QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
40.4K subscribers
5.45K photos
1.78K videos
18 files
4.26K links
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК
Download Telegram
👫Более 100 тысяч учебно-тренировочных мероприятий по обеспечению безопасности детей проведут в летнее время. Об этом рассказал министр просвещения Гани Бейсембаев на заседании Правительства РК.

Мониторинговыми группами с представителями ответственных госорганов проведены следующие мероприятия:

• проверена готовность объектов отдыха;

• усилен санитарный надзор;

• проведены профилактические мероприятия по соблюдению пожарной безопасности в местах отдыха;

• для обеспечения единых подходов при организации безопасного летнего отдыха с участием госорганов и общественных организаций прошло специальное семинар-совещание;

• Министерством просвещения совместно с Министерством по чрезвычайным ситуациям разработаны единые подходы к обеспечению пожарной и водной безопасности детей.
​​☀️ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ КҮН ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ОЙЛАП ТАПТЫ

🔅Екібастұз қаласының №13 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Александр Каминский VR технологияларын пайдалана отырып, күн жүйесінің планеталарын зерттеуге арналған интерактивті зертхана әзірледі.

🎙️Оқушының айтуынша, жоба білім беру тақырыптарына негізделген интерактивті ойындардан тұрады. Ол тақырыпқа қызығушылықты арттырып, терең іздене түсуге мүмкіндік береді.

💬«Ойын күн жүйесінің планеталары туралы жұмбақтарды шешуге негізделген. Ойын арқылы түрлі планеталар туралы ақпаратты жаттап алуға болады. Оқытудың бұл әдісі күрделі ұғымдарды есте сақтауға және түсінуге мүмкіндік береді және оқушылардың қызығушылығын арттырады. Жобаны білім беру ұйымдарында, оның ішінде мектептерде планеталар мен күн жүйесін зерттеудің қосымша ресурсы ретінде пайдалануға болады. Оны астрономия сабақтарына қызықты қосымша ретінде немесе сабақтан тыс уақытта қолдануға болады», - дейді Александр Каминский.

🔸Жобаның ерекшелігі, пайдаланушыларға Күн жүйесінің планеталары және олардың ерекшеліктері туралы ақпаратты зерттеуге практикалық мүмкіндік бер.Тақырыпты оқу немесе фактілерді тыңдаудан гөрі, ойын оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді.

💬«VR технология қарқынды дамып келеді, оның тиімділігі де жоғары. Ол компьютерлік жүйелермен өзара қабыса отырып, біздің ойлау, қабылдау сезімдерімізге визуалды түрде әсер ете алады. Яғни, білім беру, жаттығу мен түрлі сауық сайранға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - дейді өнертапқыш оқушы.

▫️Айта кету керек, Александрдың болашақтағы жоспар IT-технологияны игеру.
​​☀️ВИРТУАЛЬНАЯ РЕАЛЬНОСТЬ: ШКОЛЬНИК ИЗ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ НАШЕЛ НОВЫЕ ПОДХОДЫ В ИЗУЧЕНИИ СОЛНЕЧНОЙ СИСТЕМЫ

🔅Ученик средней общеобразовательной школы №13 города Экибастуза Александр Каминский разработал интерактивную лабораторию для изучения планет солнечной системы с использованием VR технологий.

🎙️По словам школьника, проект включает в себя интерактивные игры, основанные на образовательных темах. Они позволяют учиться и углублять знания в интерактивной и увлекательной форме.

💬«Игра, основанная на разгадывании загадок о планетах Солнечной системы, стимулирует интерес и любопытство учащихся, а также помогает им запомнить и усвоить информацию о различных планетах. В такой форме обучения есть возможность запомнить и понимать сложные концепции. Проект может быть использован в образовательных учреждениях, включая школы, как дополнительный ресурс для изучения планет и Солнечной системы. Он может стать интересным дополнением к урокам астрономии или использоваться во внеурочных мероприятиях», - поделился Александр Каминский.

🔸Уникальность проекта, как отметил юный разработчик, заключается в предоставлении пользователям практической возможности для изучения информации о планетах Солнечной системы и их особенностях. Вместо простого чтения или слушания фактов, игра позволяет пользователям активно участвовать в процессе обучения и взаимодействовать с материалом.

