QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
37.9K subscribers
4.47K photos
1.6K videos
18 files
3.97K links
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК
Download Telegram
Forwarded from AIMAGAMBETOV
Указом Президента назначен Министром просвещения.

Большой фронт работы, который включает вопросы дошкольного, среднего, дополнительного, технического и профессионального образования, большой блок включает вопросы инклюзивного образования и защиты прав детей.
Предстоит решить задачи для дальнейшего развития данных сфер.

Благодарю Главу государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева за оказанное высокое доверие.

Именно прямая поддержка Президента позволила выполнить значительную работу, в том числе по повышению заработной платы педагогов, преподавателей, по повышению прозрачности и противодействию коррупции, которая будет продолжена и в дальнейшем.

Обеспечение эффективности, справедливости, открытости, как и прежде, останутся главными направлениями в работе.

Однако существуют и серьёзные проблемы, которые нам предстоит решить, причём вместе с обществом.

Как и всегда, мы будем открыты для реализации новых идей и для конструктивной критики.
Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысына сенім білдіргені үшін алғыс айтып, жаңа министрліктің алдында тұрған міндеттер туралы жазды.

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220191140264970/?d=n

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Асхат Аймагамбетов поблагодарил Главу государства за оказанное доверие и написал о задачах, обозначенных перед новым министерством.

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220191144345072/?d=n
По поводу строительства школ

Я тут выкладывал данные по строительству школ с 1980 по 2020 год и тренд был плохой. Но! Потом я позвонил в МОН и спросил, как будет дальше решаться этот вопрос, потому что ситуацию надо исправлять.

Оказалось, что в 2021 году ситуация изменилась к лучшему и весьма сильно изменилась. Дело в том, что активно заработали механизмы государственно-частного партнерства и механизм подушевого финансирования, которые внедрил министр Аймагамбетов ранее.

Если в 2020 году было введено всего 51 школа на 35 728 мест, то в 2021 году было введено 277 школ на 163 301 место. Причем целевым финансированием построили 121 школу, в рамках ГЧП 4 школы и частные инвесторы построили 152 школы. На мой взгляд, это успех.

Важно, что еще МОН либерализовал требования к зданиям школ:

«У нас большая потребность в школах в городах, есть много проблем- аварийные школы, трехсменка. Бизнес должен прийти и строить школы. Специально для этого мы изменили квалификационные требования вместе со СНиПами и СанПИНами. Произошла либерализация. Во-первых, увеличиваем максимальную проектную мощность для школ в Алматы и Астане до 3 тыс мест, сократили требования к обязательному наличию земли до 40% от здания школы, до 5 этажей разрешили школы в Астане и 4 этажа в отдельных регионах. Спортзал не обязательно должен быть в школе, может быть в шаговой доступности порядка 500 метров (один спорткомплекс две школы могут арендовать).
Возможно открытие школ в частных жилых домах, приспособленных зданиях при высоте потолка 2,9 метров и максимуме в 300 учащихся. Медпункт не обязательно должен быть в школе, достаточно договора с организацией здравоохранения. Также достаточно договора аренды материальных активов со сроком не менее 10 лет, не обязательно здание может быть в собственности. Также достаточно наличия договора на обеспечение учащихся питанием»

Таким образом, было введено намного больше школ, чем раньше. Я, кстати, сам видел школу в СКО в селе, которую взял в доверительное управление Рауан Кенжеханулы и потом финансировал через подушевое – это прекрасная школа с очень высоким уровнем образования. И если такая практика расширяется – это очень хорошо.

Самое главное, чтобы было взаимодействие между Министерством просвещения и акиматами – если у акиматов есть земля на социальные цели, то Минпросвещения и частные инвесторы должны об этом знать, чтобы строить там школы. Ну и чтобы земля не уходила налево под другие нужды.
​​ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

2020 жылғы 27 мамыр
АЙТЫЛДЫ:
«Педагогикалық мамандықтарға қабылдау талаптарын кезең-кезеңімен күшейту қажет».

