АСЫЛ НАСИХАТШЫ
654 subscribers
494 photos
89 videos
38 files
166 links
https://instagram.com/asyl_nasikhat?igshid=YmMyMTA2M2Y= инста-парақшасының Telegram-дағы ресми каналы!
Қош келдіңіз!
Download Telegram
Алла тағала әйел затын қыз бала, жар, ана ретінде мол сауаптарға кенелтіп, мәртебесін көтергенін білеміз. Біздің басты мақсатымыз Аллаға мойынұсынған, салихалы, күйеуіне бағынатын, ардақты ана, аяулы жар, тәрбиелі қыз болу. Осындай жағдайда әйел заты өзі ғана емес жақындарын да берекеге кенелте алады. Ал олай болмаған жайдайда, «Әйел тозаққа түсетін болса, төрт еркекті өзімен бірге алып кетеді. Ол кім десеңіз, әкесі, ағасы, інісі, күйеуі. Бұл осы төрт кісі әйелдің түзу жүруіне жауапты деген сөз
Исламда «Жәннат – аналардың басқан ізінің астында» (Әнәс) деп әйел-ананың тұлғасы ерекше ұлықталған. «Пайғамбарымызға (ﷺ) келген бір адам: «Алланың елшісі, кімге жақсылық жасайын?», – деп сұрайды. Бұған Пайғамбарымыз (ﷺ)  оған: «Анаңа», – деп жауап береді. Әлгі адам екінші рет: «Одан кейін кімге жасайын?», - дегенде, - «Анаңа» деген жауап алады. Әлгі адам тағы: «Одан кейін кімге жақсылық жасайын?»,– дегенде Пайғамбарымыз (ﷺ) оған үшінші ретте де «Анаңа», – деп жауап береді. Тек төртінші рет сұрағын «Одан кейін кімге?», – деп қайталағанда, Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: «Әкеңе», – дейді. Бұл хадис Исламда ананың (әйелдің) деңгейі үш есеге жоғары екенін көркем жеткізген.