💬«VR технология находится в стадии активного развития и её потенциал впечатляет. Виртуальная реальность меняет способ, которым мы взаимодействуем с компьютерными системами и предлагает совершенно новый уровень визуального воздействия на наши чувства. Она открывает двери для новых возможностей в развлечениях, образовании, тренировках и других областях», - рассказывает школьник.

▫️Стоит отметить, что в будущем Александр планирует продолжить осваивать IT-технологии.
​​🔸АҚТӨБЕЛІК МҰҒАЛІМ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ӨЗІ ОЙЛАП ТАПҚАН ӘДІС АРҚЫЛЫ ДОМБЫРА ҮЙРЕТІП ЖҮР

🎼Ақтөбе қаласындағы музыка пәнінің мұғалімі Гүлсана Мағзымбетова ерекше балаларға музыкалық аспапта ойнауды үйретіп жүр. Естуінде ақауы бар қатысушылар үшін ұстаз түрлі-түсті түстер мен геометриялық фигуралар арқылы нота үйрету методикасын ойлап тапқан. Жеті нотаны жеті түрлі түске бояп, бес саусақты геометриялы пішіндерге ауыстырыпты.

📕Оқу әдістемесінің авторлық құқығы бар және ол Берн конвенциясы арқылы бірнеше елде қорғалған.

🙌Гүлсана Мағзымбетовадан бүгінде түрлі сырқаты бар 30 бала тәлім алып жүр. Бойындағы түрлі дерттеріне қарамай, ұлттық аспапта ойнауды меңгерген өнерпаздар қалалық байқаулардан бастап, облыстық, республикалық бәйгелерде көзге түсіп келеді. Ақтөбелік ұстаздың айтуынша, бұл әдіс балалардың денсаулығына оң әсер етеді.  

💬«Кез келген музыкалық аспапта ойнау адамның екі ми бөлігі бірден жұмыс істеуге итермелейді. Цебральді сал ауруына шалдыққан балалардың қол моторикасы жақсы дамиды. Осы әдістеме арқылы басқа да аспаптарда ойнауға болады», -дейді Гүлсана Мағзымбетова.

🌀Айта кету керек, жас ұстаз Гүлсана Мағзымбетова мемлекеттік грант ұтып алып, екі орталық ашқан. Ерекше балалар үшін музыкалық аспаптармен жабдықтап, өнерге қызығушылығы бар балаларды қабылдайды. Оның пікірінше мүмкіндік қашан да шексіз!
​​🎼УЧИТЕЛЬ ИЗ АКТОБЕ РАЗРАБОТАЛ УНИКАЛЬНЫЙ МЕТОД ОБУЧЕНИЯ ИГРЕ НА ДОМБРЕ ДЕТЕЙ С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ

🔸Учитель музыки из Актобе Гульсана Магзымбетова учит детей с особыми потребностями играть на музыкальных инструментах. Для учащихся с нарушениями слуха педагог разработала методику обучения нотам с помощью ярких цветов и геометрических фигур. Семь нот покрашены в семь разных цветов, а пять пальцев руки заменены на геометрические формы.

📕Метод защищен авторским правом и находится под охраной Бернской конвенции. Сегодня Гульсана Магзымбетова обучает 30 детей с различными заболеваниями. Юные музыканты проявляют себя на городских, областных и республиканских конкурсах. По словам педагога, методика положительно влияет на здоровье обучающихся.

💬«Игра на любом музыкальном инструменте способствует активной работе двух полушарий мозга. Благодаря этому у учащихся с особыми образовательными потребностями развивается мелкая моторика. Например, у детей с цебральным параличом хорошо развивается моторика рук. По этой методике можно играть не только на национальных инструментах», — отмечает Гульсана Магзымбетова.

