.
Қазірден сондай тәрбие алса, өскенде мұсылман болуы өте қиын. Себебі құрттай кезден бастап "мушрик" қылып тәрбие береді бұндай кинолар.
Forwarded from Жазбаларым🖋📚📔 (Ai💙)
Айым, түн түндігін түргенде, өткен шақты ойлап, көңіл-күйіңді түсіріп, жылай берме! Ол сені бақытты етпейді. Одан да жайнамазыңды құшақтап, Құбыла жаққа бетте. Раббыңмен қалағаныңша сырлас. Дұға ет, ақыретің үшін жыла. Сол сені бақытты етеді. Екі дүниеде де. Раббыңның сенімен сөйлескенін қаласаң кітап сөреңнің ең жоғарынан орын алған Қасиетті Құранды қолға ал. Оқы! Тек ерінбеші. Мүмкін, бұл... сенің соңғы күнің шығар... Қазір Әзірейіл(а.с) жаныңды алар болса, қабіріңді жарық етер Құраның екенін ұмытпа! Құр әннен аулақ бол, Құранмен достас! Әр түні Мүлік сүресін оқы!Ерінбе! Нәпсіңді жең! Қанша жерден ұйқы қысса да, Мүлікті оқымай ұйықтаушы болма! Әр күнді "Бүгін менің соңғы күнім" деп өткіз. Мүмкін, сонда тәубеңе келіп, өзіңді қолға аларсың. Пайғамбарлардың да жанын алған Әзірейіл (а.с) саған келмейді деп ойлайсың ба? Уақыт барда ойлан. Кешігіп қалмашы... Мүмкін, бүгін... сенің соңғы түнің шығар... Аллаға мәлім...