АСЫЛ НАСИХАТШЫ
658 subscribers
494 photos
89 videos
38 files
166 links
https://instagram.com/asyl_nasikhat?igshid=YmMyMTA2M2Y= инста-парақшасының Telegram-дағы ресми каналы!
Қош келдіңіз!
Download Telegram
✔️Бүгінгі сөз

قال الحسن البصري رحمه الله: عظ الناس بفعلك ، ولا تعظهم بقولك.

Табиғин Хасан әл-Басрый айтқан екен:
"Адамдарға ісіңмен уағызда, сөзіңмен (ғана) емес!".

©Кәләм Тойыб.
#бүгінгісөз.
Forwarded from arhiv studenta
Сен дін жайындағы сұрақтарға жауап беруге міндетті де, лайықты да емессің!
Мухаддис, мужтаһид, фақиһтардың өзі дін тұрғысындағы сұрақтарға жауап беруде Аллаһтан қорқады.

https://t.me/ilm_wa_amall
Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жанымды уысында ұстаған Аллаһтың атымен ант етейін! Егер сендер еш күнә жасамайтын болғандарыңда, Аллаһ тағала сендерді әкетіп, орындарыңа күнә жасап, дереу Аллаһтан кешірім сұрайтын қауым әкеліп, оларды әрдайым жарылқап, кешіретін еді», – деп айтты», – деген

(Муслим, тәубә 11).
МҰҢАЙМАҢЫЗ!

🔴Мұңаймаңыз! Сізде Құран бар, кез-келген уақытта жаныңызға жұбанышты Алланың Сөзінен іздеңіз.

🔴Мұңаймаңыз! Сізде дұға бар, кез-келген уақытта қажетіңізді Алладан сұраңыз.

🔴Мұңаймаңыз! Сізде иман бар, Алланың мейірімі миллиондардан сізге түсті.

🔴Мұңаймаңыз! Себебі, сіз - Мұхаммедтің үмметісіз. Сіз ең асыл, ең ізгі, жаратылыстардың ең кемел тұлғасының үмметі, сүйіктісісіз!

🔴Мұңаймаңыз! Себебі, сіздің қайғыңыз - дұшпаныңыздың қуанышы, досыңыздың мұңына себеп болады.

🔴Мұңаймаңыз! Егер күнә істесеңіз, тәубә бар. Дұға бар. Истиғфар бар. Әлі де кеш емес. Өткен іс өтті, мұңаймаңыз!

🔴Мұңаймаңыз! Егер бір қолыңыз жоқ болса, екі қолынан айырылғандар бар. Бір көзіңіз көрмесе, екі көзінен бірдей айырылғандар бар. Бір жақыныңыз жоқ болса, бүкіл отбасынан айырылғандар бар. Мұңаймаңыз!

🔴Мұңаймаңыз! Себебі, мұңаю - уақытыңызды бос өткізіп, нәтижесінде болашағыңызға зиян келтіреді.

🔴Мұңаймаңыз! Қайғы-мұң - өлгенді тірілтпейді, кеткенді келтірмейді, өткенді қайтармайды. Мұңаймаңыз!
Әбу Бәкра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құзырында бір адам жайлы сөз болғанда отырғандардың бірі әлгі адамды мақтай жөнелді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған бірнеше рет: «Әй байғұсау, бауырыңның желкесін үздің ғой!» – деді де егер біреуді міндетті түрде мақтауларың керек болса, әрі ол жайлы шынымен жақсы пікірде болсаңдар, «мен ол жайлы былай ойлаймын» деп айтыңдар. Нәтижеде, Аллаһ тағала мақтаушыны мақтауының орынды болып, болмағанына қатысты есепке тартады, сондықтан (құлдарының жасырын-жария барлық істерін білетін) Аллаһтың алдында ешкімді ақтап, пәктеуге болмайды»,302 – деп айтты», – деген

(Бұхари, шәһәдат 16; Муслим, зүһд 65).
  Имам әл-Қахтани (رحمه الله) айтты:

"Бөтен әйелге көз тігетін еркектер, етті айналшақтаған ит секілді. Егерде арыстандар еттерін қорғамаса, ет тегін және қайтарымсыз желінеді."

