QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
40.8K subscribers
6.84K photos
2.05K videos
18 files
4.62K links
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК
Download Telegram
🌳 Ақтөбе облысында «Мектеп орманшылығы» жобасы жүзеге асырылуда – оқушылар табиғатты қорғауға үлес қосады

🔹 Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ақтөбе облысында «Мектеп орманшылығы» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба оқушылардың бойында табиғатқа қамқорлық сезімін қалыптастырып, қоршаған орта үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

🏫 Жоба орта білім беру ұйымдары мен орман шаруашылығы мамандарының қатысуымен іске асуда. Оқушылар табиғатты қорғауды тек теория жүзінде емес, нақты іс арқылы меңгеріп келеді. Олар ағашты дұрыс отырғызу, оған күтім жасауды үйренеді.

🍃 Қазіргі таңда 400-ден астам оқушы осы бастамаға атсалысуда, 850 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл — табиғатқа деген сүйіспеншілікті іс жүзінде көрсету мен экологиялық жауапкершілікті тәрбиелеудің нақты үлгісі.

📍 Сонымен қатар мектеп жанындағы орман алқаптары жаратылыстану мен биология пәндерінен ашық аспан астында сабақ өткізуге мүмкіндік береді. Балалар табиғат аясында тәжірибелік білім алып, қоршаған ортаны тереңірек түсіне бастайды.

✔️ Министрлік бұл жобаны экологиялық тәрбие берудің тиімді үлгісі ретінде қарастырып, оны еліміздің басқа өңірлерінде де жүзеге асыруды көздеп отыр.
🌳 Школьники вносят вклад в сохранение природы: в Актюбинской области стартовал проект «Мектеп орманшылығы»

🔹 При поддержке Министерство просвещения в Актюбинской области запущен проект «Мектеп орманшылығы», направленный на воспитание у детей любви к природе и ответственности за окружающую среду.

🏫 Проект реализуется при сотрудничестве организаций среднего образования и лесного хозяйства. Его цель — научить детей бережному отношению к природе через практику и личное участие.

🍃 К проекту уже присоединились свыше 400 школьников. Совместно с педагогами и специалистами они высадят 850 саженцев.

📍 Специалисты лесного хозяйства обучают школьников навыкам посадки и ухода за деревьями. А лесные участки при школах станут живыми лабораториями под открытым небом — здесь можно будет проводить уроки биологии и естествознания.

✔️ Министерство рассматривает проект как эффективную модель экологического воспитания и планирует масштабировать его в других регионах страны.
🏫 Білім саласындағы серпіліс: STEM, робототехника кабинеттері барлық мектептерде ашылуда

✍🏻 Қазақстанда Мемлекет басшысының барлық оқушыны сапалы және заманауи білім ресурстарымен тең дәрежеде қамтамасыз ету тапсырмасы аясында мектеп инфрақұрылымын кешенді жаңғырту жұмыстары қарқынды жалғасып келеді.

🌐 2023 жылдан бастап еліміздегі мектептерде химия, физика, биология, STEM және робототехника пәндеріне арналған кемінде мыңдаған заманауи кабинеттер жыл сайын ашылуда. Соңғы екі жылдың өзінде 2039 мектепте 3128 жаңа пәндік кабинет жабдықталды. Оның ішінде 336 кабинет – болашақ инженерлердің іргетасын қалауға арналған робототехника бағытында іске қосылған. 2029 жылға дейін тағы 945 осындай кабинет ашу жоспарланып отыр.

⚜️ Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде еліміздің мектептерінде 1800-ге жуық робототехника кабинеті жұмыс істейді. Оның 858-і қалалық мектептерде, ал 942-сі ауылдық білім ошақтарында орналасқан. Бұл – цифрлық сауаттылық пен инженерлік ойлауды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың ауыл мен қала баласына тең мүмкіндік беріп жатқанын айқын көрсетеді.

🚀 Аталған бастамалардың нақты нәтижелері де көрініс табуда. Қазақстандық оқушылар халықаралық білім аренасында айқын жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Мәселен, еліміздің жас өнертапқыштары робототехникадан әлем чемпионатында 190 елдің ішінен үш жыл қатарынан топ жарып, чемпион атанды. Жуырда АҚШ-та өткен додада ұлттық құрама жаңа рекорд орнатып, Қазақстанның техникалық шығармашылық саласындағы жаһандық көшбасшылығын тағы да дәлелдеді.
🏫 Прорыв в образовании: STEM-кабинеты и робототехника — от села до столицы

✍🏻 В Казахстане продолжается масштабная модернизация школьного образования в рамках поручения Главы государства об обеспечении равного доступа всех учащихся к современным и качественным образовательным ресурсам — вне зависимости от места проживания.

🌐 С 2023 года в школах по всей стране ежегодно открываются не менее 1000 современных предметных кабинетов — по химии, физике, биологии, STEM-направлениям и робототехнике. Только за последние два года в 2039 школах было оборудовано 3128 предметных кабинетов, в том числе 336 — по робототехнике. До 2029 года планируется открытие ещё 945 кабинетов робототехники.

⚜️ По данным Национальной образовательной базы данных (НОБД), сегодня в стране функционирует 1800 кабинетов робототехники, из которых 858 находятся в городских школах, а 942 — в сельских. Это свидетельствует о системной государственной политике, направленной на развитие цифровых и инженерных навыков у школьников вне зависимости от региона.

🚀 Эти усилия уже дают заметные результаты: казахстанские школьники всё активнее заявляют о себе на международной арене. Так, Казахстан является действующим трёхкратным чемпионом мира по робототехнике среди 190 стран. Только недавно на соревнованиях в США национальная команда вновь установила новый рекорд и уверенно подтвердила лидерство страны в сфере технического творчества.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📆 КҮН САНЫ

📚 Мемлекет басшысы белгілеген Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Балалар көзқарасы» челленджіне 1 миллионнан астам оқушы қатысты

📖 Челлендж кітаптың маңызын ұғынуға арналған ауқымды алаңға айналды — оқушылар оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісіп, әдеби кейіпкерлердің бейнелерін талқылады.

🗃️ Сонымен қатар 2023 жылдан бастап елімізде «Балалар кітапханасы» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📆 ЦИФРА ДНЯ

📚 Более 1 миллиона школьников приняли участие в республиканском челлендже «Балалар көзқарасы», приуроченном к Национальному дню книги, учрежденному Главой государства.

📖 Челлендж стал масштабной площадкой для осмысления роли книги — школьники делились впечатлениями от прочитанных произведений и обсуждали образы литературных героев.

🗃️ Кроме того, в стране продолжается реализация проекта «Детская библиотека», в рамках которого с 2023 года школьные библиотеки пополнились 1,6 млн экземпляров художественной литературы. Сегодня общий фонд составляет более 141 миллиона книг.