ОРЫНДАЛДЫ:
🔺 Педагогикалық бағыттар бойынша шекті балл 75 балға дейін көтерілді (2021 жылы педагогикалық мамандықтар бойынша 9845 талапкер оқуға қабылданды)

🔺 Педагогикалық мамандықтар бойынша бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы өсті (2021 жылы – 50 400 теңге).

🔺 2022-2023 оқу жылында шәкіртақыны тағы 20 пайызға арттыру жоспарланып отыр.
​​ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА, ДАННОЕ НА ТРЕТЬЕМ ЗАСЕДАНИИ НАЦИОНАЛЬНОГО СОВЕТА ОБЩЕСТВЕННОГО ДОВЕРИЯ

27 мая 2020 года
СКАЗАНО:
«Необходимо поэтапно повышать требования для поступления на педагогические специальности».

СДЕЛАНО:
🔺 Повышен пороговый балл для педагогических направлений до 75 баллов (в 2021 г. на педспециальности было принято 9 845 чел.).
🔺 Увеличена стипендия студентов бакалавриата по педспециальностям (2021 г. – 50 400 тенге.).
🔺 Запланировано повышение стипендии в 2022-2023 учебном году еще на 20%.
Forwarded from AIMAGAMBETOV
Шет елдердің білім беру реформаларының тәжірибесімен танысу әрқашан қызықты. Ресейлік білім беру жүйесін «білім-центризмнен құзыреттілік бағытына» өзгерту үлгісі туралы мазмұнды мақала.

Мектептер, білім беру саясаты, бағдарламалар мен бағалау қалай өзгергені туралы.
Ұқсастықтарды табуға бола ма?
—————————————————-

Всегда интересно знакомиться с опытом образовательных реформ зарубежных стран.

Содержательная статья о трансформации системы образования России с 1991 года .
Как менялись школы, образовательная политика, программы и оценивание. Есть ли сходства?

https://link.springer.com/chapter/10.1007/978-3-030-41882-3_9
​​«БАЛАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР?

Еліміздің барлық өңірінде «Балалардың игілігі үшін» акциясы өтіп жатыр. Әлеуметтік сұрақтарды шешу мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, «Дені сау бала» акциясы аясында республиканың барлық өңірінде ерекше білім алуды қажет ететін балаларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шаралары өткізіліп жатыр. Инклюзивті білім беру үшін тиісті жағдай жасалып, түзету және психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттердің (ПМПК) саны артып келеді.

Жергілікті атқарушы органдар да ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ерекше балалар мен жетім балаларға арналған түрлі байқаулар, ойындар, бағдарламалар ұйымдастырды. Мысалы, Павлодарда трамвай мен теплоходқа арнайы экскурсиялар өтті. Ал Көкшетау қаласында демеушілер мен меценаттар қатерлі ісікке шалдыққан балалардың тілегін орындады. Балалар лагерьге жолдама, компьютер, ұялы телефон және басқа да сыйлықтарға ие болды.

«Балалардың игілігі үшін» акциясы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа балалар алаңдары, спорт алаңдары, білім беру, дамыту, шығармашылық орталықтары ашылып жатыр. Сондай-ақ балалар лагерьлері салынып, қалпына келтірілді. Мысалы, Қостанай облысында бөлінген қаражат есебінен «Алый парус» балалар сауықтыру лагеріне күрделі жөндеу жүргізілсе, Қызылорда және Ақмола облыстарында 4 жаңа лагерь қайта пайдалануға беріледі.

«Білімді бала» тақырыптық блогы аясында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің пәндік олимпиада жеңімпаздарымен, ғылыми және әлеуметтік жобалар байқауларының, шығармашылық фестивальдердің жеңімпаздарымен кездесулері өткізіліп жатыр. Колледж студенттері арасында «Өз мамандығының үздігі» байқаулары ұйымдастырылды. Мәдениет және демалыс саябақтарында балалар суреттерінің көрмелері, граффити, асфальтта сурет салу конкурстары өтті. Қазақстандық белгілі жазушылармен, спортшылармен және әртістермен кездесулер ұйымдастырылды.

