АСЫЛ НАСИХАТШЫ
659 subscribers
494 photos
89 videos
38 files
166 links
https://instagram.com/asyl_nasikhat?igshid=YmMyMTA2M2Y= инста-парақшасының Telegram-дағы ресми каналы!
Қош келдіңіз!
Download Telegram
«Мүміндердің ішіне арсыздықты (күнә істерді) жаюға жаны құштар адамдар бұл дүниеде де, ақыретте де тым ауыр азапқа ұшырайды»

(«Нұр» сүресі, 19-аят).
Бір кісі мешітке кіріп намазды өте қысқа оқиды. Оны біреу байқап қалып: "Мынау не қылған намаз?" деп сұрайды. Ол кідірместен: "Бұл намаз, риясы жоқ намаз" деп жауап берген екен.
قال عمر بن الخطاب رضي الله عنه : "لا خير فى قوم ليسوا بناصحين ولا خير فى قوم لا يحبون الناصحين".
"Насихатшы болмаған елде қайыр жоқ. Насихатшыларды жақсы көрмейтін елде де қайыр жоқ". Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын)
Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жақсы жолдас пен жаман жолдас әтір сатушы мен ұстаханадағы көрік ұстайтын ұста тәрізді. Әтір сатушыға жақын болсаң, хош иістерінің бірін сыйға тартар, яки одан әтір сатып аларсың. Тіпті болмаса, аңқыған хош иістен ләззат аласың. Ал көрік ұстайтын ұстаға жақын болсаң, үстіңдегі киіміңді күйдіріп аласың, я болмаса жағымсыз иістен тұншығасың», – деп айтты» – делінген

(Бұхари, зәбәйх 31/буюғ 38; Муслим, бирр 146).
Құранда келген "ең абзал" киім
Anonymous Quiz
37%
Сабырлылық
47%
Тақуалық
12%
Ұялшақтық
4%
Момындық
Құранда аты аталған тозақтық ағаш
Anonymous Quiz
71%
Зәққұм
6%
Әсим
12%
Кәғлә
11%
Бутун
Аллаһ Тағала адамды жаратқандағы мақсатын баяндайтын аят
Anonymous Quiz
46%
Бақара, 255
21%
Әли Имран, 112
29%
Зәрият, 56
4%
Әнфал, 11
قال عمر بن الخطاب رضي الله عنه: "من قال أنا عالم فهو جاهل".
"Кімде кім "мен ғалыммын" деп айтса, сол барып тұрған надан адам". Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын).
Forwarded from Beisenali Olzhas
Сен тақуа және әдепті балаларыңның болғанын қалайсың, бірақ сенде осы қасиеттердің біреуі жоқ. Бәріне белгілі, "балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Ал баланың ұясы - әкесі мен анасы. Егер сен әлсіз және күнаһар болсаң, сенің перзентің де дәл сендей болады. Ал егер сен күшті әрі Раббысынан қорқатын тақуа адам болсаң, сенің балаң да дәл сендей күшті және тақуа мұсылман болып өседі.

Қымбатты бауырым, осы жайлы жақсылап ойлан!
Forwarded from Abylaikhan Suiindik (ABYLAIKHAN)
📜 قال اﻹمام النووي رضي الله عنه:

الاشتغال بالعلم من أفضل القرب ، وأجل الطاعات ، وأهم أنواع الخير ، وآكد العبادات ، وأولى ما أنفقت فيه نفائس الأوقات .

🖋 Имам Науауи ( Алла оған разы болсын) айтады:

"Біліммен шұғылдану - Аллаға жақындаудың ең жақсы жолы, Аллаға бойұсынудың ең жақсы түрі және жақсылық жасаудың үлкені, ғибадаттардың күштісі. Онымен қоса, уақыт бөліп жасаған амалдарыңның ішінде әуелгі болып жасалуы тиістіге тұрарлығы - білім.

t.me/utlubu
Forwarded from толқын ~
Әрдайым ұйқыдан тұрғаннан кейін “Маған бұл күннің бастауын көрсеткен Аллаға шүкір” деп бастап,
“Маған бұл күннің соңын көрсеткен Аллаға шүкір” деп бітіріп қарашы.

өміріңнің құздан құлағандай, бақытқа қарай құлап бара жатырғанын байқайсың.
✔️Бүгінгі сөз

قال الحسن البصري رحمه الله: عظ الناس بفعلك ، ولا تعظهم بقولك.

Табиғин Хасан әл-Басрый айтқан екен:
"Адамдарға ісіңмен уағызда, сөзіңмен (ғана) емес!".

©Кәләм Тойыб.
#бүгінгісөз.
Forwarded from arhiv studenta
Сен дін жайындағы сұрақтарға жауап беруге міндетті де, лайықты да емессің!
Мухаддис, мужтаһид, фақиһтардың өзі дін тұрғысындағы сұрақтарға жауап беруде Аллаһтан қорқады.

https://t.me/ilm_wa_amall
Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жанымды уысында ұстаған Аллаһтың атымен ант етейін! Егер сендер еш күнә жасамайтын болғандарыңда, Аллаһ тағала сендерді әкетіп, орындарыңа күнә жасап, дереу Аллаһтан кешірім сұрайтын қауым әкеліп, оларды әрдайым жарылқап, кешіретін еді», – деп айтты», – деген

(Муслим, тәубә 11).
МҰҢАЙМАҢЫЗ!

🔴Мұңаймаңыз! Сізде Құран бар, кез-келген уақытта жаныңызға жұбанышты Алланың Сөзінен іздеңіз.

🔴Мұңаймаңыз! Сізде дұға бар, кез-келген уақытта қажетіңізді Алладан сұраңыз.

🔴Мұңаймаңыз! Сізде иман бар, Алланың мейірімі миллиондардан сізге түсті.

🔴Мұңаймаңыз! Себебі, сіз - Мұхаммедтің үмметісіз. Сіз ең асыл, ең ізгі, жаратылыстардың ең кемел тұлғасының үмметі, сүйіктісісіз!

🔴Мұңаймаңыз! Себебі, сіздің қайғыңыз - дұшпаныңыздың қуанышы, досыңыздың мұңына себеп болады.

🔴Мұңаймаңыз! Егер күнә істесеңіз, тәубә бар. Дұға бар. Истиғфар бар. Әлі де кеш емес. Өткен іс өтті, мұңаймаңыз!

🔴Мұңаймаңыз! Егер бір қолыңыз жоқ болса, екі қолынан айырылғандар бар. Бір көзіңіз көрмесе, екі көзінен бірдей айырылғандар бар. Бір жақыныңыз жоқ болса, бүкіл отбасынан айырылғандар бар. Мұңаймаңыз!

🔴Мұңаймаңыз! Себебі, мұңаю - уақытыңызды бос өткізіп, нәтижесінде болашағыңызға зиян келтіреді.

🔴Мұңаймаңыз! Қайғы-мұң - өлгенді тірілтпейді, кеткенді келтірмейді, өткенді қайтармайды. Мұңаймаңыз!