🖇 "Нуния"

@mutaallim07
قال يحيى بن معاذ رحمه الله: عجبت من يحزن على نقصان ماله ، كيف لا يحزن على نقصان عمره.
"Дүниесінің кемігендігіне қайғырған кісінің өмірінің кемігендігіне қайғырмайтындығына таң қаламын". Яхия ибн Мұғаз (Алла оған разы болсын)
@bauirjanaliuli парақшасынан
💬 Иманды жаңартып, арттырып тұрудың маңыздылығы...

Аллаһ Тағала мұсылмандарды имандары мен тақуалықтарын арттыруға бұйырып, қасиетті Құранда былай деген:

﴿وَتَزَوَّدُوا۟ فَإِنَّ خَیۡرَ ٱلزَّادِ ٱلتَّقۡوَىٰۖ وَٱتَّقُونِ یَـٰۤأُو۟لِی ٱلۡأَلۡبَـٰبِ﴾

﴾Жолазықпен қамданыңдар, ал жолазықтың ең жақсысы – тақуалық﴿.
Бақара сүресі, 197-аят.

Сондай-ақ, хадистердің бірінде Аллаһ елшісі де (ﷺ) өз үмбетіне имандарын жаңартып тұруларын өсиет етіп кеткен:

ﺇﻥ اﻹﻳﻤﺎﻥ ﻟﻴﺨﻠﻖ ﻓﻲ ﺟﻮﻑ ﺃﺣﺪﻛﻢ ﻛﻤﺎ ﻳﺨﻠﻖ اﻟﺜﻮﺏ اﻟﺨﻠﻖ، ﻓﺎﺳﺄﻟﻮا اﻟﻠﻪ ﺃﻥ ﻳﺠﺪﺩ اﻹﻳﻤﺎﻥ ﻓﻲ ﻗﻠﻮﺑﻜﻢ.

«Ақиқатында, сендердің іштеріңдегі (жүректеріңдегі) имандарың үстеріңдегі киімдерің тозатыны, ескіретіні сияқты тозып, ескіріп отырады. Сондықтан, Аллаһтан әрдайым жүректеріңдегі имандарыңды жаңартуын сұраудың үстінде болыңдар».
📚 Табарани (14668), әл-Хаким (5).

Осы тұрығдан, имандарына ең берік абзал жандар (сахабалар) бір-бірін имандарын арттыруға үгіттесіп отырған. Мәселен, мүміндердің әмірі Омар ибн Хаттаб (Аллаһ одан разы болсын) өзінің жолдастарына:

تعالوا نزدد إيمانا.

«Келіңдер, (бізбен бірге отырып, ақиқат пен сабырды үгіттесіңдер), имандарымызды арттырайық»- дейтін болған.
📚 Мусоннаф Ибн Әби Шейба (11/26).

Ал, Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ одан разы болсын) болса, келесідей дұға қылумен өткен:

اللهم زدني إيمانا ويقينا وفقها.

«Аллаһым! Мені менің иманымды, яқинымды (айқын сенімділігімді) және діндегі түсінігімді (білімімді) арттыра гөр».
📚 Абдуллаһ ибн Ахмад «Әс-Сунна» (1/368).

Алдыңғы өткен ізгілеріміздің имандарына алаңдап, бір-біріне ақиқат пен сабырды, тақуалық пен иманды үгіттесулері тектен-текке емес, өйткені, олар осы нәрсені үгіттеспегендерден басқасының барлығы ақыретте қасірет шегетінін тым жақсы түсінген. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَٱلۡعَصۡرِ * إِنَّ ٱلۡإِنسَـٰنَ لَفِی خُسۡرٍ * إِلَّا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ وَتَوَاصَوۡا۟ بِٱلۡحَقِّ وَتَوَاصَوۡا۟ بِٱلصَّبۡرِ﴾.