Балалар жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын қорғау бойынша іс-шараларды белсенді түрде өткізіп жатыр. Сайт, «Бала Қорғау» Telegram-чат, Call-орталықтар, балалар мен ата-аналар көмек пен қолдау сұрап, жүгіне алатын сенім телефондары құрылды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында балаларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Балаға лайық» акциясының бірінші кезеңі аяқталды.

«Бұл іс-шараның барлығы балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және өскелең ұрпақтың дамуына қажетті жағдай жасауға бағытталған. Балалардың әл-ауқаты – Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтардың бірі. Министрлік балалардың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдау және жақсарту, оларға сапалы білім беру, қауіпсіз және жайлы ортаны құру бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.
​​БЛАГОТВОРИТЕЛЬНЫЕ АКЦИИ, ЭКСКУРСИИ, ПОДАРКИ И ПУТЕВКИ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ОСОБЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ, ДЕТЕЙ - СИРОТ И ДЕТЕЙ С ОНКОЗАБОЛЕВАНИЯМИ: КАК ПРОХОДИТ РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АКЦИЯ «БАЛАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН»

Во всех регионах страны проходит акция «Балалардың игілігі үшін». Особое внимание уделяется решению социальных вопросов. К примеру, в рамках акции «Дені сау бала» во всех регионах республики проходят благотворительные акции по оказанию помощи детям с особыми образовательными потребностями. Создаются условия для инклюзивного образования, увеличивается количество коррекционных, психолого-медико-педагогических кабинетов.

Местными исполнительными органами также организованы различные конкурсы, игровые, развивающие программы для особенных детей и детей- сирот, оставшихся без попечения родителей. К примеру, в Павлодаре для них проводятся экскурсии на прогулочном трамвае и теплоходе. А в городе Кокшетау спонсоры и меценаты исполнили желания детей с онкологическими заболеваниями. Ребята получили путевки в лагеря, компьютеры, мобильные телефоны и другие подарки.

Во всех регионах в рамках акции «Балалардың игілігі үшін» открываются новые игровые, спортивные детские площадки, образовательные, развивающие, творческие центры. Строятся и восстанавливаются детские лагеря. К примеру, в Костанайской области за счет привлеченных средств проведен капитальный ремонт детского оздоровительного лагеря «Алый парус», а в Кызылординской и Акмолинской областях в эксплуатацию будут сданы 4 новых лагеря.

В рамках тематического блока «Білімді бала» проводятся встречи представителей местных исполнительных органов с призерами предметных олимпиад, победителями конкурсов научных и социальных проектов, творческих фестивалей. Среди студентов колледжей проводятся конкурсы «Лучший в своей профессии». В парках культуры и отдыха организованы выставки детского рисунка, конкурсы граффити, рисунков на асфальте. Организованы встречи с известными казахстанскими писателями, спортсменами, артистами.

В Год детей Комитетом по охране прав детей Министерства просвещения РК активно проводятся мероприятия по защите прав детей. Созданы сайт, Telegram-чат «Бала қорғау», сall-центры, телефоны доверия, куда дети и родители смогут обратиться за помощью и поддержкой. Также завершился первый этап акции «Балаға лайық», направленной на создание комфортных условий для детей в организациях образования.