🌀Стоит отметить, что ранее начинающий педагог Гульсана Магзымбетова выиграла государственный грант и открыла два центра. Центры специально оборудованы под нужды особенных детей, желающих развить свой творческий потенциал. Как считает педагог, возможности безграничны.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
​​🎥АҚТӨБЕЛІК МҰҒАЛІМ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ӨЗІ ОЙЛАП ТАПҚАН ӘДІС АРҚЫЛЫ ДОМБЫРА ҮЙРЕТІП ЖҮР

🔹🔹 🔹🔹
🔹🔹 🔹🔹 🔹🔹

​​🎼УЧИТЕЛЬ ИЗ АКТОБЕ РАЗРАБОТАЛ УНИКАЛЬНЫЙ МЕТОД ОБУЧЕНИЯ ИГРЕ НА ДОМБРЕ ДЕТЕЙ С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🟡Жазғы демалыс: еліміздегі мыңнан аса мектептен тыс ұйым оқушылардың бос уақытын көңілді әрі пайдалы өткізу үшін түрлі бағыттағы іс-шаралар дайындады.

Жазғы дебат академиясы, тілдік курстар мен хобби клубтар жұмыс істейді. Балалар спорт, шығармашылық және өздеріне ұнайтын іспен шұғылданады.
Барлығы тегін және әр баланың қалауы бойынша.
#летовдопобразовании2023, #жаз_қосымшабілімберу2023, #Zhazqosymshabilim2023

-------------------------------------

🟨Летние каникулы: более тысячи внешкольных организаций страны подготовили мероприятия различной направленности для веселого и полезного проведения досуга учащихся.

Действуют летняя академия дебатов, языковые курсы и хобби-клубы. Дети занимаются спортом, творчеством и любимым делом. Все бесплатно и на усмотрение каждого ребенка.
#летовдопобразовании2023, #жаз_қосымшабілімберу2023, #Zhazqosymshabilim2023
​​🏊‍♂️БАЛАНЫ СУДА ҚҰТҚАРҒАН АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ақтөбе қаласының №13 мектеп оқушысы Қолқанат Баққұлды суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны үшін марапаттады.

👏Оқиға 1 маусым күні болған. Қолқанат Елек өзеніне батып бара жатырған баланы құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Министр батыр оқушы мен оны тәрбиелеген ата-анасына алғыс білдірді.

💬«Адам өмірін құтқару – бұл ерлік. Біздің мектеп оқушыларының арасында өзгелерге үлгі боларлық өжет, ержүрек, батыл балалардың бары үлкен мақтаныш.Осындай азаматтарды тәрбиелегені үшін ата-аналары мен мұғалімдеріне алғыс айтамын», - деді Ғани Бейсембаев.

👨‍👩‍👦Қолқанаттың ата-анасы да баласының ерлігін ескерусіз қалдырмаған министрге алғыс білдірді.

🎙️«Біз балаларымыздың қайырымды, қамқор, патриот болып өсуіне күш салдық. Рухы биік ұрпақ тәриелеуге тырыстық, ұлымыздың бұл әрекетін мақтан тұтамыз», - деді оқушының әкесі Ерболат Рзиев.

🤽Педагогтердің айтуынша, Қолқанат – Ақтөбе қаласы №13 мектептің үздік оқушыларының бірі. Қазақстан тарихы мен шет тілдеріне ұызығушылығы басым. Сонымен қатар мектептің волейбол командасының құрамында.

Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында ҚР Оқу-ағарту министрі Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан келген 11 қазақстандық оқушыны ерлігі үшін марапаттап, ата-аналарына алғыс білдірген болатын. Министрлікте бұл шара дәстүрлі түрде жалғасатын болады.
​​🏊‍♂️ЗА СПАСЕНИЕ ЖИЗНИ РЕБЕНКА НАГРАЖДЕН ШКОЛЬНИК ИЗ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Министр просвещения РК Гани Бейсембаев наградил девятиклассника школы №13 города Актобе Колканата Баккул за спасение тонущего ребенка.

👏1 июня школьник спас ребенка на реке Илек, оказав ему первую медицинскую помощь. Министр поблагодарил юного героя и его за родителей за воспитание благородного гражданина нашей страны.

💬«Спасение жизни человека – без преувеличения героический поступок. Горжусь, что среди наших школьников есть достойные примеры, обладающие невероятным мужеством, храбростью и смелостью. Благодарю родителей и педагогов за воспитание настоящего героя», – подчеркнул Гани Бейсембаев.

