АСЫЛ НАСИХАТШЫ
659 subscribers
494 photos
89 videos
38 files
166 links
https://instagram.com/asyl_nasikhat?igshid=YmMyMTA2M2Y= инста-парақшасының Telegram-дағы ресми каналы!
Қош келдіңіз!
Download Telegram
НАМАЗЫ ЖОҚҚА 15 ТҮРЛІ ЖАЗА БАР

Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде-кім намазға жалқаулық етіп, немқұрайлы қараса, ол адамға Алла тағала 15-түрлі жаза береді. Олардың 6-уы осы дүниеде. 3-уі өлер кезде қабірде. 3-уі қабірден шыққан соң», - делінген.

Осы дүниеде алатын 6-жаза:

1. Ол кісінің дүниесінде, өмірінде береке болмас.
2. Алла Тағала ол кісінің жүзінен нұрын кетірер.
3. Істеген істеріне сауап жазылмас.
4. Алла Тағала ол кісінің дұғасын аспанға көтермейді.
5. Осы дүниеде адамдар арасында абыройсыз болар.
6. Ол кісі үшін біреудің еткен дұғасы қабыл болмас.

Жан тапсырар кездегі 3 жаза:

1. Жан тапсырар кезде қатты қиналар.

2. Барша дүниенің тамағын берсең де аш болып өлер.
3. Дүниедегі бар теңіздің суын берсең де, сусап, шөлдеп өлер.

Қабірде көретін 3 түрлі жаза:

1. Қабірі тар болар.
2. Қабірінің іші от болар.
3. Қабірде «шужағу-л ақрағ» деген жылан шағып азаптар.


Оның көзі оттан, тырнағы темірден, тырнағының ұзындығы бір күндік жолдай, даусы күркілдеген күндей қатты болар. Ол айтар: «Алла Тағала сені таң намазын оқымағаның үшін бесін намазына дейін, бесін намазын оқымағаның үшін аср намазына дейін, аср намазын оқымағаның үшін шам намазына дейін, шам намазын оқымағаның үшін құптан намазына дейін тұрып азаптауды бұйырды». Азаптаушы жылан әрбір ұрғанында күнәһар адам алпыс қарыс жердің астына дейін кіріп кетер. Жылан тырнағын қайта суытып алып, қайта ұрар. Осылайша қиямет күніне дейін намаз оқымаған адамды азапқа салар.

Қиямет күні көретін үш түрлі азабы:

1. Ол кісінің жүзін қатты отқа күйдірер.
2. Есеп-қисап берер кезде Алла Тағала ашулы көзбен қарар.
3. Алла Тағала ол кісіге қатты есеп қылар да, тозақ отына тастауға әмір етер.
Адамға жынның кіру себептері:

1. Құлшылықтарға бейғам болу, намаз тастау.

2. Құран оқуды тастау.

3. Дəрет-ғұсылға ұқыпсыздық.

4. Əйелдің жеке қалғанда жеңіл киініп жүруі.

5. Лас жерлерге бару.

■ Адам денесіне жын енгендігінің белгілері:

• Ұйқы кезінде:

1. Ұйқысыздық себепсіз

2. Қорқынышты жиі түстер

3. Ұйқы кезінде күлу

4. Ұйықтап жатқанда жылау немесе айқайлау

5. Кеудеде ауырлық сезіну

6. Дем алуға қиналу.

• Ояу кезде:

1. Мұрыннан себепсіз судың аға беруі

2. Жұбайыңызға жолауға деген құштарлықтың өлуі

3. Галлюцинация

4. Дене буындарының себепсіз ауруы жəне медицинаның қауқарсыз болуы

5. Құран тыңдауды жек көру

6. Əжетханада ұзақ отыру

7. Жалғыз қалуға əуес болу

8. Жиі есінеу

9. Белгілі уақыттарда ғана ауру сезіну

10. Бұрын жақсы көргенін жек көре бастау

11. Себепсіз жиі жылау.

Емдеу жолдары:

1. Құран оқыту, руқия.