﴾Асырмен (куақытпен) ант етемін! Расында, адамдардың барлығы зиянда, үлкен қасіретте. Тек иман келтірген, ізгі амал жасаған әрі бір-біріне ақиқатты және сабырды үгіттескендерден басқалары﴿.
Асыр сүресі, 1-3 аяттар.
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
Ал бисмилля, кітаптың басылып шығуына себепкер болыңыз. Бұл кітаптан пайда алған әрбір адамның сауабы сізге де барып тұрады. КІТАП БАСЫЛЫП ШЫҚҚАСЫН ТЕГІН ТАРАТЫЛАДЫ👍
Forwarded from Abylaikhan Suiindik (𝐀𝐁𝐈𝐋𝐀𝐈𝐊𝐇𝐀𝐍)
🎙
📜 قال علي بن أبي طالب رضيۧ ٱللهۂَ عنۨــہهۂَ واصفا قيمة العلم:

“رَضينا قِسمَةَ الجَبّارِ فينا
لَنا عِلمٌ وَلِلجُهّالِ مالُ
فَإِنَّ المالَ يَفنى عَن قَريبٍ
وَإِنَّ العِلمَ باقٍ لا يزالُ”


🖋 Али Ибн Ади Толиб (رضيۧ ٱللهۂَ عنۨــہهۂَ)
білімнің мәртебесін баяндайды:

“Құдіретті Алланың үлестіргеніне разы болдық,
Біздерге ғылымды, ал надандарға мал-дүниені берді.
Ал, мал-дүние көп ұзамай жоғалады,
Расында, білімғой сол қалушы еш жоғалмастан.”

t.me/utlubu

https://instagram.com/abilaikhan.kz
ҚАБІРДЕН ҚОРҚУ

Өлгенде қабірге түсетіндігінен қатты қорыққан бір бай қайтыс боларының алдында былай деп өсиет қалдырыпты: «Кім де кім мен өлгенде қабіріме бір түн қонып шықса, сол адамға байлығымның тең жартысын қалдырамын!»

Айтқандай-ақ көп уақыт өтпей бай қайтыс болыпты. Байды қабірге қоярда оның өсиеті бойынша жақындары қабірге бірге қонып шығатын адам іздестіріпті. Бірақ онымен бірге барып қонуға ел ішінен ешкімнің жүрегі дауаламаса керек. Бұған елдің жүгін тасып күнелтіп жүрген, бір құлаш арқанынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан бір кедей ғана көніпті.

Әлгі кедей баймен бірге қабірге түсіп жатады. Кеш бата ел аяғы саябырсығанда екі періште келіпті. Келген періштелер қабірдегі екеуге қарап: «Мына жерде екі адам жатыр екен. Біреуі – өлі, екіншісі – тірі екен. Өлісі қайда қашар дейсің, кел, тірісінен жауап алайық» деп кедей байғұсты бүкіл өмір бойғы істеген тірліктері үшін жауапқа тартса керек. «Мына арқанды қайдан алдың? Онымен не істедің? Қашан, қай жерге не апардың? Бұл өзіңдікі ме, өзгенікі ме?» деген сұрақтарға жауап берумен пақыр-екең таңды әрең атырыпты. Бір ғана арқанға жауап берем деп қиналған кедей байғұстың есі шығып, үсті-басы әбден қара терге малшыныпты. Бір ғана арқанның есебін бере алмай есі шыққан ол ертесі өзін «Байдың жарты байлығына ие болдың!» деп, құттықтай келгендерге: «Ойбай-ау, мен түгім жоқ тақыр кедей бола тұра бір ғана арқанның есебін бере алмай таңды көрер көзбен әрең атырып әбден сілікпем шықты. Сендер маған қалайша сонша байлыққа ие бол дейсіңдер?! Қой, айналайын, ондай байлықтарың бар болсын. Аулақ!» деп азар да безер болып ат-тонын ала қашқан екен.

📚Құдайберді Бағашар-Тағылым тамшылары, 190-бет
Channel name was changed to «Асыл насихат»
СҰРАҚ:
Білім талапкері сабақтан және кітап оқудан қалай демалса болады? Кейде шаршаймыз. Мүмкін сізде бұл мәселеде тәжірибе болар?

ЖАУАП:
Лекция тыңдасаңыз болады немесе спортпен айналыссаңыз болады. Немесе пайдалы кітаптар оқу, мысалы тарих кітаптарын немесе жан ұямен қонаққа бару. Жалпы айтқанда білім талапкері өз уақытына жұмыс секілді қарау керек. Мысалы, жұмыс сегіз сағатқа созылады.