👨‍👩‍👦В свою очередь, родители школьника выразили слова благодарности за оказанное внимание.

💬«Мы стремились воспитывать своих детей в духе уважения ценностей нашего народа и любви к Родине. Гордимся поступком нашего сына», – сказал отец школьника Ерболат Рзиев.

🤽Как отмечают педагоги, Колканат – один из преуспевающих учеников школы №13 города Актобе. Любит изучать историю Казахстана и иностранные языки. Он также состоит в школьной команде по волейболу.

Напомним, в апреле текущего года министр просвещения РК наградил за героические поступки 11 казахстанских школьников и их родителей из Атырауской, Карагандинской, Кызылординской, Северо-Казахстанской и Туркестанской областей. Данная традиция Минпросвещения продолжается.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥БАЛАНЫ СУДА ҚҰТҚАРҒАН АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

🎥ЗА СПАСЕНИЕ ЖИЗНИ РЕБЕНКА НАГРАЖДЕН ШКОЛЬНИК ИЗ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
​​🌟5000 ОҚУШЫ «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ

🏕️«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы демалыс маусымы ашылды. Бурабайдағы бас орталық пен Балқаш, Қонаев, Түркістан қалаларындағы филиалдар бұл аусымда мемлекеттік квота бойынша мыңға жуық оқушыны тегін қабылдайды.

🌀Ауысым - «Baldauren ART – START» деп аталады. Балалар сауықтыру шараларынан өзге шығармашылықпен айналысады. Өздерінің қалауы бойынша сурет салып, суретке түсіру, бейнемонтаж жасауды меңгереді. Олар үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар спорттық ойындар, тақырыптық мерекелік кештер, байқаулар, экскурсиялар ұйымдастырылған.Тәулік бойы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

🌈Айта кетейік, орталық пен филиалдар жаз бойы балаларды 5 ауысым бойынша қабылдайды. Әр ауысым тақырыбы да әр алуан. Балалар өз қызығушылықтарына сай ауысымдарға қатыса алады. Жаз бойы мемлекеттік квотамен 5000 бала тегін қамтылады.
​​🌟5000 УЧАЩИХСЯ ПОЛУЧАТ БЕСПЛАТНЫЙ ОТДЫХ В РЕСПУБЛИКАНСКОМ УЧЕБНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНОМ ЦЕНТРЕ «БАЛДАУРЕН»

🏕️В республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен» открыли первую летнюю смену.
Главный центр, расположенный в Бурабае, и филиалы в городах Балхаш, Конаев, Туркестан в эту смену бесплатно принимают около 1000 учащихся по государственной квоте.

🌀Смена – называется «Baldauren ART – START».
Помимо оздоровительных мероприятий дети занимаются творчеством. Учатся рисовать, фотографировать, и делать видеомонтаж в зависимости от своих интересов. Дети посещают различные кружки по интересам. Также организованы спортивные игры, тематические праздничные вечера, конкурсы, экскурсии. Кроме того, дети обеспечены круглосуточным медицинским обслуживанием.

🌈В летний период запланировано проведение 5 тематических смен. Дети могут участвовать в сменах, соответствующих их интересам, в соответствии с тематикой смены.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥5000 ОҚУШЫ «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

🎥5000 УЧАЩИХСЯ ПОЛУЧАТ БЕСПЛАТНЫЙ ОТДЫХ В РЕСПУБЛИКАНСКОМ УЧЕБНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНОМ ЦЕНТРЕ «БАЛДАУРЕН»
​​💳ПАТРОНАТ ТӘРБИЕШІЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫ КӨБЕЙДІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен биылғы маусым айынан бастап патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін төлемақы артты. Бұрын олардың қызметтеріне төленетін ақы 60 мың теңге болса, енді әлеуметтік аударымдарды қоса есептегенде ол 35 айлық есептік көрсеткішке артты, яғни 120 мың теңге шамасында алады.