«Все эти мероприятия направлены на улучшение качества жизни детей, решение социальных вопросов и создание необходимых условий для развития подрастающего поколения. Благополучие детей – это один из приоритетов, определенных Главой государства. Министерством проводится работа по поддержке и улучшению физического и психологического здоровья детей, обеспечению их качественным образованием и созданию безопасной и комфортной среды. Работа в этом направлении будет продолжена», – отметил председатель Комитета по охране прав детей Министерства просвещения РК Есенгазы Имангалиев.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Еліміздің барлық өңірінде «Балалардың игілігі үшін» акциясы өтіп жатыр. Толығырақ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули айтып берді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Во всех регионах страны проходит акция «Балалардың игілігі үшін». Подробнее рассказывает заместитель председателя Комитета по защите прав детей Министерства просвещения РК Элина Паули.
Forwarded from AIMAGAMBETOV
Тағы сол кітаптан. Осыған дейін Ресейдің тәжірибесі туралы жазған болатынмын. Бұл жолы Бразилиядағы мектеп бағдарламасын өзгерту тәжірибесі жайында. 50 миллионға жуық мектеп оқушысы бар, басталған реформаларды аяқтауға тырысқан бірнеше министрдің жұмысы, қоғамдық талқылаулар және соңында реформа қалай аяқталғаны туралы ақпаратты сілтемеден білуге болады.
———————————————————

Из той же книги. В предыдущем посте писал об опыте России. В этот раз опыт изменения школьных программ Бразилии. Около 50 млн школьников, несколько министров, пытавшихся завершить начатые реформы, публичные дискуссии, и что в итоге получилось.

Пока на английском языке.
Можно узнать по ссылке:
https://link.springer.com/content/pdf/10.1007%2F978-3-030-41882-3_2
​​ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМ APPLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

Информатика пәнінің мұғалімі Қуаныш Мағауин Apple компаниясының Swift бағдарламалау тілі бойынша сертификатталған оқытушысы атанды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогі Қуаныш Мағауин Apple курстарынан өтіп, емтихандарды сәтті тапсырды және ол қазақстандық мұғалімдер арасында алғаш болып сертификат алды. Қуаныш Германия, Ирландия, БАӘ, Мысыр, Үндістан және басқа да елдердің педагогтерімен бірге оқыды. Оқытушыларға арналған «Apple Certified Trainer» курстарын Apple компаниясы жыл сайын өткізеді.

Енді информатика пәнінің мұғалімі Қуаныш Мағауин әлемнің үздік әзірлеушілері білім саласындағы жаңа жобаларын таныстыратын Apple Education эксклюзивті іс-шараларына қатыса алады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда IT-индустрия, соның ішінде білім беру саласында да қарқынды дамып келеді. Біз электронды оқулықтар мен күнделіктер қолданатын, сондай-ақ емтихандар мен олимпиадаларды онлайн форматта өткізетін санаулы елдердің қатарындамыз. Apple курстарында Swift бағдарламалау тілі арқылы мобильді қосымшаларды әзірлеудің негіздерін үйрендік. Тәлімгерлер дәрісті ағылшын тілінде өткізді. Менің тобымда негізінен қосымшаларды әзірлеуде мол тәжірибесі бар IT-мамандар оқыды. Ал мен топтағы жалғыз мұғалім болдым. Барлық емтиханды тапсырып, Apple оқытушысы мәртебесін алғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта мектепте оқушыларға арналған мобильді қосымшалар әзірлеу бойынша курстар өткізіп, әріптестеріммен алған тәжірибеммен бөлісуді жоспарлап отырмын», – дейді информатика пәнінің мұғалімі Қуаныш Мағауин.

Педагог Қуаныш Мағауиннің арқасында Apple Authorized Training Center for Education (AATCE) мәртебесі өзі жұмыс істейтін мектепке де берілді. Енді Қуаныш Мағауин жұмыс істейтін елордадағы Республикалық физика-математика мектебі Swift қосымшасын жасау бойынша курстар өткізіп, оқушылардсертификаттап, оқу орнында Apple classroom зертханасын аша алады.
​​КАЗАХСТАНСКИЙ УЧИТЕЛЬ ПОЛУЧИЛ СТАТУС ТРЕНЕРА КОМПАНИИ APPLE

Учитель информатики Куаныш Магауин стал сертифицированным Apple -тренером по языку программирования Swift.