2. Асқа жын шығаруға арналған шөптерді пайдалану, сидр т.с.с

3. Асқа "қыста əл-хинди" қосып жеу

4. Қан босату жолымен.
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
Соңғы рет және бұрын-соңды болмаған сыйлықтармен бірге. Чекті +77775721313 номеріне жібересіз. Ер азаматтар әпке-қарындастарына сыйласа болады.
Forwarded from Abylaikhan Suiindik (𝐀𝐁𝐈𝐋𝐀𝐈𝐊𝐇𝐀𝐍)
كانَ ابن المنكدر - رَحمهُ اللّٰـه - :

إذا بَكى مَسحَ وجههُ وَلحيتهُ مِن دموعهُ ويقول :

« بَلغنِي أنَّ النَار لا تأكلُ مَوضعاً مسَّتهُ الدُموع. »


[ سِير أعْلامِ النُّبَلاء ]

Ибн Мункадир رحمه الله жылаған сәтте, жүзі мен сақалын жастарымен сүртіп, былай дейтін:

"Расында, Аллаһты еске алумен аққан жастың орнын тозақ оты шарпымайды."

[ Сияр а’ламин нубала ]

📲https://t.me/utlubu

📲https://instagram.com/abilaikhan.kz
Forwarded from Abylaikhan Suiindik (𝐀𝐁𝐈𝐋𝐀𝐈𝐊𝐇𝐀𝐍)
كان الإمام أحمد بن حنبل -رحمه الله- إذا رأى طالب العلم لا يقوم من الليل؛ يكفُّ عن تعليمِه، وقد بات عنده أبو عصمة ليلة من الليالي، فوضع له الإمام ماء للوضوء، ثمَّ جاءه قبل أن يؤذن للصبح فوجده نائمًا، والماء بحاله، فأيقظه؛ وقال: لمَ جئتَ يا أبا عصمة؟
فقال: جئتُ أطلب الحديث.
قال: كيف تطلب الحديث وليس لك تهجد في الليل؟!، اذهب من حيث جئت.

وكان الإمام الشافعي -رحمه الله- يقول: ينبغي للعالم أن يكون له خبيئة من عمل صالح فيما بينه وبين الله تعالى.

(مقدمة المجموع، للإمام النووي رحمه الله).

Имам Ахмад ибн Ханбал رحمه الله шәкіртінің (түнгі ұйқысын бөліп) тәһәжүд намазын оқымайтынын көрсе, оған сабақ беруін тоқтататын еді.

Күндердің күнінде Әбу Хасма есімді шәкірті оның үйіне түнеп қалады. Түнде намазға тұрар деген оймен, Ахмад Ибн Ханбал رحمه الله оған дәрет суын дайындап қояды. Үйіне таң намазына таяп, азан шақырар уақытта келеді. Келсе, Әбу Хасманың ұйықтап жатқанын көреді. Ал дәретке деп қойған суы сол күйінде тұр екен.
Сосын шәкіртін оятып, сұрайды:
- Ей, Хасма, не үшін келдің?
Әбу Хасма:
- Хадис үйрену үшін.,- деп жауап береді.
Сонда, Имам Ахмад Ханбалдың رحمه الله
- Сен қалайша ілім үйренбекшісің? Тіпті, тәһәжүдке тұра алмасаң.
Қай жерден келсең, сонда қайт,-деп айтқан екен.

[ Муқаддиматул мажмуғ лил имам Науауи ]

📲https://t.me/utlubu

📲https://instagram.com/abilaikhan.kz
Әбу Ханифаның сабыры

Бір күні Әбу Ханифа дәріс оқытып отырғанда, байқаусызда аяғын шаян шағып алады. Дәріс біткеннен кейін барып, шәкірттері ғалымның аяғын әлдененің шағып алғанын көріп, әбігерленеді. Ұстаздан неге ертерек білдірмегенін сұрайды. Сонда дана ұстаз: – Өзім сендерге сабыр туралы айтып отыр едім. Дәл сол кезде мені шаян шақпасы бар ма? Бұған шыдамсыздық танытсам, сендерге қандай үлгі-өнеге көрсетпекпін, «бағанадан бері айтқанымның бәрі далаға кетпей ме?» деген ой келді. Сол үшін аяғым ауырса да, ешкімге білдірмеуді жөн санадым, – деген екен.
Шынайы байлық - мал-дүниенің көптігі емес, шынайы байлық - рухани жан дүниенің кеңдігінде" (Бухари 6446; Муслим 1051)