🎙️Комитет төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасылық құрылымы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін төлемақы мөлшерін арттыру бірқатар нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


💬«Біздің ойымызша, патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін ақыны арттыру осы отбасыларда тәрбиеленетін балалардың өмір сүру деңгейін жақсартады», – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Бүгінде елімізде отбасылық орналастырудың 4 балама түрі бар: бала асырап алу, қорғаншылық (қамқоршылық), патронат және қабылдаушы отбасы.

Айта кетейік, интернат ұйымдарында 3 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленіп жатыр. Соңғы 10 жылда балалар үйінің саны 2,5 есеге, ал ондағы тәрбиеленушілер саны 3 есе азайған. Бұған интернат ұйымдарын денституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын енгізу және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды материалдық қолдау саясаты әсер етті.

✔️Бұл бағыттағы бастамаларды әрі қарай да тиімді жүзеге асыру үшін министрлік Патронаттық тәрбие туралы ережеге өзгерістер енгізіп, нәтижесінде патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін ақыны көбейту заңнама тұрғысында реттелді.
​​💳ПОВЫШЕН РАЗМЕР ОПЛАТЫ УСЛУГ ПАТРОНАТНЫХ ВОСПИТАТЕЛЕЙ

По инициативе Комитета по охране прав детей Министерства просвещения РК с июня текущего года повышен размер оплаты услуг патронатных воспитателей. Так, если раньше размер оплаты их услуг составлял 60 тысяч тенге, то теперь он увеличивается до 35 месячных расчетных показателей, то есть более 120 тысяч тенге.

🎙️По словам председателя комитета Насымжан Оспановой, семейное устройство детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей является одним из приоритетных направлений государственной политики. Повышение размера оплаты услуг патронатных воспитателей позволит достичь ряда результатов.

💬 «Мы предполагаем, что повышение оплаты услуг патронатных воспитателей будет способствовать улучшению уровня жизни детей, воспитывающихся в этих семьях», – отметила Насымжан Оспанова.

На сегодня в стране существуют четыре альтернативные формы семейного устройства: усыновление, опека (попечительство), патронат и приемная семья. В различных интернатных организациях воспитываются более трех тысяч детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.

Стоит отметить, что за последние 10 лет количество воспитанников детских домов снизилось в 3 раза, а количество самих детских домов в 2,5 раза. Этому способствовали результаты проводимой политики деинституционализации интернатных организаций, введение альтернативных форм семейного устройства, материальная поддержка семей, воспитывающих детей-сирот.

✔️Для дальнейшей эффективной реализации инициатив в данном направлении Министерством проведена работа по внесению изменений в Положение о патронатном воспитании. В результате законодательно урегулирован вопрос повышения оплаты труда патронатных воспитателей.
​​🏆КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ АРАСЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің ақпараты бойынша, Абай облысында педагогтер арасында II Республикалық спартакиада аяқталды.

👏Бес күндік жарысқа республиканың 15 облысы және 3 қаласынан 740 педагог келді. Олар спорттың бес түрі бойынша сынға түсті. Спартакиада қорытындысы бойынша 1 жалпы командалық орынды Алматы қаласының командасы, 2 орынды Түркістан облысы және 3 орынды Абай облысы иеленді.

🔹Жеңімпаздарға қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы атынан кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Жекелеген спорт түрлері бойынша жүлдегерлер 1, 2, 3 дәрежелі кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
​​🏆В ОБЛАСТИ АБАЙ СОСТОЯЛАСЬ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ УЧАСТНИКОВ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ СПАРТАКИАДЫ ПЕДАГОГОВ КОЛЛЕДЖЕЙ КАЗАХСТАНА

По информации Департамента технического и профессионального образования Министерства просвещения РК, сегодня в области Абай завершилась II Республиканская спартакиада среди педагогов.

👏В пятидневном соревновании приняли участие 740 участников из 15 областей и 3 городов республики по пяти видам спорта. По итогам спартакиады 1 общекомандное место заняла команда города Алматы, 2 место – Туркестанская область и 3 место – область Абай.

🔹Победителям, занявшим места, были вручены кубки и денежные призы от Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки. Призеры по отдельным видам спорта награждены кубками и дипломами 1, 2, 3 степени.
​​🔝ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП - 10 БАҒЫТЫ

🔺ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті ең сұранысқа ие бағыттардың рейтингін жасады. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарлануда, оның ішінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент.