Педагог Республиканской физико-математической школы города Нур-Султана Куаныш Магауин прошел курсы компании Apple и, успешно сдав экзамены и получив сертификат, стал первым среди казахстанских учителей Apple -тренером. Куаныш обучался с педагогами из Германии, Ирландии, ОАЭ, Египта, Индии и других стран. Курсы для преподавателей «Apple Certified Trainer» компания Apple проводит ежегодно.

Теперь учитель информатики Куаныш Магауин может посещать эксклюзивные мероприятия Apple Education, где лучшие разработчики мира делятся новыми проектами в сфере образования.

«Сегодня в Казахстане активно развивается IT-индустрия, в том числе в образовательной сфере. Мы одна из немногих стран, где применяются электронные учебники, дневники, а экзамены и олимпиады проходят в онлайн-формате. На курсах Apple нас обучали основам разработки мобильных приложений с помощью языка программирования Swift. Менторы проводили лекции на английском языке. В моей группе учились, в основном, IT-специалисты с большим опытом работы по разработке приложений. Я был единственным учителем в группе. Я счастлив, что смог сдать все экзамены и получил статус тренера Apple. В ближайшее время планирую проводить в школе курсы по созданию мобильных приложений для учащихся и делиться опытом с коллегами», – рассказал учитель информатики Куаныш Магауин.

Отметим, что благодаря педагогу Куанышу Магауину статус Apple Authorized Training Center for Education (AATCE) присужден и школе, в которой он работает. Теперь столичная Республиканская физико-математическая школа, которую представлял Куаныш Магауин, может проводить курсы по разработке приложений Swift app development, проводить сертификацию учеников и открыть в стенах учебного заведения лабораторию Apple classroom.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық ұстаз Apple компаниясының оқытушысы мәртебесін алды. Толығырақ РФММ-нің информатика зерттеуші-мұғалімі Қуаныш Мағауин айтып берді.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Казахстанский учитель получил статус тренера компании Apple. Подробнее рассказывает сам педагог Куаныш Магауин.
Оқу-ағарту министрлігінде жұмыс, соның ішінде күнделікті ақпараттандыру бойынша да қызу жүріп жатыр

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Работа в Министерстве просвещения, в том числе и по информированию, идет ежедневно полным ходом🎬
​​2 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛДЫ

Қазақстандық оқушылар жазғы мектептердегі оқуын аяқтады. Онда 2 млн-ға жуық бала қосымша білім алды. Жазғы мектептердің жұмысы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылған болатын. Бұл оқушылардың білімдерін нығайтып, олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Жазғы мектепке бітіруші, яғни 9, 11-сынып оқушыларынан басқа барлық оқушы ерікті түрде қатысты.

«3,6 млн оқушының 2 млн-ға жуығы жазғы мектепте білім алды. Балалар мен олардың ата-аналарының қалауы бойынша 38 мыңнан астам оқушыға жеке пәндер бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Балаларды ынталандыру мақсатында сабақ стандартты формада емес, бағалаусыз өткенін де атап өткен жөн. Оқу кестесіне музейлерге саяхат, экскурсиялар, іскерлік ойындар, шеберлік сабақтары, фильмдер мен мультфильмдерді талқылау кірді. Кітап клубтары, дискуссиялар, стратегиялық сессиялар, дебаттар және басқа да форматта сабақтар ұйымдастырылды. Жазғы мектептің қорытындысы бойынша ата-аналардың оң пікірлерін алдық», – деп айтты Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Оқушылар сабақтарға дүйсенбіден жұмаға дейін қатысты. Оқу «Математика», «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Физика», «Химия» және т.б. негізгі пәндер бойынша өтті.

Енді жазғы мектеп аяқталған соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шығады. Демалыс 42 күннен 56 күнге дейін ұзартылғанын еске сала кетейік.