🔝Қазіргі уақытта еңбек нарығында келесі бағыттар сұранысқа ие:
• ақпараттық технологиялар;
• құрылыс және коммуналдық шаруашылық;
• геология;
• тау-кен өнеркәсібі;
• энергетика;
• металлургия және машина жасау;
• көлік;
• байланыс;
• педагогика;
• медицина және т.б.

🔹Еліміздің колледждерінде барлығы 517 мың студент оқиды, оның ішінде 312 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға артады. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50% - ға көбейеді.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттер әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Ол стипендия, тамақ және жолақысы.
​​🔝ТОП-10 САМЫХ ВОСТРЕБОВАННЫХ НАПРАВЛЕНИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ

🔺Департамент технического и профессионального образования Министерства просвещения РК составил рейтинг самых востребованных направлений. В этом году планируется принять более 130 тысяч абитуриентов по государственному образовательному заказу, из них по заявкам предприятий 10 тысяч студентов.

🔝В настоящее время на рынке труда востребованы такие направления, как:
• информационные технологии;
• строительство и коммунальное хозяйство;
• геология;
• горнодобывающая промышленность;
• энергетика;
• металлургия и машиностроение;
• транспорт;
• связь;
• педагогика;
• медицина и др.

🔹Всего в колледжах страны обучается 517 тысяч студентов, из них 312 тысяч охвачены бесплатным техническим и профессиональным образованием. В этом году государственный образовательный заказ увеличится на 50 тысяч мест. Кроме того, с нового учебного года на 50% увеличится стипендия студентов колледжей. В целом, обучающиеся по госзаказу студенты обеспечены социальной поддержкой – стипендией, питанием и проездом.
 
​​👩‍👧‍👦1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30%-ҒА ӨСЕДІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25% - ға өсті. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30% - ға өседі. Осылай, еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есеге артады.

💬«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында жүзеге асырылатын педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже берді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру бойынша министрлік жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды», - дейді департамент директоры Наталья Жұмаділдаева.

🔸«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты мен мамандығы бойынша кадрлар даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде жүзеге асырылады. Колледждер өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдармен бірге «Педагог» кәсіби стандарты негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді және оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңартады.

✔️Педколледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралып, биыл мектепке дейінгі білім берудің 20 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
​​👩‍👧‍👦С 1 СЕНТЯБРЯ ЗАРАБОТНАЯ ПЛАТА ВОСПИТАТЕЛЕЙ ДЕТСКИХ САДОВ ПОВЫСИТСЯ НА 30%

Как сообщили в Департаменте дошкольного образования Министерства просвещения РК, по поручению Главы государства с января 2020 года по январь 2023 года заработная плата воспитателей ежегодно повышалась на 25%. С 1 сентября 2023 года повысится еще на 30%. Таким образом, зарплата свыше 97 тыс. педагогов увеличится в 2,5 раза.

💬«Ежегодное повышение заработной платы педагогов, осуществляемое благодаря поддержке Главы государства, дает положительный эффект. В целях усиления кадрового потенциала системы дошкольного образования путем совершенствования системы их подготовки, повышения квалификации и аттестации, повышения социального статуса и заработной платы Министерством ведется системная работа. Принята Концепция развития дошкольного, среднего, технического и профессионального образования на 2023-2029 гг. Разработаны 24 образовательные программы курсов повышения квалификации для педагогов дошкольных организаций. При методических кабинетах созданы мобильные группы для оказания методической помощи педагогам дошкольного воспитания и обучения», - отметила директор департамента Наталья Жумадильдаева.

🔸Подготовка кадров по направлению и специальности «Дошкольное воспитание и обучение» ведется в 39 вузах и 119 колледжах. Колледжи совместно с дошкольными организациями разрабатывают образовательные программы на основе профстандарта «Педагог» с учетом региональных особенностей и самостоятельно обновляют учебные программы и планы.

✔️Пересмотрены квалификационные требования для педколледжей. Всего в текущем году курсы повышения квалификации пройдут более 20 тысяч педагогов дошкольного образования.